О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций
- Атауы (қаз.)
- Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39/6-05
- Қабылданған күні
- 27.03.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2016 88912_56620.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15UN003130
- ЭКБ идентификаторы
- 88912
- Редакция идентификаторы
- 88912_56620
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:51
0 Жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар
өткізу тәртібін қосымша реттеу
туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің толассыз жұмыс істеуін, жасыл-желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Түлкібас ауданының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Түлкібас аудандық мәслихатының
2015 жылғы 27 наурыздағы №39/6-05
шешімімен бекітілген
Түлкібас ауданының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы» Заңына сәйкес, Түлкібас ауданының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін белгілейді.
2 2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі
2 2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу Түлкібас ауданы әкімдігіне өтініш беріледі.
3 3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініштерді еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегіз жасқа толған уәкілдері береді.
4
4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш оны өткізудің белгіленген датасынан кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараны өткізу мақсаты, нысаны, өткізілетін жері немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген датасы көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі оның Түлкібас ауданы әкімдігінде тіркелген күнінен бастап есептеледі.
5
5. Түлкібас ауданы әкімдігіне басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге уақыты мен жері ұсынады.