Құжат мәтініне өту

О предоставлении кандидатам в Президенты Республики Казахстан на договорной основе помещения для встреч с избирателями и об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов в Президенты Республики Казахстан

Қаулы · № 6-231 · қабылданған 13.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88216/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О предоставлении кандидатам в Президенты Республики Казахстан на договорной основе помещения для встреч с избирателями и об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов в Президенты Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 6-231 ·13.03.2015
13.03.2015 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении кандидатам в Президенты Республики Казахстан на договорной основе помещения для встреч с избирателями и об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов в Президенты Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 6-231 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении кандидатам в Президенты Республики Казахстан на договорной основе помещения для встреч с избирателями и об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов в Президенты Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайларберу және Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6-231
Қабылданған күні
13.03.2015
Көрсетілген редакция
13.03.2015 88216_64334.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15DA003117
ЭКБ идентификаторы
88216
Редакция идентификаторы
88216_64334
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:08

0 Қазақстан Республикасы

Президенттігіне кандидаттарға
сайлаушылармен кездесуі үшін
шарттық негізде үй-жайларберу
және Қазақстан Республикасы
Президенттігіне кандидаттар үшін
үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6 - тармақтарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй – жайлар осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес берілсін.

2 2. Талдықорған қалалық сайлау комиссиясымен (Дәулет Әбдібекұлы Жүнісов келісім бойынша) бірлесіп Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3

3. «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Малдыбай Молдыбайұлы Қалиев) Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаевқа жүктелсін.

5

5. Талдықорған қаласы әкімінің аппарат басшысы Марлен Қапашұлы Көлбаевқа осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет – ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурста, сондай–ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы «Талдықорған» газетінде жүзеге асырсын.

6 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Қала әкімдігінің 2015 жылғы

«13» наурызда «Қазақстан
Республикасы Президенттігіне
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін шарттық негізде үй-
жайлар беру және Қазақстан
Республикасы Президенттігіне
кандидаттар үшін үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындар белгілеу туралы»
№6-231 қаулысына 1-қосымша
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін
үй-жайлар

Үй – жайлар
Мекен-жайы
1.
«Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы
Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 241 үй, 1 қабат
2.
Нұрғиса Тлендиев атындағы балалар саз мектебінің мәжіліс залы
Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 270 үй
3.
«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы
Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 272 үй
4.
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің мәжіліс залы
Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 254 үй

8 Қала әкімдігінің 2015 жылғы

«13» наурызда «Қазақстан
Республикасы Президенттігіне
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін шарттық негізде үй-
жайлар беру және Қазақстан
Республикасы Президенттігіне
кандидаттар үшін үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындар белгілеу туралы»
№ 6-231 қаулысына 2 - қосымша
Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін
орындар

Орындар
Мекен – жайы
Талдықорған қаласы бойынша
1.
«Медицина колледжі» қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд
«Жетісу» шағын ауданы
2.
«Шевченко көшесі» қоғамдық көліктің аялдамасы аумағындағы стенд
Тәуелсіздік көшесінде Шевченко көшесімен қиылысында
3.
«Самал» қоғамдық көліктің аялдамасы аумағындағы стенд
«Самал» шағын ауданы
4.
«Мектеп» қоғамдық көліктің аялдамасы аумағындағы стенд
Белов көшесінде
5.
«№9 әскери қалашық» қоғамдық көліктің аялдамасы аумағындағы стенд
№ 9 әскери қалашық
Еркін ауылдық округінің аумағында
6.
«Дүкен» қоғамдық көліктің аялдамасы аумағында
Еркін ауылы, Сүлеев көшесінде
Өтенай ауылдық округінің аумағында
7.
Ауылдық - дәрігерлік амбулаторияның ғимаратының жанындағы стенд
Өтенай ауылы, Тұңғатов көшесінде

Қолданыстағы