Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня биржевых товаров

Бұйрық · № 142 · қабылданған 26.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88137/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении перечня биржевых товаров Күшін жойған 18.06.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении перечня биржевых товаров

Күшін жойған Бұйрық № 142 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня биржевых товаров
Атауы (қаз.)
Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
142
Қабылданған күні
26.02.2015
Көрсетілген редакция
18.06.2026 88137_827352.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010587
ЭКБ идентификаторы
88137
Редакция идентификаторы
88137_827352
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:26
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы

«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы
4 мамырдағы Заңының 4-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған биржалық тауарлардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін ресми он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдар және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика жетекші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму Министрінің
міндеттерін атқарушы
__________________ А. Рау
2015 жылғы 4 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
__________________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 2 наурыз

0 Биржалық тауарлардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы № 142
бұйрығымен бекітілген
Биржалық тауарлардың тізбесі

Топ
Та­у­ар
Та­у­ар­лар­дың ата­уы
ЕА­ЭО СЭҚ ТН ко­ды*
Та­у­ар­лар­ды жет­кі­зу пар­ти­я­сы­ның ең тө­мен мөл­ше­рі, ол тең болған неме­се одан асып кет­кен кез­де, олар­ды өт­кі­зу та­у­ар бир­жа­сы ар­қы­лы ға­на жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
Та­у­ар бир­жа­ла­ры ар­қы­лы мін­дет­ті түр­де өт­кізу­ге жа­та­тын та­у­ар­дың ең тө­мен­гі үле­сі және атал­ған мін­дет қол­да­ны­ла­тын субъ­ек­ті­лер­дің са­нат­та­ры
1
2
3
4
5
6
7
1
Энергия тасығыштар
Көмір
Тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері**
2701
Келесі өндірістік жылға ішкі нарыққа ай сайын бөлу жоспарланған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жалпы жылдық көлемінің 50% - ы. Жер қойнауын пайдалануға (көмір кесіндісі, көмір шахтасы) және (немесе) көмірді қайта өңдеуге (байытуға) арналған келісімшартқа сәйкес өндіруді жүзеге асыратын көмір өндіруші.
Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір**
2702
Келесі өндірістік жылға ішкі нарыққа ай сайын бөлу жоспарланған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жалпы жылдық көлемінің 50% - ы.
Жер қойнауын пайдалануға (көмір кесіндісі, көмір шахтасы) және (немесе) көмірді қайта өңдеуге (байытуға) арналған келісімшартқа сәйкес өндіруді жүзеге асыратын көмір өндіруші.
2
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі
Би­дай және меслин
Би­дай және меслин
1001 19 000 0, 1001 91 900 0, 1001 99 000 0
Ал­дың­ғы ай­да бир­жа­дан тыс са­уда ала­ңын­да өт­кі­зі­л­ген би­дай­дың нақ­ты са­ны­ның 5% - ы.
Астық­ты экс­порт­тай­тын астық на­ры­ғы­ның субъ­ек­ті­сі.
Астық­ты іш­кі на­рық­та өт­кі­зе­тін астық на­ры­ғы­ның субъ­ек­ті­сі (ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­ні қо­с­па­ған­да).
Қант
Қант
1701
60 тон­на
Ар­па
Ар­па
1003 10 000 0, 1003 90 000 0
Ал­дың­ғы ай­да бир­жа­дан тыс са­уда ала­ңын­да өт­кі­зі­л­ген ар­па­ның нақ­ты мөл­ше­рі­нің 5%.
Астық­ты экс­порт­тай­тын астық на­ры­ғы­ның субъ­ек­ті­сі.
Астық­ты іш­кі на­рық­та өт­кі­зе­тін астық на­ры­ғы­ның субъ­ек­ті­сі (ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­ні қо­с­па­ған­да).
Ұн­тақ­тал­ған неме­се ұн­тақ­тал­ма­ған соя бұр­шақ­та­ры
Ұн­тақ­тал­ған неме­се ұн­тақ­тал­ма­ған соя бұр­шақ­та­ры
1201
60 тон­на
Бал­ғын неме­се то­ңа­зы­ты­л­ған кар­топ
0701
60 тон­на
Кард­тық неме­се та­рақ­пен та­ра­у­ға ұшы­ра­ған мақ­та тал­шы­ғы
5203 00 000 0
600 тон­на
3
Ми­не­рал­ды өнім­дер
Бо­ял­ма­ған неме­се бо­я­л­ған, дай­ын неме­се күй­ді­рі­л­ген це­мент та­сы ны­са­нын­да порт­ланд­це­мент, гли­но­зем­дік це­мент, қож це­мент, су­пер­суль­фат­ты це­мент және ұқсас гид­рав­ли­ка­лық це­мент­тер
2523
60 тон­на
4
Мұнай өнімдері
битум
мұнай битумы
2713 20 000 0
Ағымдағы өндірістік жылдың ішкі нарығына жеткізуге жоспарланған битумның жалпы жылдық көлемінің 10%-ы.
Өзіне меншік құқығымен тиесілі көмірсутек шикізатынан өндірілген битумды өндіруші, битумның меншік иесі.
автомобиль бензині***
автомобиль бензині октандық саны 92 немесе одан да көп, бірақ 95-тен кем
2710 12 413 0
автомобиль бензині***
автомобиль бензині октандық саны 95 немесе одан да көп, бірақ 98-тен кем
2710 12 450 0
автомобиль бензині***
автомобиль бензині октандық саны 98 немесе одан да көп
2710 12 490 0
реактивті қозғалтқыштарға арналған отын***
реактивті қозғалтқыштарға арналған отын
2710 19 210 0
дизель отыны***
жазғы дизель отыны
2710 19 421 0
дизель отыны***
қысқы дизель отыны
2710 19 422 0
дизель отыны***
арктикалық дизель отыны
2710 19 423 0
дизель отыны***
маусымаралық дизель отыны
2710 19 424 0
дизель отыны***
өзге дизель отыны
2710 19 425 0
4-1
Көміртек бірліктері
Көміртек бірліктері
көміртегі квотасының бірлігі****
2811 21 000 0
офсетінің бірлігі*****
2811 21 000 0
Ескертпе:
* – ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;
** – көрсетілген міндет көмір өндіретін компаниялардың коммуналдық-тұрмыстық көмірді жергілікті атқарушы органдар айқындайтын операторларға олардың кейіннен халыққа жеке пайдалануы үшін өткізуіне қолданылады;
*** – тауар биржалары арқылы өткізілетін автомобиль бензинін, дизель отынын және реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды өткізу көлемін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 7-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін беру жоспарының шеңберінде белгілейді.
Ескертпе:
**** - тауар биржалары арқылы өткізілуге жататын көміртегі квоталарының көлемін Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 289-бабының 9-тармағына сәйкес квоталау субъектісі айқындайды.
***** - тауар биржалары арқылы өткізілуге жататын офсеттік бірліктердің көлемін жобаның өтініш берушісі Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 298-бабының 7-тармағына сәйкес айқындайды.