Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по покупке электрической энергии в целях энергоснабжения, эксплуатации магистральных газопроводов, нефтепроводов, нефтепродуктопроводов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по покупке электрической энергии в целях энергоснабжения, эксплуатации магистральных газопроводов, нефтепроводов, нефтепродуктопроводов
- Атауы (қаз.)
- Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 60
- Қабылданған күні
- 29.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.03.2025 88160_748462.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010598
- ЭКБ идентификаторы
- 88160
- Редакция идентификаторы
- 88160_748462
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:52
0 Энергиямен жабдықтау
мақсатында электр энергиясын
сатып алу, магистральдық
газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын
пайдалану қызметі үшін
біліктілік талаптары мен
оларға сәйкестiкті растайтын
құжаттар тiзбесін бекіту туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет»
ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_______________ Ә. Исекешев
2015 жылғы «____» _______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы «____» _______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_______________ В. Школьник
2015 жылғы «____» _______________
0 Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 60 қаңтардағы
№ 60 бұйрығымен
бекітілген
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын,
мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары
мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесі
№ п/п
Біліктілік талаптары
Құжаттар
Ескертпе
1
2
3
4
1. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметі үшін
1)
тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететін қызметтер (персоналдар) – абоненттiк қызметтердің, учаскелердің болуы
осы қызметтi құру туралы бұйрықтың болуы туралы мәлімет нысаны (қосымшаға сәйкес)
2)
банк анықтамасымен расталған кемiнде 10000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріндегі айналым қаражатының болуы
банк анықтамасы
3)
4)
меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тұтынушылармен жұмыс iстеуге және абоненттiк қызметтердi орналастыруға арналған ғимараттар немесе үй-жайлардың болуы
құқық белгiлейтiн құжаттар, оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу, қосымша жалға алу шарты бойынша алғанын куәландыратын көшірме
меншiк құқығында ғимараттар немесе үй-жайлардың болуы туралы ақпаратты лицензиар «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі арқылы алады
5)
кернеудің кемінде төрт сыныбының электр желілерінің (кабельдік немесе әуе электр беру желілерінің) болуы(220, 110, 35, 20, 10, 6, 0,4 киловольт) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар
құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
ұлттық электр желісін пайдалануды жүзеге асыратын жүйелік оператормен теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін ажырату актілерінің көшірмелері
көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларының болуы
Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес остігі туралы қорытынды жасалатын өтініш берушіге бару және (немесе) шақыру арқылы рұқсат беру бақылауын жүргізу жолымен белгіленеді
6)
электр энергиясын, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы тікелей қосылған отыз мыңнан кем емес тұтынушылардың болуы
электр энергиясын кемінде отыз мың тікелей қосылған тұтынушылардың, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері:
1) тұтынушының тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген тұрмыстық тұтынушылар тізілімі, абоненттік нөмірі;
2) тұрмыстық емес тұтынушылар тізілімі (оның ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар бойынша) – заңды тұлғаның атауы, электрмен жабдықтау шартының нөмірі
көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларының болуы
Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес остігі туралы қорытынды жасалатын өтініш берушіге бару және (немесе) шақыру арқылы рұқсат беру бақылауын жүргізу жолымен белгіленеді
2. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін
1)
меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистралдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдардың, жабдықтардың болуы
меншік құқықғын белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ негiзгi жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпаратты, сондай-ақ өтiнiш
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» мемлекеттік деректер базасынан деректер алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды
1
2
3
4
берушiнiң теңгерiмiндегi негiзгi өндiрiстiк активтердiң тiзбесiн көрсете отырып, магистралдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдардың, жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
2)
1)жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
2)магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдаланудың технологиялық процесiн сақтауды;
3)еңбекті қорғау мен қауiпсiздiк техникасын;
4)қоршаған ортаны қорғауды;
5)метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететiн қызметтердің болуы
осы қызметтердi құру туралы бұйрықтардың болуы туралы мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
3)
тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн - мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн - мұнай-газ саласындағы орта арнайы бiлiм) жауап беретiн және осы
қызметкерлердің әрқайсысы бойынша штат кестесі бойынша: тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi бойынша
өндірістік персонал – әкімшілік-басқарушы персоналды (ӘБП) қоспағанда, өндірісте тікелей
1
2
3
4
саладағы мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар бiлiктi техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының кемінде 70 %-ы) болуы
мамандығы, лауазымы, осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтiлi жөніндегі ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
жұмыс істейтін және кәсіпорынның өндірістік процесімен тікелей байланысты персонал
4)
белгiленген тәртiппен бекiтiлген, сондай-ақ бекітілу кезінде қолданыстағы: қоршаған ортаны қорғау, қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралардың; заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бағдарламалардың; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының); аварияларды жою жоспарының болуы
тиісті жоспарлар, бағдарламалар мен іс- шаралардың көшірмелері
0 Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшiн біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесіне мәліметтер нысаны
Энергиямен жабдықтау мақсатында
электр энергиясын сатып алу,
магистральдық газ құбырларын,
мұнай құбырларын,
мұнай өнiмдерiнiң құбырларын
пайдалану қызметі үшін
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
қосымша
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшiн біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесіне мәліметтер нысаны
1 1. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу бойынша қызмет түрі үшін:
1 1) қызметтердi құру туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпарат:
қызметті құру туралы бұйрықтың нөмірі ________________________;
бұйрықтың қол қойылған күні _________________________________;
жауаптының Т.А.Ә. __________________________________________.
2 2. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану бойынша қызметтің кіші түрі үшін:
1
1) меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының болуы туралы ақпарат ___________________________________ (магистралдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарын, сондай-ақ негізгі жабдықтардың техникалық сипаттамасы бойынша ақпаратты көрсете отырып, магистралдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдарды, жабдықты, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң теңгерiмiндегi өндiрiстiк активтердiң тiзбесiн көрсету);
2 2) қызметтердi құру туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпарат:
қызметті құру туралы бұйрықтың нөмірі ________________________;
бұйрықтың қол қойылған күні _________________________________;
жауаптының Т.А.Ә. __________________________________________;
3
3) тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн – мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн – мұнай-газ саласындағы арнайы орта бiлiм) жауап беретiн және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар бiлiктi техникалық басшылар мен мамандар (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының кемінде 70 %-ы) құрамы туралы штат кестесі бойынша ақпарат:
қызметкердің Т.А.Ә. __________________________________________;
бiлiмi бойынша мамандығы ____________________________________;
лауазымы ___________________________________________________;
осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтiлi ___________________.