Құжат мәтініне өту

Об утверждении ежедневных электронных форм отчетности товарных бирж, правил их представления

Бұйрық · № 140 · қабылданған 26.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88157/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении ежедневных электронных форм отчетности товарных бирж, правил их представления Күшін жойған Бұйрық ·№ 140 ·26.02.2015
10.08.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении ежедневных электронных форм отчетности товарных бирж, правил их представления

Күшін жойған Бұйрық ·№ 140 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении ежедневных электронных форм отчетности товарных бирж, правил их представления
Атауы (қаз.)
Тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
140
Қабылданған күні
26.02.2015
Көрсетілген редакция
10.08.2018 88157_349279.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010599
ЭКБ идентификаторы
88157
Редакция идентификаторы
88157_349279
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:26

0 Тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы

«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы
4 мамырдағы Заңының 4-бабының 3-3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандары;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын ұсыну қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ресми тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандары*

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпан
№ 140
бұйрығына 1-қосымша
Тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандары*
1.
Тауар биржасының атауы
2.
Есепті сауда сессиясының күні
3.
Жасалған әрбір биржалық мәміле бөлінісіндегі ақпарат
биржалық мәміле нөмірі (биржаның есепке алуы бойынша)
биржалық мәмілені тіркеу күні мен уақыты
биржалық мәміле жасалған биржалық тауардың атауы немесе коды
биржалық тауардың өлшем бірлігі
биржалық мәміле жасалған тауардың саны
биржалық мәміле жасалған тауардың бір бірлігінің бағасы
биржалық мәміленің жалпы бағасы
биржалық мәміленің валютасы
биржалық мәміле бойынша сатып алушыға/сатушыға қызмет көрсететін брокердің атауы және оның салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН)
4.
Әрбір биржалық тауар бөлінісіндегі ақпарат
мәмілелер саны
тоннадағы көлемі
теңгедегі айналымы
5.
Есепті ұсыну күні мен уақыты
Ескертпе*:
есепте кодтар пайдаланылған жағдайда олардың толық жазылуы келтірілуі тиіс;
есептегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі;
есепті жасау кезінде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді.

2 Тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпан
№ 140
бұйрығына 2-қосымша
Тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік
нысандарын ұсыну қағидалары

1 1. Тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын ұсыну қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Тауар биржалары туралы»

2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының
3-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын ұсыну тәртібін айқындайды.

2 2. Тауар биржалары сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) мерзімді келісімшарттарды қоспағанда, тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын (бұдан әрi – есеп) ұсынады.

3 3. Есеп тауар биржасының уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында күн сайын, есепті күннен кейінгі жұмыс күні Астана уақытымен сағат 10.00-ден кешіктірілмей уәкiлеттi органға ұсынылады.

4 4. Есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желi бойынша уәкілетті органның электрондық мекенжайына берілген сәттен бастап жіберілген болып саналады.

5 5. Электрондық құжат нысанындағы есеп уәкілетті органның ақпараттық-коммуникациялық желiсінде тіркелгеннен кейін келіп түскен болып саналады.

6 6. Есепті алу туралы хабарлама есепті алу фактісі мен уақыты және тауар биржасы уәкілетті тұлғасының жіберушісі туралы деректерді қамтиды. Егер тауар биржасының уәкілетті тұлғасына хабарлама келіп түспеген жағдайда уәкілетті орган есепті алмаған болып саналады.

Қолданыстағы