Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Ремонт и техническое обслуживание автотранспортных средств"

Бұйрық · № 315 · қабылданған 26.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88324/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Ремонт и техническое обслуживание автотранспортных средств" Күшін жойған Бұйрық ·№ 315 ·26.12.2014
25.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Ремонт и техническое обслуживание автотранспортных средств"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 315 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Ремонт и техническое обслуживание автотранспортных средств"
Атауы (қаз.)
Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
315
Қабылданған күні
26.12.2014
Көрсетілген редакция
25.02.2016 AI88324_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010384
ЭКБ идентификаторы
88324
Редакция идентификаторы
AI88324_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:16

0 Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

3 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

4 «Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 21 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 315 бұйрығымен бекітілген
«Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалақ қызмет көрсету» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындағы персоналды оқыту үшін білім беру мен мекемелердегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.

2 2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады:

1 1) автокөлік құралдарын жөндеу – ақаулықтар мен олқылықтарды жою мақсатында қажеттілік бойынша жүзеге асырылатын автокөлік құралдарының техникалық жағдайының өзгерісі бойынша әрекеттер жиынтығы;

2 2) автокөлік құралдарын техникалық пайдалану - автокөлік құралдарын пайдалануды ұйымдастыруға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер етудің (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу), іс-шаралардың кешені;

3 3) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;

4 4) біліктілік анықтамалығы – басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;

5 5) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместгін, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзіреттілігінің деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы;

6 6) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

7 7) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарық жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;

8 8) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

9 9) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

10 10) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын және білі туралы тиісті құжаттармен расталатын нақты білімін, шеберлігін және практикалық дағдыларын талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;

11 11) кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттіліктерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;

12 12) кәсіби стандарт – еңбектің біліктілік, құзіреттілік, мазмұндық, сапалық және шарттық деңгейлеріндегі нақты саладағы кәсіби қызметті анықтайтын стандарт;

13 13) кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;

14 14) сала – шығаратын өнімдерінің, өндіріс технологияларының, негізгі қорларының және жұмыс істеушілердің кәсіби машықтарының ортақтастығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы.

3 3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар пайдаланылады:

1 1) ҰБШ - ұлттық біліктілік шеңбері;

2 2) ҰБЖ - ұлттық біліктілік жүйесі;

3 3) СБШ - салалық біліктілік шеңбері;

4 4) КҚС - кәсіптік қызмет саласы;

5 5) БА - біліктілік анықтамалығы.

2 2. Кәсіби паспорты

4 4. Кәсіби стандарттың атауы: Автокөлік құраладырын жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

5 5. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: кәсіби стандарттың мазмұнына қойылатын біріңғай талаптарды сәйкестендіру және бекіту, автокөлік құралын техникалық пайдалануды ұйымдастыру аясында мамандарға қойылатын біліктілік деңгейінің нақты өлшемдерін айқындау.

6 6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз ету.

7 7. Негізгі топ: көлік.

Кәсіби топ: көліктік инфрақұрылымды күту және жөндеу.

3 3. Кәсіптер карточкалары

8 Кәсіптер карточкалары

8. Кәсіп тізбесі:
жөндеу жөніндегі инженер - СБШ бойынша 5-6 біліктілік деңгейі.
Кәсіптер карточкалары осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген.
«Автокөлік құралдарын жөндеу
және техникалық қызмет көрсету»
кәсіби стандартына қосымша
Кәсіптер карточкалары
«Жөн­деу жө­нін­де­гі ин­же­нер» КӘ­СІП КАР­ТОЧ­КА­СЫ
Кә­сіп ко­ды
2145
Кә­сіп ата­уы
Жөн­деу жұ­мыста­ры жө­нін­де­гі ин­же­нер
СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
5-6
БА бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
3-4
Кә­сі­би бі­лім дең­гейі
СБШ бой­ын­ша 5 дең­гей
СБШ бой­ын­ша 6 дең­гей
Ти­іс­ті ма­ман­дық бой­ын­ша жо­ға­ры (неме­се жо­ғар­ғы оқу ор­ны­нан кей­ін­гі) бі­лім
Жо­ға­ры бі­лім. Ба­ка­лаври­ат, ре­зи­ден­ту­ра.
Кә­сіп ко­ды
1) Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­на жөн­деу жұ­мыста­рын өт­кі­зу және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту са­па­сын қам­та­ма­сыз ету
1 ең­бек функ­ци­я­сы
Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­на жөн­деу жұ­мыста­рын өт­кі­зу және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту са­па­сын қам­та­ма­сыз ету
СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі: 5 (бі­лік­ті­лік раз­ря­ды: 3)
СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі: 6 (бі­лік­ті­лік раз­ря­ды: 4)
Ше­бер­лі­гі мен дағ­ды­ла­ры:
1. Қо­сал­қы бөл­шек­тер­ды, жи­нақ­та­у­шы бұй­ым­дар­ды, сле­сар­лық және өзге де сай­ман­дар­ды са­тып алу­ға өті­нім­дер құ­ра­с­ты­рып, олар­дың дұ­рыс қол­да­нуын ба­қы­лау.
2. Жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге қа­жет­ті жұ­мыс­шы­лар са­нын жос­пар­лап, жөн­деу жұ­мыста­ры­ның ке­зек­ті­лі­гін бе­кі­ту.
3. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ақа­у­ла­рын анық­тап, олар­ға жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зе бі­лу.
4. Орын­дал­ған жұ­мыстар мен ма­те­ри­ал­дар шы­ғын­да­рын есеп­ке алу­ға ар­нал­ған бар­лық қа­жет­ті құ­жат­тар­ды тол­ты­ру­мен бай­ла­ны­сты өн­ді­рі­стік жөн­деу жұ­мыста­ры­ның са­па­сын ба­қы­лау.
5. Жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге ар­нал­ған жөн­деу жұ­мыста­ры­ның жаб­дық­та­рын, құ­рал­дар­ды, ба­қы­лау-өл­шеу ап­па­рат­та­ры­ның жұ­мыс жағ­дай­ын­да ұстау бой­ын­ша жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гін ба­қы­лау.
6. Ав­то­кө­лік құ­рал­ды­рын қа­был­дау ке­зін­де ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на тех­ни­ка­лық ба­қы­ла­уды, жөн­деу жұ­мыста­ры аяқ­тал­ған­нан кей­ін­гі ав­то­кө­лік құ­ра­лын ти­е­уді өт­кі­зе бі­лу, ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­деу бой­ын­ша қо­сым­ша жұ­мыстар­ды орын­дау ту­ра­лы ше­шім­дер­ді қа­был­дай бі­лу.
7. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­деу жүр­гі­зу және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша ак­ті­лер мен ақа­улық ве­до­мо­стар­ды құ­ру және бас­қа қа­жет­ті құ­жат­тар­ды құ­ра­с­ты­ру дағдысы
8. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну, кү­ту және жөн­деу бой­ын­ша стан­дарт­тар мен тех­ни­ка­лық шар­ттар­ды әзір­ле­у­ге және ен­гізу­ге бай­ла­ны­сты жұ­мыстар­ға қа­ты­су дағдысы.
9. Ке­ле­сі сұ­рақ­тар бой­ын­ша өнер­тап­қы­штық ұсы­ны­стар ен­гі­зу және та­ра­ту:
- жөн­деу жұ­мыста­ры­ның са­па­сын қа­ра­пай­ым­дау және же­ңіл­де­ту
- жөн­деу жұ­мыста­ры­на жа­ңа тех­но­ло­ги­я­лар­ды ен­гі­зу
- жұм­сал­ған ең­бек пен жөн­деу жұ­мыста­ры­ның ба­ға­сын тө­мен­де­ту
- ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның қыз­мет ету мер­зі­мін ұзар­ту.
10. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын есеп­ке алу мен төл­құ­жат­тан­ды­ру­ды жүр­гі­зу, олар­ға жөн­деу жүр­гіз­ген­нен кей­ін өзге­рі­стер­ді ен­гі­зу, жа­ңа­лау мен қа­лып­қа кел­ті­ру дағдысы.
11. Жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу ке­зін­де жұ­мыс­шы­лар­мен бар­лық нү­һұс­қа­улық тү­рін өт­кі­зу бі­лу дағдысы, жұ­мыс­шы­лар­дың ең­бек­ті қор­ғау және тех­ни­ка қа­уіп­сіз­ді­гін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ету.
1. Бе­кі­ті­л­ген жос­пар­ға сәй­кес ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на тех­ни­ка­лық бай­қау, ағым­да­ғы және күр­де­лі жөн­деу жұ­мыста­ры­ның орын­да­луын ба­қы­лау.
2. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жа­ңар­ту, ті­зім­нен шы­ға­ру бағ­дар­ла­ма­сын әзір­леу, тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бағ­дар­ла­ма­сы­ның тех­ни­ка­лық есе­бі.
3. Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге, тех­ни­ка­лық бай­қа­у­ға және жөн­деу жұ­мыста­ры­на ар­нал­ған шы­ғын­дар­дың, шы­ғыс ма­те­ри­ал­да­рын (қо­сал­қы бөл­шек­тер, жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры), са­тып алу бө­лі­гін­де­гі бір жы­л­ға ар­нал­ған кә­сі­по­рын­ның бюд­же­тін құ­ру дағдысы.
4. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на ал­дын-ала қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу жұ­мыста­ры бой­ын­ша нор­ма­тив­тік ма­те­ри­ал­дар­ды әзір­леу дағ­ды­ла­ры (жөн­деу-пай­да­ла­ну шы­ғын­да­ры­ның нор­ма­ти­ві, қо­сал­қы бөл­шек­тер­дің қыз­мет ету мер­зі­мі, ауы­сты­рыл­ма­лы және тез то­за­тын бөл­шек­тер­дің но­мен­кла­ту­ра­сы, май­лау ма­те­ри­ал­да­ры­ның шы­ғын­да­лу нор­ма­сы мен ли­ми­ті).
5. Жұ­мыс­ша­лар ар­қы­лы тех­но­ло­ги­я­лық тәр­тіп­тің, ең­бек­ті қор­ғаудың, өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия және өрт қа­уіп­сіз­ді­гі бой­ын­ша ере­же­лер мен нор­ма­лар, мем­ле­кет­тік ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның және бас­қа мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ең­бек­ті қор­ғау, та­би­ғат­ты қор­ғау және са­ни­та­ри­я­лық та­лап­та­ры.
6. Ең­бек­ті қор­ғау және тех­ни­ка қа­уіп­сіз­діг, өн­ді­рі­стік нұс­қа­улық бой­ын­ша ла­у­а­зым­дық, өн­ді­рі­стік нұс­қа­у­лар­ды әзір­ле­у­ге қа­ты­су.
Бі­лі­мі:
1. Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-10) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін ав­то­кө­лік тех­ни­ка­сын пай­да­ла­ну қа­ғи­да­сы.
2. Ке­ден ода­ғы ко­мис­си­я­сы­ның 2011 жы­л­ғы 9 жел­тоқ­сан­да­ғы № 877 ше­ші­мі­мен бе­кі­ті­л­ген «Дөң­ге­лек­ті кө­лік құ­рал­дар­дың қа­уіп­сіз­ді­гі ту­ра­лы тех­ни­ка­лық Ре­гла­мен­ті» (КО ТР 018/2011).
3. Ме­тал­дар­дың, май­лар­дың, жа­нар­май­дың, те­же­гіш­тік және суыт­қыш сұй­ық­тық­тар­дың, жу­ғыш құ­рам­дар­дың ата­у­ла­ры, таң­ба­ла­нуы және қол­да­ны­сы.
4. Аг­ре­гат­тар­ды, түй­ін­дер­ді және құ­рал­дар­ды жөн­деу, жи­нақ­тау және сы­нау ке­зін­де анық­тал­ған ақа­у­лар­ды анық­тау әді­сте­рі мен жою тә­сіл­де­рі.
5. Дәне­кер­лік және өзге де құ­рал­дар­мен және сай­ман­дар­мен жұ­мыс ке­зін­де­гі қа­уіп­сіз­дік қа­ғи­да­сы
6. Ав­то­кө­лік­тің электр жаб­дық­та­ры мен негіз­гі түй­ін­де­ріне және аг­ре­гат­та­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­дің жи­і­лі­гі мен кө­ле­мі.
7. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның элек­тр­лі және мон­таж­ды сыз­ба­ла­ры.
8. Элек­тро­тех­ни­ка­лық және оқ­ша­у­ла­ғыш ма­те­ри­ал­дар­дың түр­ле­рі, олар­дың қа­си­е­ті мен қол­да­ны­сы.
9. Ме­тал­дар­дың негіз­гі қа­си­ет­те­рі.
10. Ме­ха­низмдер­ді, түй­ін­дер­ді, жаб­дық­тар­ды жөн­де­уден кей­ін­гі рет­те­у­ге, сы­на­у­ға ар­нал­ған тех­ни­ка­лық шар­ттар.
11. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның құ­ры­лы­сы, ав­то­мо­биль­дер­ге тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­дің әді­сте­рі мен тә­сіл­де­рі, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жаб­дық­та­ры, элек­тро­ни­ка­ның негіз­де­рі ди­а­гно­сти­ка­ла­удың жаб­дық­та­ры мен тех­но­ло­ги­я­ла­ры.
12. Ди­а­гно­сти­ка­лық, ба­қы­лау-сы­нау жабды­ғы­ның құ­ры­лы­сы мен қол­да­ны­сы және олар­дың жұ­мысын­да­ғы ақа­у­лар­ды жою әді­сте­рі.
13. Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі­нің және тех­ни­ка қа­уіп­сіз­ді­гі­нің қа­ғи­да­сы.
1. Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-10) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін ав­то­кө­лік тех­ни­ка­сын пай­да­ла­ну қа­ғи­да­сы.
2. Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-5) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін ав­то­мо­биль жол­да­ры бой­ын­ша жү­ру­ге ар­нал­ған ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның рұқ­сат еті­л­ген па­ра­метр­ле­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы кө­лік-са­ла­сы­ның бас­қа да нор­ма­тив­тік-құқық­тық ба­за­ла­ры.
3. Ке­ден ода­ғы ко­мис­си­я­сы­ның 2011 жы­л­ғы 9 жел­тоқ­сан­да­ғы № 877 ше­ші­мі­мен бе­кі­ті­л­ген «Дөң­ге­лек­ті кө­лік құ­рал­дар­дың қа­уіп­сіз­ді­гі ту­ра­лы тех­ни­ка­лық Ре­гла­мен­ті» (КО ТР 018/2011).
4. Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­нің ти­еу-тү­сі­ру ме­ха­ни­зім­де­рі­нің, жа­рық­та­луы мен жаб­дық­та­луы­ның жік­те­луі, негіз­гі си­патта­ма­сы және тех­ни­ка­лық өл­шем­де­рі.
5. Әм­бе­бап және ар­найы құ­ры­л­ғы­лар­дың, ба­қы­лау-өл­шеу құ­рал­дар­дың және ас­пап­тар­дың құ­ры­лы­сы.
6. Ин­же­нер­лік гра­фи­ка­ның, тех­ни­ка­лық ме­ха­ни­ка­ның негіз­де­рі.
7. Элек­тро­тех­ни­ка­ның, элек­тро­ни­ка­ның, ав­то­ма­ти­ка­ның, гид­рав­ли­ка, пнев­ма­ти­ка­ның және ме­ха­ни­ка­ның негіз­де­рі.
8. Ең­бек­ті қор­ғау және қа­уіп­сіз­дік бө­лі­мін­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы.
Же­ке құ­зы­рет­ті­лік­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Орын­да­ла­тын жұ­мыстың са­па­сы.
Бір са­рын­да­ғы жұ­мысқа тө­зім­ді­лі­гі.
Тех­ни­ка­лық ой­лау қа­бі­ле­ті.
Ой­ын жи­на­қы­лау.
Жа­ңа тех­но­ло­ги­я­лар­ды иге­ру­ге де­ген құ­штар­лы­ғы.
СБШ бой­ын­ша бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ны­сы
2144
2145
2149
Пай­да­ла­ну және жөн­деу жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі ин­же­нер;
Кө­лік жө­нін­де­гі ин­же­нер;
Ин­же­нер-ме­ха­ник;
Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді ұзақ уа­қыт­қа жос­пар­лау жө­нін­де­гі ин­же­нер;
Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді қы­сқа уа­қыт­қа жос­пар­лау жө­нін­де­гі ин­же­нер
Кә­сі­би стан­дарт­тың тех­ни­ка­лық де­ректе­рі
Әзер­лен­ген
«Фак­тор» жүй­е­лік зерт­те­улер ком­па­ни­я­сы» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
Нұс­қа но­ме­рі мен шық­қан жы­лы
1 нұс­қа, 2014 жыл
Бо­лжам­ды қай­та қа­рау мер­зі­мі
2017 жыл

Қолданыстағы