Об установлении единых ставок фиксированного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога
- Атауы (қаз.)
- Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 218
- Қабылданған күні
- 03.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2018 88760_296694.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NI005519
- ЭКБ идентификаторы
- 88760
- Редакция идентификаторы
- 88760_296694
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:37
0 Бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелерін белгілеу
туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 422-бабына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жангелдин ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Мәслихаттың 2010 жылғы 23 ақпандағы № 168 «Жангелдин ауданында бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-9-118 тіркелген, 2010 жылғы 2 сәуірде «Біздің Торғай» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жангелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________________Д.Әмірханұлы
2015 жылғы «3» сәуір
4 Мәслихаттың 2015 жылғы
3 сәуірдегі № 218
шешіміне қосымша
Жангелдин ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
№ р/с
Салық салу объектісінің атауы
Айына бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
3