Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Сарканском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Сарканском районе
- Атауы (қаз.)
- Сарқан ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 120
- Қабылданған күні
- 27.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2015 88242_7931.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DQ003124
- ЭКБ идентификаторы
- 88242
- Редакция идентификаторы
- 88242_7931
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:48
0 Сарқан ауданында үгіттік
баспа материалдарын орналастыру
үшін орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Сарқан аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарқан аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3. Сарқан ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Нұржан Төлеубайқызы Әділоваға осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Сарқан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Қанатұлы Маманбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнненбастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Сарқан ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
«Сарқан ауданында үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы»
№ 120 қаулысына 1-қосымша
Сарқан ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін
орындар
1. Сарқан қалалық округі бойынша:
1) Сарқан каласы, М. Тынышбаев көшесі, № 35б, Сарқан гуманитарлық колледжі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Сарқан қаласы, Абай көшесі, № 65, Абай атындағы мектеп-гимназиясы ғимаратының жанындағы стенд;
3) Сарқан қаласы, Қалиев көшесі, № 34, Н. Островский атындағы мектеп-лицейі ғимаратының жанындағы стенд;
4) Сарқан қаласы, Қонаев және Урманов көшелерінің қиылысындағы стенд;
5) Сарқан қаласы, Урманов және Әуезов көшелерінің қиылысындағы стенд;
6) Сарқан қаласы, Бөгенбай-батыр және Д. Нұрпейісова көшелерінің қиылысындағы стенд;
7) Бірлік ауылы, Чепрасов көшесі, № 57, почта бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд;
2. Алмалы ауылдық округі бойынша:
8) Алмалы ауылы, Абай көшесі, № 3, почта бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд;
9) Абай ауылы, Абай көшесі, № 12а, медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
3. Аманбөктер ауылдық округі бойынша:
10) Аманбөктер ауылы, Ы. Алтынсарин көшесі, № 12, фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
4. Амангелді ауылдық округі бойынша:
11) Пограничник ауылы, Сәтбаев көшесі, № 10, орталық кітапхана ғимаратының жанындағы стенд;
12) Пограничник ауылы, Б. Момышұлы көшесі, № 1, ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
13) Қарауылтөбе ауылы, Арын көшесі, № 30а, медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
14) Көкөзек ауылы, Әуезов көшесі, № 1, медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
5. Бақалы ауылдық округі бойынша:
15) Бақалы ауылы, М. Көбдіков көшесі, № 45, ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
16) Тасқұдық ауылы, Тоған көшесі, № 35, фельдшерлік-акушерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
6. Екіаша ауылдық округі бойынша:
17) Екіаша ауылы, Қ. Аманжолов көшесі, № 70а, ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
18) Тополевка ауылы, Тәуелсіздік көшесі, № 1, фельдшерлік-акушерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
7. Қойлық ауылдық округі бойынша:
19) Қойлық ауылы, Б. Макетов көшесі, № 94а, «Айдана» бала бақшасы ғимаратының жанындағы стенд;
20) Қойлық ауылы, Б. Макетов көшесі, № 45, К. Қазыбаев мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
21) Қойлық ауылы, І. Жансүгіров көшесі, № 10, почта бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд;
8. Қарабөгет ауылдық округі бойынша:
22) Қарабөгет ауылы, Арын көшесі, № 23, ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
23) Қарабөгет ауылы, Абайділданов көшесі, № 32, почта бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд;
24) Еркін ауылы, Д. Қонаев көшесі, № 4, медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
9. Көктерек ауылдық округі бойынша:
25) Көктерек ауылы, Арын көшесі, № 12, почта бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд;
10. Қарашыған ауылдық округі бойынша:
26) М. Төлебаев ауылы, М. Төлебаев көшесі, № 15а, почта бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд;
27) М. Төлебаев ауылы, Жеңіс көшесі, № 1а, ауылдық дәрігерік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
28) Үлгі ауылы, Байғамытов көшесі, № 12а, медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
29) Шұбартүбек ауылы, Жетісу көшесі, № 6, медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
11. Лепсі ауылдық округі бойынша:
30) Лепсі ауылы, Айша Бибі көшесі, № 3, ауылдық ауруханасы ғимаратының жанындағы стенд;
31) Лепсі ауылы, М. Төлебаев көшесі, № 21, мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
32) Көкжиде ауылы, Төлебай-батыр көшесі, № 2, медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
12.Черкасск ауылдық округі бойынша:
33) Черкасск ауылы, М. Тынышбаев көшесі, № 100, ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
34) Қарғалы ауылы, Әбілқайырхан көшесі, № 2, медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
35) Петропавловка ауылы, М. Тынышбаев көшесі, № 97, фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
36) Аққайың ауылы, М. Тынышбаев көшесі, № 54, медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
13. Шатырбай ауылдық округі бойынша:
37) Шатырбай ауылы, Абылайхан көшесі, № 6, фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
38) Шатырбай ауылы, Нұғманов көшесі, № 31, почта бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд;
58 Сарқан ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
«Сарқан ауданында үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру
туралы» № 120 қаулысына
2-қосымша
Сарқан ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде кандидаттарға берілетін үй-жайлар