Об утверждении порядка и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении порядка и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения
- Атауы (қаз.)
- Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жіктеу тәртібін және шарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 49
- Қабылданған күні
- 06.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2015 88516_7077.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15V0003845
- ЭКБ идентификаторы
- 88516
- Редакция идентификаторы
- 88516_7077
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:13
0 Жалпыға ортақ пайдаланылатын
облыстық және аудандық маңызы
бар автомобиль жолдарын жіктеу
тәртібін және шарттарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-1-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жіктеу тәртібі және шарттары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы « 6 » наурыздағы
№ 49 қаулысымен
бекітілді
Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық
маңызы бар автомобиль жолдарын жіктеу
тәртібі және шарттары
1 1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жiктеу жол қозғалысының геометриялық параметрлерi, сондай-ақ, қарқындылығына байланысты автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
2
2. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттiк уәкiлеттi органға автомобиль жолын облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары тiзбесiне енгiзу туралы материалдарды келiсуге жiбереді.
Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылданғанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.