Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о государственной охране животного мира

Бұйрық · № 18-03/146 · қабылданған 27.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88652/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Положения о государственной охране животного мира Қолданыста Бұйрық ·№ 18-03/146 ·27.02.2015
22.01.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о государственной охране животного мира

Қолданыста Бұйрық ·№ 18-03/146 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о государственной охране животного мира
Атауы (қаз.)
Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ереженi бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18-03/146
Қабылданған күні
27.02.2015
Көрсетілген редакция
22.01.2020 88652_441678.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010700
ЭКБ идентификаторы
88652
Редакция идентификаторы
88652_441678
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:20

0 Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ереженi бекiту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының
1 тармағының 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ереже бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрдің
міндетін аткарушы
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/146 бұйрығымен
бекітілген
Жануарлар дүниесін мемлекеттiк қорғау туралы ереже

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау ережесі

(бұдан әрі – Ереже) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1 тармағының 48) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау (бұдан әрi - жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).

2 2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың мiндеттерi мен функциялары

2 2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың негiзгi мiндеттерi:

1 1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу;

2 2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактiлерi жөнiндегi ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды уәкiлеттi, құқық қорғау және сот органдарына жiберу болып табылады.

3 3. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың ұйымдық құрылымы

3 3. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiмен айналысатын жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерiнен тұрады.

4 4. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды тұлғалары: директор, жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi инспекторлар болып табылады.

Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғауға өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн:

1 1) жеке және заңды тұлғалардың аң және (немесе) балық аулау құқығын беретiн құжаттарын тексеру;

2 2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

3 3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстап, құқық қорғау органдарына жеткiзу;

4 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды, ал қажет болған кезде - ұсталған адамдардың жеке заттарын жете тексеру;

5

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін, заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілері мен олардың тіршілік ету өнімдерін алып қою және олардың одан әрі тиесілі болуы туралы мәселені шешу;

6 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) кию және қызметтік қару алып жүру құқығы берiледi.

5 5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.

6 6. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.

Қолданыстағы