Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил возмещения кредитором по налогам и другим обязательным платежам в бюджет административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства

Бұйрық · № 92 · қабылданған 16.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88153/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил возмещения кредитором по налогам и другим обязательным платежам в бюджет административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства Күшін жойған Бұйрық ·№ 92 ·16.02.2015
23.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил возмещения кредитором по налогам и другим обязательным платежам в бюджет административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства

Күшін жойған Бұйрық ·№ 92 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил возмещения кредитором по налогам и другим обязательным платежам в бюджет административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства
Атауы (қаз.)
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
92
Қабылданған күні
16.02.2015
Көрсетілген редакция
23.04.2020 88153_458653.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010509
ЭКБ идентификаторы
88153
Редакция идентификаторы
88153_458653
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:39

0 Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы

«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық -құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2015 жылғы 16 ақпандағы № 92
бұйрығымен бекітілген
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 61-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды сот шешімімен өтеу тәртібін айқындайды.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – аумақтық органдар) болып табылады.

2 2. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды сот шешімі бойынша аумақтық органдары, егер мынадай:

1 1) борышкерде активтердің болмауы;

2 2) борышкерде жарамсыз деп тануға жататын мәмілелердің болмауы;

3 3) міндетіне Заңның 11-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындау кіретін борышкердің лауазымды адамдарында активтердің болмауы мән-жайларының жиынтығы болған жағдайда өтейді.

2 2. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімді жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу тәртібі

3

3. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу туралы сот шешімін орындау мақсатында аумақтық органдары банкроттықты басқарушы тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде онымен банкроттық рәсімдерді жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасады.

4 4. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеуді аумақтық органдары республикалық бюджеттен осы Қағидалардың қосымшасында белгіленген өтінішхатты ұсыну негізінде сот шешімі бойынша жүргізеді.

5 5. Аумақтық органдарының әкімшілік шығыстарды өтеуі туралы көрсетілген, заңды күшіне енген борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі әкімшілік шығыстарды өтеуге негіз болады.

6

6. Банкроттықты басқарушы аумақтық органдарына борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімін заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдардың заңды тұлғаны тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн, ал банкрот дара кәсіпкер болып табылған жағдайда – банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін ұсынады.

7 7. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу аумақтық органдармен банкроттықты басқарушының Шартта көрсетілген банк шотына ақшалай қаражатты аударуы арқылы жүргізіледі.

8 8. Банкроттықты басқарушы банкроттық туралы іс қозғауға байланысты әкімшілік шығыстарды уақытша басқарушының банк шотына аударады.

0 Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу туралы өтінішхат

Салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер бойынша
кредитордың банкроттық туралы іс
қозғауға және банкроттық рәсімін
жүргізуге байланысты әкімшілік
шығыстарды өтеу қағидаларына
Қосымша
________________________________
(облыс, республикалық маңызы бар
қала атауы)
Мамандырылған ауданаралық
экономикалық сотына
_____________________________ ______________________________
(аумақтық органның атауы)
Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу туралы
өтінішхат
_________________________________________________________________________________
(аумақтық органның атауы)
______________________________________________________________________________________
(борышкердің атауы)
банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік
шығыстарды өтеуді міндтіне алады.
Борышкер туралы қысқа мәлімет:
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi (БСН)/ Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)__________________
_______________________________________________________________________________________
Ұйымдық-құқықтық нысаны _______________________________________________________________
Заңды мекенжайы, телефоны______________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
Экономикалық қызмет түрі ______________________________________________________________
Салықтық берешекті өндіру бойынша қабылданған шаралар:
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
Борышкердің Заңның 45-бабы 2-тармағына сәйкес келуін дәлелдейтін құжаттар тізбесі:
1. Борышкерде активтердің болмауы туралы мәліметтер _________________________________
__________________________________________________________________ ____________________
______________________________________________ ________________________________________
_______________________________________________________________________________________
2. Борышкерде жарамсыз деп танылуға жататын мәмілелердің болмауы туралы мәліметтер___
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
3. Борышкердің Заңның 11-бабы 2-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көзделген талаптарды
орындау міндетіне кіретін лауазымды адамдарында активтердің болмауы туралы мәліметтер _
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
4. Борышкер туралы өзге де мәліметтер_________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________.
Ұсынылатын құжаттар нөмірленген және ______ бетте тігілген.
Ұсынылатын құжаттар мен мәліметтердің толықтығын және дұрыстығын растаймын.
______________________________________
(аумақтық орган басшысының Т.Ә.А.)
Күні
Мөр орны

Қолданыстағы