Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

Қаулы · № 63 · қабылданған 19.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88890/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду) Күшін жойған Қаулы ·№ 63 ·19.03.2015
05.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

Күшін жойған Қаулы ·№ 63 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)
Атауы (қаз.)
Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақыcының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
63
Қабылданған күні
19.03.2015
Көрсетілген редакция
05.05.2015 AI88890_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15TG003167
ЭКБ идентификаторы
88890
Редакция идентификаторы
AI88890_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:02

0 Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақыcының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.М. Тулеушовке жүктелсін.

3 Аудандық коммуналдык мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкі­мі
Е. Ума­ров
Ма­қат ауда­ны әкім­ді­гі­нің 2015 жы­л­ғы "19" на­уры­зда­ғы № 63 қа­улы­сы­на қо­сым­ша
Аудандық коммуналдык мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

1

1. Осы аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.

2

2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф, мұнда:
Ап- жылына аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Рбс- 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Кт - құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
Кк - тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск - қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Копф-жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.

3 3. Жабдықтарды, автокөлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:

Ап = С х Nam/100 х Кп мұнда:
Ап - жылына жабдықтар, көлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын мүліктің жалдау ақысының мөлшерлемесі;
С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны; 100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдары мен баска да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде) .

4 Тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері

4. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін, сондай-ақ жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) ұсыну кезінде жалдау ақысын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Ач=Ап/12/Д/24, мұнда:
Ач – сағатына аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Ап – жылына аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Д – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.
Аудан­дық ком­му­нал­дық мү­лік­ті мү­лік­тік жал­да­у­ға (жал­ға алу­ға) бе­ру ке­зін­де жал­дау ақы­сы­ның мөл­шер­ле­ме­сін есеп­теу қа­ғи­да­ла­ры­на қо­сым­ша
Тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері

Ба­за­лық мөл­шер­ле­ме­сі
Әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік
Ба­за­лық мөл­шер­ле­ме­нің мөл­ше­рі
1
Ма­қат ауда­ны
Ти­іс­ті жы­л­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­мен бел­гі­лен­ген 1,5 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш

Ко­эф­фи­ци­ент­тер тү­рі
Ко­эф­фи­ци­ент мөл­ше­рі
1
Құ­ры­лыс үл­гі­сін ес­ке­ре­тін ко­эф­фи­ци­ент (Кт):
1.1 кең­се­лік
1,0
1.2 өн­ді­рі­стік
0,8
1.3 қой­ма, га­раж, қа­зан­дық
0,6
1.4 спорт­тық ғи­ма­рат­тар (ста­ди­он­дар, спорт­тық зал­дар)
0,7
2
Тұр­ғын емес үй-жай­дың тү­рін ес­ке­ре­тін ко­эф­фи­ци­ент (Кк):
2.1 же­ке тұр­ған құ­ры­лыс
1,0
2.2 жап­сар­лас-жа­на­са са­лын­ған бө­лі­гі
0,9
2.3 астың­ғы (жар­ты­лай жер­тө­ле) бө­лі­гі
0,7
2.4.жер­тө­ле бө­лі­гі
0,6
3
Қо­лай­лы­лық дә­ре­же­сін ес­ке­ре­тін ко­эф­фи­ци­ент (Кск):
3.1 бар­лық ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­ла­ры бар үй-жай­лар үшін (электр энер­ги­я­сы, кә­різ, су­мен қам­та­ма­сыздан­ды­ру, жы­лу) ком­му­ни­ка­ци­я­лар­дың қан­дай да бір түр­ле­рі жоқ бол­са, әр­бір түр­ге 0,1-ге аза­яды
1,0
4
Аумақ­тық ор­на­ла­суын ес­ке­ре­тін ко­эф­фи­ци­ент (Кр):
4.1 аудан­дық ор­та­лық­тар үшін
1,0
4.2 кент, ауыл
0,5
5
Жал­да­у­шы­ның қыз­мет тү­рін ес­ке­ре­тін ко­эф­фи­ци­ент (Квд):
5.1 ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған банк­тер­дің, "Каз­по­шта" Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның есеп ай­ы­ры­су-кас­са­лық ор­та­лық­та­ры үшін (қол же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі ком­му­нал­дық заң­ды тұ­лға­лар­дың ғи­ма­рат­та­рын­да 0,5-ке тө­мен­де­ту ко­эф­фи­ци­ен­ті қол­да­ны­ла­ды),
2,0
5.2 бро­кер­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру және ке­ден қыз­мет­те­рін көр­се­ту, ай­ыр­ба­стау пункт­те­рі және қыз­ме­ті ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғы­мен бай­ла­ны­сты ұй­ым­дар, сақ­тан­ды­ру, ин­ве­сти­ци­я­лық ком­па­ни­я­лар, но­та­ри­ал­дық кең­се­лер, ад­во­кат­тық кең­се­лер үшін
3,0
5.3 са­уда, қо­нақ үй қыз­мет­те­рін ұй­ым­да­сты­ру үшін қыл­мыстық-ат­қа­ру­шы­лық жүй­е­нің ғи­ма­рат­та­рын­да және оқу орын­да­ры­ның жа­тақ­ха­на­ла­рын­да са­уда қыз­мет­те­рін ұй­ым­да­сты­ру үшін
2,5
1,9
5.4 қо­ғам­дық та­мақ­та­ну­ды ұй­ым­да­сты­ру үшін
1,5
5.5 мы­на­дай са­ла­лар­да қыз­мет­тер­ді ұй­ым­да­сты­ру үшін:
5.5.1. ор­та, тех­ни­ка­лық, кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру
5.5.2. мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру
0,9
0,8
5.6 ден­са­улық сақ­тау, мә­де­ни­ет және спорт са­ла­ла­рын­да қыз­мет­тер­ді ұй­ым­да­сты­ру үшін
1,0
5.7 өт­кі­зу жүй­е­сі бар (қол же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі) ком­му­нал­дық заң­ды тұ­лға­лар­дың ғи­ма­рат­та­рын­да қыз­мет­кер­лер­дің та­мақ­та­нуын ұй­ым­да­сты­ру, тұр­мыстық қыз­мет­тер­ді көр­се­ту, сон­дай-ақ оқу орын­да­рын­да­ғы және оқу орын­дар­дың жа­тақ­ха­на­ла­рын­да­ғы ас­ха­на мен бу­фет­тер үшін
0,5
5.8. 5.1-5.7-тар­мақ­тар­да көр­се­ті­л­ген қыз­мет түр­ле­рін қо­с­па­ған­да, қыз­мет түр­ле­рі үшін
1,9
6
Жал­да­у­шы­ның ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-құқық­тық ны­са­нын ес­ке­ре­тін ко­эф­фи­ци­ент (Копф):
6.1 са­уда-са­тып алу (дел­дал­дық) қыз­мет­ті қо­с­па­ған­да, өнер­к­ә­сіп өн­ді­рі­сін ұй­ым­да­сты­ру және ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту са­ла­сын да­мы­ту үшін ша­ғын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі үшін
0,9
6.2.ак­ци­я­ла­ры­ның (қа­ты­су үле­сте­рі­нің) елу және одан да көп пай­ы­зда­ры неме­се ак­ци­я­ла­ры­ның ба­қы­лау па­кет­те­рі мем­ле­кет­ке ти­е­сі­лі және та­бысы­ның ке­мін­де 90 пай­ы­зын бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ды орын­да­удан ала­тын ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар (жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер) үшін
0,8
6.3 қай­ы­рым­ды­лық және қо­ғам­дық бір­ле­стіктер, ком­мер­ци­я­лық емес ұй­ым­дар үшін
0,5
6.4.қал­ған­да­ры үшін
1,0

Қолданыстағы