Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения учета и регистрации ловчих хищных птиц, используемых на охоте

Бұйрық · № 18-03/144 · қабылданған 27.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88565/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения учета и регистрации ловчих хищных птиц, используемых на охоте Қолданыста Бұйрық ·№ 18-03/144 ·27.02.2015
08.01.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения учета и регистрации ловчих хищных птиц, используемых на охоте

Қолданыста Бұйрық ·№ 18-03/144 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения учета и регистрации ловчих хищных птиц, используемых на охоте
Атауы (қаз.)
Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18-03/144
Қабылданған күні
27.02.2015
Көрсетілген редакция
08.01.2020 88565_438126.kaz
Соңғы өзгеріс
08.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010651
ЭКБ идентификаторы
88565
Редакция идентификаторы
88565_438126
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:19

0 Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының
1 тармағының 70) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрдің міндетін атқарушы
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/144 бұйрығымен
бекітілген
Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1 тармағының 70) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алу және тіркеу тәртібін айқындайды.

2 2. Қазақстан Республикасының аумағында аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстар үш айға дейінгі мерзімге уақытша әкелінген аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықта (бұдан әрі – қауымдастық) есепке алынуға және тіркелуге жатады.

2 2-тарау. Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу тәртібі

3 3. Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды (бұдан әрі – аңшы жыртқыш құстар) есепке алу мен тіркеу жүргізуді қауымдастық жүзеге асырады.

4 4. Аңшы жыртқыш құсты есепке алу және тіркеу үшін:

1

1) аңшы жыртқыш құстың түрі, оның жынысы, туған жылы, қолда ұстаудың болжамды кезеңі, аңшы жыртқыш құстың сатып алынған жері және тәсілі, сақиналарының немесе микрочиптерінің болуы, өтініш берушінің паспорттың деректері мен мекенжайы көрсетілген, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтініші;

2 2) аңшы жыртқыш құстың сатып алыну заңдылығын растайтын құжаттар (алуға рұқсаттың, сатып алу-сату шартының, түбіртектің және (немесе) төлем құжатының көшірмелері) және бұрынғы иесінің атына ресімделген аңшы жыртқыш құстың паспорты;

3 3) аңшы куәлігінің көшірмесі;

4 4) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің*) көшірмесі.

Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

5 5. Шыққан жерінде тұратын аңшы жыртқыш құстардың паспорттарын ресімдеу дүниеге келген күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін, бірақ олармен аң аулау басталудан кешіктірілмей жүргізіледі.

Паспорт аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы (бұдан әрі – қауымдастық) дайындайтын аңшы жыртқыш құстардың тұрақты түрде қолда ұсталуының заңдылығы мен оның тіркелуін куәландыратын құжат.

6 6. Қауымдастық аңшы жыртқыш құстар түрінің (жынысының, жасының) сәйкестігін және олардың сипаттамасын, оларға салынған ендерді, аңшы жыртқыш құстарды бағып-күту жағдайының болуын тексереді. Аңшы жыртқыш құстар тұрақты түрде қолда ұстау үшін алынбайтын сақиналармен немесе микрочиптермен белгілейді.

7 7. Аңшы жыртқыш құсты тіркеу ол заңсыз олжаланған немесе заңсыз сатып алынған жағдайларда жүргізілмейді.

8 8. Аңшы жыртқыш құстың осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген паспортын қауымдастық өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.

9 9. Әрбір аңшы жыртқыш құсқа, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшы жыртқыш құсты есепке алу карточкасы толтырылады.

10 10. Аңшы жыртқыш құс пен оның иесі туралы мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшы жыртқыш құстарды тіркеу журналына енгізіледі.

11 11. Тіркелген аңшы жыртқыш құс аңшылық үшін пайдаланылған жағдайда аңшы жыртқыш құстың түрі, алынбайтын сақинаның немесе микрочиптің нөмірі, паспортының нөмірі көрсетіліп, аңшы куәлігіне жазба жүзеге асырылады.

12 12. Аңшы жыртқыш құс иесінің тұрғылықты жері ауысқан немесе иесі ауысқан жағдайда оның иесі осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде мекенжайды өзгерту және (немесе) паспортты қайта ресімдеу үшін қауымдастыққа құжаттар береді.

1 Аңшы жыртқыш құстың паспортын ресімдеуге арналған өтініш

Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге ________________________________________________________________________
(қауымдастықтың толық атауы)
_____________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе тегі, аты,
_____________________________________________________________________________
әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
_____________________________________________________________________________
(мекенжайы, телефон және факс нөмірі)
Аңшы жыртқыш құстың паспортын ресімдеуге арналған
өтініш
Аңшы жыртқыш құсының паспортын ресімдеуді сұраймын
Аңшы жыртқыш құстың түрі, жынысы, туған жылы __________________________________
Ұстау мақсаты және орны ________________________________________________________
Ие болу тәсілі ___________________________________________________________________
Алынбайтын сақиналары немесе микрочиптерінің болуы туралы мәліметтер _____________
20 __ жылғы ______________________ _____________________________________________
(өтінім берілген күн) (қолы, аты, әкесінің аты, тегі)
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер
болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)

2 Аңшы жыртқыш құстың паспорты

Аңшылықта пайдаланылатын аңшы
жыртқыш құстарды есепке алуды
жүргiзу және тiркеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Аңшы жыртқыш құстың паспорты
(НӨМІР)
Түрдің атауы:
(қазақша) ________________________
(ғылыми) _________________________
Жынысы ______ Туған жылы _________
Сақинасы (алынбайтын) ____________
Микрочипі ________________________
Айырықша белгілері _______________
Аңшы жыртқыш кұстың шығу тегі
__________________________________
Иесі _____________________________
Иесінің құжаты ___________________
нөмірі _______ берілді ___________
Аңшы жыртқыш құстың тіркелу күні мен
нөмірі____________________________
«Аңшы жыртқыш құстың паспортын»
берген ұйым ______________________
___________________________ (қолы)
(мөр орны)
(НОМЕР)
Название вида:
(русское) ______________________
(научное) ______________________
Пол ____ Год рождения __________
Кольцо (несъемное) _____________
Микрочип _______________________
Особые приметы _________________
Происхождение птицы ____________
Владелец _______________________
Документ владельца _____________
номер _______ выдан _____________
Дата и номер регистрации ловчей хищной
птицы____________________________
Организация, выдавшая «Паспорт ловчей
хищной птицы» ____________________
__________________________ (подпись)
(место печати)
(НОМЕР)
Name of species:
(English) __________________________
(scientific) _______________________
Sex _________ Birth date ___________
Ring ________Microchip _____________
Special marks ______________________
Origin of the bird ________________
Name of owner _____________________
Document of owner _________________
number ________ issued ____________
Date of registration of the bird
___________________________________
Authorized agency _________________
________________________ (signature)
(stamp)
Адрес Адрес Address
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
Паспорттың мұқабасы
ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТЫҢ ПАСПОРТЫ
ПАСПОРТ ЛОВЧЕЙ ХИЩНОЙ ПТИЦЫ
PASSPORT OF BIRD OF PREY

3 № _____________ АҢШЫ ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ

Аңшылықта пайдаланылатын аңшы
жыртқыш құстарды есепке алуды
жүргiзу және тiркеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
№ _____________ АҢШЫ ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
КАРТОЧКАСЫ
Түрдің атауы ______________________________________________________________________
(қазақша, орысша, ғылыми)
Жынысы ____________________ Туған жылы ____________________________________________
Сақинасы (алынбайтын) _____________________________________________________________
Микрочипі _________________________________________________________________________
Айрықша белгілері _________________________________________________________________
Аңшы жыртқыш құстың шығу тегі _____________________________________________________
Аңшы жыртқыш кұс алынған рұқсаттың нөмірі _________________________________________
Иесі ______________________________________________________________________________
Иесінің құжаты ____________________________________________________________________
нөмірі ____________________ берілді _______________________________________________
Иесінің мекенжайы _________________________________________________________________
Аңшы жыртқыш құстың тіркелу күні мен нөмірі _____________________\_________________
Аңшы жыртқыш құстың паспорттың нөмірі _____________________________________________
Паспортты алдым. Иесі _____________________________________________________________
(қолы)
Карточканы толтырған адамның қолы _________________________________________________

4 Аңшы жыртқыш құстарды тіркеу журналы

Аңшылықта пайдаланылатын аңшы
жыртқыш құстарды есепке алуды
жүргiзу және тiркеу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Аңшы жыртқыш құстарды тіркеу журналы
Жазба нөмірі
Аңшы жыртқыш құстарды есепке алу карточкасының нөмірі
Аңшы жыртқыш құс паспортының нөмірі
Құстың түрі
Сақина, микрочип нөмірі
Иесі (аты, әкесінің аты (бар кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)
Иесінің мекен-жайы
Тіркелген күні
1
2
3
4
5
6
7
8

Қолданыстағы