О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 271
- Қабылданған күні
- 30.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2015 88771_57495.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NK005522
- ЭКБ идентификаторы
- 88771
- Редакция идентификаторы
- 88771_57495
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:46
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсалған шығындары (бұдан әрі – оқытұға жұмсалған шығындарды өтеу) жеке оқыту жоспары бойынша тоқсанына сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтдірілсін.
2. Мыналар:
1) «Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу жүзеге асырылады;
2) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі - қызметті алушылар) төленеді;
3) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімінің анықтамасы);
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;
мүгедектігі туралы анықтама;
банктегі шоттың болуы туралы құжат;
мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
4) оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.
3. Мәслихаттың 2013 жылғы 25 қарашадағы № 159 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы», (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4333 тіркелген, 2013 жылғы 13 желтоқсанда «Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости» аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________________ Л. Иванченко
2015 жылғы 30 наурыз