Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о неторговых платежах

Қаулы · № 954 · қабылданған 29.09.1993
Заңдық күші: Қолданыста · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-884/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о неторговых платежах Қолданыста Қаулы ·№ 954 ·29.09.1993
29.09.1993 редакциясы
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.1993. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о неторговых платежах

Қолданыста Қаулы ·№ 954 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о неторговых платежах
Атауы (қаз.)
Саудадан тыс төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы келiсiмдi бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
954
Қабылданған күні
29.09.1993
Көрсетілген редакция
29.09.1993 AI884_0.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.1993
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P930000954_
ЭКБ идентификаторы
884
Редакция идентификаторы
AI884_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:43

0 Саудадан тыс төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Алматы қаласында 1993 жылғы 8 маусымда қол қойылған, Саудадан тыс төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасы Үкiметiнiң арасындағы осыған қосылған келiсiм бекiтiлсiн.

Саудадан тыс төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Келiсiм

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы Келiсiмнiң бекiтiлгенi туралы Қырғыз Республикасының Үкiметiн хабардар ететiн болсын.
Саудадан тыс төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Келiсiм
(1993 жылғы 3 қаңтарда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Қырғызстан Республикасының ұлттық валютасы енгiзiлуiне байланысты Өзара мiндеттемелер туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы келiсiмнiң 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi (бұдан былай - Тараптар деп аталады) Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасында саудадан тыс төлемдердi қамтамасыз ету мақсатында мыналар жайында келiстi:

1-бап

Тараптар екi жақтың аумағында тұрақты тұратын жеке адамдар мен сонда орналасқан заңды ұйымдарға саудадан тыс операциялар бойынша ұлттық валюталардағы ақшалай қаражатты еркiн аудару мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi, бұл операциялардың тiзбесi мен жүзеге асыру шарттарын Тараптардың қаржы министрлiктерi арнаулы келiсiмде анықтайды.

2-бап

Саудадан тыс операциялар бойынша ұлттық валюталардағы төлемдер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң Қырғыз Республикасының Ұлттық банкiсiндегi және Қырғыз Республикасы Ұлттық банкiсiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiндегi корреспонденттiк есепшоттары арқылы жүзеге асырылады. Аталған төлемдер осы елдердiң заңдарына сәйкес Тараптардың ұлттық банкiлерiнiң келiсуi бойынша ашылатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының коммерциялық банктерiнiң корреспонденттiк есепшоттары арқылы да жасалуы мүмкiн.

3-бап

Министрлiктер мен ведомстволар Тараптардың қаржы министрлiктерi мен банктерiнiң келiсуi бойынша саудадан тыс операциялар бойынша бiр-бiрiмен есеп айырысуды жүргiзу туралы екiжақты келiсiмдер жасасады.

4-бап

Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

5-бап

Осы Келiсiмдi орындау мен түсiндiруге байланысты барлық даулы мәселелер келiссөз жүргiзу жолымен шешiледi.

6-бап

Осы Келiсiм оны мақұлдау үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк процедуралардың орындалғаны туралы хабардар ету алмасылған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм Тараптардың бiрi оны бұзғысы келетiнi туралы екiншi Тарапқа дипломатиялық арна арқылы жазбаша нысанда хабардар еткенге дейiн қолданыла бередi. Осы Келiсiмге қатысудан бастарту туралы хабардар ету алынғаннан кейiн үш ай өткен соң Келiсiм күшiн жояды.
Алматы қаласында 1993 жылғы 8 маусымда түпнұсқалы үш дана етiп, әр қайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде жасалған, әрi Тараптардың екеуiне де барлық текстiң күшi бiрдей.

Қолданыстағы