Об утверждении Перечня обязательных услуг морского порта
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня обязательных услуг морского порта
- Атауы (қаз.)
- Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 77
- Қабылданған күні
- 30.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2023 88291_646018.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010906
- ЭКБ идентификаторы
- 88291
- Редакция идентификаторы
- 88291_646018
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:49
0 Теңiз портының мiндеттi түрде
көрсететiн қызметтерiнiң тiзбесiн
бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Теңiз портының мiндеттi түрде көрсететiн қызметтерiнiң тiзбесi бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 18 наурыз
0 Теңiз портының мiндеттi түрде көрсететiн қызметтерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 77 бұйрығымен
бекітілген
Теңiз портының мiндеттi түрде көрсететiн
қызметтерiнiң тiзбесi
Кеменiң теңiз портына, кейiннен порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргiзуге және/немесе өзге де мақсаттарда кiруi үшiн қызметтер (кеме кiрiсi):
1 1) корабельдiк - кемеге теңiз портына кiрудi және одан шығуды ұсыну;
2
2) навигациялық - кеменің порт айдынына кіруі/шығу кезінде кемелер қозғалысын басқару жүйесі не жағалаулық радиолокациялық жүйе және басқа да навигациялық жабдық (қалтқылар, вехтер, маяктар, жарылыс белгілері, радиобайланыс құралдары) арқылы навигация және байланыс құралдарымен навигациялық қызметтерді ұсыну;
3 3) арнамен өткен үшiн - кеменiң айлаққа өтуi үшiн арнаны, соның ішінде навигациялық жағдай құралдарымен жабдықталған арнаны ұсыну;
4 4) айлақтық - кемелерге жүк және көмекші операцияларды жүзеге асыру үшін айлақты ұсыну;
5 5) зәкірлік - кемелерге рейдте және/немесе айлақ қасында зәкірлік тұрағын ұсыну;
6 6) арқандап байлау - кеменiң арқандап байлау ұштарын тарату, айлақтан жылжу, кемелердi көшiру және қайта арқандап байлау;
7 7) табиғат қорғау iс-шаралары саласында - портта тұрған уақытта болған ластанудың (балластық сулардан басқа) барлық түрлерiн кемеден қандай да бiр шектеусiз қабылдау;
8 8) карантиндiк - санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң және қамтамасыз ету бойынша теңiз портының қызметтер көрсетуi:
карантиндiк жұқпалы ауруларды және жұқпалы ауру таратушы болуы мүмкiн адамдарды уақытша оқшаулау үшiн үй-жай ұсыну;
теңiз порты аумағы мен объектiлерiн тиiстi санитарлық жай-күйде ұстау;
көлiк кемелерiнде, порт объектiлерiнде санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың күшiмен кемiргiштер мен жәндiктердi алдын-ала жою.