Об утверждении Правил определения норм эксплуатационного запаса топлива в осенне-зимний период для энергопроизводящих организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил определения норм эксплуатационного запаса топлива в осенне-зимний период для энергопроизводящих организаций
- Атауы (қаз.)
- Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 34
- Қабылданған күні
- 22.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 14.10.2024 88578_724923.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010583
- ЭКБ идентификаторы
- 88578
- Редакция идентификаторы
- 88578_724923
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:57
0 Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 263) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың
интранет-порталында жариялануын;
4
4)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 26 ақпан
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 22 қаңтар
№ 34 бұйрығымен
бекітілген
Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 263) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1 1) отынның орташа тәуліктік шығысы – осы өңір үшін күзгі-қысқы кезеңде және жабдықтардың барынша жүктеу жағдайларында энергия өндіруші ұйым электр және/немесе жылу энергиясын өндіру үшін тәулік ішінде тұтынатын отынның мөлшерлі шығысы;
2 2) пайдаланылатын отын қорының нормасы (бұдан әрі – норма) – энергия өндіруші ұйымдар пайдаланатын отын қорының тәуліктік есептегі ең аз мөлшері.
2 2-тарау. Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау тәртібі
3 3. Нормалар жылу электр станциялары мен қазандықтар бойынша айқындалады (бұдан әрі – энергия өндіруші ұйым).
4 4. Нормаларды айқындау кезінде:
1 1) отынның орташа тәуліктік жұмсалуы;
2 2) жеткізілетін отынның энергия көзінен тиелу орнына дейінгі ара қашықтық есепке алынады.
5
5. Белгіленген қуаты 100 гигакалория/сағат және одан жоғары энергия өндіруші ұйым жыл сайын тиісті жылдың 1 маусымына дейін электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органға отынның орташа тәуліктік жұмсалу есебін және энергия көзінен бастап жеткізілетін отынды тиеу орнына дейінгі қашықтықтық туралы ақпаратты келісу үшін ұсынады.
6 6. Белгіленген қуаты 100 гигакалория/сағат төмен энергия өндіруші ұйым жыл сайын тиісті жылдың 1 маусымына дейін жергілікті атқарушы органға отынның орташа тәуліктік жұмсалу есебін және энергия көзінен бастап жеткізілетін отынды тиеу орнына дейінгі қашықтықтық туралы ақпаратты келісу үшін ұсынады.
7
7. Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган жыл сайын тиісті жылдың 1 тамызына дейін белгіленген қуаты 100 гигакалория/сағат және одан жоғары энергия өндіруші әрбір ұйым үшін отынның орташа тәуліктік жұмсалу есебін мен энергия көзінен бастап жеткізілетін отынды тиеу орнына дейінгі қашықтық туралы ақпаратты келіседі.
8 8. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын тиісті жылдың 1 тамызына дейін белгіленген қуаты 100 гигакалория/сағат төмен энергия өндіруші әрбір ұйым үшін отынның орташа тәуліктік жұмсалу есебін мен энергия көздерінен бастап жеткізілетін отынды тиеу орнына дейінгі қашықтық туралы ақпаратты бекітеді.
9 9. Энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
B = Bжэ + Bээ, мұнда
B – энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы, тонна;
Bжэ – күзгі-қысқы кезеңдегі жылу энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы, тонна;
Bээ – күзгі-қысқы кезеңдегі электр энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы, тонна.
Жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Bжэ = Bжэшарт / Э, мұнда
Bжэшарт – күзгі-қысқы кезеңде жылу энергиясын өндіруге шартты отынның орташа тәуліктік шығысы, шартты отынның тоннасы, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Bжэшарт = Qтәу * bж * 10-3, мұнда
bж – күзгі-қысқы кезеңдегі шартты отынның жылу энергиясын жіберудегі үлестік шығысы, кг/Гкал;
Qтәу – тәулігіне жіберілген жылу энергиясының мөлшері, Гкал, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Qтәу = Q * t, мұнда
t – тәуліктегі сағат саны, сағат;
Q – белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген жылу қуаты, Гкал/сағ, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Q = Qбелг *Кж, мұнда
Qбелг – станцияның белгіленген жылу қуаты, Гкал /сағ;
Кж – белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициенті, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Кж = Qжіб/(Qбелг*n), мұнда
Qжіб – өткен күзгі-қысқы кезеңдегі жіберілген жылу энергиясының нақты мөлшері, Гкал;
Qбелг – станцияның белгіленген жылу қуаты, Гкал/сағ;
n - өткен күзгі-қысқы кезеңдегі энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс сағаттарының нақты саны.
Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялық коэффициенті, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Э = Qрт / 7000, мұнда
Qрт – отынның төменгі жылу шығару қабілеті, ккал/кг;
7000 – шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, ккал/кг.
Электр энергиясын өндіруге жұмсалатын отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Bээ = Bээшарт/ Э, мұнда
Bээшарт – күзгі-қысқы кезеңдегі электр энергиясын өндіруге арналған шартты отынның орташа тәуліктік шығысы, шартты отынның тоннасы, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Bээшарт = Этәу * bэ * 10-3, мұнда
bэ – күзгі-қысқы кезеңдегі шартты отынның электр энергиясын жіберудегі үлестік шығысы, гр/кВт*сағ;
Этәу – тәулігіне жіберілген электр энергиясының мөлшері, мың. кВт*сағ, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Этәу = N * t, мұнда
t – тәуліктегі сағат саны, сағат;
N – белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген электр қуаты, МВт, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
N = Nбелг.*Кэ, мұнда
Nбелг. – станцияның белгіленген электр қуаты, МВт;
Кэ – белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициенті, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Кэ = Эжіб /(Nбелг*n), мұнда
Эжіб – өткен күзгі-қысқы кезеңдегі жіберілген электр энергиясының нақты мөлшері, мың. кВт*сағ;
Nбелг. – станцияның белгіленген электр қуаты, МВт;
n - өткен күзгі-қысқы кезеңдегі энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс сағаттарының нақты саны.
Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялық коэффициенті, ккал/кг, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Э = Qрт / 7000, мұнда
Qрт – отынның төменгі жылу шығару қабілеті, ккал/кг;
7000 – шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, ккал/кг.