Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования

Қаулы · № 879 · қабылданған 17.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88676/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования Күшін жойған Қаулы ·№ 879 ·17.03.2015
04.11.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования

Күшін жойған Қаулы ·№ 879 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования
Атауы (қаз.)
Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің Үлгі қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
879
Қабылданған күні
17.03.2015
Көрсетілген редакция
04.11.2019 88676_426215.kaz
Соңғы өзгеріс
04.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15L0004954
ЭКБ идентификаторы
88676
Редакция идентификаторы
88676_426215
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:05

0 Білім беру ұйымының

ішкі тәртіптемесінің Үлгі
қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берiлiп отырған білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің Үлгі қағидалары бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсiн.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

4 Қызылорда облысы әкімдігінің

2015 жылғы «17» наурыздағы № 879
қаулысымен бекітілген
Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің
Үлгі қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің Үлгі қағидалары (бұдан әрі - Үлгі қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабына  сәйкес әзірленді және білім беру ұйымының ішкі тәртібінің қағидасын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.

2 2. Үлгі қағидалар білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларын әзірлеу және бекіту кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

3

3. Білім беру ұйымының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымының педагог және өзге де қызметкерлердің жұмыс және демалыс уақытының режимін белгілейді.

4

4. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымының кызметкерлерінің, сонымен қатар, білім беру ұйымының білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің Үлгі қағидалармен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.

2 2. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі

5 5. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі қағидаларында:

1 1)білім беру ұйымының әкімшілігі және педагогтарының білім алушылармен және тәрбиеленушілермен өзара қарым-қатынасы;

2 2)оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;

3 3)білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;

4 4)білім беру ұйымдарының еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жағдайлары;

5 5)білім беру ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

6 6)білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, олардың арасындағы үзілістер;

7 7)білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қамтылуы тиіс.

6 6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар, олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларына қолжетімділігін және таныстыруды қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы