Об утверждении Правил формирования и использования Государственного реестра методик судебно-экспертных исследований Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил формирования и использования Государственного реестра методик судебно-экспертных исследований Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 49
- Қабылданған күні
- 26.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2017 88669_176418.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15D0010304
- ЭКБ идентификаторы
- 88669
- Редакция идентификаторы
- 88669_176418
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:56
0 Қазақстан Республикасы
сот-сараптамалық зерттеулер
әдістемелерінің мемлекеттік
тізілімін қалыптастыру және
пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары» бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 49 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы сот - сараптамалық зерттеулер
әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін
қалыптастыру және пайдалану
қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары) Қазақстан Республикасы сот - сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру және пайдалану мақсатын, тәртібін айқындайды.
2
2. Мемлекеттік тізілім қылмыстық процесті жүргізуші органдарды, соттарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органдарды (лауазымды адамдарды), процеске өзге қатысушыларды, сондай-ақ сот сарапшыларын және сот - сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын тұлғаларды Мемлекеттік тізілімге енген әдістемелер жөнінде мәліметтермен ақпараттандыру мақсатында қалыптастырылады.
2 2. Мемлекеттік тізілімді пайдалану және қалыптастыру тәртібі
3 3. Мемлекеттік тізілім осы Қағидаға 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде жүргізіледі.
4
4. Мемлекеттік тізілім осы Қағидаға 2 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша әдістеме құжатын қалыптастыратын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) талаптарына жауап беретін сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелері (бұдан әрі-әдістемелер) туралы мәліметтерді қамтиды.
5
6
6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органының Ғылыми кеңесінің (бұдан әрі - Ғылыми кеңес) сот – сараптамалық зерттеулер әдістемелерін Мемлекеттік тізілімге енгізу туралы шешімінен кейін бес күн ішінде әдістемелер туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығына (бұдан әрі-Орталық) мемлекеттік және орыс тілдерінде, баспа және электрондық түрде, аталған органдардың мөрімен куәландырылып, бір данада жолданады.
7 7. Мемлекеттік тізілімге енгізілуі тиіс мәліметтер, олар Орталыққа түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде енгізіледі.
8 8. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органымен ақпарат келіп түскен сәттен бастан бес жұмыс күні ішінде енгізіледі.
9
10 10. Мемлекеттік тізілімнің электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылады.
11 11. Сарапшылар сот сараптамасын жүргізу кезiнде Мемлекеттік тізілімге енгізілген әдістемелер туралы ақпараттарды пайдалана алады.
19 Қазақстан Республикасы
сот-сараптамалық зерттеулер
әдістемелерінің мемлекеттік
тізілімін қалыптастыру және
пайдалану қағидаларына
1 - қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы сот - сараптамалық зерттеулер
әдістемелерінің мемлекеттік тізілімі
Р/с
№
Әдіс
теменің шифры
Әдістеменің атауы
Ғылыми
кеңес хаттамасының нөмірі, күні,
Әдістеменің авторы (құрастырушы)
Әдістеменің
төлқұжаты
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
20 Қазақстан Республикасы
сот-сараптамалық зерттеулер
әдістемелерінің мемлекеттік
тізілімін қалыптастыру және
пайдалану қағидаларына
2 - қосымша
нысан
Әдістеменің төлқұжаты
1. Әдістеменің атауы
2. Әдістеме мамандығының шифрі
3. Автор туралы ақпарат (құрастырушы туралы)
4. Әдістеменеің мәні
4.1 Әдістемемен шешілетін сарапшылық міндеттер
4.2. Зерттеу объектілері
4.3. Зерттеу әдістері
4.4. Әдістеменің қысқаша кезең-кезеңдік сипаттамасы
5. Орталықтың Ғылыми кеңес хаттамасының нөмірі, күні
6. Әдістеме төлқұжатын құрастырушы туралы ақпарат