Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Техническая эксплуатация специальных и специализированных автотранспортных средств"

Бұйрық · № 312 · қабылданған 26.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88334/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Техническая эксплуатация специальных и специализированных автотранспортных средств" Күшін жойған Бұйрық ·№ 312 ·26.12.2014
25.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Техническая эксплуатация специальных и специализированных автотранспортных средств"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 312 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Техническая эксплуатация специальных и специализированных автотранспортных средств"
Атауы (қаз.)
"Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану" кәсіби стандартты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
312
Қабылданған күні
26.12.2014
Көрсетілген редакция
25.02.2016 AI88334_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010387
ЭКБ идентификаторы
88334
Редакция идентификаторы
AI88334_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:16

0 "Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану" кәсіби стандартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану» кәсіби стандарты кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

3 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

4 «Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану» кәсіби стандарты

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
______________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 21 қаңтар
Қазақстан Республикасы
инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушының
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 312 бұйрығымен
бекітілген
«Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану» кәсіби стандарты

1 1. Жалпы қағидалер

1

1. «Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындағы персоналды оқыту үшін білім беру мен мекемелердегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.

2 2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады:

1 1) арнайы автокөлік құралы – арнайы технологиялық жабдықтармен жабдықталған, арнай желілік және (немесе) дыбыстық сигналдары, жазулары және (немесе) түстік графикалық бояулары бар автомобильдер;

2 2) арнайы жабдық – арнайы және арнайы мамандандырылған көлік құралының шассиінде (жақтауда), қорабында, кабинасында немесе сыртында орналасатын әртүрлі құралдар, қондырғылар;

3

3) арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану – еңбектік және материалдық ресурстардың аз шығына кезінде арнайы көлік құралын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралардың жиыны мен бкітілген ресурстар мен қызмет мерзімі кезіндегі арнайы көлік құралының енгізілген/берілген сипаттамасын сақтау;

4 4) арнайы машина, арнайы автокөлік – арнайы мақсаттағы көлік мағынасын беретін, синонимдік түсініктер;

5 5) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;

6 6) біліктілік анықтамалығы – басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;

7 7) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместгін, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзіреттілігінің деңгейіне қойылатынн талаптар жиынтығы;

8 8) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

9 9) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарық жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;

10 10) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

11 11) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

12 12) кәсіби стандарт – еңбектің біліктілік, құзіреттілік, мазмұндық, сапалық және шарттық деңгейлеріндегі нақты саладағы кәсіби қызметті анықтайтын стандарт;

13 13) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын және білі туралы тиісті құжаттармен расталатын нақты білімін, шеберлігін және практикалық дағдыларын талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;

14 14) кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;

15 15) кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттіліктерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;

16 16) қауіпті жүк – көлік оқиғасы нәтижесінде адамдардың денсаулығына немесе өміріне және/немесе қоршаған ортағы зиян келтіретін жүк;

17

17) мамандандырылған автокөлік құралы - бір немесе бірнеші бір неше түртегі біртектес жүктерді тасуға арналған және тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде және жүктердің қауіпсіздігін және механизациясын немесе автоматизациясын қамтамасыз ететін әртүрлі қондырғылармен және құрал-саймандармен жабдықталған автокөлік құралы; сондай-ақ арнайы жабдықталған автокөлік құралдарына ауыр салмақтағы жүктерді тасымалдауға арналған, өске түсетін қол жетімді шектер бойынша нормалардың сақталуын және өс бойынша салмақты біркелкі тарататын автомобиль жолдарының сақтығын қамтамасыз ететін көп өсті және көп дөңгелекті жылыжымалы құрамдар кіреді.

18 18) сала – шығаратын өнімдерінің, өндіріс технологияларының, негізгі қорларының және жұмыс істеушілердің кәсіби машықтарының ортақтастығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы.

3 3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар пайдаланылады:

1 1) ҰБШ - ұлттық біліктілік шеңбері;

2 2) ҰБЖ - ұлттық біліктілік жүйесі;

3 3) СБШ - салалық біліктілік шеңбері;

4 4) КС – кәсіби стандарт;

5 5) БА - біліктілік анықтамалығы.

2 2. Кәсіби стандарттың паспорты

4 4. Кәсіби стандарттың атауы: Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану.

5 5. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: кәсіби стандарттың мазмұнына қойылатын біріңғай талаптарды сәйкестендіру және бекіту, автокөлік құралын техникалық пайдалануды ұйымдастыру аясында мамандарға қойылатын біліктілік деңгейінің нақты өлшемдерін айқындау.

6 6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын қауіпсіз қолдануды ұйымдастыру және сүйемелдеу

7 7. Негізгі топ: көлік.

Кәсіби топ: көлік инфрақұрылымын күту және жөндеу.

3 3. Кәсіптер карточкалары

8 Кәсіптер карточкалары

8. Кәсіптер тізбесі:
арнайы автокөлікті техникалық пайдалану жөніндегі инженер, СБШ бойынша 5 біліктілік деңгейі.
Кәсіп карточкасы осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген.
«Арнайы және мамандандырылған
автокөлік құралдарын техникалық
пайдалану» кәсіби стандартына
қосымша
Кәсіптер карточкалары
«Ар­найы ав­то­кө­лік­ті тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ин­же­нер»
КӘ­СІП КАР­ТОЧ­КА­СЫ
Кә­сіп ко­ды
2145
Кә­сіп ата­уы
Ар­найы ав­то­кө­лік­ті тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну бой­ын­ша ин­же­нер
СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
5
БА бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
4
Кә­сі­би бі­лім дең­гейі
Ти­іс­ті ма­ман­дық бой­ын­ша жо­ға­ры (неме­се жо­ғар­ғы оқу ор­ны­нан кей­ін­гі) бі­лім
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры
1) Бел­гі­лен­ген ре­сур­стар мен қыз­мет ету мер­зі­мі бой­ын­да бел­гі­лен­ген си­патта­ма­ла­рын сақ­тай оты­рып, ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну про­це­сіне бас­шы­лық ету
1 ең­бек функ­ци­я­сы
Бел­гі­лен­ген ре­сур­стар мен қыз­мет ету мер­зі­мі бой­ын­да бел­гі­лен­ген си­патта­ма­ла­рын сақ­тай оты­рып, ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну про­це­сіне бас­шы­лық ету
Ше­бер­лі­гі мен дағ­ды­ла­ры:
1. Ав­то­мо­биль­дер­дің ар­найы жыб­дық­та­ры­ның тех­ни­ка­лық жағ­дай­ын ба­ға­ла­уы, ақа­у­лар/кем­ші­лік­тер мен іс­тен шы­ғу­ды жою үшін қа­жет­ті жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зе бі­лу.
2. Өн­ді­ру­ші-за­уыт­тың тех­ни­ка­лық та­лап­та­ры­на сон­дай-ақ пай­да­ла­ну бой­ын­ша қол­да­ны­с­та­ғы нұс­қа­улық­қа сәй­кес, ар­найы ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ақа­у­сыз ар­найы жаб­дық­тар­мен жиын­тақ­тау, қам­та­ма­сыз ете бі­лу.
3. Ар­найы ав­то­кө­лік жаб­дық­та­ры бой­ын­ша тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және ар­найы жаб­дық­тар­ды жөн­деу және бас­қа да құ­жат­тар­дық жос­па­рын құ­рау.
4. Ар­найы жаб­дық­тар­ды пай­да­ла­ну, тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу ке­зін­де­гі ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі мен өрт қа­уіп­сіз­ді­гі­нің та­лап­та­рын орын­дау бой­ын­ша ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру.
5. Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кө­лік­ті пай­да­ла­ну, тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу бой­ын­ша ар­найы кһлік қыз­ме­ті­нің же­ке құ­ра­мы­м­ен тех­ни­ка­лық оқу­лар­ды өт­кі­зу.
6. Ма­ман­дар­ды­ры­л­ған ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын және өн­ді­рі­стік бөл­ме­лер­ді күз-қыс және көк­тем-жаз мез­гіл­де­ріне дай­ын­дау бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру.
7. Ба­қы­лау-өл­шек құ­рал­да­ры­ның кө­ме­гі­мен бар­лық түй­ін­дер мен аг­ре­гат­тар­ға сы­на­ма­лар өт­кі­зу­мен жа­ңа ар­найы жыб­дық­тар­ды пай­да­ла­ну­ға ен­гі­зу нұс­қа­улы­ғы­ның көр­сет­кіш­те­рі сол түй­і­нің не аг­ре­гат­тың экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы­на сай бо­лу ке­рек.
8. Ав­то­мо­биль­дер­дің ар­найы жаб­дық­та­ры­ның дұ­рыс сақ­та­луын ба­қы­лау, дер ке­зін­де ақа­у­ла­ры бар ав­то­мо­биль­дер­ді жөн­де­у­ге жі­бе­ру.
9. Ар­найы ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған шы­ғын­дар тал­дау және олар­ды тө­мен­де­ту бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­дау.
Бі­лі­мі:
1. «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-10) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну қа­ғи­да­сы және ар­найы ма­ман­да­ры­л­ған ав­то­кө­лік қыз­ме­тін рет­тей­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бас­қа да нор­ма­тив­тік-құқ­тық ак­ті­ле­рі.
2. Ав­то­мо­биль­дер­дің ар­найы жаб­дық­та­ры­ның жұ­мысы, тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры және құ­ры­лым­дық ерекше­лік­те­рі.
3. Ар­найы ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ар­найы жаб­дық­та­ры­ның кон­струк­ци­я­лық, тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну, жөн­деу жұ­мыста­ры негіз­де­рі­нің және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту қа­ғи­да­ла­ры­ның ерекше­лік­те­рі.
4. Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ав­то­кө­лік­ті көк­тем-жаз және күз-қыс мез­гіл­де­рін­де, сон­дай-ақ ерекше жағ­дай­лар­да қол­да­ну­дың ерекше жағ­дай­ла­ры, бе­кі­ті­л­ген шек­те­улер.
5. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ең­бек заң­на­ма­сы­ның негіз­де­рі.
6. Ең­бек­ті қор­ғаудың, өн­ді­рі­стік, өрт және эко­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры мен қа­ғи­да­ла­ры.
Же­ке құ­зы­рет­ті­лік­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Же­ке жи­на­қы­лық.
Тех­ни­ка­лық ой­лау қа­бі­ле­ті.
Дер­бес ше­шім­дер қа­был­дау.
ҰБШ бой­ын­ша бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ны­сы
Кә­сі­би стан­дарт­тың тех­ни­ка­лық де­ректе­рі
Әзер­лен­ген
«Фак­тор» жүй­е­лік зерт­те­улер ком­па­ни­я­сы» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
Нұс­қа но­ме­рі мен шық­қан жы­лы
1 нұс­қа, 2014 жыл
Бо­лжам­ды қай­та қа­рау мер­зі­мі
2017 жыл

Қолданыстағы