О внесении изменений в некоторые приказы Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 155
- Қабылданған күні
- 05.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2020 88780_460324.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010689
- ЭКБ идентификаторы
- 88780
- Редакция идентификаторы
- 88780_460324
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:14
0 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1
2
2) «Оңалту және банкроттық рәсімдерінде уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың электрондық тәсіл арқылы қатысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9482 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 шілдеде жарияланған):
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Электрондық тәсілмен ақпаратты қалыптастыруға және ұсынуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету және осы бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартып отыру тұрақты негізде, ақпаратты ұсыну мерзімі басталғанға дейін жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында тегін орналастырылады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Пайдаланушы ақпараттық жүйені құрғанға дейін оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін өткізу барысы туралы ақпаратты уәкілетті органдар мен басқа да мүдделі тұлғаларға оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте беріледі.».