Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил реализации товаров в магазинах беспошлинной торговли, дополнительных условий включения в реестр владельцев магазинов беспошлинной торговли

Бұйрық · № 134 · қабылданған 26.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88887/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил реализации товаров в магазинах беспошлинной торговли, дополнительных условий включения в реестр владельцев магазинов беспошлинной торговли Күшін жойған Бұйрық ·№ 134 ·26.02.2015
19.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил реализации товаров в магазинах беспошлинной торговли, дополнительных условий включения в реестр владельцев магазинов беспошлинной торговли

Күшін жойған Бұйрық ·№ 134 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил реализации товаров в магазинах беспошлинной торговли, дополнительных условий включения в реестр владельцев магазинов беспошлинной торговли
Атауы (қаз.)
Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
134
Қабылданған күні
26.02.2015
Көрсетілген редакция
19.02.2018 88887_303712.kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010653
ЭКБ идентификаторы
88887
Редакция идентификаторы
88887_303712
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:26

0 Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 54-бабының 5) тармақшасына, 409-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына;

2 2) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д. Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
____________Е. Ыдырысов
2015 жылғы «____»_________

1 Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидасы

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы № 134
бұйрығына 1-қосымша
Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидасы

1

1. Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу туралы осы қағида бажсыз сауданың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдардың оларға теңестірілген өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне өткізу тәртібін анықтайды.

2 2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бажсыз сауда дүкендерінде тауарлар бөлшек саудада өткізіледі.

3

3. Астанада тауарларды өткізу шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдардың оларға теңестірілген өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, мұндай тұлғаның Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелгенін растайтын құжатты ұсынған кезде және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынған таратуға шек қойылған қызметтік ақпаратында тауарларды өткізу кезінде осы тұлға туралы деректер болған жағдайда жүзеге асырылады.

4 4. Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып, сондай-ақ салық заңнамасының шот- фактураны жазу және оны тауарларды сатып алушыға беру бойынша талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

5

5. Сатып алушыға берілетін бақылау-касса машинасының чегі немесе тауарға, жұмысқа, көрсетілген қызметке төленген сомаға тауарлық чек (сауда автоматтарында қолданылатын бақылау-касса машиналарын қоспағанда) тауарды сату фактісін растайтын құжат болып табылады. Мұндай құжаттардың көшірмесі бажсыз сауда дүкендерінде сақталады.

2 Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы № 134
бұйрығына 2-қосымша
Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің
қосымша шарттары
Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары мыналар болып табылады:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде тұлғаның аккредитацияланғанын растайтын құжатты сканерлеу үшін құрылғының болуы;

2 2) бажсыз сауда дүкенінің аумағына жеке тұлғалардың кіруіне бақылау-өткізу режимінің болуы;

3 3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратын пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің рұқсатының болуы;

4

4) бажсыз сауда дүкені аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайларға (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар тұрған) кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы.

5 5) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуы шектеулі ақпаратына қол жеткізу.

Қолданыстағы