Об утверждении Перечня товаров, приобретаемых государственными предприятиями, юридическими лицами, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилиированными с ними юридическими лицами с целью их последующей переработки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня товаров, приобретаемых государственными предприятиями, юридическими лицами, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилиированными с ними юридическими лицами с целью их последующей переработки
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 141
- Қабылданған күні
- 27.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2015 88546_151274.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010645
- ЭКБ идентификаторы
- 88546
- Редакция идентификаторы
- 88546_151274
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:22
0 Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 14-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
0 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27ақпандағы
№ 141 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының
(жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан
да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен
үлестес заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында
сатып алатын тауарлардың тізбесі
1 1. Ауыл шаруашылық тауарлары:
1 1) бидай және меслин:
қатты бидай;
егіске арналған спельта;
басқа да спельталар, жұмсақ бидай және тұқымдық меслиндер;
2 2) қара бидай;
3 3) арпа;
4 4) шитті мақта;
5 5) таралмаған мақта талшығы;
6 6) мақта талшығы, таралған немесе тарақпен таралған;
7 7) мақта тұқымы;
8 8) рапс, рапс тұқымы.
2 2. Өнеркәсіп тауарлары:
1 1) тантал сынығы;
2 2) қара және түсті металдар мен олардың қорытпалары;
3 3) қара және түсті металдар мен олардың қорытпаларынан
жасалған бұйымдар:
жазық (табақ, таспа, фольга), сұрыптық (шеңбер, шыбық, бұрыш, төрт бұрыш, алты қырлы, швеллер, тавр, двутавр) илектер, құбырлар, түтікшелер;