Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества

Ереже · № 284 · қабылданған 02.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88084/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества Күшін жойған Ереже ·№ 284 ·02.03.2015
06.05.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества

Күшін жойған Ереже ·№ 284 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества
Атауы (қаз.)
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
284
Қабылданған күні
02.03.2015
Көрсетілген редакция
06.05.2024 88084_698862.kaz
Соңғы өзгеріс
06.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15LD004933
ЭКБ идентификаторы
88084
Редакция идентификаторы
88084_698862
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:16

0 Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2

2. «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4630 санымен тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірдегі «Қазалы» газетінде жарияланған) №187 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қазалы аудандық мәслихатының

2015 жылғы " 2 " наурыздағы
№ 284 шешімімен бекітілген
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына сәйкес әзiрлендi және кент, қала, ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.

2

2. Әйтеке би кентінің, Қазалы қаласының және ауылдық округтердiң аумағындағы кенттің, қаланың, ауылдың, көшенiң, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi - бөлек жиын) жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.

2 2. Бөлек жиындарды өткiзу тәртiбi

3 3. Бөлек жиынды қаланың, кенттің және ауылдық округтiң әкiмi шақырады.

Қазалы ауданы әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.

4 4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.

5 5. Кент, қала, ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi қаланың, кенттің және ауылдық округтiң әкiмi ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi кенттің, қаланың, ауылдың, көшенiң, көппәтерлi тұрғын үйдiң қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.

7 7. Бөлек жиынды кент, қала және ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.

Кент, қала және ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн кент, қала, ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң кандидатуралары қосымшаға сәйкес сандық құрамда бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн кент, қала, ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны тең өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиiстi кент және ауылдық округі әкiмiнiң аппаратына бередi.

17 Бөлек жергілікті қоғамдастық

жиындарын өткізудің
қағидаларына қосымша
Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн кент, қала, ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнің сандық құрамы
р/с
Қала, кент, ауылдық округ атауы
Көшелердің саны
Жергілікті қоғамдастық жиынына әр көшеден қатысатын азаматтар саны
Жалпы қатысатын азаматтар саны
1
Әйтеке би кенті
183
1
183
2
Қазалы қаласы
49
2
98
3
Арықбалық ауылдық округі
20
3
60
4
Көларық ауылдық округі
13
4
52
5
Майдакөл ауылдық округі
10
8
80
6
Алға ауылдық округі
17
4
68
7
Өркендеу ауылдық округі
7
8
56
8
Сарыкөл ауылдық округі
16
3
48
9
Мұратбаев ауылдық округі
18
3
54
10
Құмжиек ауылдық округі
17
4
68
11
Қарашеңгел ауылдық округі
15
4
60
12
Қызылқұм ауылдық округі
13
4
52
13
Бозкөл ауылдық округі
5
8
40
14
Аранды ауылдық округі
17
4
68
15
Майлыбас ауылдық округі
20
3
60
16
Басықара ауылдық округі
15
5
60
17
Бірлік ауылдық округі
4
7
28
18
Ақжона ауылдық округі
10
4
40
19
Тасарық ауылдық округі
4
9
36
20
Сарбұлақ ауылдық округі
2
9
18
21
Шәкен ауылдық округі
4
6
24
Барлығы
459
1253

Қолданыстағы