Об утверждении Перечня категории лиц, имеющих право на социальную поддержку в соответствии с законодательством Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня категории лиц, имеющих право на социальную поддержку в соответствии с законодательством Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар адамдар санатының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 143
- Қабылданған күні
- 26.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2018 88877_300710.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010729
- ЭКБ идентификаторы
- 88877
- Редакция идентификаторы
- 88877_300710
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:26
0 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар адамдар санатының тізбесін бекіту туралы
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 24-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар адамдар санатының тізбесі бекітілсін.
2 2. Әлеуметтік, көші-қон саясаты және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 3 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 13 наурыз
0 Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 143 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар адамдар
санатының тізбесі
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес, жеке табыс салығын салуға жататын табыстарынан салық агентінің мүлікті өтеусіз беру түріндегі табыстарын алып тастау жүргізілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар адамдар санатына осындай беру күніне: