Некоторые вопросы государственного учреждения "Академия налоговой полиции"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Некоторые вопросы государственного учреждения "Академия налоговой полиции"
- Атауы (қаз.)
- "Салық полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 643
- Қабылданған күні
- 14.05.2001
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2015 AI8860_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P010000643_
- ЭКБ идентификаторы
- 8860
- Редакция идентификаторы
- AI8860_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:48
0 "Салық полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.06.2015 № 433 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. "Салық полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесі "Қаржы полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) болып қайта аталсын.
2 2. Академияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырушы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігі (қаржы полициясы) болып белгіленсін.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.29. N 100 қаулысымен.
3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
4 4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Академияның нақты мамандықтар бойынша дипломдар беру құқығымен қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясын заңнамада белгіленген тәртіппен қайта ресімдесін.
5 5. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігі (қаржы полициясы) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Академияны әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.29. N 100 қаулысымен.
6 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
7
7. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақмола заң колледжін "Салық полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесі деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1184 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 363-құжат) күші жойылды деп танылсын.
8 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
11 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 15 мамырдағы
N 643 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен.
2 2. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдерді пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына бағынысты мемлекеттік органдарына көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердің тиесілік табелінде:
"Арнайы жеңіл автомобильдерді пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер" деген бағанда:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі";
2-жолда "Салық" деген сөз "Қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын.
3 3. "Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы N 301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 9-10, 111-құжат):
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
"Кеден саясатын жетілдірудің негізгі бағыттары" деген 1-бөлімнің "Кадр саясатын жетілдіру" деген 4-басымдығында:
"МІНДЕТТЕР" деген бөлімшенің жиырма төртінші абзацында "Салық" деген сөз "Қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын.
4 4. "Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қарашадағы N 1746 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 573-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасына қосымшада:
"Кадрларды іріктеудің әдістерін жетілдіру:" деген 4.4-тармақтың 4.4.11-тармақшасында 2-бағандағы "ҚР МКМ Салық полициясы академиясында" деген сөздер "Қаржы полициясы академиясында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-бағанда "ҚР СПА" деген қысқарған бас әріптер "ҚПА" деген бас әріптермен ауыстырылсын.