Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования и ведения государственного реестра туристских маршрутов и троп

Бұйрық · № 255 · қабылданған 27.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88699/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования и ведения государственного реестра туристских маршрутов и троп Қолданыста Бұйрық ·№ 255 ·27.02.2015
15.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования и ведения государственного реестра туристских маршрутов и троп

Қолданыста Бұйрық ·№ 255 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования и ведения государственного реестра туристских маршрутов и троп
Атауы (қаз.)
Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
255
Қабылданған күні
27.02.2015
Көрсетілген редакция
15.07.2025 88699_775017.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010648
ЭКБ идентификаторы
88699
Редакция идентификаторы
88699_775017
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:20

0 Туристік маршруттар мен

соқпақтардың мемлекеттік
тізілімін қалыптастыру және
жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3

3. «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесі және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесін жасау және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 23 қазандағы № 01-08/180 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5350 тіркелген, 2008 жылғы 28 қарашадағы № 182 (1408) «Заң газеті» газетінде жарияланған).

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министріне.

5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 255 бұйрығымен бекітілген
Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2 2. Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) туристік маршруттар мен соқпақтарды есепке алу құжаты болып табылады.

2 2. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі

3 3. Тізілім туристің (саяхат кезінде) танымдық, спорттық, эстетикалық не өзге де мақсаттармен өту, қарау үшін белгіленген географиялық мекендердің, болу объектілерінің тізбесін көрсететін белгіленген маршруттар мен соқпақтардан қалыптастырылады.

4 4. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілім облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - әкімдіктер) жүргізіледі.

Тізілім жүргізудің астарында:

1 1) туристік маршруттар мен соқпақтар туралы мәліметтерді енгізу;

2 2) тізілімді туристік маршруттар мен соқпақтартуралы мәліметтер өзгерген кезде жаңарту;

3 3) әкімдіктердің интернет - ресурсында тізілімді орналастыру және оны жүйелі түрде жаңарту түсіндіріледі.

5 5. Тізілім қағаз және электронды тасығыштарда жүргізіледі. Тізілімнің барлық беттері қағаз түрінде нөмірленеді, тігіледі, соңғы бетінде парақтардың саны көрсетіледі және мөр басылады.

6 6. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі, өшірусіз және түзетулерсіз толтырылады.

7 7. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша әкімдіктер тізілімге енгізілген мәліметтерді ұсынады.

23 Туристік маршруттар мен

соқпақтардың мемлекеттік
тізілімін қалыптастыру және
жүргізу қағидасының қосымшасы
Нысан
Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімі

Туристік қызметтің түрі
Туристік маршрут пен соқпақтардың атауы
Бару мақсаты
Туристің жүру жолы
Туристік маршрут пен соқпақтың ұзақтығы
Өзге де мәліметтер
1
2
3
4
5
6
7
М.О.                                                         қолы

Қолданыстағы