Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 66 · қабылданған 13.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88917/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 66 ·13.03.2015
10.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 66 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларындағы мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
66
Қабылданған күні
13.03.2015
Көрсетілген редакция
10.02.2016 88917_51632.kaz
Соңғы өзгеріс
10.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15SG003214
ЭКБ идентификаторы
88917
Редакция идентификаторы
88917_51632
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:09

0 Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларындағы мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 238-бабының 3-тармағына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларындағы мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Аудандық бюджет қаржысы есебінен қала жағдайында қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар аудандық бюджеттің қаржысынан қаржыландырылатын ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тізбесін айқындау жөнінде» (мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2008 жылғы 27 маусымда № 13-7-86 тіркелді, аудандық «Ауыл арайы» және «Сельская новь» газеттерінде 2008 жылғы 11 шілдеде жарияланды) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 мамырдағы № 199 қаулысы;

2

2) «Аудандық бюджет қаржысы есебінен қала жағдайында қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар аудандық бюджеттің қаржысынан қаржыландырылатын ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тізбесін айқындау жөнінде» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 27 мамырдағы № 199 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2011 жылғы 3 қарашада № 13-7-162 тіркелді, аудандық «Ауыл арайы» және «Сельская новь» газеттерінде 2011 жылғы 26 қазанда жарияланды) Жамбыл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 05 қазандағы № 231қаулысы.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң басшылық ететін орынбасарына жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл аудандық мәслихаттың
хатшысы
______________ Б. Ә. Мұсабаев
2015 жылдың 13 наурызы

7 Солтүстік Қазақтан облысы

Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы
13 наурыздағы № 66 қаулысына қосымша
Ауылдық жерде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілер болып табылатын денсаулық сақтау саласында, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі

1 1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың басшылары;

2 2) мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындарды басшыларының (оның ішінде бірінші) орынбасары;

3 3) бөлімше, зертхана басшысы;

4 4) барлық мамандықтардың дәрігерлері;

5 5) акушер;

6 6) диеталық медбике;

7 7) тіс дәрігері;

8 8) тіс технигі;

9 9) барлық мамандықтардың медбикесі;

10 10) медициналық статисші;

11 11) медициналық зертханашы;

12 12) провизор;

13 13) психолог;

14 14) әлеуметтік жұмыс бойынша маман;

15 15) рентгентлаборанты;

16 16) мамандандырылған медбике;

17 17) медбикенің көмекшісі;

18 18) фармацевт;

19 19) фельдшер ( зертханашы);

20 20) кітапханашы;

21 21) дәріхана меңгерушісі;

22 22) мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығының бас дәрігері;

23 23) дәрігер-бактериолог;

24 24) дәрігер-паразитолог;

25 25) лаборант-бактериолог;

26 26) лаборант- паразитолог;

27 27) дезинфектор.

2 2. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:

1 1) барлық мамандықтардың дәрігерлері ;

2 2) медбике;

3 3) мұғалім;

4 4) тәрбиеші;

5 5) психолог;

6 6) емдік дене шыңықтыру бойынша нұсқаушы;

7 7) еңбек бойынша нұсқаушы;

8 8) әлеуметтік жұмыс бойынша маман;

9 9) мәдени ұйымдастырушы.

3 3. Білім беру мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың басшылары;

2 2) мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындары басшыларының (оның ішінде бірінші) орынбасары, оның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар;

3 3) мұғалім;

4 4) социолог;

5 5) психолог;

6 6) оқытушы;

7 7) тәрбиеші;

8 8) музыка жетекшісі;

9 9) нұсқаушы;

10 10) мәдени ұйымдастырушы;

11 11) әдістемелік кабинетінің басшысы;

12 12) әдіскер;

13 13) шебер;

14 14) сүйемелдеуші;

15 15) концертмейстер;

16 16) үйірме жетекшісі;

17 17) медбике;

18 18) диеталық медбике;

19 19) кітапханашы;

20 20) библиограф;

21 21) жетекші;

22 22) инспектор;

23 23) шеберхананың, психолог- педагогикалық түзету кабинетінің, интернаттың, кітапхананың меңгерушісі;

24 24) дәрігер;

25 25) сурдопедагог;

26 26) тифлопедагог;

27 27) көркемдік жетекші;

28 28) балетмейстер;

29 29) хормейстер;

30 30) хореограф;

31 31) жаттықтырушы;

32 32) барлық атаудың суретшілері;

33 33) оқу бөлімінің хатшысы;

34 34) зертханашы.

4 4. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

1 1) ұйымның директоры,басшысы, бастығы;

2 2) бөлімше басшысы;

3 3) бастықтың, басшының, директордың орынбасары;

4 4) қор- қоймасының, бөлімнің, сектордың меңгерушісі;

5 5) сектор басшысы;

6 6) суретші- көркемдеуші, суретші-реставрациялаушы, суретші- қоюшы;

7 7) видеооператор;

8 8) аға ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер;

9 9) мұражайдың бас сақтаушысы, қорлар сақтаушысы;

10 10) экскурсовод;

11 11) бақылаушы, мұражай бақылаушысы;

12 12) сақтау бойынша маман;

13 13) әдіскер, бас әдіскер, жетекші әдіскер.

5 5. Спорт саласында мамандардың лауазымы:

1 1) басшы, директор;

2 2) оқу жұмысы бойынша басшы, директордың орынбасары;

3 3) нұсқаушы, нұсқаушы - әдіскер;

4 4) дәрігер;

5 5) медициналық зертханашы;

6 6) медбике;

7 7) әдіскер;

8 8) психолог;

9 9) бас жаттықтырушы, жаттықтырушы.

7 7. Ветеринария саласында мамандарының лауазымдары:

1 1) ветеринариялық станция басшысы;

2 2) ветеринариялық станция басшысының орынбасары;

3 3) ветеринарлық дәрігер;

4 4) жануарларды ветеринарлық өңдеу бойынша оператор;

5 5) жануарларды және құстарды жасанды ұрықтандыру бойынша оператор;

6 6) ветеринарлық санитар;

7 7) зертханашы;

8 8) ветеринарлық фельдшер;

9 9) ветеринарлық технигі;

10 10) жануарларды жасанды ұрықтандыру бойынша технигі.

Қолданыстағы