Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы и Правил ведения журнала учета движения нефтепродуктов на автозаправочных станциях и базах нефтепродуктов

Бұйрық · № 136 · қабылданған 27.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88885/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении формы и Правил ведения журнала учета движения нефтепродуктов на автозаправочных станциях и базах нефтепродуктов Қолданыста Бұйрық ·№ 136 ·27.02.2015
27.09.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы и Правил ведения журнала учета движения нефтепродуктов на автозаправочных станциях и базах нефтепродуктов

Қолданыста Бұйрық ·№ 136 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы и Правил ведения журнала учета движения нефтепродуктов на автозаправочных станциях и базах нефтепродуктов
Атауы (қаз.)
Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
136
Қабылданған күні
27.02.2015
Көрсетілген редакция
27.09.2023 88885_658070.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010592
ЭКБ идентификаторы
88885
Редакция идентификаторы
88885_658070
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:20

0 Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдарын жүргізу қағидалары;

2 2) бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны;

3 3) бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерінің базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде ашық бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық - ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
1-қосымша
Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2

2. Осы Қағидалар мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін өндірушілер (бұдан әрі – мұнай өнімдері нарығының субъектілері) ресімдейтін автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдарын жүргізу тәртібін айқындайды және автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысы туралы мәліметтерді көрсетеді.

2 2-тарау. Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу бойынша журналдарды жүргізу тәртібі

1 1-параграф. Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу

3 3. Мұнай өнімдері нарығының субъектілері осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырады.

4 4. Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдары мұнай өнімдері нарығының субъектілерінің қолымен куәландырылады.

2 2-параграф. Автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын ресімдеу және толтыру

5 5. 1-бағанда мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе өткізу жасалған күні, айы көрсетіледі.

6 6. 2-бағанда мұнай өнімінің коды – дербес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

7 7. 3-бағанда жұмыс күні басында мұнай өнімдері нарығының субъектілерінде бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) (тоннамен, килограммен) көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс істеу режимінде – ауысымның басында.

Бұл көрсеткіш алдыңғы жұмыс күнінің немесе ауысымның соңындағы қалдықтардан көшіріледі.
Автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату бойынша қызметін алғаш бастаған мұнай өнімдері нарығының субъектілері осы бағанды толтырған кезде мұнай өнімдерінің нөлдік қалдығын көрсетеді (қызметін бастаған күніне).

8 8. 4-бағанда мұнай өнімдерінің сатып алынған (мұнай өнімдері базасы немесе резервуарлардан ауыстырылған) мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.

9 9. 5-бағанда мұнай өнімдерінің отын-үлестіру колонкалары арқылы сатылған мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.

10 10. 6-бағанда жұмыс күнінің соңына мұнай өнімдері нарығының субъектілерінде бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) көрсетіледі (тоннамен, килограммен). Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның соңында.

11 11. 7-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы көрсетіледі.

12 12. 8-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) көрсетіледі.

13 13. 9-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.

14 14. 10-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың күні (күні, айы және жылы) көрсетіледі.

15 15. 11-бағанда ілеспе жүкқұжатына сәйкес сатып алынған (мұнай өнімдері базасынан немесе резервуарлардан ауыстырылған) мұнай өнімдерінің мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.

16 16. 12-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.

17

17. Тұрақты, контейнер және жылжымалы түрде автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге мұнай өнімдері нарығының субъектілері мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі операцияларды жүргізген кезде автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырумен бір мезгілде тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтырады.

3 3-параграф. Тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтыру

18 18. 1-бағанда отын-үлестіру колонкалары арқылы мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе сату жүзеге асырылған күні және айы көрсетіледі.

19 19. 2-бағанда мұнай өнімдерінің түрлері көрсетіледі.

20 20. 3 және 4-бағандарда жұмыс күні басына отын-үлестіру колонкаларын есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның басына.

Аталған көрсеткіштер мұнай өнімдері нарығының субъектілеріндегі отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда аталған бағандар көбейеді (азаяды).

21 21. 5 және 6-бағандарда жұмыс күні соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның соңына.

Бұл көрсеткіштер мұнай өнімдері нарығының субъектілеріндегі отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда бұл бағандар көбейеді (азаяды).

22 22. 7 және 8-бағандарда жұмыс күні (ауысым) ішінде отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштері арқылы сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

23 23. 9-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.

4 4-параграф. Мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын ресімдеу және толтыру

24 24. 1-бағанда мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе сату жүзеге асырылған күн және ай көрсетіледі.

25 25. 2-бағанда мұнай өнімдерінің түрлері көрсетіледі.

26 26. 3-бағанда дербес сәйкестендіру нөмірі - мұнай өнімдерінің түрлері коды көрсетіледі.

27 27. 4-бағанда жұмыс күні басындағы мұнай өнімдері нарығының субъектілерінде бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) (тоннамен) көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс істеу режимінде – ауысымның басында.

Бұл көрсеткіш алдыңғы жұмыс күнінің немесе ауысымның соңындағы қалдықтардан көшіріледі.
Қызметін алғаш бастаған мұнай өнімдері нарығының субъектілері осы бағанды толтырған кезде мұнай өнімдерінің нөлдік қалдығын көрсетеді (қызметін бастаған күніне).

28 28. 5-бағанда мұнай өнімдерінің сатып алынған мөлшері (тоннамен) көрсетіледі.

29 29. 6-бағанда мұнай өнімдерінің сатылған мөлшері (тоннамен) көрсетіледі.

30 30. 7-бағанда жұмыс күнінің соңына мұнай өнімдері нарығының субъектілерінде бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) көрсетіледі (тоннамен). Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның соңында.

31 31. 8-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы көрсетіледі.

32 32. 9-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің ЖСН немесе БСН көрсетіледі.

33 33. 10-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.

34 34. 11-бағанда мұнай өнімдерін алушының атауы көрсетіледі.

35 35. 12-бағанда мұнай өнімдерін алушының ЖСН немесе БСН көрсетіледі

36 36. 13-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.

37 37. 14-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.

2 20__ жыл үшін автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
2-қосымша
нысан
20__ жыл үшін автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері)
*____________________________________________________________________
Күні
Мұнай өнімінің пин-коды
Мұнай өнімдерінің қозғалысы (тоннамен)
Жұмыс күнінің (ауысымның) басындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері)
Сатып алынған мұнай өнімі (мұнай өнімдері базасынан не резервуардан орны өткізілген)
Отын-үлестіру колонкалары арқылы сатылған мұнай өнімдері
Жұмыс күнінің (ауысымның) соңындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері)
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
мұнай өнімдерін жеткізушілер туралы мәліметтер
Журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы
мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы
жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі
ілеспе жүк- құжатының нөмірі
ілеспе жүкқұжатының күні
ілеспе жүкқұжаты бойынша мөлшері (тоннамен)
7
8
9
10
11
12
Ескертпе * жылжымалы түрдегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын мұнай өнімі нарығының субъектілері, меншік иесінің (жалға берушінің) атауы, автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін және қауіпті жүк тасу қызметімен айналысу құқығына лицензияның нөмірін көрсетеді. Отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіші автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаға сәйкес толтырылады.
Автожанармай құю станциясындағы
мұнай өнімдерінің қозғалысын
есепке алу журналына
қосымша
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері)
Отын-үлестіру колонкаларындағы (ОҮК) есептеуіштердің көрсеткіштері
Жауапты жеке немесе заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні
Мұнай өнімдерінің түрлері
Жұмыс күнінің (ауысымның) басында ОҮК есептеуішінің көрсеткіштері
жұмыс күнінің (ауысымның) соңында ОҮК есептеуішінің көрсеткіштері
Жұмыс күні (ауысымда) ішінде ОҮК арқылы сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері, литрмен*
№ 1 ОҮК
№ 2 ОҮК
№ 1 ОҮК
№ 2 ОҮК
№ 1 ОҮК
№ 2 ОҮК
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Ескертпе * отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштері арқылы өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері = жұмыс күні (ауысым) соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері – жұмыс күні (ауысым) басында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері.

3 20__ жыл үшін мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
3-қосымша
нысан
20__ жыл үшін мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің
қозғалысын есепке алу журналы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері)
кү­ні
мұ­най өнім­де­рі­нің түр­ле­рі
мұ­най өні­мі­нің пин-ко­ды
мұ­най өнім­де­рі­нің қоз­ға­лы­сы (тон­на­мен)
жұ­мыс кү­ні­нің (ауы­сым­ның) ба­сын­да­ғы мұ­най өнім­де­рі­нің қал­ды­ғы (мөл­ше­рі)
са­тып алын­ған мұ­най өні­мі (мұ­най өнім­де­рі ба­за­сы­нан не ре­зер­ву­ар­дан ор­ны ауы­сты­ры­л­ған)
са­ты­л­ған мұ­най өнім­де­рі (мұ­най өнім­де­рі ба­за­сы­на не ре­зер­ву­ар­дан ор­ны ауы­сты­ры­л­ған)
жұ­мыс кү­ні­нің (ауы­сым­ның) со­ңын­да­ғы мұ­най өнім­де­рі­нің қал­ды­ғы (мөл­ше­рі)
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
мұ­най өнім­де­рін жет­кі­зу­ші­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
мұ­най өнім­де­рін алушы­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
жур­нал­ды жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) қо­лы
мұ­най өнім­де­рін жет­кі­зу­ші­нің ата­уы
жет­кі­зу­ші­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
іле­с­пе жүк­құ­жа­ты­ның нө­мі­рі
мұ­най өнім­де­рін алушы­ның ата­уы
алушы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
іле­с­пе жүк­құ­жа­ты­ның нө­мі­рі
8
9
10
11
12
13
14

Қолданыстағы