Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз, захоронение и утилизацию коммунальных отходов по Отрарскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз, захоронение и утилизацию коммунальных отходов по Отрарскому району
- Атауы (қаз.)
- Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35/205-V
- Қабылданған күні
- 27.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2015 88419_39436.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15UI003112
- ЭКБ идентификаторы
- 88419
- Редакция идентификаторы
- 88419_39436
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:51
0 Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабынының 1) және 2) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және «Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №1370 қаулысына сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Бекітілсін:
1 1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары;
2 2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Отырар аудандық мәслихатының
2015 жылғы «27» наурыздағы
№35/205-V шешіміне №1 қосымша
Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
Жылдық жинақталу нормасы, м³
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
0,95
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері
1 орын
0,68
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
1
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,39
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,27
6
Емханалар
1 адам
0,28
7
Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
1,0
8
Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары
1 оқушы
0,12
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 орын
0,0001
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы
1 орын
0,2
11
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м²
-
12
Стадиондар, спорт алаңдары
1 орын
0,0026
13
Спорт, би және ойын залдары
Шаршы метр
0,0026
14
Азық-түлік дүкендері
Шаршы метр
1,2
15
Машиналардан сату
Сауда орны 1 м²
-
16
Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер
Шаршы метр
0,9
17
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Шаршы метр
0,97
18
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м²
-
19
Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м²
-
20
Тұрмыстық қызметтер көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Шаршы метр
0,27
21
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Шаршы метр
0,5
22
Жағажайлар
Жалпы алаңы 1 м²
-
23
Дәріханалар
Шаршы метр
0,9
24
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
0,107
25
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
0,2
26
Гараж кооперативтері
1 гаражға
1
27
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
0,2
28
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м²
-
29
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Шаршы метр
0,27
30
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)
1 жұмыс орны
-
31
Моншалар, сауналар
Шаршы метр
0,42
32
Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар
1000 қатысушы
-
33
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
0,0019
6 Отырар аудандық мәслихатының
2015 жылғы «27» наурыздағы
№35/205-V шешіміне №2 қосымша
Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтері
№
р/с
Атаулары
Есептік бірлік
Баға, теңгемен
1
Коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету тарифтері
1.1.
Жайлы үйлер
1 адам
-
1.2.
Жайсыз үйлер
1 адам
104,2
1.3.
Заңды тұлғалар
1 текше метр
1316,9
2.
Коммуналдық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері
2.1.
Жеке тұлғалар
1 текше метр
200
1 тонна
600
2.2.
Заңды тұлғалар
1 текше метр
200
1 тонна
600