Об утверждении Правил маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением виноматериала и пива, учетно-контрольными марками и табачных изделий акцизными марками, а также формы, содержания и элементов защиты акцизных и учетно-контрольных марок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением виноматериала и пива, учетно-контрольными марками и табачных изделий акцизными марками, а также формы, содержания и элементов защиты акцизных и учетно-контрольных марок
- Атауы (қаз.)
- Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 144
- Қабылданған күні
- 27.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2018 88255_299729.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010611
- ЭКБ идентификаторы
- 88255
- Редакция идентификаторы
- 88255_299729
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:23
0 Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653–бабы 6–тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) осы бұйырыққа 1-қосымшаға сәйкес Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары бекітілсін;
2 2) акциздік таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері осы бұйырыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3
4 4) есепке алу-бақылау таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері осы бұйырыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрiнiң
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 144 бұйырығымен бекiтiлген
Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін (бұдан әрі - алкоголь өнімі) есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін айқындайды.
2 2. Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау тәртібі
2 2. Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, нормативтік және техникалық құжаттамаға сәйкес тұтынушы ыдысына құйылған алкоголь өнімі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға жатады.
3 3. Тұтыну ыдысына салынған темекі бұйымдары акциздік таңбалармен таңбалауға жатады.
4 4. Есепке алу-бақылау таңбасы тұтыну ыдысына төменгі бағытта голограммамен оны қайта пайдалануды болдырмау мақсатында тұтыну ыдысын ашқан кезде есепке алу-бақылау таңбасының тұтастығы бұзылатындай етіп желімделеді.
Есепке алу-бақылау таңбасы тұтыну ыдысына тығыз желімделеді және сәйкестендіруді және штрих-кодтық ақпаратты оқитын құрылғымен оқуды қамтамасыз етеді.
5 5. Акциздік таңба былайша орналастырылады:
фильтрлі сигареттің жұмсақ қорабындағы қораптың үстіңгі бетін жабатын акциздік таңбадағы мәтін немесе сурет қораптың алдыңғы бетінің бағытына бағдарлануы және ортасында (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта) орналасуы тиіс;
фильтрлі сигареттің қайырма қақпақты қорабындағы акциздік марка қораптың артқы бетінде орналасуы, қораптың бұрышын жауып және бүйір бетіне өтуі тиіс;
фильтрсіз сигарет қорабында акциздік таңба қораптың сол және оң жақ шетінен бірдей аралықта қораптың артқы бетінде тігінен орналасуы әрі қорапты ашар жерді басып өтуі тиіс;
папирос қорабында қораптың үстіңгі бетін жабатын акциздік таңбадағы мәтін немесе сурет қораптың алдыңғы бетінің бағытына бағдарлануы және ортасында (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғалардан бірдей аралықта) орналасуы тиіс;
басқа темекі бұйымдарының қорабында акциздік таңба қораптың артқы бетінің ортасында (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта) орналасуы тиіс.
Темекі бұйымдарының қорабын целлофанмен қаптау (егер мұндай көзделсе) қорапқа желімделген акциздік таңбаның үстінен жүргізілуі тиіс.
Қорапты ашқан кезде темекі бұйымдарына арналған акциздік таңба бүлініп қалуы тиіс.
Темекі бұйымдарына арналған акциздік таңбаларды желімдеу кезінде таңбаны тауардан бүлдірмей алуға және акциздік таңбаны қайта пайдалануға мүмкіндік бермейтін желім пайдаланылуы тиіс. Акциздік таңбаларды желімдеуге қолданылатын желім оның кебуі мен тауардан ажыратылып қалуын болдырмау үшін жоғары және төмен температураларға, ылғалдың түрлі деңгейлеріне төзімді болуы және акциз таңбасын қайталап пайдаланудың мүмкін болмауын қамтамасыз етуі тиіс.
6 6. Алкоголь өнімі мен темекі бұйымдарын өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге арналған дайын өнімге есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды желімдеуді өндіріс мекен-жайы бойынша жүргізеді.
7 7. Конкурстық және оңалту басқарушылары борышкердің мүліктерін (активтерін) өткізу кезінде алкоголь өнімін немесе темекі бұйымдарын есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалауды олар сақталған мекен-жай бойынша жүргізеді.
8 8. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін алкоголь өнімін немесе темекі бұйымдарын есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалау осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүзеге асырылады.
9 9. Салық кодексінің 653-бабы 4-тармағына сәйкес алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен:
1 1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге экспортталатын;
2 2) бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастыруға арналған Қазақстан Республикасының аумағына бажсыз сауда дүкендерінің иелері әкелетін;
3
3) Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттер аумағына уақытша әкелудің (жіберудің) және уақытша әкетудің кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағынан жалғыз данада жарнамалық және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелінетін;
4 4) кедендік транзиттің кедендік рәсімінде Еуразиялық экономикалық одағының аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерден транзитпен өткізілетін;
5
5) 3 литрден аспайтын шекте Қазақстан Республикасының аумағына он сегіз жасқа толған жеке тұлға әкелетін (жіберетін) алкоголь өнімдері, сыра мен сыра сусынын есепке алу-бақылау таңбаларымен, сондай-ақ 200 сигарет немесе 50 сигарадан (сигарилладан) аспайтын темекі мен темекі бұйымдары немесе 250 грамнан аспайтын шектегі темекі не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын көрсетілген бұйымдардың ассортименті акциздік таңбаларымен міндетті түрде таңбалануға жатпайды.
10
10. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалауды көздемейтін кедендік рәсімдерде ресімделген алкоголь өнімі немесе темекі бұйымдары олар Қазақстан Республикасының кеден аумағында сатылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен акциз төлей отырып, есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен міндетті түрде таңбалануға жатады.
3 3. Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен қайта таңбалау тәртібі
11 11. Темекі бұйымдарын жаңа үлгідегі акциздік таңбалармен қайта таңбалау жаңадан өндірілетін және әкелінетін темекі бұйымдарына осы Ережеде белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мерзімде жаңа үлгідегі акциздік таңбаларды желімдеуді білдіреді.
12
12. Алкоголь өнімдерін жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен қайта таңбалау ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбаланған алкоголь өнімдеріне осы Ережеде белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мерзімде жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларын желімдеуді білдіреді.
13 13. Қайта таңбалау:
1 1) ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбалар (бұдан әрі - таңбалар) желімделген алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын (бұдан әрі - акцизделетін тауарлар), сондай-ақ пайдаланылмаған ескі үлгідегі таңбаларды түгендеуді;
2 2) акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі таңбалармен таңбалауды;
3 3) пайдаланылмаған ескі үлгідегі таңбаларды жоюды қамтиды.
14 14. Түгендеу бір реттік сипатта болады және акцизделетін өнімдерді өндіруді және импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде борышкердің мүлкін (активтерін) сататын конкурстық және оңалту басқарушылары (бұдан әрі - субъектілер) өз күштерімен жүргізеді.
15
15. Түгендеу жүргізу мақсатында әрбір субъектіде құрамында комиссия төрағасы (субъектінің бірінші басшысы немесе оның орынбасары), субъектінің таңбаларға материалдық-жауапты тұлғасы және субъектінің басқа да қызметкерлері болатын саны үш адамнан кем емес комиссия (бұдан әрі - түгендеу комиссиясы) құрылады.
16
16. Түгендеудің уақтылы жүргізілуін және оның тәртібінің сақталуын, тиісті түгендеу тізімдемесіне енгізілетін ескі үлгідегі таңбалар желімделген акцизделетін өнімдердің нақты сандық қалдықтары бойынша түрлері мен атаулары бөлінісінде олар туралы деректердің толықтығын, дәлдігін және дұрыстығын түгендеу комиссиясының төрағасы қамтамасыз етеді.
17
17. Түгендеу тізімдемесі әр бетте ескі үлгідегі таңбалар желімделген акцизделетін өнімдер мен пайдаланылмаған ескі үлгідегі таңбалардың жалпы саны (санмен және жазумен) көрсетіле отырып, ескі үлгідегі таңбалар желімделген акцизделетін өнімдер бойынша және пайдаланылмаған ескі үлгідегі таңбалар бойынша бөлек жасалады. Түгендеу тізімдемесінің әр бетіне түгендеу комиссиясының барлық мүшелері қол қойған болуы тиіс.
18 18. Түгендеу тізімдемесі екі данада жасалады, оның бірі тиісті облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдарына (бұдан әрі - салық органдары) жіберіледі, екіншісі субъектінің өзінде қалады.
19
19. Салық органдары түгендеу тізімдемесінде көрсетілген кез келген деректердің дұрыстығын тексереді және Салық кодексінің 627-бабының 5-тармағының 2) тармақшасы мен 9-тармағының 2) тармақшасынегізінде қоймада акцизделетін өнімдердің бар-жоғын іріктеп тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ арнайы аспаптар арқылы желімделген ескі үлгідегі таңбалардың түпнұсқалылығын тексереді. Тексеру түгендеу комиссиясы мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі.
20
20. Акцизделетін өнімнің нақты қалдықтарының түгендеу тізімдемесінде көрсетілген деректерден алшақтықтар (сәйкессіздіктер) анықталған, шығу тегі күмәнді таңбалар анықталған жағдайда салық органдары тексеру актісін жасайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды. Анықталған алшақтықтар жойылғаннан кейін түгендеу комиссиясы жаңа түгендеу тізімдемесін жасайды.
21 21. Субъектілерге жаңа үлгідегі таңбаларды беруді салық органы жүзеге асырады.
22 22. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбаланған алкоголь өніміне жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларын желімдеу осы Ереженің 4-тармағына сәйкес жүргізіледі, бұл ретте бір есепке алу-бақылау таңбасының үстіне екіншісін жабыстыруға жол берілмейді.
23 23. Пайдаланылмаған ескі үлгідегі таңбаларды ескі үлгідегі таңбалары бар субъектілер және салық органдары жаңа үлгідегі таңбалар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның қатысуымен жоюға тиіс.
24 24. Ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның құрамы және ескі үлгідегі таңбаларды жою орны салық органы бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
25 25. Ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның құрамына салық органдарының бірінші басшылары, салық органының таңбалар үшін материалдық-жауапты адамдары және субъектінің уәкілетті өкілдері міндетті түрде енгізілуге тиіс.
26
26. Ескі үлгідегі таңбалардың іс жүзінде жойылғаны туралы осы Ережеге 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жойылған есепке алу-бақылау таңбаларының сериясы, нөмірлерін диапазоны, түрі мен саны, ескі үлгідегі акциздік таңбалардың түрі мен саны көрсетілетін ескі үлгідегі таңбаларды жою актісі (бұдан әрі - акт) екі данада жасалады. Жою актісінің әрбір данасына комиссия мүшелері мен субъектінің уәкілетті өкілі қол қояды, сондай-ақ салық органының және субъектінің мөрлерімен расталады.
Актінің бір данасы салық органында қалады, актінің екінші данасы субъектіге беріледі.
1 Шарап материалы, сыра мен сыра
сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін
есепке алу-бақылау таңбаларымен
және темекі бұйымдарын
акциздік таңбалармен таңбалау
(қайта таңбалау) қағидалары,
сондай-ақ акциздік және есепке
алу-бақылау таңбаларының нысаны,
мазмұны және қорғау элементтері
қағидаларына
1-қосымша
Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларын жою
актісі
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 20 жылғы « » № ___ бұйрығына
сәйкес біз, мынадай құрамдағы комиссия:
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
саны:
__________________________________________ данадағы ескі үлгідегі есепке
алу-бақылау таңбаларын, оның ішінде:
_______________________________________________________________________ данада
(сериясы және нөмірінің диапазондары, саны жазумен)
Комиссия төрағасы:
1) _____________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Комиссия мүшелері:
2) _____________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
3) _____________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Ұйымның өкілі: _________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Мөр орны Мөр орны
2 Шарап материалы, сыра мен сыра
сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін
есепке алу-бақылау таңбаларымен
және темекі бұйымдарын акциздік
таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау)
қағидалары, сондай-ақ акциздік және
есепке алу-бақылау
таңбаларының нысаны, мазмұны және
қорғау элементтері қағидаларына
2-қосымша
Ескі үлгідегі акциздік таңбаларды жою актісі
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 20 жылғы « » _________ № ___
бұйрығына сәйкес сәйкес біз, мынадай құрамдағы комиссия:
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларын мынадай санда:
_______________________________________________________________данада
жоюды жүзеге асырдық.
Комиссия төрағасы:
1)______________________________________________________________
(аты-жөні, лауазымы, қолы)
Комиссия мүшелері:
2)______________________________________________________________
(аты-жөні, лауазымы, қолы)
3)______________________________________________________________
(аты-жөні, лауазымы, қолы)
Ұйымның өкілі:______________________________________________________________
(аты-жөні, лауазымы, қолы)
Мөр орны Мөр орны
2 Қазақстан Республикасының
Қаржы министрiнiң
20 жылғы 27 ақпандағы № 144
бұйырығына 2-қосымша
Темекі бұйымдарына арналған акциз таңбасының нысаны,
мазмұны және қорғау элементтері
44*20 мм форматы
1 Отандық алкоголь өнімін өндіру үшін есептік-бақылау таңбалары
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрiнiң
2015 жылғы 27 ақпандағы № 144
бұйырығына 3-қосымша
Алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау табысының
нысаны, мазмұны және қорғау элементтері
65 x 17 форматы
Отандық алкоголь өнімін өндіру үшін есептік-бақылау таңбалары
4 Алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау табысының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 144 бұйрығына
4-қосымша
Нысан
Алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау табысының
нысаны, мазмұны және қорғау элементтері
65x17 форматы
Отандық алкоголь өнімін өндіру үшін есепке-алу бақылау таңбасы
Әкелінетін алкоголь өнімін үшін есептік-бақылау таңбасы