Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 2
·
21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера
- Атауы (қаз.)
- Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 13.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2015 AI88836_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KH003130
- ЭКБ идентификаторы
- 88836
- Редакция идентификаторы
- AI88836_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:30
0 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру қажеттігін туындатқан, Шахтинск қаласының Шахан кенті аумағының бөлігін су басуына байланысты, Шахтинск қаласының әкімі ШЕШТІ:
1 1. Шахтинск қаласының Шахан кентінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2 2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Уахитов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
А. Аглиулин