Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, являющихся предметом государственных закупок, осуществляемых способом аукциона
Күшін жойған
Бұйрық
·№ 180
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, являющихся предметом государственных закупок, осуществляемых способом аукциона
- Атауы (қаз.)
- Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 18.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2015 88869_151278.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010743
- ЭКБ идентификаторы
- 88869
- Редакция идентификаторы
- 88869_151278
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:03
0 Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 14-бабы 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
7 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 180 бұйрығымен бекітілген
Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
1 1. Тауарлар;
2 2. Көрсетiлетiн қызметтер, оның ішінде:
1 1) аңшылықпен, кәсiпшілікпен және жабайы құс өсірумен байланысты қызметтерден басқа, ауыл шаруашылығындағы және аңшылықтағы қызметтер;
2 2) орман өсiру және ағаш дайындау үшiн көрсетiлетiн қызметтер;
3 3) балық аулауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер;
4 4) шикi мұнай және табиғи газ, iздестiру жұмыстарынан басқа, өндiру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;
5
5) тізбесі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленетін техникалық күрделі құрылыс объектілерін қоспағанда (күрделі және ағымды жөндеуді қоса алғанда), күрделі және ағымды жөндеуді қоса алғанда, құрылыс қызметтерін көрсету және құрылыс объектілері;