Құжат мәтініне өту

Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования"

Бұйрық · № 179 · қабылданған 29.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88305/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования" Күшін жойған Бұйрық ·№ 179 ·29.12.2014
16.08.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 179 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования"
Атауы (қаз.)
"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
179
Қабылданған күні
29.12.2014
Көрсетілген редакция
16.08.2017 88305_238899.kaz
Соңғы өзгеріс
16.08.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010275
ЭКБ идентификаторы
88305
Редакция идентификаторы
88305_238899
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:13

0 "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 16 қаңтар
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова
2015 жылғы 8 қаңтар

0 "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 29 жел­тоқ­сан­да­ғы
№ 179 бұй­ры­ғы­мен
бекiтiл­ген
"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) оқушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру объектілерін орналастыруға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге, пайдалануға беруге, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматқа, күтіп-ұстауға және пайдалануға, білім беру, тұру жағдайларына, өндірістік практикаға, тамақтандыруды ұйымдастыруға, оқушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
Осы Санитариялық қағидалар қызметі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және оларға білім беру ұйымдарын (объектілерін) жобалаумен, салумен, реконструкциялаумен, жөндеумен, пайдаланумен байланысты барлық жеке тұлғалардың, заңды және жеке кәсіпкерлердің орындауы үшін міндетті болып табылады.
Қызметі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және оларға білім берумен байланысты заңды және жеке тұлғалар қызметін (білім беру қызметін көрсету, оның ішінде оқыту, тұру, тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету, дене тәрбиесі) бастар алдында осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.

2 2. Осы Санитариялық қағидалар:

1 1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын – мектептер, гимназиялар, лицейлер;

техникалық және кәсіптік оқу, ортадан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын – кәсіптік лицейлер, училищелер, колледждер, жоғары техникалық мектептер (бұдан әрі - ТжКБ);
жоғары кәсіптік білім беруді (бұдан әрі - ЖОО) іске асыратын – университеттер, институттар және оларға теңестірілгендер (консерваториялар, жоғары мектептер, жоғары училищелер); сондай-ақ арнайы және түзету білім беру бағдарламаларын іске асыратындар;

2

2) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және олардың тұратын орындарын ұйымдастыру (жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдары, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтары, жастар үйінің барлық түрлері мен типтерінің интернат ұйымдары, пансионаттар, медреселер, жетімханалар және басқалары);

3

3) балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, дене тәрбиесін және шығармашылық қабілеттерін дамытуды ұйымдастыру (қосымша білім беру мекемелері) – балалар мен жастар шығармашылығы орталықтары, музыка, спорт және көркемсурет мектептері, жасөспірім балалар орталықтары, аула клубтары, жас натуралистер станциялары, оқу-өндірістік комбинаттар, оқу курстары және басқа да мектептен тыс ұйымдар);

4 4) тамақтандыру объектісінің меншік нысанына қарамастан, оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын балалар мен жасөспірімдердің білім беру объектілеріне қолданылады.

3 3. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствасы жүзеге асырады.

4 4. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес балалар мен жасөспірімдердің білім беру объектілеріне зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізіледі.

5 5. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1

1) арнайы білім беру ұйымдары – бұл арнайы жағдай жасай отырып, техникалық құралдарды, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік қызметтер көрсетуі, арнайы бағдарламалар мен оқыту және тәрбиелеу әдістерін, мүмкіндігі шектеулі балаларды диагностикалауды және консультация беруді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары. Арнайы ұйымдардың түрлеріне мыналар жатады:
көру қабылеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп;
есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп;
сөйлеу қабылеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп;
тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп;
интелекті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп;
психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектеп;
"мектеп-бала бақша" арнайы кешені;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, оңалту орталығы;
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті.
Арнайы ұйымдардың негізгі міндеттері: балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі; психофизикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, кешенді емдеу, түзету және әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету; мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке дамуын кешенді түзету арқылы сүйемелдеу; балалардың физикалық, психикалық дамуын түзету; әлеуметтік бейімделуге және интеграциялануға мүмкіндік беретін компенсаторлық қызмет тәсілдерін қалыптастыру болып табылады;

2 2) арнайы киім – шикізатты, қосымша материалдар мен дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен ластанудан және басқа да ластанулардан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;

3

3) балаларға қосымша білім беру мекемелері – балалар мен жасөспірімдердің жеке тұлғасын дамыту, денсаулығын нығайту және кәсібін өзі белгілеу, шығармашылық еңбегін, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыру, жеке тұлғаны қоғамдағы өмірге бейімдеу, бос уақытын пайдалы өткізуді ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге арналған мектептен тыс мекеме;

4 4) бракераж – органолептикалық көрсеткiштер бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын тамақтардың сапасын бағалау;

5

5) білім беру ұйымдары – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құратын, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) оқушылар мен тәрбиеленушілерге тәрбие беруді, ұстауды, олардың тұруын, тамақтануын, оларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдар;

6 6) гимназия – оқитындардың бейімділігі мен қабілеттілігіне байланысты бастауыш, негізгі орта және гуманитариялық бейіндер бойынша жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

7 7) дайындау бөлмесі – азық-түлік шикізаттарын дайындау және жартылай фабрикаттарды әзірлеу жүргізілетін үй-жай;

8 8) дайындау алдындағы бөлме – жартылай фабрикаттардан дайын тамақ өнімін дайындау жүзеге асырылатын үй-жай;

9

9) дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымы - оқу-тәрбие (емдеу-тәрбие) мекемесі болып табылады және әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға алып келетін құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын, отбасынан және балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан өз бетінше кетіп қалуды қасақана жасайтын, өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасайтын, он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және әлеуметтік қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін құрылады;

10 10) дене тәрбиесі – адамның денсаулығын нығайтуға және дене қабілетін дамытуға бағытталған қызмет саласы;

11 11) жалпы бiлiм беру мектебі – әрқайсысы жеке жұмыс жасай алатын, бастауыш, негізгі және жоғары деген үш сатыдан тұратын негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын орта жалпы білім беретін оқу орны;

12 12) жарамдылық мерзімі – тамақ өнімін шығару (дайындау), айналысы процестерінің (сатыларының) шарттары сақталған кезде мерзімі өткенше тамақ өнімін мақсаты бойынша пайдалану үшін қауіпсіз болып саналатын кезең;

13 13) жартылай фабрикаттар – жылумен өңдеуге алдын ала дайындалған шикі тамақ өнімдері;

14 14) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орындар бере отырып, тәрбиелеу мен білім беру үшін қолайлы жағдай жасалатын білім беру жүйесінің мемлекеттік мекемесі;

15 15) жиынтық оқу жүктемесі – факультативтік және секциялық сабақтарды, үйірмелерді өткізуге бөлінетін сағаттары бар оқу сағаттарының жиынтығы;

16 16) инсоляция – үй-жайды гигиеналық бағалау үшiн күн радиациясының нормаланатын көрсеткiші;

17 17) интернат ұйымдары – тұратын орын бере отырып, белгiлi бiр санаттағы адамдардың бiлiм алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ететiн бiлiм беру ұйымдары;

18

18) кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтары (бұдан әрі – КББО) – ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерін анықтау үшін 3-18 жас аралығындағы қараусыз және қадағалаусыз қалған балаларды, ата-ананың немесе уақтылы оларды орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, оларды ауыстыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, балалардың өміріне не денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде ата-анадан (олардың біреуін) немесе қамқорлығында болған басқа адамдардан қамқорлық жасау және қайырымдылық көрсету органы алған балаларды, арнайы білім беру ұйымдарына жіберілген балаларды, сондай-ақ әлеуметтік бейімсіздену және әлеуметтік депривацияға әкелетін, қатыгез қарағандықтан өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қабылдауды және уақытша күтіп бағуды қамтамасыз ететін білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;

19 19) климаттық аймақ – климаттық белгілері (температурасы, ылғалдылығы) бойынша бөлінетін аумақ;

20 20) күн режимі – балалар мен жасөспірімдерге арналған тәрбиелеу мен білім беру ұйымдарындағы белгіленген күн тәртібі;

21 21) қажу – жұмысқа қабілеттіліктің, организмнің функционалдық мүмкіндігінің уақытша төмендеу жағдайы;

22 22) қатарластырып орналастыру – жиһаздар мен жабдықтарды үй-жайдың ортасында, бірінен кейін бірін қатар орналастыру;

23 23) қоғамдық тамақтану – тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты қызмет;

24 24) лицей – оқушылардың бейiмділіктері мен қабiлеттерiне сәйкес тереңдетiп, бейінді, саралап оқытуды көздейтiн негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын орта білім беретін оқу орны;

25 25) магниттік мектеп – аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің бұйрығымен тірек мектепке (ресурстық орталыққа) бекітілген шағын жинақталған мектеп;

26

26) мамандандырылған білім беру ұйымдары – оқушыларға ғылым, мәдениет, өнер, спорт негіздерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған мектептерінде әскерге шақырылғанға дейінгі тереңдетілген дайындықпен әскери істі тереңдетіп меңгертуге бағытталған, элитарлық білімді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының негізгі түрлері мыналар: гимназия, лицей, дарынды балаларға арналған мектеп, мектеп-интернат;

27 27) мектеп алды сыныптары – жалпы білім беретін мектептерде бес, алты жастағы балаларды тегін міндетті мектеп алды даярлау жүргізілетін сыныптар;

28 28) оқу жүктемесі – әрбір жас тобы үшін оқу сағаттарымен өлшенетін оқу-тәрбие процесіне оқушылар мен тәрбиеленушілердің қатысуының нормаланатын жиынтығы;

29 29) оқу сағаты – сабақтың (жаттығудың) немесе дәрiстердiң сабақ басталғаннан үзiлiске дейiнгі ұзақтығы;

30

30) оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақтар режимі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалар, денсаулық сақтау және білім беру органдарының оқу жоспарлары мен ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады;

31 31) оңтайлы микроклиматтық жағдай – балаларға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде термореттегіш тетіктерінің көмегінсіз организмнің қалыпты жылуы жағдайын сақтауды қамтамасыз ететін микроклиматтың сандық көрсеткіштерінің үйлесімдігі;

32 32) ортасына орналастыру – жиһаз бен жабдықты үй-жайдың ортасында топпен орналастыру;

33 33) периметрлік орналастыру – жиһаздарды, жабдықтарды қабырғаға (периметр бойынша) жақын орналастыру;

34 34) рекреация – үзіліс кезінде және сабақтан бос уақытта оқушылардың демалуына және күшін қалпына келтіруге арналған үй-жай;

35 35) рухани (діни) білім беру ұйымдары – діни қызметкерлерді даярлаудың кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

36 36) сақтау мерзiмi – тамақ өнiмiнiң нормативтiк құжаттарда көрсетiлген өздерiнiң барлық қасиеттерiн сақтайтын, белгiленген шарттарды сақтау кезеңi;

37

37) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі - САҚ) – жерүсті бөлiгi мен қазылған шұңқыры бар, ғимараттан кемiнде 25 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта, объектінің аумағында орналасқан кәрiзденбеген дәретхана. Жерүсті үй-жайларын бір-бірімен тығыз жалғасқан материалдардан (тақтайлардан, кірпіштерден, блоктардан) жасайды. Қазынды су өткізбейтін материалдан жасалады. Қазындының тереңдігі жерасты суының деңгейіне байланысты, бірақ 3 метрден аспайды;

38 38) септик – сарқынды сұйықтық ағып өтетiн бiр немесе бiрнеше камераны қамтитын, көлденең үлгідегi жер астындағы тұндырғыш ретiнде шағын көлемдегi тұрмыстық сарқынды суды тазалауға арналған құрылыс;

39 39) спорт объектілері – қызметі балалар және жасөспірімдерді емдеу-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбиелік жұмыстары және мәдени бос уақытты ұйымдастыратын ұйымдар;

40 40) сыныптардың толықтырылуы – бұл оқу сыныбының үй-жайының ауданына қатысты сыныптағы оқушылардың саны;

41 41) табиғи жарықтандыру коэффициентi (бұдан әрi – ТЖК) – үй-жайды табиғи жарықтандырудың нормаланатын көрсеткiші;

42 42) таңертеңгi сүзгi – инфекциялық аурудың әкелiнуiнiң алдын алуға бағытталған профилактикалық медициналық iс-шаралар;

43 43) тауар көршiлестiгі – тауардың сапасына әсер ететін ластануын және бөгде иістердің сіңуін болдырмайтын, шикі және дайын өнімдердің бірге сақталуына және өткізілуіне жол берілмейтін жағдайлар;

44 44) тез бұзылатын тамақ өнiмдерi – қатаң регламенттелген мерзiм iшiнде арнайы тасымалдау, сақтау және өткiзу шарттарын талап ететiн тамақ өнiмдерi;

45 45) технологиялық жабдық – өндіріс жұмысы үшін қажетті механизмдер, машиналар, құрылғылар, құралдар жиынтығы;

46 46) түсіру орны – азық-түлік шикізаттарын және тамақ өнімдерін қабылдайтын орын;

47

47) тірек мектеп (ресурстық орталық) – базасында білімдік ресурстарды шоғырландыратын, шағын жинақталған мектептердегі оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында оқушыларға қысқа мерзімді сессия сабақтарын өткізу және оларды аралық және қорытынды аттестациядан өткізу үшін шағын жинақталған мектептерге жақын жерде орналасқан жалпы орта білім беру ұйымы;

48 48) ұтымды тамақтану – тамақтанудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормаларын ескере отырып, теңестірілген тамақтандыру;

49 49) халықтың аз жұмылдырылатын топтары – кресло-арбалармен және/немесе басқа да қосалқы құралдардың көмегімен қозғалатын, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және ауыратын мүгедектер, сондай-ақ сүйемелдеушілердің көмегімен қозғалатын, нашар көретін және/немесе көзі көрмейтін азаматтар;

50 50) шағын жинақталған мектеп – оқушылар контингенті аз (3-10 адам), біріккен сынып-жиындары және оқу сабақтарын ұйымдастырудың түрі ерекше жалпы білім беру мектебі.

2 2. Объектілердің аумағына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

6

6. Оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін білім беру объектілерін (бұдан әрі – объектілер) жобалауға, салуға, реконструкциялауға және пайдалануға беруге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде жол беріледі.

7 7. Жер учаскелерінің ауданы Қазақстан Республикасының № 3.02-25-2004 "Жалпы білім беретін мекемелер", № 3.02-31-2005 "Мүгедек балаларға арналған үйлер мен интернаттар" санитариялық қағидаларының талаптарымен нормаланады.

8 8. Көп қабатты тұрғын үйлерде, жеке үй иелігінде, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын мектептен тыс ұйымдарда жеке жер учаскесі болмауы мүмкін.

9 9. Объектілер учаскесінің аумағы қаңғыбас жануарлардың кіріп кетуін болдырмау мақсатында қоршалады.

10 10. Аумаққа гүлдегенде мамықты тұқымдар беретiн ағаштар мен бұталарды отырғызуға жол берілмейді.

11 11. Объектінің учаскесіне кiру және одан шығу жолдары, көлiкпен кіру жолдары, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинайтын алаңдарға, санитариялық-аулалық қондырғыларға өтетiн жолдар асфальтпен, бетонмен немесе тазалауға қолжетімді басқа да қатты жабынмен жабылады.

12

12. Қоқыс жинағыштар тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталады, үш жағынан қоршалған шаруашылық аймақтағы тазалауға және дезинфекциялауға жеңіл қатты жабындысы бар алаңға, ғимараттардан кемiнде 25 м қашықтықта орнатылады. Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын объектілердің қоқысын жинау үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствасының аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша қоқыс салғыштар мен ғимарат арасындағы қашықтықты 15 м-ге дейін қысқартуға және (немесе) ортақ қоқыс салғыштарды пайдалануға жол беріледі.

13 13. Объектінің аумағы және оның қоршауының сыртынан 5 м радиустағы аумақ таза ұсталады.

14 14. Объектілердің аумағында негізгі ғимаратты(тарды) орналастыру, дене шынықтыру-спорт және шаруашылық аймақтарына бөлінеді. Объектінің бейініне байланысты аумақты қосымша аймақтарға бөлуді көздеуге жол беріледі.

15 15. Жалпы білім беретін және интернат ұйымдарының, ТжКБ, ЖОО-ның дене шынықтыру-спорттық аймағында жабдықтар және спорттық снарядтар, жүгіру жолы, секіруге арналған шұңқырлары бар қозғалыс ойындарына (футбол алаңы, баскетбол және (немесе) волейбол алаңдары) арналған алаң көзделеді.

Ашық ауадағы дене шынықтыру және спорт алаңдары таза ұсталуы және тегіс болуы, зақымдалуға және жарақаттануға себеп болуы мүмкін бөгде заттардан бос болуы тиіс.

16

16. Секіруге арналған шұңқырларды үгінділер қосылған таза (тас, бұтақтар, жапырақтары жоқ) құммен толтырады, секіру алдында ішін қопсытады және тегістейді. Шұңқырлардың ағаш ернеулері жердің бетімен бір деңгейде орналастырылады. Мектептен тыс спорт ұйымдарындағы шұңқырлардың ернеулерін брезентпен немесе резеңкемен қаптайды. Жүгіру жолдарының беткі қабатын қатты, жақсы құрғатылатын, нығыз, шаңданбайтын, атмосфералық жауын-шашынға төзімді жабылған болуы тиіс.

17

17. Шаруашылық аймақта қазандықтар, отын қоймасы, басқа да шаруашылық құрылыстары орналастырылады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың, КББО-ның, интернат ұйымдарының аумағында көкөністер өсіруге жол беріледі. Шаруашылық аймақта көкөніс пен жеміс-жидектер қорларын сақтау үшін көкөніс сақтау қоймасы жабдықталады.

18 18. Шаруашылық аймақтың тазалауға және дезинфекциялауға болатын қатты төсемі болуы тиіс.

19 19. Объекті ғимаратының сыртқы жарықтандыру жабдығы аумаққа біркелкі жарықтың түсуін қамтамасыз етуі тиіс. Учаске аумағында кешкі мезгілде, оның ішінде санитариялық-аулалық қондырғыларда жасанды жарықтандыру көзделеді.

20 20. Ойын және спорт алаңдарындағы жабдық балалардың бойы мен жасына сай орналастырылуы тиіс. Жабдықтың бетінде су өткізбейтін жабыны болуы тиіс.

3 3. Объектілерді жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге, пайдалануға беруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

21

21. Объектілер дербес ғимаратқа немесе бірнеше жекелеген ғимараттарға орналастырылуы тиіс. Жалпы білім беретін объектілерді, ТжКБ және ЖОО-ларды бейімделген ғимараттарда; мектептен тыс мекемелерді, білім беру орталықтарын бейімделген ғимараттарда, ішіне – жапсарлас салынған үй-жайларда, сондай-ақ тұрғын үйлердің 1-қабатында орналастыруға жол беріледі.
Білім беру объектілері жанындағы мамандандырылған медициналық және стоматологиялық кабинеттер, шаштараздар, кір жуатын орындар, бассейндер, оқу-өндірістік шеберханалар, тамақтану объектілері Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

22 22. Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналастырылатын объектілердің тұрғын үйдің кіреберісімен қосылмаған бөлек есігі болуы тиіс.

23 23. Арнайы білім беру ұйымдарындағы оқу үй-жайының ауданы бір оқушы есебінен қабылданады:

1 1) ақыл-есі дамымаған балалар және психикалық дамуы кешеуілдеген балалар үшін – 2,2 м2;

2 2) полиомиелит салдарынан зардап шеккен және енжар сал ауруымен ауыратын балалар үшін – 3,5 м2;

3 3) басқа балалар үшін – 3,0 м2.

24

24. Жалпы білім беру ұйымдары, мамандандырылған және жалпы білім беретін интернат ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған ұйымдар оқу сыныптарындағы үй-жайлардың ауданы 1 оқушыға 2,5 м2, шеберханаларда – 3,75 м2 қабылданады.
ТжКБ мен ЖОО-ның оқу кабинеттерінің және дәрісханаларының ауданы:

1 1) 12 – 15 орын үшін 1 оқушыға 2,5 м2 ;

2 2) 16 - 25 орын үшін 1 оқушыға 2,2 м2 ;

3 3) 26 - 49 орын үшін 1 оқушыға 1,8 м2;

4 4) 50-75 орын үшін 1 оқушыға 1,5 м2;

5 5) 76-100 орын үшін 1 оқушыға 1,3 м2;

6 6) 100-150 орын үшін 1 оқушыға 1,2 м2;

7 7) 150-350 орын үшін 1 оқушыға 1,1 м2;

8 8) 350 және одан артық орын үшін 1 оқушыға 1,0 м2.

Дәрісханалар, оқу кабинеттері, зертханалар жерүсті қабаттарда орналасуы тиіс.

25 25. Мектептен тыс мекемелер үй-жайларының жинағы қосымша білім беру бағдарламаларының іске асырылуына, бір жолғы сыйымдылығына, білім беру технологиясына, инженерлік-техникалық жабдыққа, қажетті жиһазбен жарақтандырылуына қарай қабылданады.

Майлы көркемсурет шеберханалары үшін 1 оқушыға ауданы кемінде 4,8 м2 үй-жай, акварельді көркемсурет және суретке арналған шеберханалар үшін 1 оқушыға ауданы кемінде 4,0 м2, мүсін жасау шеберханалары үшін 1 оқушыға кемінде 3,6 м2; қолданбалы өнер және композиция шеберханалары үшін 1 оқушыға кемінде 4,5 м2 үй-жай бөлінеді.
Жеке музыкалық сабақтар өткізу үшін ауданы кемінде 12 м2 үй-жайларды; топтық сабақтар өткізу үшін 1 адамға ауданы 2,5 м2 үй-жайларды жабдықтайды. Музыкалық аспаптарда өткізілетін сабақтарға арналған үй-жайлардың әрленуі дыбыс оқшаулау іс-шараларын көздеуі тиіс.
Хореография сабақтары үшін бір оқушыға ауданы 4 м2 есебімен ырғақтық және би сабақтарына арналған зал жабдықталады.
Теориялық сабақтарды ұйымдастыру кезінде қосымша білім беру мекемелерінде ауданы бір адамға кемінде 2,5 м2 есебімен үй-жайлар бөлінеді.
Қолданылатын материалды (саз, гипс және басқ.) және жабдықты сақтау үшін қоймалар көзделеді.

26 26. Балалардың саны объектінің жобалық сыйымдылығынан аспауы тиіс. Сырттай оқыту нысаны ұйымдастырылған кезде жобалық сыйымдылық 30 %-ға кеңейтіледі. Қашықтықтан оқыту түрі бойынша оқитындардың саны жалпы санға енгізілмейді.

27 27. Оқудың екі ауысымдық режимін ұйымдастыруға әрбір ауысымда 1 оқушыға бөлінетін орын нормалары сақталған жағдайда және балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқыту шарттары осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда жол беріледі.

28 28. Әртүрлі жастағы топтардың балалары үшін оқу-тұру үй-жайлары өтпелі жолда болмауы, бір-бірінен, әкімшілік, шаруашылық, жалпы мектеп үй-жайларынан оқшаулануы тиіс.

29

29. Ғимаратты жобалау кезінде халықтың аз қозғалатын топтары үшін пандустар және сүйеніштер орнатылуы тиіс. Ғимаратта лифт болмаған кезде және пандус қондырғысын орналастыру мүмкін болмаған жағдайда жеке пайдалануға арналған кресло-арбаларда жеке пайдалануға бейімделген арнайы көтергіш қондырғы немесе лифт көзделеді.

30

30. Пайдалану режимі шумен қоса жүретін және балалардың алаңдауын тудыруы, педагогикалық, медициналық немесе әкімшілік аппараттардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін үй-жайларды (сорғы қондырғысы бар бойлерлер, өндірістік үй-жайлар, жөндеу шеберханалары, сорғы бөлімшелерімен салқындатқыш камералар, желдеткіш камералары, компрессорлық, оқу-өндірістік шеберханалары және т.б.) ұйықтау бөлмелерімен, оқу, емдеу-диагностикалық үй-жайларға көршілес, астында немесе үстінде орналастыруға жол берілмейді.

31

31. Жалпы білім беретін ұйымдарда, барлық түрлердегі интернат ұйымдарында, ТжКБ мен ЖОО-ларда мынадай үй-жайлар жиыны бар спорт залы көзделеді: себезгі және санитариялық тораптары бар киім ауыстыратын 2 бөлме, мұғалім кабинеті, снаряд бөлмесі немесе спорттық жабдықтарды сақтауға арналған қойма және жинау жабдықтарын сақтауға арналған үй-жай.
Арнайы білім беру ұйымдарында емдік дене шынықтыру кабинеттері немесе залдары қосымша көзделеді.

32 32. Барлық интернат ұйымдарында оқушылардың жеке сабағы үшін оқу-тұру үй-жайлары тобына орналастырылатын бір балаға кемінде 2,5 м2, полиомиелит салдарынан зардап шеккен және енжар сал ауруымен ауыратын балалар үшін 4,5 м2 есебімен бөлмелер көзделеді.

33 33. Жеке гигиена бөлмелерін, персоналға арналған санитариялық тораптарды әкімшілік үй-жайлардың аймағында орналастырады.

34 34. Оқшаулағышы бар медициналық блокты білім беру объектілерінің 1-қабатында орналастырады.

35 35. Қосымша білім беру ұйымдарында гуманитарлық бейіндегі (тарих, өлкетану, география, әдебиет, елтану және басқалар) қызметті ұйымдастыру кезінде жалпы білім беру мекемелеріне арналған талаптарды ескеру керек.

36

36. Спорт залының ауданы бір спортпен айналысушыға кемінде 4 м2 болуы тиіс. Еден ағаштан болуы немесе арнайы жабыны болуы, еденнің беті тегіс, ойықсыз және зиянсыз болуы тиіс. Зал қабырғаларының шығыңқы жерлері, карниздері болмауы тиіс. Батареялар терезе астындағы қуыстарда орналастырылады және торлармен жабылады немесе еденнен 2,4 м биіктікте орнатылады. Терезелерде және жарықтандыру құралдарында қоршау құрылғылар көзделуі тиіс.

37 37. Балалар мен жасөспірімдер болатын үй-жайларды, медициналық мақсаттағы бөлмелерді жертөле және цокольдық қабаттарда орналастыруға жол берілмейді.

38 38. Үй-жайларды әрлеу үшін олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар құрылыс материалдары пайдаланылады. Вестибюльдерде, холлдарда, рекреацияларда, акт және мәжіліс-залдарында, әкімшілік үй-жайларда әртүрлі конструкциялық аспалы төбелерді қолданады.

39

39. Қалыпты режимде пайдаланылатын медициналық үй-жайда қабырғалардың, еденнің және жабдықтың үсті жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып ылғалды әдіспен тазалау мүмкін болатын тегіс, жұмсақ болуы тиіс. Санитариялық тораптарда, ас блогында, қауызда, ылғалды режимді үй-жайларда (себезгі бөлмелері, кір жуатын, жуатын бөлмелер және басқалары) қабырғаларды жылтыр тақтайшамен немесе ылғалға төзімді басқа да материалдармен 1,8 м-ден аспайтындай биіктікте қаптайды, еденге төсеу үшін ылғал өтпейтін материалдар немесе еден тақтайшалары қолданылады. Медициналық мақсаттағы үй-жайларда қабырғаларды ылғалға төзімді материалдармен әрлеу көзделеді.
Еңбекке баулу шеберханаларындағы еден механикалық әсерге төзімді материалдан жасалуы; химия кабинеттері мен зертханалық кабинеттерде химиялық реагенттерге төзімді болуы тиіс.

40

40. Қолжуғыштар және басқа да санитариялық-техникалық құралдар, сондай-ақ оларды пайдалану қабырғаларды ылғалдандыруы мүмкін жабдық орнатылатын жерлерде еденнен 1,8 м биiктiкте және жабдықтар мен құралдардан жан-жағынан 20 сантиметр шығып тұратындай етiп, жылтыр тақтайшамен немесе ылғалға төзiмдi басқа да материалдармен гидроизоляциялау көзделедi.

41 41. Себезгі, кір жуатын және ыдыс жуатын бөлмелердің едендерін саңылауына қарай еңісі бар ағызу жолдарымен жабдықтайды.

42 42. Ғимараттың (ғимараттардың) әр қабатында тазалау мүкәммалын сақтауға және өңдеуге арналған үй-жай (орын) көзделеді.

43 43. Объектілердің аумағында олардың қызметiмен байланысы жоқ объектілерді орналастыруға жол берілмейді.

4 4. Объектілерді жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

44 44. Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалар мен жасөспірімдердің бой-жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Жабдықтың жиынын саны мен көлемін мекеменің бейінін, үй-жайлардың ерекшелігін және қауіпсіздік техникасын сақтауды есепке ала отырып көздейді.

Жалпы білім беру және интернат ұйымдары жиhазының негiзгi өлшемдерi осы Санитариялық қағидаларларға 2-қосымшада көрсетілген.

45 45. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру ұйымдарында, КББО, жалпы бiлiм беру және интернат ұйымдарында жиhазды өлшеміне сәйкес таңбалайды.

46

46. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру ұйымдарындағы, КББО және интернат ұйымдарындағы киім ауыстыратын бөлмелер балалардың және персоналдың сыртқы киіміне арналған шкафтармен және отырғыштармен жабдықталады; ұйықтайтын бөлмелер ауыстыратын ішкиімді және киімді сақтауға арналған шкафтармен жабдықталады. Балалардың киіміне арналған шкафтарды жеке таңбалайды.
Артық киімдерді сақтау үшін қоймалық үй-жайларды көздейді.

47 47. Жабдық, жиһаз, жұмсақ және қатты мүкәммал, санитариялық-техникалық аспаптар жұмыс жағдайында болуы және мақсатына сай пайдаланылуы тиіс. Үй-жайларды әрлеудегі ақаулар мен жабдықтың, жиһаздың істен шығуы уақтылы қалпына келтіруге немесе ауыстыруға жатады.

48 48. Объектілердің дәретханаларында және санитариялық тораптарында жуынатын қолжуғыштар, электр сүлгілер немесе бір рет қолданылатын гигиеналық сүлгілер, сұйық сабын мөлшерлегіші, қоқыс жинауға арналған қоқыссалғыштар орнатылады.

49

49. Жалпы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру ұйымдарында, КББО, ТжКБ, ЖОО-ларда санитариялық тораптардағы унитаздарды жабық кабиналарда орналастырады. Бастауыш сыныптар үшін қолжуғыштардың үстіңгі бетінің биіктігі - 0,6 м. аспауы, 5 – 11(12)-сыныптар үшін - 0,7 м.-ден аспауы тиіс.

50 50. Балалар мен жасөсірімдер тәулік бойы болатын ұйымдарда сауықтыру (шынықтырушы) рәсімдері өткізіледі. Сауықтыру (шынықтырушы) рәсімдерін жүргізу үшін әдістемеге байланысты тиісті жабдықты қолданады.

51 51. Объектілерде оқу кабинеттері, зертханалар белгіленген өлшемдегі жұмыс үстелдерімен және орындықтармен жабдықталады. Отырғыштарды, табуреттерді және арқалығы жоқ орындықтарды пайдалануға жол берілмейді.

52 52. Негізгі оқу үй-жайлардағы жабдық арасында мынадай аралықтар мен қашықтықтар көзделеді:

1 1) алдыңғы үстелдер мен демонстрациялық үстел арасы кемінде 60 см;

2 2) сынып тақтасы бар алдыңғы қабырғалардан бастап үш қатармен орналастырылған барлық қатардағы алдыңғы үстелдерге дейін кемінде 250 см;

3 3) үстелдер тобының арасы кемінде 140 см;

4 4) қатардағы үстелдер арасы кемінде 60 см;

5 5) оқу үй-жайындағы сынып тақтасынан оқушының отыратын соңғы орнына дейінгі ең үлкен қашықтық 860 см;

6 6) барлық сыныптар үшін сынып тақтасының төменгі жиегінің еденнен биіктігі (жұмыс жағдайында) 80 см (бастауыш сыныптар үшін) – 90 см (5-11(12) сыныптар үшін);

7 7) оқу шеберханаларындағы станоктар (верстактар) арасы 130 см, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін 170 см; қатарлардағы станоктар (верстактар) арасы 80 см, станоктардан қабырғаларға дейін 50 см;

8 8) тігін шеберханаларындағы аяқпен басатын машиналарды терезелердің бойымен бір қатарға орналастырады, бұл ретте машинаның табанына жарық сол жақтан түсуі тиіс.

Әрбір шеберханада ыстық және салқын су келтірілген қолжуғыштар орнатылады, орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезде су құятын қолжуғыштар орнатылады.
Оқу жиһазын оқу процесінің бейініне сәйкес уақытша өзгертуге жол беріледі.
Арнайы білім беру ұйымдарында оқу жиһазы мен жабдығын оқу процесінің бейініне сәйкес орнатады.

53 53. Шеберхананы шуы аз жабдықпен жабдықтайды, шу мен дірілдің деңгейлері рұқсат етілген деңгейлерден аспауы тиіс.

54 54. Күйдіру кезінде мүсіндеу шеберханаларының жанында механикалық сору желдеткішімен жабдықталған жеке бөлмені көздейді.

55 55. Физика кабинетіндегі демонстрациялық және оқу зертханалық үстелдерге электр энергиясын жүргізу, химия кабинетінде (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде) су және кәріз жүргізу көзделеді.

56 56. Химия кабинетін сорып-шығаратын шкафпен жабдықтайды.

57 57. Тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланылатын химиялық реагенттерді, қышқылдар мен сілтілерді таңбалайды және жауапты адамның бақылауы арқылы арнайы бөлінген сейфте сақтайды.

58 58. Спорттық төсеніштердің ылғалды әдіспен өңдеуге және дезинфекциялауға жол беретін жеңіл жабыны болуы тиіс.

59 59. Спорт залдарының жанындағы киім ауыстыратын орындар киімге арналған шкафтармен немесе ілгіштермен жабдықталады.

60 60. Хореографиямен айналысуға арналған залдағы балеттік көлденең ағаштарды еденнен 0,9 – 1,1 м биіктікте және қабырғадан 0,3 м қашықта орналастырады. Залдың бір қабырғасын биіктіктігі 2,1 м болатын айналармен жабдықталады. Залдың еденіне тақтай немесе арнайы линолеум төсеу көзделеді.

5 5. Объектілерді сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

61 61. Объектілерде жұмысқа жарамды жағдайда болуы тиіс орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су, ыстық сумен жабдықтау жүйесі, кәріздеу және суағарлар көзделеді.

62 62. Объектілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс.

63 63. Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда жергілікті сумен жабдықтау жүйесі жабдықталады.

64 64. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствасының келісімі бойынша тасымалданатын сумен жабдықтауға жол беріледі және қолмен су құятын қолжуғыштар орнатылады.

65

65. Тасымалданатын суды пайдаланатын объектілерде ауыз су қорын сақтауға арналған ыдыстар орналастырылған жеке үй-жай көзделеді. Ыдыстарда таңба ("ауыз су"), су алатын кран болуы тиіс және олар апта сайын (және қажет болғанда) жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, тазалауға және дезинфекциялауға жатады. Ауыз суға арналған ыдысты басқа мақсатта пайдалануға жол берілмейді.

66 66. Су әкелуді санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болған кезде арнайы көлікпен немесе ауыз сумен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалған арнайы таңбаланған ыдыстарда жүргізеді.

67

67. Тамақ өнімдерін өңдеу және тамақ дайындау технологиялық процестерінде, асханалық ыдыстарды, жабдықты, мүкәммалды жуу, үй-жайларды санитариялық өңдеу, жеке гигиена үшін пайдаланылатын суық және ыстық су "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес келеді.

68

68. Объектілердегі дәретханаларда, буфеттерде, кір жуатын орындарда, себезгі бөлмелерде, интернат ұйымдары мен тұратын орындардың жуынатын, кір жуатын, себезгі бөлмелерінде, жеке гигиенаға арналған бөлмелерінде, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету бөлмелері және ас блогында орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су жылытқыштар арқылы ыстық су көзделеді.

69 69. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствасымен келіскен кезде өзінің от жағу орнының ыстық суымен жабдықтауға жол беріледі.

70 70. Объектілерде ауыз су ұйымдастырылуы тиіс. Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға (графиндерге, шәйнектерге, кішкентай бөшкелерге және басқалары) құйылған және шөлмектердегі су сапасы мен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Қайнаған ауыз суды пайдалануға жол беріледі.

71 71. Стационарлық су бұрқақтарының конструктивтік шешімдері судың тік ағынының айналасындағы биіктігі кемінде 10 см болатын шектеу сақинасын көздейді.

72

72. Су ішу үшін таза ыдысты (шыны ыдысты, фаянс ыдысты, бір рет қолданатын стақандарды) пайдаланады, таза және пайдаланылған ыдыс үшін таңбаланған жеке поднос немесе бір рет қолданылған ыдысты жинау үшін контейнерлер бөлінеді. Ыдысқа құйылған суға оның қайдан әкелінгендігін, сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттары қоса беріледі.

73 73. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объект басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады. Оқушылар мен тәрбиеленушілердің объектілерде болатын барлық уақыты ішінде олардың ауыз суға еркін қолжетімдігі қамтамасыз етіледі.

74 74. Кәріз жүргізілмеген аудандарда жергілікті кәріз жүйесін жабдықтайды. Қазылған шұңқырларды, септиктерді тазалау көлемдерінің үштен екі бөлігінің толуы бойынша жүргізіледі.

75 75. Кәріз қадалары мен құбырларды тамақ өнімдері сақталатын және өңделетін және тамақ дайындалатын үй-жайларда, медициналық үй-жайларда орнатуға жол берілмейді.

76

76. Объектілер ғимараттарының әрбір қабатында және жеке блоктарында ұлдарға (бозбалаларға) және қыздарға (бойжеткен қыздарға), сондай-ақ педагогтар мен қызмет көрсететін персоналдарға арналған бөлек санитариялық тораптар көзделеді. Жалпы білім беретін, интернат және мектептен тыс ұйымдардағы оқу корпустарының санитариялық құралдарға қажеттілігі осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көзделеді.
Жалпы білім беретін мектепалды даярлық сыныптардың, интернат ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО-ның санитариялық тораптарында балаларға арналған унитаздар орнатылады.

77 77. Балалардың өсімдіктермен жұмыс істеуіне арналған үй-жайлар, оқу кабинеттері, шеберханалар, медициналық блок үй-жайлары, ас блогының өндірістік үй-жайлары ыстық және суық су келтірілген қолжуғыштармен жабдықталады; сурет салуға және мүсіндеуге арналған үй-жайлар екі қолжуғышпен жабдықталады.

78 78. Кәріз жүргізілмеген жерде (75 адамға 1) САҚ-ты және (30 адамға 1) суды қолмен құятын жуғыштарды орнатуға жол беріледі.

79 79. САҚ-та жердің үстінде орналасқан үй-жайлары мен қазылған шұңқыр болады және ғимараттан 25 м қашықтықта орналастырады.

80

80. Рекреациялық болып табылмайтын дәліз, дәретхана, қабылдау бөлмелері және киім ауыстыратын объектілердің, сондай-ақ табиғи жарықтандырусыз жобалауға рұқсат етілген барлық бөлмелердің қабырғаларында әйнекті арақабырғаларды немесе фрамугаларды орнату арқылы екінші жарықпен жарықтандыруға жол беріледі.

81

81. Мыналарды: коммуникациялық жүйелер үй-жайларына (су құбырлары мен кәріздеу сорғылары, желдету және ауаны салқындату камералары, бойлер тұратын бөлмелер және басқалары), рекреациялық үй-жайлар болып табылмайтын дәліздерге, фойеге, қоймаларға (тез жанатын сұйықтықтарды сақтайтын бөлмелерден басқа), мүкаммалға арналған бөлмелер, дезинфекциялау құралдарын дайындайтын бөлмелерге, снарядтарға, кітап сақтайтын бөлмелерге, акт залдарына, кулуарларға, телестудияларға, фотозертханаларға, киім ауыстыратын бөлмелерге, киім ілетін орындарға, себезгі бөлмелеріне, персоналға арналған дәретханаларға, әйелдерге арналған жеке гигиена бөлмелеріне, радиотораптарға, кино-фотозертханаларға, ғимараттың инженерлік және технологиялық жабдығын орнату және басқару үй-жайларына, асханалардың тамақтану залдары және ас блогының өндірістік үй-жайларына табиғи жарықтандырусыз жол беріледі.

82 82. Оқу үй-жайларында сол жақ бүйірден жарықтандыру көзделеді. Оқу үй-жайларының тереңдігі 6 м астам болған жағдайда, еденнен кемінде 2,2 м биіктікте оң жақтан жарықтандыру орнатылады. Негізгі жарық ағынының оқушылардың алдынан және арт жағынан түсуіне жол берілмейді.

83 83. Оқу-өндірістік шеберханаларда, спорт залдарында екі жақты табиғи бүйірден жарықтандырумен және аралас (үстіңгі және бүйір жақтан) жарықтандырумен қамтамасыз етуге жол беріледі.

84 84. Оқу үй-жайларында терезенің әйнектерін бояуға жол берілмейді.

85 85. Ойын және ұйықтайтын бөлмелердегі жарық түсетін саңылауларды реттелетін күннен корғайтын құрылғылармен (жалюзбен, перделермен) жабдықтайды.

86 86. Жалпы жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда көзделеді. Жекелеген функционалды аймақтар мен жұмыс орындарын жарықтандыру үшін жергілікті жарықтандыру көзделеді.

87

87. Бір үй-жайда бір үлгідегі шамдар қолданылады. Қыздыру шамдарымен жарықтандыру кезінде шағылысқан және шашыраңқы жарықты шамдарды қолданады. Шамдар плафондармен қамтамасыз етіледі. Білім беру ұйымдарының үй-жайларын және балалар мен жасөспірімдердің тұратын орындарын жасанды жарықтандыру деңгейлері осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қабылданады.

88 88. Сынып тақтасы оған параллель орнатылған екі шаммен жарықтандырылады, олар тақтаның жоғарғы шетінен 0,3 м жоғары және алдыңғы жағынан 0,6 м аралықта орналасады.

89 89. Соқыр және нашар көретін балаларға арналған объектілердегі оқу үй-жайларына (сыныптарға, кабинеттерге, зертханаларға, шеберханаларға), сондай-ақ оқу залдарына қыздыру шамдары қолданылатын жасанды жарықтандырудың аралас жүйесі жүргізіледі.

Көру патологиясының түріне байланысты жалпы және жергілікті жарықтандырудың жиынтық деңгейі мынаны құрайды:

1 1) жоғары деңгейдегі күрделі алыстан көрмейтін және жоғары деңгейдегі жақыннан көрмейтін оқушылар үшін – 1000 лк;

көздің торлы қабығы мен көру нерві зақымдалған (көздің қарығуы болмайтын) балалар үшін – 1000 – 1500 лк;

2 2) жарықтан қорқу ауруынан зардап шегетін оқушылар үшін 500 лк-тен артық емес;

3 3) жасанды жарықтандыру деңгейі жалпы жарықтандыру жүйесінен 400 лк деңгейінде болады;

4 4) әр жұмыс орнын қуаты 40 ватт болатын қыздыру шамдары қолданылатын жергілікті жарықтандыру шамдарымен жабдықтайды. Шамдар үстелдің бетіне нығыз бекітіледі және еңкею бұрышы мен жарық көзінің биіктігін өзгертуге болатын иілімді кронштейні болуы тиіс.

90

90. Істен шыққан шамдар уақтылы ауыстырылады. Жұмыс істемейтін, істен шыққан люминесценттік шамдарды балалар мен оқушылар кірмейтін жеке үй-жайда сақтайды. Пайдаланылған люминесценттік шамдарды қоқыс жинайтын контейнерлерге тастауға жол берілмейді. Пайдаланылған люминесцентік шамдарды сақтау және шығару мекеме басшысының бұйрығымен жауапты адамға жүктеледі. Пайдаланылған шамдарды жою және кәдеге жаратуды осындай қызмет түріне арналған лицензиясы бар ұйымдар жүргізеді.

91 91. Объектілердің ғимараттары орталықтандырылған жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерімен жабдықталуы тиіс.

92 92. Орталықтандырылған жылыту көзі болмаған жағдайда автономды қазандықты және газ жылуын пайдалануға жол беріледі.

93 93. Аз жинақталған ауылдық ұйымдардың бір қабатты ғимараттарында пеш құрылғысын орнатуға жол беріледі. Пеш жағу жеке кіретін жері бар оқшауланған үй-жайда жүргізіледі.

94 94. Ас блогында механикалық түрде іске қосылатын желдету жүйесі көзделеді. Жылу және ылғал көзі болып табылатын жабдықтың үстінде сорып-шығаратын шатырлар көзделеді.

95

95. Терезелердің конструкциясында балалар мен жасөпірімдер болатын үй-жайларды жылдың кез келген уақытында желдетуді ұйымдастыру мүмкіндігі көзделуі тиіс. Терезелердің әйнектелуі бүтін шыныдан жасалуы тиіс. Терезе блоктарын ауыстыру кезінде әйнектеу ауданы сақталуы немесе үлкейтілуі тиіс. Сынған әйнектерді ауыстыру тез арада жүргізілуі тиіс.

96 96. Өтпелі немесе бұрыштық желдетуді балалар болмаған кезде жүргізеді. Өтпелі желдетуді дәретхана үй-жайлары арқылы жүргізбейді.

97

97. Интернат ұйымдарының, дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру ұйымдарындағы, КББО-лардағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы ойын, оқу және ұйықтайтын үй-жайларда, сондай-ақ медициналық пункт үй-жайларында ауа температурасын бақылау үшін термометрлерді орнатады.

98 98. Оқу үй-жайларын үзілістер кезінде, рекреациялық үй-жайларды сабақ кезінде желдетеді. Сабақ басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін оқу үй-жайларына өтпелі желдетуді жүзеге асырады.

99

99. Станоктарда және механизмдерде жылу мен шаңның көп мөлшерінің бөлінуімен байланысты жұмыс істелетін шеберханаларды ішке сорып-сыртқа шығаратын желдету жүйесімен, жергілікті шаңұстағыштармен және сорып шығару құрылғыларымен жабдықтайды. Объектілерде үй-жайлардың оңтайлы микроклиматтық жағдайлары (температура, ауа қозғалысының жылдамдығы және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы) қамтамасыз етіледі.

100 100. Жылыту кезеңінде ауаның мынадай температурасы көзделеді:

1 1) ұйықтайтын және оқу үй-жайларында, кабинеттерде, зертханаларда, кітапханада, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізетін және демалыс үй-жайларында, компьютер сыныптарында, қызметтік-тұрмыстық, кір жуатын орындарда + 18 – 22 градус Цельсий (бұдан әрі – 0C);

2 2) тамақтану залдарында, буфеттерде, киім үтіктейтін, кептіретін бөлмелерде, қоймаларда және киім-кешек бөлмелерінде +160C;

3 3) физиотерапевт кабинеттерінде, уқалау кабинеттерінде +280C;

4 4) медициналық үй-жайларда, ойын бөлмелерінде, киім ауыстыратын бөлмелерде, дәретханаларда +20 – 220C;

5 5) оқу шеберханаларында, спорт залында және секциялы сабақтарды өткізуге арналған бөлмелерде, рекреацияларда, вестибюль мен киім ілетін орындарда, асханада, киімдер мен аяқ киімдерді кептіру бөлмелерінде + 15 – 170C;

6 6) спорт залының киім шешетін орнында +19 – 230C;

7 7) ваннасы бар хауыз үй-жайларында +300C;

8 8) себезгі бөлмелерінде +250C;

Үй-жайлардағы ауаның оңтайлы ылғалдылығы 40 – 50 %-ды, асүйде және кір жуатын бөлмелерде 60 – 70 %-ға дейін құрайды.

101 101. Жыл сайын объектілерде сумен жабдықтау, кәріздеу, электрмен жабдықтау жүйелеріне, жылыту кезеңінің басталуына қарай жылыту және желдету жүйелеріне орындалған жұмыстар туралы акт толтыру арқылы ревизия және жөндеу жүргізеді.

102 102. Апатты ғимараттарда және үй-жайларда орналасқан объектілерді пайдалануға жол берілмейді.

Объектілердің ғимараты объектінің апаттылығы туралы құзыретті органдардың актісі болған кезде апатты жағдайда деп танылады.

6 6. Объектілердің аумақтарын және үй-жайларын ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

103 103. Объектілердің аумағы таза ұсталуы тиіс.

104 104. Спорт, ойын жабдығы және шағын сәулет мүсіндері жұмыс істейтін және таза қалпында ұсталады.

105 105. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) олардың көлемінің үштен екі бөлігі толған кезде тазартылады.

106 106. Барлық үй-жайлар таза ұсталуы тиіс. Медициналық үй-жайларды, ас блогын және дәретханаларды күн сайын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып тазалайды.

107 107. Объектілерде қызмет көрсететін персоналдың (тәрбиешілердің көмекшілері, техникалық персонал) саны кемінде 3 жиын болатын арнайы киімі (костюм немесе халат, орамал, қалпақ, алжапқыш), бөлек шкафта сақталатын ауыстыратын аяқ киімі болады.

Дәретханаға кіру алдында халатты шешеді және шыққан соң қолды сабынмен мұқият жуады.

108

108. Белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген қолданылатын дезинфекциялау ерітінділері дайындалған күнін көрсете отырып, таңбаланған ыдыстардағы нұсқаулыққа сәйкес дайындайды. Дезинфекциялау және жуу құралдары және олардың жұмыс ерітінділері балалар мен жасөспірімдердің қолы жетпейтін орындарда сақталуы тиіс.

109

109. Жинау мүкәммалы (легендер, шелектер, жөкелер, шүберектер) таңбаланады және әр үй-жайға (санитариялық торап, медициналық блок, оқшаулағыш, ас блогындағы өндірістік үй-жайлар, тамақ ішу залдары, рекреациялар, әр оқу бөлмесі, өндірістік шеберханалар және т.б.) бөлек арналады және арнайы бөлінген орындарда сақталады. Оқу үй-жайларының топтары үшін жинау мүкәммалын пайдалануға жол беріледі.

110 110. Барлық ұйымдардың санитариялық тораптары үшін жинау мүкәммалының сигналды таңбасы болуы тиіс.

111 111. Музыкамен, спортпен және гимнастикамен айналысуға арналған үй-жайларда әр сабақтан кейін тазалау жүргізеді.

112 112. Балалар мен жасөспірімдер үшін жаңадан сатып алынған өнімдердің (ойыншықтар, аяқ киім, киім, ыдыс, жеке гигиена құралдары, мектеп және жазу құралдары, төсек-орын жабдықтары, парфюмерлік-косметикалық өнім, жиһаз және басқ.) сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы тиіс.

113 113. Пайдаланылған ойыншықтарды күн сайын жұмыс күнінің соңында 2% сабынды-содалы ерітіндіні пайдалана отырып жуады, ағып тұрған судың астында шаяды және кептіреді. Қуыршақтың киімдерін ластануына байланысты жуады және үтіктейді. Ойыншықтарды жууға арналған ыдыс пен жөке таңбаланады.

114 114. Жұмсақ ойыншықтарды пайдаланғаннан кейін күннің соңында ойыншықтан 25 см қашықтықта бактерицидті шамдармен 30 минут бойы дезинфекциялайды.

115 115. Объектілерде жуу құралдарын қолдана отырып, үй-жайларға күн сайын ылғалды жинау жүргізіледі:

1 1) сыныптарды, шеберханаларды және оқу кабинеттерін жинау әр ауысымдағы сабақ аяқталған соң жүргізіледі;

2 2) дәліздер мен рекреацияларды – әр ауысымның сабақтары аяқталғаннан кейін;

3 3) ойын залдарын – күн соңында;

4 4) тамақ ішу залын – әр тамақ ішкеннен кейін;

5 5) киім ілінетін орындар, вестюбюльдерді – әр ауысымның сабақтары басталғаннан кейін;

6 6) спорт, гимнастика залдарын – желдету арқылы әр сабақтан кейін;

7 7) ғимараттың санитариялық тораптарын – әрбір үзілістен кейін.

Үй-жайларды ылғалды жинауды (едендерді жуу) ұйымдардың жұмыскерлері жүргізеді.

116 116. Инфекциялық және паразиттік аурулар жағдайлары тіркелген кезде эпидемияға қарсы және дезинфекциялау іс-шаралары жүргізіледі.

117 117. Терезе әйнектері, электр шамдарының плафондары және сорып-шығаратын желдету жүйелерінің жалюзді торлары таза қалпында сақталады. Жарықтандырушы арматураны тазалауға және терезелерді жууға тәрбиеленушілер мен оқушыларды тартуға жол берілмейді.

118 118. Дәретханаларда едендер, есік тұтқалары, кран барашкалары, қолжуғыштар және унитаздар күн сайын дезинфекциялауға жатады.

119 119. Таза жинау мүкәммалын таңбаланған ыдыста шаруашылық шкафта немесе үй-жайларда жинау мүкәммалын өңдеу және сақтауға арналған бөлмеде сақтайды. Санитариялық тораптарды жинауға тәрбиеленушілер мен оқушыларды тартуға жол берілмейді.

120 120. САҚ-ты жинауды күн сайын дезинфекциялық құралдарын қолдана отырып жүргізеді, қазылған шұңқырды дезинфекциялау 10 күнде 1 рет жүргізеді. САҚ-ты көлемінің үштен екі бөлігінің толуына байланысты, бірақ жылына кемінде 1 рет тазартады.

121 121. Ас блогы үй-жайларына, қажет жағдайда ұйықтайтын және басқа да бөлмелерге, желдету үшін ашылған терезелерге, форточкаларға, фрамугаларға шыбындардың және масалардың ұшып кірмеуін болдырмау үшін шыбын-шіркейге қарсы торларды орнатады.

122 122. Объектілерде жылына кемінде бір рет инженерлік жүйелерге, шатырға, қатты және жұмсақ мүкәммалға, жиһазға, жабдыққа және санитариялық-техникалық аспаптарға ревизия және қажеттілігіне қарай жөндеу (ауыстыру) жүргізіледі.

123 123. Объектілер жұмыс істеп тұрған кезде апаттық жағдайларды жою бойынша жұмыстарды қоспағанда, күрделі және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

124 124. Ұйымда жәндіктердің, егеуқұйрықтардың және тышқан тәріздес кеміргіштердің болуына жол берілмейді.

7 7. Объектілерде тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

125 125. Оқушылар мен тәрбиеленушілердің тұруына арналған объектілер ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарда, бөлек тұрған ғимараттарда, сондай-ақ оқу корпустарымен аралас орналасуы мүмкін.

126

126. Интернат ұйымдарының, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың, КББО-ның ұйықтайтын бөлмелерінің тұрғын ауданы 1 орынға кемінде 4 м2, полиемиелит және енжар сал ауруларынан зардап шеккен балаларға арналған мектеп-интернаттарда кемінде 4,5 м2 көзделеді.

127 127. ТжКБ оқушылары мен ЖОО студенттеріне арналған жатақханаларда 1 адамға кемінде 6 м2 аудан көзделеді және 1 бөлмеде 4 адамнан артық тұрмайды.

128

128. Интернат ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО-ның, оқушылар мен студенттерге арналған жатақханалардағы жатын корпустарының тұратын бөлмелері мынадай есеппен қатты мүкәммалмен жабдықталады: 1 адамға 1 кереует, 1 кереует жанындағы тумба, 1 орындық, киімге және аяқ киімге арналған шкаф. Әр бөлмеде жазу үстелі көзделеді. Ұйықтайтын бөлмелерде 7 жастан бастап қыз және ұл балалардың жеке тұруы көзделеді.

129 129. Ұйықтайтын бөлмелердегі кереуеттер олардың ұзын жағының арасында 0,65 м, сыртқы қабырғадан кемінде 0,6 м, жылыту құралдарынан 0,2 м, екі кереуеттің бас жақтарының арасында 0,2 м, кереуеттер арасындағы орталық өту ені кемінде 1,0 м қашықтық сақтала отырып орналастырылуы тиіс.

130

130. Жатақханалардағы және жатын корпусындағы қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар (дәретханалар, қолжуғыштар, себезгі, кір жуатын орындар, киім үтіктейтін орындар, киім кептіру бөлмелері, киімдер мен аяқ-киімдерді тазалау бөлмелері, ортақ асүйлер) осы Санитариялық қағидалардың нормаларына сәйкес бірінші қабатта көзделеді.

131

131. ТжКБ және ЖОО жатақханалары қабаттарындағы асүйлер тұрмыстық тоңазытқыштармен, пештермен, жуғыштармен, үстел-шкафтармен, ыдыс-аяққа арналған шкафтармен, қажет болғанда орындықтармен немесе табуреткалармен жабдықталады. Жабдық мынадай есеппен орнатылады: 5 адамға газ пешінің 1 конфоркасы, 3 адамға электр пешінің 1 конфоркасы, 8 адамға 1 жуғыш және 1 үстел-шкаф, 6 – 8 адамға 1 тұрмыстық тоңазытқыш.

132

132. Бір жатын орынға төсек жабдықтарының үш жиынтығы көзделеді. Интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да барлық төсек жабдықтары (матрастар, жастықтар, көрпе) таңбаланады; жиналмалы кереуеттерді пайдаланған кезде төсек жабдықтары (жайма, жастықтың тысы, көрпенің тысы) таңбаланады.

133

133. Жалпы білім беретін, мамандандырылған және арнайы интернат ұйымдарының, интернат ұйымдарындағы жатын корпустарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО-ның тұрғын кешеніндегі санитариялық аспаптар саны осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көзделеді.
ТжКБ оқушыларына арналған студенттік жатақханаларда 4 – 6 адамға 1 себезгі, 1 қолжуғыш және 1 унитаз және 50 адамға 1 биде орнатылады. Әйелдердің жеке гигиенасы кабинасы 50 адамға 1 кабинадан көзделеді және біртіндеп ағатын себезгімен, унитазбен, себезгімен және қолжуғышпен жабдықталады.

134 134. Балалар тәулік бойы болатын объектілерде оларды жуындыру төсек жабдықтары, іш киімді және сүлгілерді бір мезетте ауыстыра отырып, жеті күнде кемінде бір рет график бойынша жүзеге асырылады.

135 135. Киім-кешектерді жуу кір жуатын объектіде іске асырылуы тиіс, ол болмаған жағдайда басқа кір жуатын орындарда шарт бойынша жууды ұйымдастыруға жол беріледі. Инфекциялық аурумен ауыратын науқастардың киім-кешектері жуу алдында таңбаланған ванналарда дезинфекциялануға жатқызылады.

136

136. Төсек жабдықтарын, сүлгілерді ауыстыру ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жүргізіледі. Лас киім-кешек кір жуатын бөлмеге (клеенкалы және мата) қаптармен жеткізіледі. Матадан тігілген қаптар жууға тапсырылады, клеенкалы қаптар сабынды-содалы ерітіндімен өңделеді. Таза киім жуылған қаппен жеткізіледі.

137 137. Артық төсек жабдықтарын, жаңа және ескі киім мен аяқ-киімдерді, қатты мүкәммалды сақтау үшін қоймалар көзделеді.

138 138. Кір жуатын бөлмені орналастыру кезінде таза және лас киім-кешектің қарама-қарсы ағымы болмауы тиіс.

139

139. Интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарында төсек жабдықтары, сүлгілер, жеке гигиена заттары (тіс щеткасы, тарақ, ысқыш) әр балаға жеке бөлінеді. Жеке тіс щеткалары қолжуғыштарда ашық ұяшықтарда сақталады.

8 8. Объектілерде тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

140 140. Оқушыларға білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру ұйымдары мыналарға бөлінеді:

1 1) өндірістік шикізатты сатып алуды, аспаздық тағам өндіруді, олармен білім беретін мекемелердің асханаларын жабдықтауды жүзеге асыратын мектеп тамақтандырудың базалық ұйымдары (мектеп тамақтандыру комбинаттары, мектептік-базалық асханалар);

2 2) жартылай фабрикаттардан тамақ және аспаздық бұйымдар дайындауды және оларды өткізуді жүзеге асыратын асханалар-дайындау алдындағы бөлмелер;

3 3) апта күндері бойынша әртүрлі ас мәзіріне сәйкес тамақ дайындайтын және (немесе) өткізетін азық-түлік шикізатымен немесе жартылай фабрикаттармен жұмыс істейтін объектілердің асханалары;

4 4) дайын тамақты, аспаздық, ұннан жасалған кондитерлік бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын буфеттер, буфеттер-тарату орындары.

141 141. Тамақтану объектілерінде тұруға, қоғамдық тамақтанумен байланысы жоқ жұмыстар мен қызметтерді орындауға, сондай-ақ жануарлар мен құстарды ұстауға жол берілмейді.

142 142. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде шикізатпен немесе жартылай фабрикатпен жұмыс істейтін ас блогы көзделеді. Ас блогын 2-қабаттан жоғары орналастырмайды. Ас блогын 2-қабатта орналастыру кезінде өнімді тасымалдау үшін жүк көтеретін лифт жабдықталады.

143

143. Шикізатпен жұмыс істейтін ас блогының құрамына мыналар кіреді: ыстық цех, тарату бөлмесі, салқындату цехы (немесе шартты аймақ), ет-балық цехы, көкөніс цехы, асхана ыдыстарын жуатын және жеке ас үй ыдыстарын жуатын бөлме, құрғақ өнімдерді сақтайтын қойма, көкөністерді сақтайтын қойма, тоңазытқыш жабдығы бар тез бұзылатын өнімдерді сақтауға арналған үй-жай, жүк тиейтін бөлме, персоналдың бөлмесі, киім ауыстыратын орын, персоналға арналған себезгі және дәретхана.

144 144. Ас блогы үй-жайларының көлемді-жоспарлау және конструктивтік шешімдерімен шикі өнімнің, шикі жартылай фабрикаттардың және дайын өніммен, пайдаланылған ыдыстың таза ыдыспен, келушілер мен персоналдың араласуын болдырмайтын технологиялық процестердің жүйелілігі көзделеді.

145

145. Жартылай фабрикаттармен жұмыс істейтін ас блоктарында мыналар көзделеді: дайындауға дейінгі (жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді өңдеуге арналған аймақтарға шартты бөлінген) бөлме, сусымалы өнімдерді сақтау бөлмесі, асхана және асүй ыдыстарын жуатын орын, тоңазытқыш жабдығы бар үй-жай, тамақ тарататын бөлме, персоналға арналған үй-жай, персоналға арналған себезгі және дәретхана.

146 146. Құрғақ өнімдерді, көкөністерді сақтайтын қойма салқындатылатын камералар ас үйден оқшауланады, ыдыс жуатын үй-жайлардың, себезгілердің және санитариялық тораптардың, сондай-ақ баспалдақтары бар өндірістік үй-жайлардың астындағы үй-жайларға орналастырмайды.

147

147. Шикізатпен жұмыс істейтін, өнімділігі аз (50 отыратын орынға дейін) ас блогында үй-жайлар жиынын: тамақ тарату аймағы мен асхана және асүй ыдыстарын жуу аймағын (арақабырғамен бөлінген) бөле отырып, ыстық цехты, тамақ дайындайтын цехты, көкөністі сақтау аймағын бөле отырып, сусымалы өнімдер қоймасын, персоналға арналған дәретхананы қысқартуға жол беріледі.

148

148. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствасының келісімі бойынша білім беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес олардың талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде мектеп тамақтандырудың базалық ұйымдарынан (мектеп тамақтандыру комбинаттары, мектептік-базалық асханалар және тағы басқалары) және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан жартылай фабрикаттарды жеткізуге жол беріледі.

149 149. Буфеттерде тағамдарды, аспаздық бұйымарды сатуды, сондай-ақ ыстық сусындар мен жекелеген тағамдарды дайындауды іске асыруға мүмкіндік беретін үй-жайлар және жабдық жиыны көзделеді.

150

150. Ауылдық елді мекендерде орналасқан жалпы білім беру ұйымдарының ас блоктарында типтік асханаларды ұйымдастыруға арналған жағдайлар болмаған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствасымен келісім бойынша үй-жайлардың қысқартылған жиыны: қойма үй-жайлары, шикізат дайындау, тамақ дайындау, дайын өнімді тарату және асхана мен асүй ыдыстарын жуу аймақтары бар асүй және персоналға арналған бөлме немесе бөлінген орын көзделеді.

151 151. Технологиялық, тоңазытқыш және жуу жабдықтарын орналастыру тамақты дайындау ағымдылығын есепке ала отырып жүзеге асырылады.

152 152. Шикі және дайын өнімдер бөлек сақталады.

Тамақ өнімдерін сақтау кезінде "тауар көршілестігі" принципін сақтауды қамтамасыз етеді.

153 153. Мектепке дейінгі шағын орталықтарда балалар топпен тамақтанады.

154 154. Тамақтану залының ауданы бір орынға кемінде 0,8 м2 есебінен көзделеді.

155 155. Өндірістік цехтарда араластырғыштар арқылы суық және ыстық су келтірілген, сыйымдылығы жеткілікті өндірістік жуғыштар орнатылады.

156 156. Асханада қолжуғыштарды еденнен 0,7 м-ден аспайтындай биіктікте орнату көзделеді.

Қолжуғыштардың жанына (екі қолжуғышқа кемінде 1) электр сүлгі орнатылады немесе бір рет қолданылатын сүлгі пайдаланылады.

157 157. Шамдарда қорғаныш арматурасы болады, плиталардың, технологиялық жабдықтың және бөлшектеу үстелдерінің үстіне орналастыруға жол берілмейді.

158 158. Өндірістік, қоймалық және әкімшілік-тұрмыстық ас блогы үй-жайларының жабдығының тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жабдықталады.

159 159. Жабдық, өндірістік үстелдер, мүкәммал, ыдыс-аяқ, ыдыс тамақ өнімдерімен жанасуға рұқсат етілген, жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалдардан дайындалады және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар үшін қауіпсіздік талаптарына жауап береді.

160 160. Тамақтану залдары жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, оларға өңдеу жүргізуге мүмкіндік беретін жабыны бар жиһазбен жабдықталады.

161 161. Қандай да бір технологиялық және тоңазытқыш жабдығы істен шыққан жағдайда, ас мәзіріне өзгерістер енгізіледі.

162 162. Қоймалардағы тамақ өнімдерін сақтауға арналған стеллаждардың және тауарлардың астына қоятын тұғырлардың төменгі сөрелерінің биіктігі еденнен кемінде 15 см биіктікте көзделеді.

163 163. Асханалар бір отыратын орынға кемінде үш жиын есебінен асхана ыдысымен және аспаптармен қамтамасыз етілуі тиіс.

164

164. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар үшін қауіпсіздік талаптарына сай келетін фарфордан, фаянстан және шыныдан жасалған ыдыстар (тәрелкелер, табақшалар, тостағандар, бокалдар) пайдаланылады. Дайын тамақтарды дайындауға және сақтауға арналған асхана аспаптары (қасық, шанышқы, пышақтар), ыдыстар тот баспайтын болаттан немесе материалдың гигиеналық қасиеттері бойынша ұқсас материалдан болуы тиіс.

165 165. Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтау, оларды технологиялық өңдеу және тарату үшін мынадай бөлек және таңбаланған жабдық, бөлшектеу мүкәммалы, асүй ыдысы пайдаланылады:

1 1) таңбасы бар өндірістік үстелдер: шикі ет "ШЕ", шикі балық "ШБ", шикі көкөніс "ШК", "нан", дайын өнім "ДӨ", "қамыр";

2 2) бөлшектеу мүкәммалы (бөлшектеуге арналған тақтай және пышақтар): шикі ет "ШЕ", піскен ет "ПЕ", шикі балық "ШБ", піскен балық "ПБ", шикі көкөніс "ШК", піскен көкөніс "ПК", "нан", "гастрономия", "аскөк";

3 3) таңбасы бар асүй ыдыстары: "I тағам", "II тағам", "III тағам", "сүт", "жұмыртқаларды өңдеуге арналған", шикі ет "ШЕ", шикі көкөніс "ШК", шикі балық "ШБ", "дайын өнімге арналған", "шикі өнімге арналған".

Бөлшектеу мүкәммалын және ас үй ыдыстарын таңбасына сәйкес мақсаты бойынша қолданады.

166

166. Пішіні өзгерген, жиектері сынған, сызаттары, сынықтары бар, эмалы зақымданған ас үй және асхана ыдыстарын; алюминийден жасалған асхана аспаптарын; пластмассадан және сығымдалған жұқа тақтайдан жасалған бөлшектеу тақтайларын; сызаттары бар және механикалық зақымдалған бөлшектеу тақтайларын және ұсақ мүкәммалды пайдалануға жол берілмейді.

167 167. Ет және балықты қасаптауға арналған бөлшектеу тақтайлары, науалар тесіктері және саңылаулары жоқ тамақ өнімдерімен жанасуға арналған материалдардан дайындайды.

Етті қасаптауға арналған қалыпты арнайы тұғырыққа орнатады және күн сайын жұмыс аяқталған соң тазартады және бетіне тұз себеді. Қалыптың бетін жүйелі түрде сүргілейді және жонады.

168 168. Дайын тамақты (өнімдерді) жеткізу (тасымалдау) үшін ішкі беті тамақ өнімдерімен жанасу үшін рұқсат етілген материалдардан жасалған ыдыстар (сыйымдылықтар) пайдаланылады. Дайын ыстық тамақты жеткізу үшін арнайы изотермиялық ыдыстар қолданылады.

169 169. Ас блогының өндірістік және басқа да үй-жайлары, өндірістік жабдық және мүккәмал (шкафтар, үстелдер, стеллаждар), санитариялық-техникалық жабдық жұмыс жағдайында және таза ұсталады. Тамақ өнімдерін еденде сақтауға жол берілмейді.

170

170. Тамақтану залдарын жинауды әрбір тамақ ішкеннен кейін жүргізеді. Тамақтану үстелдерін арнайы бөлінген шүберекті, таза және пайдаланылған шүберекке арналған таңбаланған ыдысты қолдана отырып, жуу құралдары қосылған ыстық сумен жуады. Шүберекті пайдаланғаннан кейін жуу құралдарын қоса отырып жуады, дезинфекциялайды немесе қайнатады, шаяды, кептіреді және таза шүберекке арналған ыдыста сақтайды.

171 171. Ас үй ыдысын асхана ыдысынан бөлек жуу көзделеді. Жуу үй-жайларында ыдыстар мен мүкәммалды жуу қағидалары туралы нұсқаулық ілінеді.

172

172. Асхана және ас үй ыдыстарын жууға арналған жуғыштың (қазан жуғыштың) көлемі пайдаланатын ыдыстарды толықтай батырып қоюға мүмкіндік беретін жеткілікті болады, көлемдік сыйымдылығының таңбасы болады және тығындармен қамтамасыз етіледі. Жуу және дезинфекциялау құралдарын дозалау үшін өлшегіш ыдыс пайдаланылады.

173 173. Ас үй ыдыстарын жуу - 2 секциялы жуғышта, асхана ыдыстары – 3 секциялы жуғышта, шәй ішуге арналған ыдыстар – 2 секциялы жуғышта іске асырылады.

Ауылдық жерлердегі кәрізденбеген аудандарда және 50 орындық ас блоктарында ас үй ыдыстарын жууға арналған көлемі толық батырып тұруға жеткілікті, бір секциялы жуу ваннасын орнатуға жол беріледі.
100 орындық тамақтану залы бар тағам блоктарында асхана және шәй ішуге арналған ыдыстарды жуатын 3 секциялы жуғышты орнатуға жол беріледі. 100 орыннан артық тамақтану залы бар тағам блоктарында ыдыс жуатын машинаны орналастыру кезінде 3 секциялы жуғышты орнату көзделеді.

174 174. Арнайы жуу машиналарында асхана ыдыстарын жуу оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

175 175. Үш секциялы ванналарда асхана ыдыстарын қолмен жуу кезінде мынадай тәртіп сақталады:

1 1) тамақ қалдықтарын механикалық тазарту;

2 2) ваннаның бірінші секциясында + 450С төмен емес температурада жуу құралдары қосылған суда жуу;

3 3) ваннаның екінші секциясында + 450С төмен емес температурада және ваннаның бірінші секциясына қарағанда 2 есе аз мөлшерде аз жуу құралдары қосылған суда жуу;

4 4) ваннаның үшінші секциясында ыдысты +650С төмен емес температурада ыстық ағынды сумен шаю;

5 5) торларда, сөрелерде және стеллаждарда төңкерілген күйінде кептіру.

176 176. Арнайы жуғыш орны мен ағынды су жоқ болған кезде ыдыстарды үш легенде (легеннің көлемі кемінде 10 литр) жуу құралдарын қоса отырып, ыстық суда жуады, таза ыдыстар ыстық сумен шайылады, кейін кептіріледі.

177 177. Асхана аспаптарын сақтауға арналған сыйымдылықтарды + 450С төмен емес температурада жуу құралдарын қолдана отырып, ыстық суға жуады.

178 178. Таза ас үй ыдысын және мүкәммалды еденнен кемінде 0,5 м биіктіктегі стеллаждарда; асхана ыдыстарын шкафтарда немесе торларда; асхана аспаптарын тұтқасын жоғары қаратып сақтайды, оларды табақтарда шашылған күйде сақтауға жол берілмейді.

179 179. Технологиялық жабдықты өңдеуді күн сайын оның ластануына байланысты және жұмыс күнінің соңында арнайы бөлінген шүберекпен және сыйымдылықта жүргізеді.

180

180. Бөлшектеу тақтайларын және ұсақ ағаш мүкәммалын жууды ас үй ыдысына арналған жуу бөлімшесінде (цехта) жуу құралдарын қоса отырып, +450С төмен емес температурада ыстық суда жүргізеді, +650С төмен емес температурада ыстық сумен шаяды да, қайнап тұрған сумен жидітеді, содан кейін стеллаждарда қырынан тұрғызып кептіреді. Өңдегеннен және кептіргеннен кейін бөлшектеу тақтайларын және пышақтарды таңбаланған арнайы кассеталарда (тақтайларды қырынан) сақтайды, тиісті өндірістік үстелдерге (қырынан) тікелей сақтауға жол беріледі. Оларды үсті-үстіне қойып сақтауға жол берілмейді.

181 181. Ыдыс жууға арналған щеткалар мен шүберекті пайдаланғаннан кейін тазартады, жуу құралдарын қоса отырып, +450С төмен емес температурада ыстық суға батырып қояды, дезинфекциялайды (немесе 15 минут қайнатады), ағынды сумен шаяды, кептіреді және арнайы ыдыста сақтайды.

182 182. Күрделі жинауды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша айына бір рет (қабырғаларды, жабдықты, әйнектің ішкі беттерін, жарықтандыру аппаратурасын, ас үй және асхана ыдыстарын, ыдысты және мүкәммалды жуу) жүргізеді.

183

183. Ақ және қара нан бөлек (әр түрлі сөрелерде сақтауға жол беріледі) желдетуге арналған есігінде саңылауы бар шкафта сақталады, төменгі сөренің еденнен қашықтығы кемінде 35 см болады. Шкафтардың сөрелерін нанның ұнтағынан арнайы щеткалармен тазартады және 1%-дық асханалық сірке су ерітіндісін қолдана отырып, шүберекпен сүртеді.

184 184. Тамақ қалдықтарына арналған таңбаланған ("тамақ қалдықтары") ыдыстардың қақпағы болады, арнайы бөлінген орында сақтайды және олардың 2/3 көлемі толуына байланысты қалдықтардан босатылады, жуу құралының ерітіндісімен жуады.

185 185. Тамақ қалдықтарын ас блогының тарату немесе өндірістік үй-жайлары арқылы шығаруға жол берілмейді.

186 186. Тамақ ішу арасындағы аралық 3,5 – 4 сағаттан аспауы тиіс.

187

187. Оқушылар мен тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде балаларды тамақтандыру нормалары ("брутто" массасында) "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен регламенттелген.

188

188. Жалпы білім беретін және интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да перспективалы маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады. Ыстық тағамның мәзірінде жеке тамақ ішу (таңертеңгі ас, түскі ас, бесіндік ас, кешкі ас) бойынша ыстық тамақты, аспаздық, ұннан жасалған, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін бөлу көзделеді.
Мәзір дайындау кезінде оқушылардың жалпы білім беру ұйымдарында болу ұзақтығы, жас санаты және білім алушылардың физикалық жүктемесі, сонымен қатар ұлттық дәстүрлер және аймақта өндірілген отандық өнімдердің түрлері ескеріледі. Балалар және жасөспірімдерді тамақтандыру рационында витаминдік-минералдық кешенмен байытылған өнімдер ескеріледі.

189

189. Жалпы білім беретін ұйымдарда бірінші ауысымдағы оқушылар үшін 1-2 рет тамақтандыру – екінші таңғы ас немесе екінші таңғы ас пен түскі ас, 2-ауысымдағы оқушылар үшін – бесіндік, ұзартылған күн тобы үшін екінші таңғы ас, түскі ас және бесіндік ас көзделеді. Балалар тәулік бойы болатын кезде кемінде 5 рет тамақтану көзделеді.

190

190. Шығарылатын өнімнің перспективалы мәзірі және ассортимент тізбесі ас блогын пайдалануға беру кезінде, одан әрі қайта жаңарту жүргізілгеннен кейін, ас блогының бейіні немесе өндірістік процесі өзгерген кезде, сондай-ақ бұрын бекітілген ассортиментке өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствасымен келісіледі.

191

191. Балалар мен жасөспірімдер тәулік бойы болатын ұйымдарда (интернаттық ұйымдар, жетім балалар мен ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО), сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді бюджет негізінде тамақтандыруды іске асыратын ұйымдарда күн сайын тамақтанатын балалар мен жасөспірімдердің саны көрсетілген мәзір-тарату парағы, жас ерекшелігіне, сондай-ақ әрбір тағам бойынша өнімдердің шығыстарына байланысты порцияның массасын граммен көрсете отырып ("брутто" салмағында) тағам тізбесі жасалады.
Жас ерекшелігіне байланысты граммға шаққандағы порциялардың ұсынылатын массасы осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген.

192 192. Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы мәзірге сәйкес келуі тиіс. Осы санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өнімдерді алмастыруға жол беріледі.

193

193. Тамақ дайындау тағамға кіретін өнімдердің тізбесі, олардың граммдағы массасы ("брутто"), салмағы "нетто", дайын тағам (тағамның шығысы), химиялық құрамы (граммен), құнарлығы, тағамды дайындау технологиясы туралы мәліметтер көрсетілген технологиялық карталарға сәйкес тағамдар картотекасын пайдалана отырып жүргізілуі тиіс.

194 194. Мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде немесе келесі 2 – 3 күнде қайталауға жол берілмейді.

195 195. Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер және қант қосылады. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, тауық еті 2 – 7 күнде 1 рет қосылады.

196

196. Балалар мен жасөспірімдердің тәулік бойы болатын объектілерінде таңғы ас, жалпы білім беретін ұйымдардың 1-аусымындағы оқушылардың екінші таңғы асы ыстық тамақтан (бірінші және екінші) және ыстық сусыннан тұрады. Балалар және жасөспірімдердің толық физилогиялық қажеттіліктеріне сәйкес таңғы асқа сары май, ірімшік, жұмыртқа қосылған бутерброд, шырындар мен жемістер қосуға жол беріледі.
Түскі ас салат, бірінші, екінші (негізгі ыстық тамақ еттен, балық немесе тауықтан жасалады) және үшінші (компот, кисель, шай) тамақтан тұрады. Пісірілген және жас көкөністерден оңай жасалатын салаттар дайындалады. Бесінде кремсіз кондитерлік өніммен немесе тоқашпен бірге сусынды (сүт, қышқыл сүт өнімдері, кисель, шырын) ас мәзіріне қосады.
Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан; негізгі екінші тамақтан (ет, балық немесе тауық), сусыннан (шай, шырын, кисель) тұрады. Екінші кешкі ас ретінде қосымша жеміс-жидектерді немесе қышқыл сүт өнімдерін және кремсіз кондитерлік өнімдерді немесе тоқаштарды қосады.

197

197. Тамақтану залында білім беретін мекеменің басшысы бекіткен, тамақтардың атауы, рецептуралар жинақтарына сәйкес сілтемесі бар рецептураға әрбір тағамның шығуы мен құнарлығы көрсетілетін мәзір күн сайын ілінуге тиіс. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларына сәйкес келулері тиіс.

198 198. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаның 1-нысанына сәйкес деректерді тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатының бракераж журналына кіргізе отырып, олардың сапасы және қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.

Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар қоғамдық тамақтандыру ұйымында сақталады.

199 199. Тамақ өнімдерін тасымалдау санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар автокөлікпен жүргізіледі. Экспедитордың арнайы киімі болуы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық тексеріп-қараудан өтуге тиіс.

200

200. Тамақ өнімдерін сатып алатын орындар білім беретін ұйымдардан кемінде 500 метрден аспайтын радиуста орналасқан кезде өнімдерді қол жүгімен жеткізуге жол беріледі (50 отыратын орыннан аспайтын). Тасымалдау кезінде жеткізілетін өнімнің бұзылуы мен ластануын болдырмайтын жағдай қамтамасыз етілуі тиіс.

201

201. Балалар мен жасөспірімдер тағамына көрсетілген өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер нәтижелері болған кезде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы ұйымдарда, білім беру ұйымдарындағы оқу-тәжірибелік және бақша учаскелерінде, жылыжайларда өсірілген өсімдіктен алынған азық-түлік шикізатын пайдалануға жол беріледі.

202 202. Ас блогы үй-жайларына балалар мен жасөспірімдердің кіруіне және оларды тағамдар дайындаумен, көкөністі тазалаумен, дайын тамақты таратумен, нан кесумен, ыдыс жуумен, өндірістік үй-жайларды тазалаумен байланысты жұмыстарға тартуға жол берілмейді.

203 203. Шикі өнімдерді (тазаланбаған көкөністі, етті, балықты) өңдеу үшін бөлек жуғыш ванналар көзделеді. Осы мақсаттар үшін ас үй немесе асхана ыдыстарын жууға арналған ванналарды, қол жууға арналған қолжуғышты пайдалануға жол берілмейді.

204 204. Балықты өндірістік үстелдерде немесе 1 литр суға 7 – 10 г есебімен тұз қоса отырып, +120С-тан аспайтын температурадағы суда жібітеді. Бекіре тұқымдас балықты және жон етін суда еріту ұсынылмайды.

205 205. Ет, жартылай фабрикаттар, балық және басқа да өнімдер екінші рет мұздатылмайды және бірінші өңдеуден кейін жылы өңдеуден өтеді. Жібітілген өнімді сақтауға жол берілмейді.

206 206. Жұмыртқалар өңдеуді таңбаланған ыдыста жүргізеді. Жұмыртқаларды өңдеу олар ерітіндіге толық батырылған жағдайда, мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1 1) өңдеу - кальцийленген соданың 1 – 2%-дық жылы ерітіндісінде;

2 2) өңдеу - кемінде 5 минут бойы ағынды сумен шаю.

207 207. Консервіленген өнімдердің жеке қаптамасын ашу алдында ағынды сумен шаяды.

208 208. Сусындарды құю тікелей тұтынушының ыдысына (стақандарға, бокалдарға) жүзеге асырылады, тарату алдында ортақ ыдысқа құюға жол берілмейді.

209 209. Тазартылған түрде пісіруге жататын тағамдарда, көкөністерде витаминдердің сақталуын қамтамасыз ету үшін тікелей қайнату алдында тазалайды және тұзды суда қайнатады (қызылшадан басқасын).

210 210. Тазартылған картопты және басқа да көкөністерді 2 сағаттан артық салқын суда ұзақ ұстап, алдын ала дайындауға жол берілмейді. Салатқа арнап пісірілген көкөністер + 2 – 40С температурада 6 сағаттан асырмай тоңазытқышта сақталуы тиіс.

211

211. Салат дайындауға арналған шикі көкөністер мен аскөкті кейіннен термиялық өңдеуден өткізбей, 3%-дық сірке су қышқылы ерітіндісінде немесе кейіннен салқындатылған қайнаған сумен шаю арқылы 10 минут бойы 10%-дық ас тұзы ерітіндісінде ұстайды. Бөлшектеу "ПК" деген таңбасы бар үстелдерде және тақтайларда дайын өнімдер цехында жүргізіледі.

212 212. Аспаздық дайындыққа дейін жеткізілген тамақ өнімі немесе өнімдердің қосындысы болып табылатын аспаздық өнімдерді дайындау кезінде мынадай талаптар сақталады:

1 1) піскен еттен, тауық етінен, балықтан жасалған екінші тағамдарды дайындау кезінде немесе бірінші тағамға піскен етті (тауықты) жіберген кезде порциялық ет 5 – 7 минут бойы сорпада екінші рет қайнатылады;

2 2) бірінші тағамға арналған порцияланған етті таратуға дейін ыстық плитада немесе мармитте 1 сағаттан асырмай сорпада сақтауға жол беріледі;

3 3) тағам құрамына кіретін ингредиенттерді араластыру кезінде өнімге қолды тигізбей, асхана мүкәммалын пайдаланады;

4 4) гарнирлерді және басқа да тағамдарды тұздық қатықтауға пайдаланылатын сары май мен сүтті алдын ала термиялық өңдеуден (еріту және қайнату) өткізеді;

5 5) жұмыртқаны су қайнағаннан кейін 10 минут бойы пісіреді;

6

6) рецептурасына жұмыртқа кіретін омлеттерді және пісірмелерді қуыру шкафында, омлеттерді – +180 – 2000С температурада 8 – 10 минут бойы 2,5 – 3 см қабатпен; пісірмелерді – +220 – 2800С температурада 20 – 30 минут бойы 3 – 4 см аспайтын қабатпен дайындайды; жұмыртқа массасын сақтау +2 – 40С температурада 30 минуттан асырмай жүзеге асырылады;

7 7) пісірілген шұжықтарды, қысқа шұжықтарды және сосискаларды су қайнаған соң кемінде 5 минут пісіреді;

8 8) тартылған еттен немесе балықтан жасалатын котлеттерді, биточкаларды 10 минут бойы екі жағынан қуырады және +220 – 2500С температурада дайын болғанға дейін духовка шкафында қуырады.

213 213. Кеспе бұйымдарын қайнаған тұзды суға салады және дайын болғанша пісіреді. Дайын кеспе бұйымдарын қайнаған ыстық сумен шаяды.

214 214. Бұршақ өнімдерін жуады және 3 – 4 сағат бойы суға салып қояды, бөрткеннен кейін суын төгеді және басқа суда қайнатады.

215 215. Тамақ дайындау кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс:

1 1) шикі және піскен өнімдерді өңдеуді тиісті таңбаланған бөлшектеу мүкәммалын пайдалана отырып, әртүрлі үстелдерде жүргізеді;

2 2) ет-сүйек сорпасын сүзіп алады;

3 3) салатқа арналған шикі көкөністерді "ПК" – піскен көкөністер деген таңбасы бар үстелдерде және тақтайларда өңдейді және турайды;

4 4) шикі және піскен өнімдер үшін бөлек кемінде екі еттартқыштың болуы;

5 5) ашыған сүтті тек қамыр дайындауға қолданады;

6 6) сүт өңдеу ұйымдары ұсақ орамаларда шығарған қаймақ және сүзбе арнайы термиялық өңдеуді қажет етпейді.

216 216. Балалар мен жасөспірімдер тәулік бойы болатын ұйымдарда гиповитаминоздың алдын алу және спецификалық емес иммунитетті жоғарылату мақсатында салқындатылған сусындарға (компотқа, кисельге) аскорбин қышқылымен жасанды витаминдеу жүргізіледі.

217

217. Компоттарды оларды өткізуден бұрын +150С-тан аспайтын температураға дейін салқындатқаннан кейін витаминдейді, кисельге аскорбин қышқылының ерітіндісін +30 – 350С температураға дейін салқындатқан кезде қосады да, артынан араластырып, өткізу температурасына дейін салқындатады. Аскорбин қышқылымен витаминдеу тәуліктік орташа қажеттіліктің 35% есебінен осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаның 2-нысанына сәйкес "С-витаминдеу" журналына деректерді енгізу арқылы жүргізеді. "С" витаминінің бір порцияда болуы: мектеп жасына дейінгі балалар үшін – 20 мг, мектеп жасындағыларға – 25 мг. Витаминделген тағамдар жылытылмайды.

218

218. Дайын бірінші және екінші тағам дайындалған сәттен бастап мармитте немесе ыстық плитада кемінде 2 сағат не изотермиялық ыдыста (термоста) – тарату температурасынан төмен емес температураны қамтамасыз ететін уақыт ішінде, бірақ 2 сағаттан асырмай болуы мүмкін. Тарату температурасынан төмен, суып қалған дайын ыстық тамақты ысытуға жол берілмейді.

219 219. Салаттарды және олардың тұздығын дайындау тікелей тарату алдында жүзеге асырылады. Тұздық қатқан салаттарды сақтауға жол берілмейді.

220 220. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары өндірушінің (дайындаушының) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді.

221 221. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау төмен температуралы тоңазытқыш қондырғыларында (- 300С- дейін) және +2 – 60С температурада тоңазытқыш камераларында немесе тоңазытқыштарда жүзеге асырылады.

Тоңазытқыш және тоңазытқыш камераларында температураны бақылау үшін термометрлер орнатылады. Сынап термометрлерін пайдалануға жол берілмейді.
Бір тоңазытқыш камерасы болған жағдайда, ет, балық және сүт өнімдерін сақтау орындары шектеледі.

222 222. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтану ұйымдарында:

1 1) мыналарды:

айран, сүзбе және басқа да қышқыл сүт өнімдерін;
туралған ет қосылған құймақтарды;
флотша макаронды;
зельцтерді, форшмактарды, сілікпелерді, паштеттерді;
кремі бар кондитерлік өнімдерді;
морстарды, квастарды;
фритюрде қуырылған өнімдерді;
шала пісірілген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны;
күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды, қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
окрошканы;
саңырауқұлақты;
үйде дайындалған өнімдерді;
тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
газдалған және ішімдіксіз энергетикалық сусындарды (минералды және ауызсудан басқа);
чипсилер, кептірілген нан, гамбургерлер, ход-догтарды;
ащы тұздықтар, кетчуптарды;
сағыздарды дайындауға және өткізуге;

2 2) мыналарды:

пастерленбеген сүтті, қайнатылмаған немесе термиялық өңдеусіз сүзбені және қаймақты;
суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;
алдында ішкен тамақтарды, сондай-ақ алдында дайындалған тамақты;
ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;
тіл, жүрек және бауырды қоспағанда ішек-қарынды;
салқындатылғаннан басқа құс етін, механикалық түрде еті сылынып алынған және өнім өндіруге арналған құрамында коллагені бар тауық етінің шикізатын;
генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) генетикалық түрлендіру көздері бар шиізаттарды;
йодталмаған тұзды және жоғарғы және бірінші сортты құрамында темірі бар минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) ұнды пайдалануға жол берілмейді.

223 223. Жалпы білім беру, интернат ұйымдарында, КББО-да, жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған және дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарында, ТжКБ-да тамақ өнімдерін сататын автоматтарды орнатуға жол берілмейді.

224 224. Жаппай сауықтыру емшаралары ретінде оттегі коктейльдерін өткізуге жол берілмейді.

225 225. Ас блогында ұйымның медицина қызметкері немесе жауапты адамы осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаның 3-нысанына сәйкес дайын тамақтың сапасын бақылау (бракераж) журналына жазба енгізу арқылы дайын тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.

Жалпы білім беру, интернаттық ұйымдар, жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған және дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдары, КББО ас блоктарында дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді. Бракераж комиссиясының құрамы міндетті түрде ұйымдағы медицина қызметкерін, обьект әкімшілігінің өкілін, өндіріс меңгерушісін және ата-аналар комитетінің өкілін кіргізе отырып обьект басшысының бұйрығымен айқындалады.

226

226. Күн сайын ас блогында аспазшы дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдыруы тиіс. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа (гарнирді бөлек ыдысқа салады) толық көлемде алады және +20С-тан +60С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтайды. Тәуліктік сынама келесі күні немесе демалыстан кейінгі (демалыс күндерінің санына қарамастан) күні дайындалатын тағаммен – таңғы аспен, түскі аспен, бесін немесе кешкі аспен ауыстырғанға дейін сақталуы тиіс.

227 227. Білім беру обьектілерінің қоғамдық тамақтану обьектілерінде шығарылатын өнімдердің қауіпсіздігі құрал-саймандық және (немесе) зертханалық зерттеуді қоса алғанда, өндірістік бақылау жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

9 9. Персоналды гигиеналық тәрбиелеуге (жеке гигиенаға) қойылатын талаптар

228 228. Объектілерде персоналдың жеке гигиена қағидаларын сақтауына жағдай жасалуы тиіс. Қол жуу үшін араластырғышы бар ыстық және салқын су келтірілген, сабын және жеке немесе бір рет қолданылатын сүлгі орнатуға арналған құрылғымен жабдықталған қол жуатын қолжуғыштар орналастырылады.

229 229. Персоналдың арнайы киімін жуу кір жуатын ұйымда (бар болғанда) немесе өзге де кір жуатын орында жүргізілуі тиіс.

230 230. Ас блогының қызметкерлері кемінде үш арнайы киім жиынымен (халат немесе шалбары бар кеудеше, бас киім) және қажетті жеке гигиена қағидаларын сақтау жағдайларымен қамтамасыз етіледі. Ас блогының қызметкерлері мынадай жеке гигиена қағидаларын орындайды:

1 1) жұмыс басталар алдында сырт киімді шкафқа салады, қолдарын сабынмен және щеткамен мұқият жуады;

2 2) таза арнайы киімде жұмыс істейді, шаштарын орамалдың немесе қалпақтың астына жинайды;

3 3) жұмыс процесінде сақина, алқа, сағат және басқа да сынатын заттарды шешіп қояды;

4 4) ас блогынан шығатын жерде дәретханаға барған кезде арнайы киімді шешеді, асханаға қайтып келгенде қолды ыстық сумен, сабынмен және щеткамен мұқият жуады, содан кейін арнайы киімді киеді.

Ұзын тырнақ өсіруге және оны лакпен бояуға, арнайы киімді түйреуішпен түйреуге жол берілмейді.

231 231. Суық тию немесе асқазан-ішек бұзылу белгілері, іріңдеу, тіліктер, күйіктер пайда болған кезде қызметкер бұл туралы әкімшілікке хабарлайды және медициналық көмекке жүгінеді, сондай-ақ отбасындағы барлық ішек инфекцияларымен сырқаттану жағдайлары туралы хабарлайды.

232 232. Қызметкерде ішек инфекциясы, іріңді тері аурулары, жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуы, күйіп қалу немесе кесіп алу жағдайлары болса, уақытша жұмыстан шеттетіледі және тиісті тексеру және дәрігердің қорытындысы бойынша медициналық бақылау тексерісінен өткізілгеннен кейін жұмысқа жіберіледі.

233 233. Аспаздың тиісті кәсіби біліктілігі болу керек.

10 10. Оқыту және өндірістік практика жағдайларына, мектеп оқулықтарын шығаруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

234

234. Жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының топтарын (сыныптарын) толықтыру осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес қабылданады. Жалпы білім беру обьектілерінде мектепалды сыныптарын (топтарын) ұйымдастыруға жол беріледі. Мектепалды сыныптардың балаларына арналған күн тәртібі осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қабылданады.
Балалар және жасөспірімдер тәулік бойы болатын ұйымдардағы, интернат ұйымдарындағы, КББО, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, жалпы білім беру ұйымдарының ұзартылған күн тобындағы күндізгі серуеннің ұзақтығы кемінде 1,5 – 2 сағатты, кешке кемінде 2 сағатты құрауы тиіс.

235

235. Жалпы білім беретін ұйымдардағы сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда бірте-бірте оқу жүктемесін арттыра отырып, оқу сабақтарының "сатылы" режимін пайдаланады. Қыркүйекте 35 минуттан 3 сабақ; екінші тоқсаннан бастап әрқайсысы 35 минуттан 4 сабақ; екінші жартыжылдықтан бастап сабақтар 45 минуттан жоспарланады. Еңбек сабағынан басқа біріккен сабақтарға жол берілмейді. Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық демалыстар болуы тиіс.

236 236. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан, оқушылардың негізгі (инвариантты) оқу жүктемесі бастауыш мектепте кемінде бес сабақты және негізгі мектепте кемінде алты сабақты құрайды.

Жалпы білім беретін ұйымдардағы оқу жүктемесінің нормалары осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес келеді.

237 237. Сабақ кестесін құрған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушылардың ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескерілуге тиіс және осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес қиындық бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады.

238

238. Апта ішіндегі жоғары сынып оқушыларына арналған оқу жүктемесі сейсенбі және (немесе) сәрсенбі күндеріне оның барынша көп көлемі келетіндей; кіші және орта сынып оқушылары үшін сейсенбі мен бейсенбіге келетіндей бөледі. Осы күндері сабақ кестесіне ең қиын немесе орташа және жеңіл пәндерді қояды және қалған күндерге қарағанда пәндердің саны да көбірек болады. Сәрсенбіде кіші және орта сынып оқушылары үшін жеңілдетілген күн көзделеді. Бір күн ішіндегі баллдың ең аз саны дүйсенбі және сенбі күндеріне келуі тиіс.

239 239. Сабақтардың кестесі міндетті және факультативті сабақтар үшін бөлек құрастырылады. Факультативті сабақтарды міндетті сабақтар санының барынша аз саны бар күндері жоспарланады. Факультативті және міндетті сабақтың соңғы сабағының басталуы арасындағы үзілістің ұзақтығы 40 минутты құрайды.

240

240. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді. 5 – 9-сынып оқушылары үшін қосарланған сабақтар тек зертханалық, бақылау жұмыстарын, еңбек сабақтарын, мақсатты (шаңғы тебу, жүзу) дене шынықтыру сабақтарын өткізу үшін жол беріледі. 10 – 11(12)-сыныптарда қосарланған сабақтарды негізгі және салалық пәндер бойынша өткізуге жол беріледі.

241

241. Жалпы білім беретін барлық түрдегі ұйымдардың оқушыларына арналған сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 10 минут, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтан кейін әрқайсысы 20 минуттан 2 үзіліс жасауға жол беріледі. Үзілістер кезінде таза ауа барынша көп пайдаланылған жағдайда, қозғалыс ойындары жасалады.
Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.

242

242. Пән оқытушысы сынып журналына деректерді енгізіп, үй тапсырмаларын орындау мүмкіндігін ескере отырып, оқушыларға үй тапсырмаларын береді. Үй тапсырмаларын орындау үшін ұсынылатын уақыт (астрономиялық сағатпен): 2-3 сыныптарда – 1,5 сағаттан асырмау, 4-5 сыныптарда – 2 сағаттан асырмау, 6-8 сыныптарда – 2,5 сағаттан асырмау, 9-11 сыныптарда – 3 сағаттан асырмау.

243 243. Мектепалды сыныптардағы сабақтардың барынша көп рұқсат етілген саны ұзақтығы 25 – 30 минуттан төрт сабақтан аспайды. Сабақтар арасындағы үзілістер кемінде 10 минут болуға тиіс.

244

244. Жазғы демалыс кезінде жалпы білім беретін ұйымдар жанында дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбиелік қызметті және балалар мен жасөспірімдердің мәдени бос уақытын өткізуді жүзеге асыратын мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңдарды) ұйымдастыруға жол беріледі. Мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеп тұрған кезде тамақтануды және күндізгі ұйқыны ұйымдастыруға жол беріледі. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде осы Қағидалардың талаптары ескеріледі. Күндізгі ұйқыны ұйымдастыру кезінде 1 балаға кемінде 4 м2 есебімен жатын үй-жайы бөлінеді, жеке кереуеттер (жазылатын кереуеттер) орнатылады, жеке төсек жабдықтары (жайма, жастық тыс, көрпе тыс) және кемінде 2 сүлгі (аяққа және қолға арналған) көзделеді.

245

245. Тірек мектебіндегі (ресурстық орталықта) оқу-тәрбиелеу процесі бірыңғай оқу жоспарының негізінде жүзеге асырылады және магниттік шағын жинақталған мектеп оқушылары үшін ұзақтығы он күн оқу сессиясын жүргізу енгізіледі (бағытты – қазанның бірінші он күндігінде, аралық – ақпанның бірінші он күндігінде, қорытынды – сәуірдің үшінші он күндігінде). Сессия аралық кезеңде қашықтықтан оқыту жүзеге асырылады.

246 246. Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғарғы кәсіби білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру обьектілеріндегі оқу жүктемесі белгіленген білім беру стандарттарынан асып кетпеуі тиіс.

Осы Санитариялық қағидалардың жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу режиміне қойылатын талаптарына сәйкес, сондай-ақ ұйымның ерекшелігіне және бейініне сәйкес арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиені және оқу сабақтарын ұйымдастыру көзделеді.

247

247. Бір сарынды еңбек кезінде (конвейерлік өндіріс, ұсақ бұйымдарды жинау және басқалары) жұмыстың әрбір 50 минутынан кейін 10 минуттық үзіліс сақталуы тиіс; жұмысқа дейін және әрбір 2 сағат сайын өндірістік гимнастика жүргізіледі (7 – 8 минут). Станокта жұмыс істейтін тоқыма өндірісі мамандықтары үшін жұмыстың 3 – 3,5 сағатынан кейін 40 – 50 минуттық үзіліс жасалады.

248 248. Өндірістік оқу оқу-тәрбиелеу процесінің графигіне сәйкес жүргізіледі. Оқушылардың технологиялық жабдықтарды жөндеуіне жол берілмейді.

249 249. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт объектілерінде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық пункттер көзделеді.

Спорт және дене шынықтыру сабақтарында оқушылар спорт киімімен келіп, спорттық аяқ киімін киюлері тиіс.

250 250. Объектілерде құс, аң және балық асырайтын тірі табиғат бұрышын ұйымдастырған кезде ветеринариялық ілеспе құжаты болуы қажет.

11 11. Объектілердегі медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

251 251. Білім беру объектілерінде оқушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.

Медицина қызметкері болмаған кезде медициналық қамтамасыз етуді аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы жүзеге асырады.

252 252. Бейімделген, ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарда, көп пәтерлі тұрғын үйдің 1-ші қабатында, жеке үй иелігінде орналасқан ұйымның медициналық үй-жайларының жиыны мен ауданы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.

253

253. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына, КТББО-ға, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарына жаңа түскен балалар үшін ойын бөлмесінде бір балаға ауданы 2,5 м2, жатын бөлмесі – 1,8 м2, дәретхана – 0,8 м2 болатын карантиндік бөлімше көзделуі тиіс.

254

254. Жалпы білім беру және интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КТББО-да медициналық пункттегі үй-жайлардың ең аз жиыны ауданы кемінде 18 м2 болатын дәрігер бөлмесін, ауданы кемінде 14 м2 болатын емшара жасау бөлмесін қамтиды. Интернат ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдары, КТББО үшін қосымша изолятор көзделеді.

255 255. Изолятор палаталары өтпелі болмауы тиіс, олардың арасында 1,2 м биіктікте әйнектелген қалқа құрылғысы арқылы медициналық кабинетпен жапсарлас орналасуы тиіс. Изолятор палаталарындағы 1 орынға ауданы кемінде 6 м2 қабылданады.

256 256. Оқущылар аз уақыт болатын білім беру мекемелерінде, сондай-ақ мектептен тыс білім беру ұйымдарында медициналық кабинет көзделмейді.

257 257. Емшара бөлмесінде алдын алу екпесін жүргізуге жол беріледі. Медициналық емшаралар мен алдын алу екпелерін бір мезгілде өткізуге рұқсат етілмейді.

258 258. Ауылдық елді мекендердегі медициналық пункттің қажетті үй-жайлар жиыны болмаған кезде ауданы кемінде 12 м2 болатын бөлме жабдықталады.

259 259. ТКБ, ЖОО-да медициналық үй-жайларды жатақханалар мен оқу корпустары жанында орналастырады, мұнда әрқайсының ауданы кемінде 18 м2 болатын дәрігер, емшара кабинеті көзделеді. Жатақханаларда изолятор көзделеді.

260 260. Арнайы білім беретін ұйымдарда ұйымның бейініне қарай қосымша арнайы медициналық үй-жайлар қарастырылады.

261 261. Арнайы жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде физиотерапиялық кабинет, емдік дене шынықтыру, логопед кабинеттері немесе залдары және сырқаттың бейіні бойынша басқа да үй-жайлар көзделеді.

262 262. Медициналық кабинеттің жабдықталуына арналған медициналық жабдықтар мен құрал-саймандардың тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 13-қосымшада белгіленген.

263 263. Аурудың созылмалы түрі, қатер факторлары, сондай-ақ профилактикалық медициналық тексерулер кезінде анықталған және (немесе) жекелеген жіті аурулармен ауырған студенттер, оқушылар және тәрбиеленушілер диспансерлік есепке алынады және кейіннен сауықтыру арқылы бақылауға алынады;

264 264. Емдеу-профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын медицина персоналы жүргізеді. Обьектілерде балалардың денсаулығын нығайтуға, сырқаттанушылығын төмендетуге және денсаулықтарын нығайтуға бағытталған кешенді сауықтыру іс-шараларының жоспары жасалады.

265 265. Мектептен тыс ұйымдардан басқа объектілерде балалар мен жасөспірімдерге профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі. Объектілердің балалары, жасөспірімдері және персоналы профилактикалық егулер алуы тиіс.

266 266. Объектілердің медицина қызметкерлері мен әкімшілігі:

1 1) оқушылар мен тәрбиеленушілердің сырқаттанушылығының статистикалық есебін жүргізеді;

2 2) балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және жақсарту, олардың арасында сырқаттанушылықты төмендету бойынша іс-шараларды жыл сайын жоспарлайды;

3 3) созылмалы ауруы бар балаларды уақтылы диспансерлеуді ұйымдастырады және бақылайды;

4 4) тереңдетілген медициналық тексеру нәтижелері бойынша динамикалық бақылау тобын (денсаулық топтары), дене бітімінің даму деңгейін, дене шынықтыру сабақтары үшін медициналық топтарды айқындайды;

5 5) емдеу-сауықтыру жұмысын жүргізеді (оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын жүйелі түрде бақылау, күн сайын амбулаториялық қабылдау, шынықтырудан және сауықтырудан өту т.б.);

6

6) жыл сайын сырқаттанушылыққа талдау жүргізеді (интернат ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдары, КТББО-да – тоқсан сайын) және оқушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы, ұйымдағы санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелерін іс-шаралар жоспарын бекіте отырып, педагогикалық кеңес және ректораттар отырыстарына шығарады;

7 7) ұйым қызметкерлерінің профилактикалық медициналық тексеруден уақтылы өтуін бақылауды және осы Санитариялық қағидаларға 14-қосымшаның нысанына сәйкес журналға тіркей отырып, ас блогы қызметкерлерінің денсаулығына күн сайын бақылауды жүзеге асырады;

8

8) тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне сырқаттанушылық, профилактикалық медициналық тексеруді өткізу, денсаулық жағдайы бойынша оқушыларды (тәрбиеленушілерді) бөлу (денсаулық тобы), дене тәрбиесі топтары, диспансерлік бақылау және жүргізілген сауықтыру бойынша есептерді жыл сайын және сұратуға байланысты ұсынады;

9 9) балалардың тамақтануының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырады: келіп түскен тағам өнімдерінің сапасы, оларды сақтау мерзімдері мен жағдайлары, дайындалу технологиясы, дайын тағамның сапасы, ас блогының ұсталуы;

Балалар тәулік бойы болатын ұйымдарда (интернат ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру ұйымдары, КТББО), сонымен қатар осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаның 4-нысанына сәйкес бюджеттік негізде балалар мен жасөспірімдерді тамақтандыруды ұйымдастыратын обьектілерде ай сайын онкүндікте тамақтануға және кейіннен бақылау ведомосын түзете отырып, жекелеген өнімдер бойынша тәуліктік нормалардың орындалуына талдау жүргізеді. 10 күн ішінде тамақтану нормасының орындалуын қамтамасыз ете отырып, күні бойы нормадан 5% асырмай ауытқуға жол беріледі;

10 10) балалар мен жасөспірімдердің жеке гигиена ережесін сақтай отырып, дене тәрбиесіне жүйелі бақылауды жүзеге асырады.

267 267. Білім беру ұйымдарына түсетін балалар мен жасөспірімдер медициналық тексеруден өтеді және денсаулық жағдайы туралы анықтама тапсырады.

268 268. Медициналық кабинеттерде жабдықтар мен мүкәммалды нұсқаулыққа сәйкес, белгіленген тәртіпте қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялаушы құралдармен санитариялық-дезинфекциялық өңдеуден өткізеді.

269 269. Балалар немесе персонал арасында инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда, ұйым басшылығы, оның персоналы және медицина қызметкерлері эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді.

270 270. Ұйымда осы Санитариялық қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес есепке алу-есеп беру құжаттамасы жүргізіледі.

271 271. Ұйымдардың персоналы медициналық тексеруден және гигиеналық оқудан өтеді. Қызметкерлердің жеке медициналық кітапшасының болуы және жұмысқа рұқсат белгісі қойылған болуы керек.

1 Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде жүргізілетін зертханалық-аспаптық зерттеулер

"Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар"
са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­ры­на
1-қо­сым­ша
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде жүргізілетін зертханалық-аспаптық зерттеулер
Кесте
Зерт­теу түр­ле­рі
Зерт­теу ке­зең­ді­лі­гі
Өл­шеу неме­се сы­на­ма алу ор­ны
1
2
3
1. Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу
Тем­пе­ра­ту­ра, ауа­ның са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лы­ғы, ауа қоз­ға­лы­сы­ның жыл­дамды­ғы
Ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен пай­да­ла­ну­ға бер­ген кез­де
Қа­был­дау бөл­ме­ле­рі, жа­тын, оқу үй-жай­ла­ры, ше­бер­ха­на­лар, спорт және му­зы­ка зал­да­ры, ме­ди­ци­на­лық ка­би­нет­тер, де­ма­лу­ға және ұй­ық­та­у­ға ар­нал­ған үй-жай­лар, сы­нып­тар
2. Ауа ор­та­сын зерт­теу
Жа­бық үй-жай­лар­дың ауа­сын зерт­теу (ин­гре­ди­ент­тер ны­сан­ның бей­і­ні мен үй-жай­лар­дың мақ­са­ты­на қа­рай ай­қын­да­ла­ды)
Ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Үй-жай­лар
Кө­мір­те­гі то­тығ­ы­ның бо­луы
Ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Пе­шпен неме­се ав­то­ном­ды, элек­тр­сіз жы­лы­ты­ла­тын ұй­ым­дар­да­ғы оқу үй-жай­ла­ры, зерт­ха­на­лар, спорт зал­да­ры, де­ма­лу­ға және ұй­ық­та­у­ға ар­нал­ған үй-жай­лар
Құ­ры­лыс және әр­леу ма­те­ри­ал­да­рын ток­си­ко­ло­ги­я­лық және ра­дио­ло­ги­я­лық зерт­те­улер
Ал­дын ала са­ни­та­ри­я­лық қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен және көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша
Са­лы­нып жа­тқан, қай­та құ­ры­лып жа­тқан объ­ек­ті­лер­де, күр­де­лі жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу және пай­да­ла­ну­ға бе­ру ке­зін­де
Жел­де­ту­дің ти­ім­ді­лі­гін зерт­теу
Пай­да­ла­ну­ға бе­ру ке­зін­де және көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша
Зерт­ха­на­лар, хи­мия ка­би­не­ті, спорт зал­да­ры, ше­бер­ха­на­лар, ас бло­гы
3. Өнім­дер­ді, дай­ын та­ғам­дар­ды және та­мақ­та­ну ра­ци­он­да­рын зерт­теу
Же­ке ком­по­нент­тер­ді қо­су то­лық­тығ­ын анық­тау
Ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Жал­пы бі­лім бе­ре­тін ұй­ым­дар­дың, ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер тәу­лік бойы бо­ла­тын ұй­ым­дар­дың, же­тім ба­ла­лар мен ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған ба­ла­лар­ға ар­нал­ған ұй­ым­дар­дың ас бл­ок­та­ры, бюд­жет­тік негіз­де­гі ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер­ге та­мақ­та­ну­ды ұй­ым­да­сты­ра­тын обьек­ті­лер­дің қа­зан­дық­та­ры­нан неме­се та­ра­ту же­лі­сі­нен сы­на­ма алу
"С" ви­та­ми­ні­нің бо­луы
Ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер тәу­лік бойы бо­ла­тын ұй­ым­дар­да
Та­мақ өнім­де­рін, жар­ты­лай дай­ын та­мақ өнім­де­рін, дай­ын та­ғам­ды зерт­теу
Әр тек­се­ру ке­зін­де
Ас бло­гы, та­ра­ту же­лі­сі­нен, та­мақ­та­ну үсте­лі­нен, қой­ма­лар­дан сы­на­ма алу
4. Су­ды зерт­теу
Су құ­быр­ла­ры жүй­е­сі­нің суы (бак­те­рио­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық зерт­те­улер)
Ал­дын ала са­ни­та­ри­я­лық (құ­ры­лыс аяқ­тал­ған­нан, ре­кон­струк­ци­я­ла­удан, жөн­деу жұ­мыста­ры­нан кей­ін, жүй­е­де­гі апат­ты жағ­дай­лар жой­ы­л­ған­да, обьек­ті­ні пай­да­ла­ну­ға бе­ру ке­зін­де), ағым­да­ғы са­ни­та­ри­я­лық қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен.
Мау­сым ба­ста­лу ал­дын­да са­уық­ты­ру (мау­сым­дық) ұй­ым­да­рын­да
Су та­ра­ту кран­да­ры, ғи­ма­рат­қа, ас бл­ок­та­ры­на (бө­лек бл­ок­та ор­на­лас­қан кез­де) – су­дың кі­ру және шы­ғу орын­да­ры.
Таң­дау нүк­те­сі су­мен жаб­дық­тау кө­зіне сәй­кес анық­та­ла­ды.
Ыдыс­тар­ға құй­ы­л­ған ауыз су (шөл­мек­тер­де­гі су­ды қо­с­па­ған­да)
Ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Ыдыс­тар­ға құй­ы­л­ған су­ды пай­да­ла­на­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да
Құ­дық­тар­дан, кап­таж­дар­дан, ұң­ғы­ма­лар­дан, қо­ғам­дық пай­да­ла­ну бұ­лақ­та­ры­нан алын­ған су (бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер)
Пай­да­ла­ну­ға бе­ру­дің ал­дын­да, оқу жы­лы­ның ба­сын­да, ағым­да­ғы са­ни­та­ри­я­лық қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша
Құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар және бұ­лақ­тар, су та­ра­ту кран­да­ры
Шо­мы­лу­ға ар­нал­ған ашық су қой­ма­ла­рын­да­ғы су (бак­те­рио­ло­ги­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық, ра­дио­ло­ги­я­лық зерт­те­улер)
Шо­мы­лу мау­сы­мы ба­ста­лар ал­дын­да және ағым­да­ғы са­ни­та­ри­я­лық қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер­ге ар­нал­ған шо­мы­ла­тын орын­дар
Жа­бық жү­зу бас­сейн­де­рі­нен және ван­на­лар­дан алын­ған су (бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер)
Пай­да­ла­ну­ға бе­ру ке­зін­де және ағым­да­ғы са­ни­та­ри­я­лық қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Екі нүк­те­де – бас­сейн ван­на­сы­ның тай­ыз және те­рең бө­лік­те­рі­нен су­дың бе­ті­нен 25-30 см те­рең­дік­те, сүз­гі­ден кей­ін­гі су­да
5. То­пы­рақ­ты зерт­теу
Гель­минт­тер­дің бо­луы­на са­ни­та­ри­я­лық-мик­ро­био­ло­ги­я­лық және па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер
Көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша ма­мыр ай­ы­нан қыр­күй­ек ай­ы­на дей­ін ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Ой­ын алаң­да­рын­да­ғы құм­ды алаң­қай
6. Жи­һаз­дар­ды және жаб­дық­тар­ды зерт­теу
Жи­һаз­дар­дың өл­ше­мі ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер­дің жа­сы мен бой­ы­на сәй­кест­і­гі
Ағым­да­ғы са­ни­та­ри­я­лық қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Жал­пы бі­лім бе­ру обьек­ті­ле­рі, ин­тер­нат­тық ұй­ым­дар, ТЖКБ
7. Ба­ла­лар ас­сор­ти­ме­ні та­у­ар­ла­рын са­рап­тау
Бас­па­сөз ба­сы­лым­да­ры­ның са­ни­та­ри­я­лық та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
Ес­керт­пе­лі қа­да­ға­лау мен ағым­да­ғы са­ни­та­ри­я­лық қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Сиг­нал­дық да­на­лар­ды бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на са­ту­ға шы­ға­ру­дың ал­дын­да зерт­теу
Ба­ла­лар та­у­ар­ла­ры­ның түр­ле­рі (ки­ім, аяқ ки­ім, ой­ын­шық­тар, кос­ме­ти­ка­лық құ­рал­дар, кең­се та­у­ар­ла­ры, ыдыс­тар, та­за­лық құ­рал­да­ры және т.б.)
Ағым­да­ғы са­ни­та­ри­я­лық қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Ба­ла­лар та­у­ар­ла­ры­ның түр­ле­рін са­тып ала­тын ба­ла­лар және жа­сө­спі­рім­дер­ді тәр­би­е­леу және бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да
Құ­ры­лыс және әр­леу ма­те­ри­ал­да­ры
Ес­керт­пе­лі са­ни­та­ри­я­лық қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен, құ­ры­лыс, жа­ңар­ту, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу, пай­да­ла­ну­ға бе­ру ке­зін­де және көр­сет­кіш бой­ын­ша
Са­лы­нып, ре­кон­струк­ци­я­ла­нып жа­тқан обьек­ті­лер­де, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу ке­зін­де
8. Ұй­ым­дар­дың са­ни­та­ри­я­лық жағ­дай­ын ба­ға­лау ке­зін­де­гі са­ни­та­ри­я­лық-бак­те­рио­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер
Сырт­қы ор­та­дан алын­ған шай­ын­ды­лар­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық зерт­теу
Ағым­да­ғы са­ни­та­ри­я­лық қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Ас бл­ок­та­рын­да­ғы жаб­дық, бөл­шек­теу үстел­де­рі, мүк­әм­мал, ас үстел­де­рі, пер­со­нал­дың қо­лы мен ки­ім­де­рі және т.б.
Шай­ын­ды­лар­ды па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­теу
Ағым­да­ғы са­ни­та­ри­я­лық қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Ин­тер­нат­тар­да­ғы ой­ын­шық­тар мен көр­не­кі құ­рал­дар, тө­сек әб­зел­де­рі мен сүл­гі­лер;
Спорт зал­да­ры­ның, спорт мек­теп­те­рі­нің спорт жаб­дық­та­ры
Пер­со­нал­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық та­сы­мал­да­у­шы­лық­қа зерт­те-п-қа­рау
Ағым­да­ғы са­ни­та­ри­я­лық қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен және эпид­көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша
Ба­ла­лар және жа­сө­спі­рім­дер­ді тәр­би­е­леу және бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да
9. Фи­зи­ка­лық фак­тор­лар­ды зерт­теу
Элек­тро­маг­нит­тік және элек­тро­ста­ти­ка­лық өрі­стер­дің кер­не­улі­гі, ауа­ны ион­дау дең­гейі
Пай­да­ла­ну­ға бе­ру ке­зін­де, ағым­да­ғы са­ни­та­ри­я­лық қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Ком­пью­тер­лік және муль­ти­ме­ди­я­лық сы­нып­тар,
ДК-мен же­ке оқы­ту ка­би­нет­те­рі
Жа­сан­ды жа­рық­тан­ды­ру дең­гейі
Пай­да­ла­ну­ға бе­ру ке­зін­де, ағым­да­ғы са­ни­та­ри­я­лық қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Оқу үй-жай­ла­ры, зерт­ха­на­лар, ше­бер­ха­на бөл­ме­ле­рі, өзін-өзі дай­ын­дау бөл­ме­сі, оқу зал­да­ры, мед­ка­би­нет, спорт зал, ре­кре­а­ци­я­лар
Шу, ді­ріл
Пай­да­ла­ну­ға бе­ру ке­зін­де және ағым­да­ғы са­ни­та­ри­я­лық қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен
Ас бло­гы, ше­бер­ха­на­лар, жаб­дық­тар­мен ір­ге­лес тұр­ған үй-жай­лар, дер­бес ком­пью­тер­ді және бейне тер­ми­нал­ды пай­да­ла­на­тын үй-жай
10. Ра­дио­ло­ги­я­лық зерт­те­улер
То­пы­рақ­ты ра­дио­ло­ги­я­лық зерт­теу
Жер те­лі­мін бө­лу ке­зін­де және көр­сет­кіш бой­ын­ша
Жер учас­ке­сі
Обьек­ті­ні ра­дио­ло­ги­я­лық зерт­теу
Пай­да­ла­ну­ға бе­ру­дің ал­дын­да, құ­ры­лыс, жаң­ғыр­ту, жөн­деу жұ­мыста­ры аяқ­тал­ған­нан кей­ін және көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша
Зерт­теп-қа­рау обьек­ті­сі

2 Жалпы бiлiм беретiн, интернаттық ұйымдары мен ТжКБ оқу жиһазының өлшемдерi

"Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар"
са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­ры­на
2-қо­сым­ша
Жалпы бiлiм беретiн, интернаттық ұйымдары мен ТжКБ оқу жиһазының өлшемдерi
Кесте

Жиhаз­дың нө­мiрi
Оқу­шы­лар бой­ы­ның то­бы (мил­ли­метр­мен)
Оқу­шы­ға қа­ра­ған үстел жи­егiнiң еден­нен биiк­тi­гi
Таң­ба­ның түсi
Орын­дық­тың ал­дың­ғы жи­егiнiң еден­нен биiк­тi­гi
1
2
3
4
5
6
1
1
1000 – 1150
460
Қыз­ғы­лт са­ры
260
2
2
1150 – 1300
520
Күл­гiн
300
3
3
1300 – 1450
580
Са­ры
340
4
4
1450– 1600
640
Қы­зыл
380
5
5
1600 – 1750
700
Жа­сыл
420
6
6
1750 ар­тық
760
Кө­гiл­дiр
460
Ескертпе: мектептен тыс ұйымдарда жиһаздарды таңдау балалар мен жасөспірімдердің бойы мен жасына сәйкес жүргізіледі.

3 Жалпы бiлiм беретiн және интернат ұйымдарындағы оқу корпустарының санитариялық құралдарға қажеттілігі

"Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар"
са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­ры­на
3-қо­сым­ша
Жалпы бiлiм беретiн және интернат ұйымдарындағы оқу корпустарының санитариялық құралдарға қажеттілігі
1-кесте
р/с

Үй-жай
Өл­шем бір­лі­гі
Ауда­ны, ш.м.
Са­ни­та­ри­я­лық ас­пап­тар­дың
есеп­ті са­ны
1
2
3
4
5
1
Оқу­шы­лар­ға ар­нал­ған қол­жу­ғы­штар және дә­рет­ха­на­лар:
- Қы­здар­ға
бiр оқу­шы
0,15
20 қыз­ға 1 уни­таз,
30 қыз­ға 1 қол­жу­ғыш
- ұл­дар­ға
бiр оқу­шы
30 ұл­ға 1 уни­таз, 40 ұл­ға 0,5 пис­су­ар ло­то­гы, 30 ұл­ға 1 қол­жу­ғыш
2
Пер­со­нал­ға ар­нал­ған қол­жу­ғыш және дә­рет­ха­на­лар (же­ке)
2 са­ни­та­ри­я­лық то­рап
3
1 уни­таз, 1 қол­жу­ғыш
3
Әй­ел­дер­дiң же­ке ги­ги­е­на­сы ка­би­не­ті (пер­со­нал­ға ар­нал­ған)
1 ка­би­на
3
1 ги­ги­е­на­лық се­без­гі,
1 уни­таз, 1 қол­жу­ғыш
4
Жал­пы мек­теп­тік үй-жай­лар бло­гын­да акт за­лы - дә­ріс оқу бөл­ме­сі жа­нын­да­ғы дә­рет­ха­на және қол­жу­ғыш
2 са­ни­та­ри­я­лық то­рап (әй­ел­дер мен ер­лер)
1 уни­таз және 30 орын­дық за­л­ға 1 қол­жу­ғыш
5
Ки­ім ауы­сты­ра­тын спорт зал­да­ры­ның жа­нын­да­ғы дә­рет­ха­на және се­без­гі бөл­ме­сі
1 ки­ім ауы­сты­ра­тын орын
2
4
1 уни­таз, 1 қол­жу­ғыш, 2 се­без­гі то­ры
6
Ас­ха­на­да­ғы пер­со­нал­ға ар­нал­ған дә­рет­ха­на және се­без­гi бөл­ме­сі
1 са­ни­та­ри­я­лық то­рап және 1 се­без­гі ка­би­на­сы
3
1 уни­таз, 1 қол­жу­ғыш, 1 се­без­гі то­ры
7
Қы­здар­ға ар­нал­ған же­ке ги­ги­е­на ка­би­на­сы
1 ка­би­на
3
1 ги­ги­е­на­лық су се­без­гi, 1 уни­таз, бiр ка­би­на­ға 1 қол­жу­ғыш, 70 қыз­ға бiр ка­би­на
8
Ме­ди­ци­на ка­би­не­ті­нің пер­со­на­лы­на ар­нал­ған дә­рет­ха­на
1 са­ни­та­ри­я­лық то­рап
3
1 уни­таз, 1 қол­жу­ғыш.
9
Та­мақ­тан­ды­ру зал­да­ры­ның жа­нын­да­ғы қол­жу­ғы­штар:
-
- со­қыр және на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған мек­теп-ин­тер­нат­тар
1 оқу­шы
10 орын­ға 1 қол­жу­ғыш
- ақыл-есі да­мы­м­ай қал­ған ба­ла­лар­ға ар­нал­ған мек­теп-ин­тер­нат­тар
1 оқу­шы
15 орын­ға 1 қол­жу­ғыш
- жал­пы бі­лім бе­ре­тін, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­дар, са­ңы­ра­у­лар мен на­шар ести­т­ін­дер­ге, ті­рек-қоз­ға­лыс ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған­дар­ға ар­нал­ған мек­теп-ин­тер­нат­тар
1 оқу­шы
20 орын­ға 1 қол­жу­ғыш
Мектептен тыс ұйымдар үшін санитариялық құралдарға қажеттілік
2-кесте
р/с

Үй-жай
Өл­шем бір­лі­гі
Ауда­ны, ш.м.
Са­ни­та­ри­я­лық ас­пап­тар­дың есеп­ті са­ны
1
2
3
4
5
1
Оқу­шы­лар­ға ар­нал­ған дә­рет­ха­на­лар:
- қы­здар­ға
бiр оқу­шы
0,10
20 қыз­ға 1 уни­таз, 30 қыз­ға 1 қол­жу­ғыш
- ұл­дар­ға
бiр оқу­шы
0,10
30 ұл­ға 1 уни­таз, 0,5 пис­су­ар ло­то­гы және 1 қол­жу­ғыш
2
Пер­со­нал­ға ар­нал­ған қол­жу­ғыш және дә­рет­ха­на­лар (же­ке)
2 са­ни­та­ри­я­лық то­рап
3
1 уни­таз, 1 қол­жу­ғыш
3
Спорт зал­дар­дың ки­ім ауы­сты­ра­тын орын­да­ры жа­нын­да­ғы дә­рет­ха­на және се­без­гі
1 ки­ім ауы­сты­ра­тын орын
2
4
1у­ни­таз, 1 қол­жу­ғыш
2 се­без­гі то­ры
Жалпы білім беретін, мамандандырылған және арнайы интернаттық ұйымдар, интернат ұйымдарындағы жатын корпустарының, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдары, КББО тұрғын кешендеріндегі санитариялық аспаптардың саны
3-кесте
Үй-жай­лар­дың ата­уы
Өл­ше­уіш
Ауда­ны, ш.м.
Са­ни­та­ри­я­лық ас­пап­тар­дың са­ны
1
2
3
4
Қы­здар­ға ар­нал­ған дә­рет­ха­на және қол­жу­ғыш
1 тәр­би­е­ле­ну­ші
0,35
5 қыз­ға 1 уни­таз
4 қыз­ға 1 қол­жу­ғыш
10 қыз­ға 1 аяқ ван­на­сы
Ұл­дар­ға ар­нал­ған дә­рет­ха­на­лар және жуы­на­тын бөл­ме­лер
1 тәр­би­е­ле­ну­ші
0,35
5 ұл­ға 1 уни­таз
5 ұл­ға 1 пис­су­ар
4 ұл­ға 1 қол­жу­ғыш
10 ұл­ға 1 аяқ ван­на­сы
Қы­здар­ға ар­нал­ған же­ке ги­ги­е­на ка­би­на­ла­ры
1 ка­би­на
4
15 қыз­ға 2 ка­би­на:
1 ги­ги­е­на­лық се­без­гі
1 уни­таз
1 қол­жу­ғыш (би­де неме­се иіл­гіш шлан­гі және тұ­ғы­рық)
Се­без­гі ка­би­на­лар
1 ка­би­на
1,6
10 жа­тын орын­ға 1 се­без­гі то­ры
Ван­на­лар
1 орын
3
10 жа­тын орын­ға 1 ван­на
Ки­ім ауы­сты­ра­тын бөл­ме
1 орын
0,8
1 се­без­гі то­ры­на 2 орын (орын­ға 0,5 м орын­дық ұзынды­ғы­нан)
Се­без­гі және ван­на­да­ғы дә­рет­ха­на­лар
1 дә­рет­ха­на
2
1 уни­таз
дә­рет­ха­на жа­нын­да­ғы шлюз­де 1 қол­жу­ғыш

4 Білім беру ұйымдарының үй-жайларын және балалар мен жасөспірімдердің тұратын орындарын жасанды жарықтандыру

"Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар"
са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­ры­на
4-қо­сым­ша
Білім беру ұйымдарының үй-жайларын және балалар мен жасөспірімдердің тұратын орындарын жасанды жарықтандыру
Кесте
Үй-жай­лар­дың ата­уы
Ең аз жа­рық­тан­ды­ру дең­гейі, лк
Лю­ми­нес­цент­ті шам­дар ке­зін­де
Қы­зу шам­да­ры ке­зін­де
1
2
3
Сы­нып бөл­ме­ле­рі, оқу ка­би­нет­те­рі, зерт­ха­на­лар, прак­ти­кум­дар, топ­тық (ой­ын) бөл­ме­сі, ком­пью­тер сы­нып­та­ры, муль­ти­ме­ди­я­лық ка­би­нет­тер, кі­та­п­ха­на­лар, оқу зал­да­ры, де­ма­лу бөл­ме­ле­рі, үй­ір­ме бөл­ме­ле­рі,
үй-жай­лар: ме­ди­ци­на­лық пункт, мә­де­ни-көп­ші­лік іс-ша­ра­лар (акт, кө­ре­рмен зал­да­ры), мек­теп­тен тыс бас­қа са­бақ­тар, қол­мен үтіктеу
300
150
(оқу үстел­де­рі­нің жа­зық­тығы)
Сы­зу ка­би­не­ті
Ме­талл өң­деу ше­бер­ха­на­сы
500
600
300
-
Құ­ра­ма жа­рық­тан­ды­ру ке­зін­де 1000 лк, 50% кем емес жал­пы жа­рық­тан­ды­ру үле­сі­нен
Ағаш өң­деу ше­бер­ха­на­сы
500
-
Тігін ше­бер­ха­на­сы
600
-
Бей­не­леу сту­ди­я­сы
300-400
(моль­берт­те)
200-300
(моль­берт­те)
Пер­со­нал­ға ар­нал­ған қыз­мет­тік үй-жай­лар
300
100
Спорт, му­зы­ка және дене шы­нық­ты­ру са­бақ­та­ры­на ар­нал­ған үй-жай­лар, акт за­лы, ки­ім ауы­сты­ра­тын бөл­ме, се­без­гі, бу­фет, оқ­ша­у­ла­ғыш, та­мақ іше­тін зал­дар, фо­то­зерт­ха­на­лар, ки­ім-ке­шек жуу, кеп­ті­ру үй-жайы, ки­ім­дер­ді ме­ха­ни­ка­лық үтіктеу бөл­ме­ле­рі
200
(еден­ге)
100
Ве­сти­бюль­дер және ки­ім іле­тін орын, ре­кре­а­ция, ды­быс ап­па­рат­тық бөл­ме, пер­со­нал­дың ке­зек­ші­лік қыз­мет көр­се­ту үй-жайы
100
50
Жа­тын бөл­ме­сі, ве­ран­да, жуы­на­тын орын, дә­рет­ха­на бөл­ме­сі (дә­рет­ха­на), әй­ел­дер­дің же­ке ги­ги­е­на бөл­ме­сі
100
75
Топ­тық (ой­ын) бөл­ме­сі
300
150
Тұр­ғын бөл­ме­лер
100
75
Асүй­лер
100
50
Бу­фет
200
100
Дә­л­із­дер, ван­на­лар, бас­қыш алаң­да­ры
50
20
Ша­тыр­лар
-
5

5 Ас блогының өндірістік, қойма және әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлары жабдықтарының тізбесі

"Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар"
са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­ры­на
5-қо­сым­ша
Ас блогының өндірістік, қойма және әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлары жабдықтарының тізбесі
Кесте
1
2
Қой­ма үй-жайы
Стел­ла­ждар, та­у­ар қо­я­тын тұ­ғы­рық­тар, ор­та және тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­лы то­ңа­зыт­қыш шкаф­тар
Кө­кө­ніс цехы
Өн­ді­рі­стік үстел­дер, жуу ван­на­сы
Сал­қын­дат­қыш цех
Өн­ді­рі­стік үстел­дер (ке­мін­де екі), ба­қы­лау та­ра­зы­ла­ры, ор­та­ша тем­пе­ра­ту­ра­лы то­ңа­зыт­қыш шкаф­тар (са­ны "та­у­ар көр­ші­лі­гін" сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­т­ін­дей және та­мақ өнім­де­рі­нің қа­жет­ті кө­ле­мін сақ­тай­тын­дай), қол жу­у­ға ар­нал­ған қол­жу­ғыш
Ет-ба­лық цехы
Өн­ді­рі­стік үстел­дер, ор­та­ша тем­пе­ра­ту­ра­лы және қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­лы то­ңа­зыт­қыш шкаф­тар (са­ны "та­у­ар көр­ші­лі­гін" сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­т­ін­дей және та­мақ өнім­де­рі­нің қа­жет­ті кө­ле­мін сақ­тай­тын­дай), электр ет ту­ра­ғыш, жуу ван­на­сы
Ұн цехы
Өн­ді­рі­стік үстел­дер, ба­қы­лау та­ра­зы­ла­ры, нан пі­сі­ре­тін шкаф, стел­ла­ждар, қол жу­у­ға ар­нал­ған қол­жу­ғыш
Нан ке­су­ге ар­нал­ған үй-жай
Өн­ді­рі­стік үстел, нан сақ­та­у­ға ар­нал­ған шкаф
Ыстық та­мақ цехы
Өн­ді­рі­стік үстел (ке­мін­де екі: ши­кі және дай­ын өнім­дер үшін), электр пли­та­сы, пі­сі­ру (қуы­ру) шка­фы, дай­ын өнім­дер үшін әм­бе­бап­ты ме­ха­ни­ка­лық элек­тр­лі құ­ры­л­ғы, ба­қы­лау та­ра­зы­ла­ры, электр су қай­нат­қыш, қол жу­у­ға ар­нал­ған қол­жу­ғыш
Жұ­мырт­қа өң­де­у­ге ар­нал­ған цех
Өн­ді­рі­стік үстел, 2 те­рең жу­ғыш, қол жу­у­ға ар­нал­ған қол­жу­ғыш
Дай­ын­дау ал­дын­да­ғы цех
Өн­ді­рі­стік стол­дар, (ке­мін­де екі), ет/ба­лық және кө­кө­ні­стер­ді өң­де­у­ге ар­нал­ған 2 жуу ван­на­сы, элек­тр­лі ет ту­ра­ғыш, ба­қы­лау та­ра­зы­ла­ры
Та­ра­ту ай­ма­ғы
Өн­ді­рі­стік үстел. Бі­рін­ші, екін­ші, үшін­ші та­ғам­дар­ға ар­нал­ған мар­мит­тер­ді және то­ңа­зыт­қыш сө­ре­лер­ді (вит­ри­на­лар және бас­қа­лар) ор­на­ту­ға жол бе­рі­ле­ді
Ас­ха­на ыдыс­та­рын жу­а­тын орын
Өн­ді­рі­стік үстел, ас­ха­на ыдыс­та­рын жу­а­тын үш бө­лік­ті ван­на, стел­лаж, (шкаф)
Асүй ыдыс­та­рын жу­а­тын орын
Өн­ді­рі­стік үстел, екі жуу ван­на­сы, стел­лаж
Бу­фет, бу­фет-та­ра­ту бөл­ме­сі
Өн­ді­рі­стік үстел­дер (ке­мін­де екі), то­ңа­зыт­қыш шкаф­тар, қол жу­у­ға ар­нал­ған қол­жу­ғыш, стел­лаж (шкаф), асүй ыдыс­та­рын жу­у­ға ар­нал­ған екі бө­лік­ті ван­на, ас­ха­на ыдыс­та­рын жу­у­ға ар­нал­ған 3 бө­лік­ті ван­на
Ескертпе: Ас блоктары жабдықтарының саны мен түрі обьектінің жобалық қуаттылығына және шығарылатын өнімнің түріне байланысты қабылданады.

6 Жас ерекшелігіне байланысты граммға шаққандағы порциялардың ұсынылатын массасы

"Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар"
са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­ры­на
6-қо­сым­ша
Жас ерекшелігіне байланысты граммға шаққандағы порциялардың ұсынылатын массасы
Кесте
Та­мақ ішу, та­мақ
Жа­сы
3 – 7 жас
7 жастан ба­стап 11 жас­қа дей­ін
11 -18 жас
1
2
3
4
Бі­рін­ші та­ғам
200
200 – 250
250 – 300
Екін­ші та­ғам:
Гар­нир
130
150-200
180-230
Ет, кот­ле­та,ба­лық, құс
80
80-120
100-120
Кө­кө­ніс, жұ­мырт­қа, сүз­бе, ет та­ғам­да­ры және бот­қа
200
150-200
200-250
Са­лат
60
60-100
100-150
Үшін­ші та­ғам
180
200
200

7 Өнімдерді алмастыру кестесі

"Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар"
са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­ры­на
7-қо­сым­ша
Өнімдерді алмастыру кестесі
Кесте

Ал­ма­сты­ру­ға жа­та­тын өнім
Грамм­ға шақ­қан­да­ғы сал­ма­ғы
Ал­ма­сты­ру­шы өнім
Грамм­ға шақ­қан­да­ғы сал­ма­ғы
1
Сиыр еті
100,0
1-са­нат­ты сүй­е­гі бар ке­сек ет: қой еті, жыл­қы еті, қо­ян еті
100,0
1-са­нат­ты сүй­е­гі жоқ ке­сек ет: қой еті, жыл­қы еті, қо­ян еті
80,0
1-са­нат­ты жыл­қы еті
104,0
Ішек-қар­ны та­зар­ты­л­ған неме­се жар­ты­лай та­зар­ты­л­ған құс еті
100,0
Ішек-қар­ны та­зар­тыл­ма­ған құс еті
120,0
1-са­нат­ты ішек-қа­рын: ба­уыр, бүй­рек, жү­рек
116,0
Пі­сі­рі­л­ген шұ­жық
80,0
Ет кон­сер­ві­ле­рі
120,0
Жас ба­лық
150,0
Жар­ты­лай май­лы сүз­бе
250,0
Та­за сүт
600,0
2
Майы алын­ба­ған сүт
100,0
Ай­ран
100,0
Қой­ы­л­ты­л­ған сте­рил­ден­ген сүт
40,0
Та­за кі­ле­гей
20,0
Май­лы сүз­бе
30,0
3
Қай­мақ
100,0
Та­за кі­ле­гей
133,0
Та­за сүт
667,0
4
Сүз­бе
100,0
Та­за сүт
333,0
Ірім­шік
40,0
Сүз­бе ірім­шік
80,0
Қай­мақ
50,0
Кі­ле­гей
66,0
5
Ірім­шік
100,0
Сиыр­дың са­ры майы
50,0
Та­за қай­мақ
125,0
Сүз­бе
250,0
Брын­за
200,0
Та­за сүт
825,0
Жұ­мырт­қа
3 шт.
6
Жұ­мырт­қа
1 шт.
Ірім­шік
33,0
Қай­мақ
40,0
Сүз­бе
80,0
7
Ба­сы алын­ған жас ба­лық
100,0
Жас ет
67,0
Тұз­дал­ған май­ша­бақ
100,0
Ба­лық­тың жон еті
70,0
Сүз­бе
168,0
Ірім­шік
50,0
8
Жас же­мі­стер
100,0
Же­міс-жи­дек шы­ры­ны
100,0
Кеп­ті­рі­л­ген ал­ма
20,0
Кеп­ті­рі­л­ген өрік
8,0
Қа­ра өрік
17,0
Жү­зім
22,0
Қар­быз
300,0
Қа­уын
200,0

8 Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаттарының бракераж журналы

"Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар"
са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­ры­на
8-қо­сым­ша
Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаттарының бракераж журналы
1-нысан
Азық-тү­лік ши­кі­затта­ры мен та­мақ өнім­де­рі­нің ке­ліп түс­кен кү­ні мен са­ға­ты
Та­мақ өнім­де­рі­нің ата­уы
Ке­ліп түс­кен азық-тү­лік ши­кі­затта­ры мен та­мақ өнім­де­рі­нің са­ны (ки­ло­грам­мен, литр­мен, дан­амен)
Қа­был­дап алын­ған та­мақ өнім­де­рі­нің қа­уіп­сіз­ді­гін рас­тай­тын құ­жат­тың нө­мі­рі
Ке­ліп түс­кен азық-тү­лік ши­кі­затта­ры мен та­мақ өнім­де­рін ор­га­но­леп­ти­ка­лық ба­ға­лау нәти­же­ле­рі
Азық-тү­лік ши­кі­затта­ры мен та­мақ өнім­де­рін өт­кі­зу­дің соң­ғы мер­зі­мі
Азық-тү­лік ши­кі­затта­ры мен та­мақ өнім­де­рін іс жү­зін­де өт­кі­зу кү­ні мен са­ға­ты
Жа­у­ап­ты адам­ның қо­лы
Ес­керт­пе *
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Ескертпе: * Шығынға жазу, өнімдерді қайтару және басқа деректер көрсетіледі.
"С" витаминдеу журналы
2-нысан
Та­мақ­тың дай­ын­да­лу кү­ні және са­ға­ты
Та­мақ­тың ата­уы
Қо­сы­л­ған ви­та­мин­нің жал­пы са­ны
Бір пор­ци­яда­ғы С ви­та­ми­ні­нің мөл­ше­рі
Жа­у­ап­ты тұл­ға­ның қо­лы
Дайын тамақтың сапасын бақылау (бракераж) журналы
3-нысан
Та­мақ­тың дай­ын­да­лу кү­ні және са­ға­ты
Бра­ке­раж алу уа­қы­ты
Та­мақ­тың, ас­паз­дық өнім­нің ата­уы
Та­мақ­тың, ас­паз­дық өнім­нің дай­ын­дық дә­ре­же­сі және ор­га­но­леп­ти­ка­лық ба­ға­лау нәти­же­ле­рі
Та­мақ­ты, ас­паз­дық өнім­ді өт­кізу­ге рұқ­сат ету
Жа­у­ап
ты адам­ның қо­лы
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
7
Ескертпе: 7-бағанда дайын өнімді өткізуге тыйым салу фактілері көрсетіледі.
_________айы ___жылы тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау ведомосы
4-нысан
р/с

Өнім­нің ата­уы
Өнім­нің бір адам­ға грам­мен нор­ма­сы* г
(брут­то)
Бір адам­ға күн­дер бой­ын­ша (бар­лы­ғы) брут­то­да іс жү­зін­де бе­рі­л­ген өнім­дер / та­мақ­та­на­тын­дар са­ны
Брут­то­да 1 адам­ға 10 күн­де бе­рі­л­ген бар­лық азық-тү­лік
Ор­та­ша есеп­пен 10 күн ішін­де
% (+/-)-да нор­ма­дан ауыт­қу
1
2
3
...
10

9 Жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдары топтарының (сыныптарының) толықтырылуы

"Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар"
са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­ры­на
9-қо­сым­ша
Жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдары топтарының (сыныптарының) толықтырылуы
Жалпы білім беретін ұйымдар сыныптарының толықтырылуы
Жалпы білім беретін мекемелер үшін сыныптарды толықтыру 25 оқушыдан артық емес болып белгіленеді. Сыныптардың есептелген толықтырылуының сандық мәні жергілікті билік органдарының талаптарына сәйкес өзгеруі мүмкін.
Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында, кәсіптік мектепте, гимназияларда және лицейлерде сыныптардың толықтыруын 20 оқушыға дейін азайтуға жол беріледі. Жұмыс істеп тұрған мектеп ғимараттарын қайта жаңарту және күрделі жөндеу кезінде сыныптардың толықтыруын оқу үй-жайларының ауданына және бір оқушыға кемінде 2,25 текше метр болатын меншікті ауданына қарай айқындауға жол беріледі.
1–кесте
Топ­тар (сы­нып­тар)
Жа­сы
Ба­ла­лар са­ны
1.
Мек­теп­ке дей­ін­гі дай­ын­дық топ­та­ры (сы­нып­тар)
Бес (ал­ты) жастан ал­ты (же­ті) жас­қа дей­ін
25-тен ар­тық емес
2.
Жал­пы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да­ғы сы­нып­тар
6 (7) жастан 18 жас­қа дей­ін
(1 – 11 (12)-сы­нып­тар)
25-тен ар­тық емес
3
Ша­ғын жи­нақ­ты мек­теп­тер­де­гі сы­нып­тар
6 жастан 18 жас­қа дей­ін
(1 – 11 (12)-сы­нып­тар)
3-10-нан 25–ке дей­ін
Арнайы білім беру ұйымдарында сыныптарды, тәрбиелеу топтарын, ұзартылған күн топтарын толықтыру
2-кесте
Ба­ла­лар­ға ар­нал­ған ар­найы бі­лім бе­ру ме­ке­ме­ле­рі
Сы­нып­та­ғы (топ­та­ғы) ба­ла­лар са­ны мек­теп жа­сы
1
2
Сөй­леу ті­лі­нің бұ­зы­лы­ста­ры бар:
сөй­леу ті­лі­нің күр­де­лі бұ­зы­лы­ста­ры бар
12
же­ке­ле­ген ды­быст­ар­дың фо­не­ти­ка­лық-фо­не­ма­ти­ка­лық да­мы­м­ауы бар
12
Есту қа­бі­ле­ті бұ­зы­лы­ста­ры бар:
есті­мей­тін (ке­рең)
8
на­шар ести­тін және кей­ін­нен есті­мей қал­ған
10
Кө­ру қа­бі­ле­ті бұ­зы­лы­ста­ры бар:
көр­мей­тін (со­қыр):
8
на­шар кө­ре­тін
12
ам­блио­пия және қы­ли­лық
10
Ақыл-есі да­мы­ма­ған
12
Пси­хи­ка­лық да­муы те­жел­ген
12
Ті­рек-қоз­ға­лыс ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған
10
Күр­де­лі ке­мі­стікпен
6
Ақыл-есі те­рең да­мы­ма­ған
10
эмо­ци­я­лық-ерік тұр­ғы­сы бұ­зы­лы­ста­ры бар
10
Ес­керт­пе: 1. Жер­гі­лік­ті жағ­дай­лар­ға және қа­ра­жат­тың бо­луы­на қа­рай көр­се­ті­л­ген ар­найы оқу-тәр­би­е­леу ме­ке­ме­ле­рін­де ұзар­ты­л­ған күн­нің сы­нып­та­рын, тәр­би­е­леу топ­та­рын то­лық­ты­ру ұсы­ны­л­ған шек­ті то­лық­ты­ру­дан тө­мен бо­луы мүм­кін.
2. Дене бі­ті­мі да­мы­ма­ған және ақыл-есі да­мы­ма­ған ба­ла­лар­дың топ са­ны (ар­найы топ) 4 – 6-ны құ­ра­уы мүм­кін.

10 Мектепке дейінгі сыныптарға арналған күн режимі

"Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар"
са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­ры­на
10-қо­сым­ша
Мектепке дейінгі сыныптарға арналған күн режимі
Күннің 1-жартысы
Күн тәр­ті­бі
Ұз­ақ­тығы, са­ғат
1
2
Қа­был­дау
8.30 – 9.00
Та­ңер­тең­гі­лік жат­тығу
9.00 – 9.15
Са­бақ­тар:
I
II
9.15 – 9.30
9.40 – 10.00
Ер­кін қыз­мет, ба­ла­лар­мен же­ке жұ­мыс
10.00 – 11.00
Се­ру­ен­деу, үй­ге ке­ту
11.00 – 12.00
Күннің 2-жартысы
Күн тәр­ті­бі
Ұз­ақ­тығы, са­ғат
1
2
Қа­был­дау
15.00 – 15.30
Са­бақ­тар:
I
II
III
15.30 – 16.00
16.10 – 16.40
16.50 – 17.20
Ер­кін қыз­мет, ба­ла­лар­мен же­ке жұ­мыс
17.20 – 18.00
Се­ру­ен­деу, үй­ге ке­ту
18.00 – 19.00

11 Жалпы білім беретін ұйымдардағы оқу жүктемесінің нормалары

"Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар"
са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­ры­на
11-қо­сым­ша
Жалпы білім беретін ұйымдардағы оқу жүктемесінің нормалары
Кесте
Сы­нып
Мек­теп ал­ды
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
(12)
Жүк­те­ме са­ғат­пен, ап­та­сы­на
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Ин­ва­ри­ант­ты оқу жүк­те­месi
20,5
22
23
26
26
28
28
29
31
33
22
22
Са­бақ­тар, фа­куль­та­тив­тер, таң­дау бой­ын­ша кур­стар (пән­дер­ді бей­ін­дей­тін жо­ғар­ғы сы­нып­тар­да, қол­дан­ба­лы кур­стар)
1,5
-
1
1
1
3
3
3
3
3
14
14
Же­ке және топ­тық кон­суль­та­ци­я­лар, бел­сен­ді қоз­ға­лыс си­па­тын­да­ғы са­бақ­тар
-
2
1
2
2
2
2
2
2
2
3
3
Ең көп оқу жүк­те­месi
22
24
25
29
29
33
33
34
36
38
39
39

12 Қиындығы бойынша пәндердi саралау кестесi

"Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар"
са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­ры­на
12-қо­сым­ша
Қиындығы бойынша пәндердi саралау кестесi
Кесте

Пән
Балл са­ны
1
2
3
1
Ма­те­ма­ти­ка, орыс тiлi (қа­зақ тiлiн­де оқы­та­тын мек­теп­тер үшiн)
Қа­зақ тiлi (қа­зақ тiлiн­де оқыт­пай­тын мек­теп­тер үшiн)
11
2
Шет тiлi, са­бақ­тар­ды шет тiлiн­де оқу
10
3
Фи­зи­ка, хи­мия, ин­фор­ма­ти­ка, био­ло­гия
9
4
Та­рих, Адам. Қо­ғам. Құқық.
8
5
Қа­зақ тiлi, әде­би­ет (қа­зақ тiлiн­де оқы­та­тын мек­теп­тер үшiн)
Орыс тiлi, әде­би­ет (қа­зақ тiлiн­де оқыт­пай­тын мек­теп­тер үшiн)
7
6
Жа­ра­ты­лы­ста­ну, гео­гра­фия, өзін-өзі та­ну, АӘД
6
7
Дене шы­нық­ты­ру
5
8
Ең­бек, тех­но­ло­гия
4
9
Сы­зу
3
10
Бей­не­леу
2
11
Ән са­ба­ғы
1

13 Медициналық кабинеттің жабдықталуы

"Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар"
са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­ры­на
13-қо­сым­ша
Медициналық кабинеттің жабдықталуы

Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар мен құ­рал-сай­ман­дар­дың ата­уы
Са­ны
1
2
3
1
Жа­зу үсте­лі
1
2
Орын­дық­тар
2-6
3
Ку­шет­ка
1
4
Кең­се шка­фы
1-3
5
Ме­ди­ци­на­лық шкаф
1
6
Кер­ме
1
7
Әй­нек қақ­па­ғы бар ме­ди­ци­на­лық ша­ғын үстел
1-2
8
То­ңа­зыт­қыш (вак­ци­на­лар­ға және дә­рі-дәр­мек­тер­ге ар­нал­ған)
2
9
То­но­метр
1-2
10
Фо­нен­до­скоп
1-2
11
Бак­те­ри­цид­ті шам
1-2
12
Ме­ди­ци­на­лық та­ра­зы
1
13
Бой өл­ше­гіш
1
14
Вак­ци­на­лар­ды та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған тер­мо­кон­тей­нер
1-2
15
Үстел­ге қо­я­тын шам
1
16
Ме­ди­ци­на­лық тер­мо­метр­лер
20-50
17
Қай­шы
2
18
Қол жу­а­тын ра­ко­ви­на
1
19
Пе­даль­ды қақ­па­ғы бар ше­лек
1
20
Вак­ци­на­лар­дың қал­дық­та­рын жо­ю­ға ар­нал­ған ыдыс
2
21
Ме­ди­ци­на­лық ха­лат­тар
2
22
Қал­пақ­тар
2
23
Бір рет қол­да­ны­ла­тын жай­ма­лар
Үне­мі бар болған­да
24
Бір рет қол­да­ны­ла­тын қа­ғаз сүл­гі­лер
Үне­мі бар болған­да
24
Жи­на­у­ға ар­нал­ған қо­ңыр тү­сті ха­лат­тар
1
25
Бір рет қол­да­ны­ла­тын мас­ка­лар
10-30
26
Жи­нау мүк­әм­ма­лы: ше­лек, шваб­ра, шү­бе­рек, шү­бе­рек сақ­тай­тын ыдыс, қол­ғап­тар
Үй-жай жиы­ны­на қа­рай есеп­те­ле­ді
27
Дез­ин­фек­ци­я­лау құ­рал­да­ры
3 ай­лық қор
28
Кең­се та­у­ар­ла­ры (жур­нал­дар, дәп­тер­лер, же­лім, қа­лам­сап, қа­ғаз­тес­кі, степ­лер, кор­рек­тор, пап­ка­лар және т.б.)
Қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
29
Кіш­кен­тай бикс
1 да­на
30
Үл­кен бикс
1 да­на
31
Ре­зең­ке бұ­рау
4-6 да­на
32
2,0
5,0
10,0 ине­ле­рі бар шриц­тер
10 да­на
10 да­на
5 да­на
33
Пин­цет
1 да­на
34
Ре­зең­ке жы­лыт­қы
1-2 да­на.
35
Мұз­ға ар­нал­ған ыдыс
1-2 да­на.
36
Бүй­рек тә­р­із­ді на­уа
5 да­на.
37
Ме­талл қа­лақ­ша
40 да­на.
38
Қол­ға ар­нал­ған ши­на­лар
5 да­на.
39
Ту­бу­сты кварц
1 да­на.
40
Кі­лем­ше
1 да­на
41
Сан­ти­метр­лік лен­та
1 да­на
42
Көз­дің көр­гіш­ті­гін анық­та­у­ға ар­нал­ған кесте­лер
1 да­на
43
До­за­тор­лы сұй­ық са­бын
Үне­мі бар болған­да

14 Ас блогы қызметкерлерінің денсаулық жағдайын тіркеу журналы

"Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар"
са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­ры­на
14-қо­сым­ша
Ас блогы қызметкерлерінің денсаулық жағдайын тіркеу журналы
Кесте
р/с

Қыз­мет­кер­дің Т.А.Ә. *
Ла­у­а­зы­мы
От­ба­сын­да ЖІИ бол­мауы ту­ра­лы қыз­мет­кер­лер­дің қой­ған қол­да­ры
Те­рі­нің ірің­ді ау­ру­ла­рын тек­се­ріп-қа­рау
ЖР­ВИ, бас­па­ның бо­луын тек­се­ріп-қа­рау
Ме­ди­ци­на қыз­мет­ке­рі­нің қо­лы
Ес­керт
пе**
1
2
3
4
5
6
7
8
1.
2.
3.
Ескертпе: *Тексеріп-қарау күні журналда белгіленген қызметкерлердің тізімі сол күнгі ауысымдағы қызметкерлердің санымен сәйкес болуы тиіс;
**Жұмыстан шеттетілгені туралы немесе басқа жұмысқа ауыстырылғаны туралы жазба.

15 Объектілердің медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасы

"Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар"
са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­ры­на
15-қо­сым­ша
Объектілердің медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасы
Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасы:

1 1) инфекциялық ауруларды есепке алу журналы;

2 2) соматикалық сырқаттанушылық журналы;

3 3) жіті инфекциялық аурулармен байланыстарды есепке алу журналы;

4 4) карантинді есепке алу журналы;

5 5) профилактикалық егулер картасы;

6 6) профилактикалық егулерді есепке алу журналы;

7 7) вакциналардың, басқа бактериялық препараттардың қозғалысын тіркеу журналы;

8 8) Манту сынамаларын тіркеу журналы;

9 9) Манту сынамасы бойынша тексеруге жататын тәуекел тобындағы балаларды тіркеу журналы;

10 10) фтизиопедиатрда тексеруге жататын туберкулинді "+" мәнді адамдарды тіркеу журналы;

11 11) вакцинадан кейінгі асқыну журналы;

12 12) тұрақты немесе ұзақ мерзімге медициналық қарсы көрсетілім журналы;

13 13) вакциналар қалдықтарын жоюға және ашылған құтыларға арналған журнал;

14 14) бақыланатын химиялық-профилактиканы жүргізу журналы;

15 15) вакциналардың және басқа да иммундық-биологиялық препараттардың қозғалысы туралы есеп;

16 16) профилактикалық егулермен қамту туралы есеп;

17 17) толық жинау жұмыстарын жүргізу журналы;

18 18) кабинетті кварцтау журналы;

19 19) тоңазытқыш жабдығының температуралық режимін есепке алу журналы;

20 20) паразиттік аурулардың қоздырғыштарына тексерілгендерді тіркеу журналы;

21 21) гельминттерге тексерілген адамдарды тіркеу журналы;

22 22) дерматомикоз, қышыма, педикулезге тексеріп-қараулар журналы;

23 23) профилактикалық медициналық тексеріп-қараулар нәтижелері бойынша есеп;

24 24) баланың денсаулық паспорты;

25 25) тәуекел тобындағы балалардың тізімі;

26 26) студенттерді флюорографиялық тексеруді тіркеу журналы;

27 27) флюорографиялық тексеру нәтижесі оң болған адамдарды тіркеу журналы;

28 28) дайын өнімнің бракераж журналы;

29 29) ас блогы қызметкерлерін тексеріп-қарау журналы;

30 30) санитариялық-ағарту жұмыстарын есепке алу журналы;

31 31) вакциналардың түсіндірме-аңдатпасы бар папка;

32 32) бұйрықтар мен нұсқаулықтар;

33 33) тамақтану нормасының орындалуын бақылау журналы (жинақтау ведомосы бойынша).

34 34) диспансерлік науқастарды есепке алу журналы;

35 35) оқушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке медициналық картасы;

36 36) диспансерлік қадағалаудың бақылау картасы;

37 37) тереңдетілген профилактикалық медициналық тексеріп-қарау журналы, мамандардың актілері;

38 38) "С витаминдеу" журналы;

39 39) тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаттарының бракераж журналы;

40 40) тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау ведомосы.

Қолданыстағы