Об утверждении Правил осуществления государственного учета жилищного фонда Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил осуществления государственного учета жилищного фонда Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 110
- Қабылданған күні
- 19.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2025 88302_753941.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010525
- ЭКБ идентификаторы
- 88302
- Редакция идентификаторы
- 88302_753941
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:36
0 Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың қоса беріліп отырған қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген соң күнтiзбелiк он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 19 ақпандағы
№ 110 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-12) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2
2. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алудың негізгі міндеті барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлердің болуы, орналасқан орны, сандық және сапалық құрамы, техникалық жағдайы, абаттандыру деңгейі мен құны және осы көрсеткіштердің өзгерістері туралы ақпарат алу болып табылады.
3 3. Тұрғын үй қоры – Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық меншік нысанындағы тұрғын үй. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жеке және мемлекеттік тұрғын үй қорларын қамтиды.
4 4. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегі тұрғын емес үй-жайлар кірмейді.
2 2. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу
5
5. Тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ), үйлердің апаттығы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен елді мекендердегі шаруашылық бойынша есепке алудан және жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардан әкімшілік деректер негізінде қалыптастырылатын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
6 6. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуді «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органдар жүргізеді.
7 7. Тұрғын үй қоры статистикалық тіркеліміндегі ақпараттар тізбесі осы Қағидаларға1-қосымшада келтірілген.
8 8. Бюроға ЖМБМК АЖ-ден берілуге жататын ақпараттар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.
9 9. Бюроға ЖМБМК АЖ-ден ақпараттар беру үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы пайдаланылады. Ақпараттарды беру күн сайын жүзеге асырылады.
10 10. Әр шаруашылық бойынша есепке алудың тіркеу жазбалары негізінде тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жаңартуға жататын ақпараттар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.
10-1 10-1. Жергілікті атқарушы органдардан үйлердің апаттылығы туралы Бюроға ұсынылатын ақпараттардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.
11
11. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміне жергілікті атқарушы органдардан үйлердің апаттылығы және жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша ақпарат негізінде өзгерістер енгізу «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мерзімдерде жүзеге асырылады.
12 12. Тұрғын үй қорының жай-күйі туралы статистикалық ақпарат «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес таратылуға жатады.
13.Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміндегі ақпараттың құпиялылығына Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес кепілдік беріледі.
1.1 Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміндегі ақпараттар тізбесі
Қазақстан Республикасының
тұрғын үй қорын есепке алуды
жүзеге асырудың қағидаларына
1-қосымша
Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміндегі
ақпараттар тізбесі
1 1. Объектінің мекенжайы
2 2. Әкімшілік-аумақтық обьектілер жіктеуішінің коды
3 3. Қадастрлық нөмірі
4 4. Пайдалануға берілген жылы
5 5. Мекенжайдың тіркеу коды
6 6. Үйдің жағдайы
7 7. Қабаттылығы
8 8. Тұрғын үй типі
9 9. Қабырғаларыныңматериалы
10 10. Үйдің істен шығу себебі
11 11. Пәтерлер саны
12 12. Тұрғын пәтерлер саны
13 13. Электр плитасының болуы
14 14. Газ желісінің болуы
15 15. Сұйытылған газдың болуы
16 16. ЖЭО-дан жылытудың болуы
17 17. Пешпен жылытудың болуы
18 18. Жеке қондырғыдан жылытудың болуы
19 19. Ыстық сумен жабдықтаудың болуы
20 20. Жеке су жылытқыштардан ыстық сумен жабдықтаудың болуы
21 21. Су құбырының болуы
22 22. Кәріздің болуы
23 23. Ваннаның немесе себезгінің болуы
24 24. Электрдің болуы
25 25. Пәтердің нөмірі
26 26. Пәтердің жай-күйі
27 27. Қабаты
28 28. Бөлмелер саны
29 29. Тұрғындар саны
30 30. Үй шаруашылықтары саны
31 31. Тұрғын үйдің жалпы алаңы
32 32. Тұрғын үйдің тұрғын алаңы
33 33. Меншік түрі
34 34. Сатып алу-сату шарты бойынша мәміле сомасы
35 35. Сатып алу-сату шарты жасалған күнгімәміле сомасы
36.Салық салу мақсатындағы құны
37 37. Салық салу мақсатында бағалау жүргізілген күн
38 38. Үй санаты
39 39. үй жайдың түрі
40 40. пәтердің мекен жайының тіркеу коды
1.2 Статистика комитетіне ЖМТ МДҚ – дан беруге жататын ақпараттар тізбесі
Қазақстан Республикасының
тұрғын үй қорын есепке алуды
жүзеге асырудың қағидаларына
2-қосымша
Статистика комитетіне ЖМТ МДҚ – дан
беруге жататын ақпараттар тізбесі
1 1. Объектінің мекенжайы
2 2. Әкімшілік-аумақтық обьектілер жіктеуішінің коды
3 3. Мекенжайдың тіркеукоды
4 4. Кадастрлық нөмірі
5 5. Сыртқы қабырғасының материалдары
6 6. Пайдалануға берілген жылы
7 7. Қабаттылығы
8 8. Пәтерлер саны
9 9. Тұрғын пәтерлер саны
10 10. Электр плитасының болуы
11 11. Газ желісінің болуы
12 12. ЖЭО-дан жылытудың болуы
13 13. Пешпен жылытудың болуы
14 14. Жеке қондырғыдан жылытудың болуы
15 15. Ыстық сумен жабдықтаудың болуы
16 16. Жеке су жылытқыштардан ыстық сумен жабдықтаудың болуы
17 17. Су құбырының болуы
18 18. Кәріздің болуы
19 19. Ванна немесе себезгінің болуы
1 1. Мекенжайдың тіркеукоды
2 2. Кадастрлық нөмірі
3 3. Пәтердің нөмірі
4 4. Құқық иелері
5 5. Қабаты
6 6. Бөлмелер саны
7 7. Тұрғын үйдің жалпы алаңы
8 8. Тұрғын үйдің тұрғын алаңы
9 9. Меншік нысаны
10 10. Сатып алу-сату шарты бойынша мәміле сомасы
11 11. Мәміле күні
12 12. Салық салу мақсатындағы құны
13 13. Салық салу мақсатында бағалау жүргізілген күн
1.3 Әр шаруашылық бойынша тіркеу жазбалары негізінде тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жаңартуға жататын ақпараттар тізбесі
Қазақстан Республикасының
тұрғын үй қорын есепке алуды
жүзеге асырудың қағидаларына
3-қосымша
Әр шаруашылық бойынша тіркеу жазбалары негізінде
тұрғын үй қорының статистикалық
тіркелімін жаңартуға жататын ақпараттар тізбесі