Құжат мәтініне өту

О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Карагандинский металлургический институт" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қаулы · № 623 · қабылданған 10.05.2001
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-8828/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Карагандинский металлургический институт" Министерства образования и науки Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 623 ·10.05.2001
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Карагандинский металлургический институт" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 623 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Карагандинский металлургический институт" Министерства образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қарағанды металлургия институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
623
Қабылданған күні
10.05.2001
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI8828_4.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010000623_
ЭКБ идентификаторы
8828
Редакция идентификаторы
AI8828_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:48

0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қарағанды металлургия институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының білім саласына тікелей инвестицияларды тарту мақсатында және "Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қарағанды металлургия институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оны жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен "Қарағанды металлургия институты" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қоғам жарғысын бекіту кезінде оның қызметінің негізгі мәні:

металлургия саласында жоғары білікті мамандар даярлау және қайта даярлау;
металлургия саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу деп белгіленсін;

2

2) Қоғамды мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін белгіленген тәртіппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесі эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсін;

3

3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар орындағаннан кейін оның жарғылық капиталын 4500000 (төрт миллион бес жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомаға акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен ұлғайту шараларын қабылдасын, оны орналастыруды "Испат-Кармет", "Қазақмыс" корпорациясы" және "Қазхром" трансұлттық компаниясы" ашық акционерлік қоғамдары арасында тең үлеспен жүргізсін;

4 4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

9 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 11 мамырдағы
N 623 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесіндегі:
"Қарағанды облысы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 214-7-жолмен толықтырылсын:
"214-7. "Қарағанды металлургия институты" ЖАҚ".

3 3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :

көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесіндегі:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-9-жолмен толықтырылсын:
"222-9. "Қарағанды металлургия институты" ЖАҚ".

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен.

Қолданыстағы