Об утверждении натуральных норм площадей для специфических помещений ведомств Министерства финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении натуральных норм площадей для специфических помещений ведомств Министерства финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 251
- Қабылданған күні
- 31.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2019 88708_407550.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011031
- ЭКБ идентификаторы
- 88708
- Редакция идентификаторы
- 88708_407550
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:44
0 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше
үй-жайлары үшін алаңдарының заттай
нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормасы бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық - ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшіне енеді.
0 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 251 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының
ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормалары
№
р/с
Үй-жайлардың атауы
Өлшем бірлігі
Үй-жайлар дың алаңы
1
2
3
4
Мемлекеттік кірістер органдарыүшін ерекше үй-жайлар
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті және облыстық, Астана, Алматы қалалары, «Достық» Кедені бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері
1.
Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғышзаттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай (1 аттестатталған қызметкерге)
шаршы.м
0,2
2.
Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай
шаршы.м
36
3.
Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай
шаршы.м
18
4.
Тергеудегілерден жауап алуды жүргізу бөлмесі
шаршы.м
18
5.
Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай
шаршы.м
36
6.
Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары:
Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Атырау, Өскемен, Тараз, Орал, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Петропавл қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары
шаршы.м
900
Степногор, Қапшағай, Текелі, Жезқазған, Сарань, Теміртау, Шахтинск, Балхаш, Приозерск, Қаражал, Сәтпаев, Лисаковск, Рудный, Арқалық, Жаңаөзен, Арыс, Кентау, Түркістан, Ақсу, Екібастұз, Риддер, Курчатов, Семей қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары
шаршы.м
200
Қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары
шаршы.м
500
Аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары
шаршы.м
100
Қазынашылық органдарына арналған ерекше үй-жайлар
7.
Мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған зал:
шаршы.м
Аудандық қазынашылық басқармалары
30
Қалалық қазынашылық басқармалары
45
Облыстар бойынша қазынашылық департаменттері
60
Астана және Алматы қалалары бойынша қазынашылық департаментері
90