Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности частных судебных исполнителей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности частных судебных исполнителей
- Атауы (қаз.)
- "Жеке сот орындаушыларының қызметi үшiн бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiн бекiту туралы"
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 32
- Қабылданған күні
- 22.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2022 88871_564278.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15D0010308
- ЭКБ идентификаторы
- 88871
- Редакция идентификаторы
- 88871_564278
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:57
0 "Жеке сот орындаушыларының
қызметi үшiн бiлiктiлiк талаптары
мен оларға сәйкестiктi растайтын
құжаттар тiзбесiн бекiту туралы"
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабына және «Әдiлет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса ұсынылған Жеке сот орындаушыларының қызметi үшiн бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесi бекiтiлсiн.
2 2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот актiлерiн орындау департаментi:
1 1) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiмен мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялануын;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары Б.Ж. Әбдiрайымға жүктелсiн.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛIСIЛДI»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрi
_________________ Ә. Исекешев
2015 жыл «____»______________
«КЕЛIСIЛДI»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрi
______________ Е. Досаев
2015 жыл «____»______________
1 Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 32 бұйрығымен
бекітілді
Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
№
Талаптары
Құжат
р/с
1
2
1
Қазақстан Республикасының азаматы
жеке басын куәландыратын құжат
2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес жоғары білімінің болуы.
Шетелдік білім мекемелері берген дипломдар үшін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткендігі туралы мәлімет
диплом
3
Мына талаптардың біріне сәйкес келуі:
1) жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға аттестаттауды сәтті тапсыру
2) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсыру, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірінің болуы
3) судья лауазымында болу, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адам болу
4) прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл еңбек өтілінің болуы
5) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл еңбек өтілінің болуы
1) жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға аттестат
2) Біліктілік комиссиясының қорытындысы
3) еңбек қызметін растайтын құжат, Президент Жарлығы
4) еңбек өтілін растайтын құжат, қызметтік тізім
5) еңбек өтілін растайтын құжат, қызметтік тізім
4
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағында белгіленген шектеулер жоқ
ақпараттық жүйеден алынған электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мәліметтер нысаны
* Ескертпе: Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің дерекқоры құжаттар тізбесінде көзделген материалдар бойынша алынатын ақпарат көзі болып табылады.