Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Регламент Конституционного Совета Республики Казахстан

Қаулы · № 3 · қабылданған 14.08.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88564/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Регламент Конституционного Совета Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 3 ·14.08.2013
14.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Регламент Конституционного Совета Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 3 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Регламент Конституционного Совета Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
14.08.2013
Көрсетілген редакция
14.08.2013 AI88564_0.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
S1300000003
ЭКБ идентификаторы
88564
Редакция идентификаторы
AI88564_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:30

0 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентінің 34-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:

1

1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентінің 31-тармағы (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы, 2002 жыл, № 5-басылым; «Юридическая газета» 2002 жылғы 15 мамырдағы № 19; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы, 2006 жыл, № 9-басылым; «Юридическая газета» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 25) мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Конституциялық Кеңестің отырыстарында конституциялық іс жүргізу тәртібімен шешілетін мәселелерден басқа, сондай-ақ:
- Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы ақпарат беру;
- Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы жолдауын бекіту;
- Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігін тоқтата тұру және тоқтату;
- Конституциялық Кеңестің Регламентін бекіту;
- ведомстволық наградалармен марапаттау туралы мәселелер қаралады.
Кеңестің отырысында оның Төрағасының бастамасы бойынша Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметінің өзге де мәселелері қаралуы мүмкін.».

2 2. Нормативтік қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы