О дополнительном бесплатном предоставлении лекарственных средств при амбулаторном лечении участникам Великой Отечественной войны, лицам с инвалидностью и лицам, приравненным к ним
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном бесплатном предоставлении лекарственных средств при амбулаторном лечении участникам Великой Отечественной войны, лицам с инвалидностью и лицам, приравненным к ним
- Атауы (қаз.)
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды қосымша тегін беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 22/350
- Қабылданған күні
- 27.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2022 88354_607474.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15M0002659
- ЭКБ идентификаторы
- 88354
- Редакция идентификаторы
- 88354_607474
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:19
0 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектігі бар адамдарға және соларға теңестірілген тұлғаларға амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды қосымша тегін беру туралы
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдар және соларға теңестірілген тұлғаларды амбулаториялық емделу кезінде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың қосымша тізімі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының денсаулық
сақтау басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Р.Ф. Бектубаев
27 ақпан 2015 жыл.
«Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
И.И. Құрман
27 ақпан 2015 жыл.
4 Ұлы Отан соғысының қатысушылары,мүгедектігі бар адамдар және соларға теңестірілген тұлғаларды амбулаториялық емделу кезінде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың қосымша тізімі
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 22/350 шешімімен бекітілген
Ұлы Отан соғысының қатысушылары,мүгедектігі бар адамдар және соларға теңестірілген тұлғаларды амбулаториялық емделу кезінде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың қосымша тізімі
№
Аурулардың атаулары
Дәрілік заттардың атаулары
1
Көз аурулары (катаракта, глаукома, конъюктивит)
витаминды көз тамшылары;
ісіп қызаруға қарсы көз тамшылары;
көз майы
2
Психикалық, неврологиялық аурулар (деменция, Альцгеймер ауруы)
галантамин;
мемантин;
донепезил
3
Ас қорыту мүшелерінің аурулары (асқазан ауруы, дуоденит, панкреатит, өт шығару жолдарының дискенезиясы)
антацидтер (алюмини магний гидрототығы, висмута рикалиядицитрат, фамотидин, омепразол);
құсыққа қарсы препараттар (домперидол, метаклопрамид);
спазмолитиктер (дротаверин, платифиллин);
іш жүргізетін (лактулоза, бисакодил);
ферменттер (панкреатин);
гепатопротекторлар (урсодезоксихол қышқылы, эссенциале, аргин);
жел қуатын құралдар (симетикон)
4
Тыныс алу мүшелерінің аурулары (бронхит, бронхоэктотикалық ауру)
муколитиктер (амброксол, бромгексин, ацетилцистеин);
назальды препараттар (нафазолин, бекламетазон)
5
Урологиялық аурулар (қуық асты безінің аденомасы, цистит)
гидрохлортиазид;
этакрин қышқылы;
тамсулозин
6
Тері аурулары (дерматит, экзема, псориаз, микозы)
клотримозол;
миконазол;
7
Қабынуға қарсы және қышуға қарсы дәрмектер
бетамезон;
мометазон;
гидрокортизон
8
Медициналық мақсаттағы бұйымдар
катетерлер;
жіңішке таяқ;
нәжіс сауыты;
зәр сауыты
9
Тісті протездеу
протез, имплант
10
Естуді протездеу
есту аппараты
11
Көзілдірік оптикасы
көзілдіріктер, жиектеме, әйнек