Об утверждении Правил содержания животных в неволе и полувольных условиях
Күшін жойған
Бұйрық
·№ 18-03/125
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания животных в неволе и полувольных условиях
- Атауы (қаз.)
- Жануарларды ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18-03/125
- Қабылданған күні
- 25.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2017 88144_238294.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010602
- ЭКБ идентификаторы
- 88144
- Редакция идентификаторы
- 88144_238294
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:27
0 Жануарларды ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының
1 тармағының 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрдің міндетін атқарушы
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 18-03/125 бұйрығымен
бекітілген
Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау
қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының
9-бабының 1 тармағының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау тәртібін айқындайды.