Об утверждении Правил и формы представления сведений, необходимых для осуществления мониторинга
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил и формы представления сведений, необходимых для осуществления мониторинга
- Атауы (қаз.)
- Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету қағидаларын және нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 140
- Қабылданған күні
- 27.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2019 88176_423967.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010586
- ЭКБ идентификаторы
- 88176
- Редакция идентификаторы
- 88176_423967
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:20
0 Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысанын бекіту туралы
Темекi өнімдерінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 5-бабы 5-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2 2) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің нысаны осы бұйрықтың 2–қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 140 бұйрығына
1-қосымша
Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидалары
1 1. Осы Қағидалар «Темекi өнімдерінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы
12 маусымдағы Заңының 5-бабы 5-1) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және темекi бұйымдарының өндiрiсін жүзеге асыратын және мониторингке жататын тұлғалар үшін мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну мерзімі және тәртібін айқындайды.
2 2. Мәліметтерді темекi бұйымдарының өндiрiсін жүзеге асыратын тұлғалар (бұдан әрі – декларант) тиісті мемлекеттік кіріс органына тапсырады.
3 3. Мәліметтерді тапсырудың есепті кезеңі күнтізбелік ай болып табылады және мәліметтер есептiден кейiнгi айдың 15 күнiнен кешіктiрмей, ай сайын тапсырылады.
4 4. Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген ірі салық төлеушілер тізбесіне кірген салық төлеушілер, осы Қағидаларға сәйкес мәліметтерді ұсынбай Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес мәліметтерді ұсынады.
5 5. Мәліметтер қағаз немесе электронды тасығышта табыс етіледі.
6 6. Мәліметтерді толтыру кезінде:
1 1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді;
2 2) электронды тасығышта – электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
7 7. Мәліметтерді соманы (мың теңге) көрсете отырып заттай көрсеткiштерде (мың дана/килограмм) толтырылады.
8 8. Көрсеткіштер болмаған кезде мәліметтердің тиісті торкөздері толтырылмайды.
2 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 140 бұйрығына
2-қосымша
нысан
Жеке сәйкестендіру нөмірі / Бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________
Салық төлеушінің атауы __________________________
Есепті кезең ___________________________________
Есепті кезеңнің басындағы қалдық
Өндіріс
Сату
Экспорт
Жалпы
Ресей Федерациясына
Беларусь Республикасына
Армения Республикасына
Қырғыз Республикасына
Үшінші елдерге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Фильтрлі сигареттер (мың.дана/мың.теңге)
Фильтрсіз сигареттер (мың.дана/мың.теңге)
Папиростар (мың.дана/мың.теңге)
Сигаралар (мың.дана/мың.теңге)
Сигариллалар (мың.дана/мың.теңге)
Темекі (кг/мың.теңге)
кестенің жалғасы
Импорт
Есепті кезеңнің соңындағы қалдық
Акциздер есептелді
Акциздер төленді
Жалпы
Ресей Федерациясынан
Беларусь Республикасынан
Армения Республикасынан
Қырғыз Республикасынан
Үшінші елдерден
10
11
12
13
14
15
16
17
18
Фильтрлі сигареттер (мың.дана/мың.теңге)
Фильтрсіз сигареттер (мың.дана/мың.теңге)
Папиростар (мың.дана/мың.теңге)
Сигаралар (мың.дана/мың.теңге)
Сигариллалар (мың.дана/мың.теңге)
Темекі (кг/мың.теңге)
__________________/_________/ мәліметтерді беру күні ______________________
Басшының аты-жөні, тегі (Салық төлеуші)
_________________________________________________________________
қолы күн, ай, жыл сандармен
___________________/_________/ мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді қабылдау күні
Бас бухгалтердің (Салық төлеуші) күн, ай, жыл сандармен
қолы ___________________/_________/
Мәліметтерді қабылдаған тұлғаның қолы аты-жөні, тегі қолы
Мөр орны
2-1 «Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер» нысанына
қосымша