Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов в городе Капшагай
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов в городе Капшагай
- Атауы (қаз.)
- Қапшағай қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 156
- Қабылданған күні
- 15.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2015 88846_17568.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DB003146
- ЭКБ идентификаторы
- 88846
- Редакция идентификаторы
- 88846_17568
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:28
0 Қапшағай қаласында
үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарды
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қапшағай қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. «Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Аққойшы Нұрлан Ерғазыұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Қапшағай қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «___»___________
«Қапшағай қаласында үгіттік
баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарды
белгілеу туралы» №______
қаулысына қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар