Құжат мәтініне өту

О корректировке базовых налоговых ставок земельного налога

Өзге акт · № 14 · қабылданған 20.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88106/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О корректировке базовых налоговых ставок земельного налога Күшін жойған Өзге акт ·№ 14 ·20.02.2015
19.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О корректировке базовых налоговых ставок земельного налога

Күшін жойған Өзге акт ·№ 14 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О корректировке базовых налоговых ставок земельного налога
Атауы (қаз.)
Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14
Қабылданған күні
20.02.2015
Көрсетілген редакция
19.06.2015 88106_224427.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NH005473
ЭКБ идентификаторы
88106
Редакция идентификаторы
88106_224427
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:36

0 Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 387, 444-баптарына сәйкес және жерлерді аймақтауға бөлу схемасы негізінде, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. № 5 аймақта орналасқан жерлер учаскелері үшін автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 пайызға төмендетілсін.

2 2. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда жер учаскелеріне салынатын жер салығының базалық мөлшерлемелері жоғарылатылсын:

№ 7 аймақта 10 пайызға;
№ 8 аймақта 20 пайызға;
№ 9 аймақта 30 пайызға;
№ 10 аймақта 40 пайызға;
№ 11 аймақта 50 пайызға.

3 3. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.

4 4. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.

5 5. Қосымшаға  сәйкес Денисов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
«Денисов ауданының жер қатынастары
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_____________ С. А. Жанғабулов
2015 жыл «20» ақпан
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Денисов ауданы
бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________ Ә. Ж. Әкіжан
2015 жыл «20» ақпан

7 Мәслихаттың

2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 14 шешіміне қосымша
Денисов аудандық мәслихатының
күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі

1 1. Мәслихаттың 2010 жылғы 2 ақпандағы № 190 «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-8-147 тіркелген, 2010 жылғы 26 наурыздағы «Наше время» газетінде жарияланған);

2

2. Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 244 «Мәслихаттың 2010 жылғы 2 ақпандағы №190 «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-8-163 тіркелген, 2010 жылғы 17 желтоқсандағы «Наше время» газетінде жарияланған);

3

3. Мәслихаттың 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 25 «Мәслихаттың 2010 жылғы 2 ақпандағы № 190 «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-8-199 тіркелген, 2012 жылғы 25 мамырдағы «Наше время» газетінде жарияланған).

Қолданыстағы