О некоторых вопросах бюджетных инвестиционных проектов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах бюджетных инвестиционных проектов
- Атауы (қаз.)
- Бюджеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 874
- Қабылданған күні
- 16.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2015 88520_29905.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15L0004935
- ЭКБ идентификаторы
- 88520
- Редакция идентификаторы
- 88520_29905
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:07
0 Бюджеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажетті сараптамаларды жүргізуді қаржыландыру «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылға арналған 003 «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы «16» наурыздағы № 874
қаулысына қосымша
Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажетті сараптамаларды жүргізуді қаржыландыру «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылға арналған 003 «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі
№
Жобаның атауы
Сомасы, мың теңге
«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1
«Қызылорда қаласының көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін қайта жаңғырту. Ыстық сумен қамтудың ашық жүйесі» жобасына мемлекеттік сараптама жүргізе отырып, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу
44 256
«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2
«Қызылорда бекетінен 8 шақырым қашықтықтағы Қызылорда қаласы Титов қыстағындағы индустриялық аймақтық темір жол түйығының құрылысы» жобасына мемлекеттік сараптама жүргізе отырып, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу
8 931
Барлығы:
53 187