О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Шалкарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Шалкарского района
- Атауы (қаз.)
- Шалқар ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 194
- Қабылданған күні
- 02.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2016 88152_96465.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CM004237
- ЭКБ идентификаторы
- 88152
- Редакция идентификаторы
- 88152_96465
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:18
0 Шалқар ауданы аумағында бейбіт
жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар
өткізу тәртібін қосымша реттеу
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шалқар ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 2015 жылғы 2 наурыздағы № 194
Шалқар аудандық мәслихатының
шешіміне қосымша
Шалқар ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары
№ р/с
Қала, ауыл атаулары
Өткізу орындары
1
Шалқар қаласы
«Факел» стадионы
2
Қотыртас ауылы
Ауыл саябағы жанынан солтүстік жақ беті
3
Бегімбет ауылы
Бегімбет ауылындағы орталық алаң
4
Бозой ауылы
Жетес би және Аманғали ахун көшелерінің қиылысы
5
Біршоғыр стансасы
А. Тихонов көшесіндегі саябақ
6
Аққайтым ауылы
Интернационалистер көшесі № 19 үйдің солтүстік шығыс жақ беті
7
Байқадам ауылы
Қазақай көшесі № 5 үйдің жаны
8
Қауылжыр ауылы
Желтоқсан және Жағалау көшелерінің қиылысы
9
Шілікті ауылы
Сарыөзек және Меңдікөл көшелерінің қиылысы
10
Мөңке би ауылы
Тәуелсіздік көшесі № 12 үйдің оңтүстік шығыс жақ беті
11
Тоғыз стансасы
Тәуелсіздік көшесі бойындағы спорт алаңы
12
Жылтыр ауылы
Жылтыр ауылындағы спорт алаңы
13
Қаратоғай ауылы
М. Айтасов көшесінің батыс жақ басы