Құжат мәтініне өту

Об утверждении Требований к Правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для фондовой биржи

Қаулы · № 519 · қабылданған 26.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88964/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Требований к Правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для фондовой биржи Күшін жойған Қаулы ·№ 519 ·26.11.2014
15.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Требований к Правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для фондовой биржи

Күшін жойған Қаулы ·№ 519 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Требований к Правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для фондовой биржи
Атауы (қаз.)
Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында қор биржасы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
519
Қабылданған күні
26.11.2014
Көрсетілген редакция
15.11.2020 88964_490998.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14E0010207
ЭКБ идентификаторы
88964
Редакция идентификаторы
88964_490998
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:49

0 Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында қор биржасы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

"Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы

iс-қимыл жасау мақсатында қор биржасы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

2 2. Қор биржасы:

1 1) қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік үш айдан кешіктірмей ішкі нормативтік құжаттамасын осы бұйрыққа және қаулыға сәйкес келтірсін;

2 2) қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік бір жылдан кешіктірмей осы бұйрыққа және қаулыға сәйкес автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пысықтау және қазіргі клиенттерінің тәуекел деңгейін айқындау бойынша жұмыс жүргізсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті (Тәжіяқов Б.Ш.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық және қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оларды мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет"

ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық және қаулы 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы ми­ни­стрі
_____________Б. Сұл­та­нов
2014 жы­л­ғы "___" ___________
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің Тө­ра­ға­сы
______________Қ. Ке­лім­бе­тов
2014 жы­л­ғы "___" __________

0 Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында қор биржасы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 26 қа­ра­ша­да­ғы
№ 519 бұй­ры­ғы­мен және
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның
2014 жы­л­ғы 24 жел­тоқ­сан­да­ғы
№ 237 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында қор биржасы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында қор биржасы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5991 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөніндегі" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 30 қарашадағы № 244 қаулысына сәйкес әзірленді.

2 2. Егер Талаптарда өзгеше белгіленбесе, онда Талаптарда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚҚ туралы заңда көрсетілген мағынамен пайдаланылады.

Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) ақшаға және (немесе) өзге мүлікке байланысты операцияларды тоқтату – терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымға және (немесе) не бенефициарлық меншік иесі осндай жеке тұлға болып табылатын ұйымға тиесілі ақшаға және (немесе) өзге мүлікке қатысты шаралар;

2 2) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен және қор биржасы дербес әзірлеген белгілер ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабы 4-тармағына сәйкес міндетті зерделенуген жататын операция (мәміле);

3 3) КЖ/ТҚ тәуекелдері – КЖ/ТҚ процестеріне немесе өзге қылмыстық іс-әрекетке қор биржасын, сондай-ақ оның мүшелерін қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдері;

4 4) КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару – КЖ/ТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингі, сондай-ақ оларды азайту жөнінде қор биржасы қабылдайтын шаралардың жиынтығы (өнімдерге/қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты);

5 5) шекті операция – ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жүргізілетін, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабына сәйкес қаржы мониторингіне жататын және КЖ/ТҚҚ туралы заңда белгіленген шекті сомаға тең не одан асатын операция;

6 6) іскерлік қарым-қатынас – қор биржасының банк шотын ашу және жүргізу жөнінде қызмет көрсету бойынша қарым-қатынас.

3 3. Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ) мақсатындағы ішкі бақылауды қор биржасы:

1 1) КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын қор биржасының орындауын қамтамасыз ету;

2 2) қор биржасының ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел, құқықтық) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

3 3) қор биржасын, оның лауазымды тұлғаларын және қызметкерлерін КЖ/ТҚ процестеріне тарту мақсатында жүзеге асырады.

4 4. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде қор биржасы қор биржасының ішкі аудит қызметінің КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптар кіретін ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді.

Ішкі бақылау қағидалары КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламалардан тұрады, оларды қор биржасы Талаптарға сәйкес әзірлейді және ішкі нормативтік құжат не осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

2 2. КЖ/ТҚҚ ішкі жүйесін ұйымдастыру және КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

5 5. Қор биржасында қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен қор биржасында ішкі бақылау қағидаларын сақтауға мониторингті жүзеге асыруға жауапты лауазымды адам (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады.

6 6. Мыналар жауапты қызметкерлерге қойылатын талаптар болып табылады:

1 1) жоғары білімінің болуы;

2 2) биржалық және (немесе) банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қор биржасы бөлімшесі басшысының лауазымында кемінде бір жыл стажының не КЖ/ТҚҚ саласында кемінде екі жыл стажының не қаржылық қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу саласында кемінде үш жыл жұмыс стажының болуы;

3 3) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мінсіз іскерлік беделінің болуы.

7 7. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына:

1 1) КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде жауапты қызметкердің функцияларын, өкілеттіктерін, жауапты қызметкердің уәкілетті органдармен, қор биржасының бөлімшелерімен және қызметкерлерімен өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау;

2

2) КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру және КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және КЖ/ТҚҚ бойынша өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға (бұдан әрі – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган) хабарламаларды, оның ішінде оларды әзірлеушілер туралы мәліметтерді беру үшін пайдаланылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер;

3 3) мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттарды және ақпаратты сақтау тәртібі;

4 4) қор биржасы қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкердің қор биржасының уәкілетті органдарын КЖ/ТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ қор биржасының қызметкерлері жол берген ішкі бақылау қағидаларын бұзудың белгілі болған фактілері туралы хабарлау тәртібі;

5 5) қор биржасы ішкі аудит қызметінің КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқару есептілігін дайындау және қор биржасының уәкілетті органдарына беру тәртібі кіреді, бірақ олармен шектелмейді.

8 8. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің функцияларына:

1 1) дайындалған және қор биржасының атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың) болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қор биржасында олардың сақталуына мониторинг;

2 2) КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарламалар ұсынуды және олардың ұсынылуына бақылауды ұйымдастыру;

3 3) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарламаларды жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

4 4) КЖ/ТҚҚ туралы заңда және клиенттермен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда және банктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операциялар жүргізуін тоқтата тұру не бас тарту туралы шешімдер қабылдау;

5 5) қор биржасының уәкілетті органына КЖ/ТҚҚ туралы заңда және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қарым-қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін сұрау салулар жіберу;

6 6) қор биржасының уәкілетті органын қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы хабардар ету;

7 7) қор биржасының уәкілетті органына есептерді қалыптастыру үшін КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ұсынылып отырған шаралар туралы ақпаратты дайындау кіреді, бірақ олармен шектелмейді;

9 9. Жүктелген функцияларды орындау үшін жауапты қызметкерге, төмендегілерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, мынадай өкілеттіктер беріледі:

1 1) өз функцияларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қор биржасының барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға рұқсат алу;

2 2) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;

3 3) қор биржасы бөлімшелерінен алынатын құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз ету.

10 10. Жауапты қызметкердің функциялары ішкі аудит қызметі жүзеге асыратын функциялармен, сондай-ақ қор биржасы бөлімшелерінің биржалық және (немесе) банк операцияларын жүзеге асырумен байланысты жүзеге асыратын функцияларымен сәйкес келмейді.

11 11. Қор биржасы ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін КЖ/ТҚҚ мақсатында мынадай талаптарға сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады:

1 1) енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) қоса алғанда, клиенттердің досьесін (сауалнамаларын) енгізу мүмкіндігі;

2 2) КЖ/ТҚҚ саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ қор биржасы қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшыраушылық дәрежесін бағалау нәтижелерін ескере отырып, алдын ала берілген критерийлер бойынша шекті, әдеттегіден тыс және күмәнді операцияларды анықтау;

3 3) дерекқордан клиенттердің досьесі (сауалнамалары), жүргізілген операциялар, қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберілген хабарлар бойынша ақпаратты алып тастау мүмкіндігінің болмауы;

4 4) ақпаратты резервтік көшіру және сақтау жүйелерінің болуы;

5 5) жаңғыртудан қорғалған, әрбір пайдаланушының жұмыс хаттамасын жүргізу.

3 3. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы

12 12. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында қор биржасы КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.

13

13. Қор биржасы жыл сайынғы негізде қор биржасы қызметтерінің ең кем дегенде тәуекелдердің мынадай арнайы санаттарын ескере отырып, КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалауды жүзеге асырады: клиенттердің типіне қарай тәуекел, ел (географиялық) тәуекелі, көрсетілетін қызметтің және (немесе) оны көрсету тәсілінің тәуекелі.
Қор биржасы қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын бірегейлендіру рәсімдерін және мониторингін өзгертуді, қандай да бір операцияларды жүргізуге лимиттерді белгілеуді, қызмет көрсету талаптарын өзгертуді, қызмет көрсетуден бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен қатар жүреді.

14 14. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелінен асып түсетін клиенттер типтері мыналардан тұрады, бірақ олармен шектелмейді:

1 1) шетелдік қаржы ұйымдары;

2 2) Талаптардың 15-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ осындай тұлғалардың Қазақстан Республикасында орналасқан филиалдары мен өкілдіктері.

15 15. Қор биржасы осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерден келген клиенттерге қызмет көрсетумен, осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асырумен байланысты ел (географиялық) тәуекелін бағалауды жүзеге асырады.

КЖ/ТҚ тәуекелін жоғарылататын операциялар жүргізетіндер шет мемлекеттер болып табылады:

1 1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатумен күрес жөніндегі қаржы шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

2 2) БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қабылданатын шет мемлекеттер (аумақтар);

3

3) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 тіркелген) бекітілген "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

4 4) басқа факторлар (сыбайлас жемқорлық, есірткіні өндіру, айналымы және (немесе) транзиті деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмге қолдау көрсету туралы мәліметтер және басқалары) негізінде КЖ/ТҚ жоғары тәуекелі бар ретінде қор биржасы айқындаған шет мемлекеттер (аумақтар).

16 16. Қор биржасының КЖ/ТҚ жоғары тәуекеліне ұшырағыш қызметтері, сондай-ақ оларды көрсету тәсілдері мыналардан тұрады, бірақ олармен шектелмейді:

1 1) дербес компьютерлер, телефондар, электрондық терминалдар арқылы қызмет көрсетуді қоса алғанда, клиенттерге қашықтан қызмет көрсету;

2 2) шетелдік қаржы ұйымдарының банк шоттары.

17 17. Қор биржасы қызметтерінің Талаптардың 14, 15, 16-тармақтарында көрсетілген тәуекел факторларына сәйкес КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалаған кезде қор биржасы мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей мынадай қосымша мәліметтерді ескереді:

1 1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қор биржасы жіберген клиенттердің күмәнді операциялары туралы хабарлар саны;

2 2) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қор биржасы жіберген клиенттердің шекті операциялары туралы хабарлар саны.

18

18. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде қор биржасы Талаптардың 14, 15 және 16-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекелдер факторларын, сондай-ақ қор биржасы белгілейтін өзге де санаттар мен тәуекелдер факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу жөнінде шаралар қолданады.
Клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қор биржасында бар клиент (клиенттер) туралы мәліметтер мен ақпаратқа жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қор биржасы белгілейді және тәуекел деңгейін айқындаудың кемінде екі деңгейден тұратын шкаласы бойынша бағаланады.
Клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды қор биржасы клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің жаңартылуына қарай жүзеге асырады.

4 4. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

19 19. КЖ/ТҚҚ туралы заңның клиентті тиісінше тексеру бойынша талаптарын іске асыру мақсатында қор биржасы клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

Қор биржасының клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және дәйектілігін тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қарым-қатынастардың болжанатын мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ Талаптарда көзделген Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы өзге де мәліметтерді алу және тіркеу бойынша іс-шараларды жүргізуі клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру болып табылады.
Клиенттің тәуекел деңгейіне қарай қор биржасы жүргізетін іс-шаралардың деңгейі клиентті, бенефициарлық меншік иесін стандартты, жеңілдетілген және тереңдетілген сәйкестендірумен көрсетіледі.

20 20. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының талаптарын ескере отырып, қор биржасы клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізеді, сондай-ақ мынадай:

1 1) клиентпен іскерлік қарым-қатынастарды орнату;

2 2) клиенттің шекті операцияны (мәмілені) жасауы;

3 3) клиенттің күдікті операциясын (мәмілесін) анықтау;

4 4) жеке және заңды тұлғалар туралы бұрын алынған деректердің дәйектілігіне күмән туғызатын негіздемелердің болуы жағдайларында іскерлік қарым-қатынастардың болжанатын мақсатын белгілейді.

Клиент орнатылған іскерлік қарым-қатынастар шегінде операция жүргізген кезде, егер ол, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай іскерлік қарым-қатынастар орнатылған, сондай-ақ бұрын алынған мәліметтерді жаңарту не клиенттің тәуекелі деңгейіне және Талаптарға сәйкес қосымша мәліметтерді алу үшін қажет болған кезде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.

21 21. Талаптардың 20-тармағына сәйкес алынған мәліметтерді қор биржасы клиенттің қор биржасында іскерлік қарым-қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және олар аяқталғаннан кейін кем дегенде бес жыл сақталатын досьесіне енгізеді.

Клиенттің досьесіне енгізілуі және стандартты, жеңілдетілген не тереңдетілген сәйкестендіру жүргізген кезде дәйектілігі тексерілуі тиіс ең аз талап етілетін мәліметтер Талаптардың Қосымшасында белгіленген.

22

22. Клиент ақша аударымын жүзеге асырған не оның пайдасына қолма-қол ақшасыз төлем немесе ақша аударымы келіп түскен кезде қор биржасы төлем құжатында КЖ/ТҚҚ туралы заңның 7-бабы 2-тармағында көзделген клиент туралы мәліметтердің болуын, сондай-ақ оларды төлемге, ақша аударымына қатысушы қаржы ұйымына берілуін бақылайды.

23 23. Қор биржасы жеңілдетілген сәйкестендіруді мынадай:

1 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ бақылауын мемлекеттік органдар жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

2 2) мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг не дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі заңды тұлғалар;

3 3) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының резиденті бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, сондай-ақ акциялары шет мемлекеттің қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ұйымдар;

4 4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан не қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдар сияқты клиенттермен іскерлік қарым-қатынастарды орнатқан жағдайларда жүргізеді.

24 24. Қор биржасы тереңдетілген сәйкестендіруді:

1 1) клиентке жоғары тәуекел деңгейі тағайындаған кезде;

2

2) тереңдетілген сәйкестендіруді жүргізу қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға осындай операция туралы хабарлама жіберілгені туралы оның қасақана емес хабардар болуына әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, клиентке мониторинг жүргізу және операцияларын зерделеу барысында күдікті операцияны (мәмілені) не оны жасау әрекетін анықтаған кезде;

3 3) клиент ұсынған мәліметтердің дәйектілігінде күмән болған кезде;

4 4) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген жағдайларда, оның ішінде жауапты қызметкердің шешімі бойынша жүргізеді.

25

25. Клиентті сәйкестендіру (бенефициарлық меншік иесін анықтау) барысында қор биржасы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-бабына сәйкес алынатын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты тұлғалардың және ұйымдардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) болуына тексеру жүргізеді.
Шетелдіктерге, шет мемлекеті азаматтығының болуы туралы қор биржасында мәліметтер болған өзге де адамдарға қатысты, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қор биржасы клиентті сәйкестендіру (бенефициарлық меншік иесін анықтау) барысында осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) шетелдік жария лауазымды адамға жататынын тексереді.

26 26. Клиент (оның өкілі) ұсынатын құжаттар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында олардың дәйектілігі тексеріледі.

27 27. Клиентті, оның өкілін және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасы мыналардан тұрады, бірақ олармен шектелмейді:

1 1) іскерлік қатынастар белгілеуден және (немесе) операциялар жүргізуден бас тартудың тәртібі мен негізін қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату тәртібі;

2 2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде жеңілдетілген және тереңдетілген сәйкестендіру рәсімдерінің ерекшеліктері;

3 3) шетелдік қаржы ұйымдарымен іскерлік қатынастар орнату кезінде сәйкестендіруді жүргізу ерекшеліктері;

4 4) қор биржасының қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын тұлғалардың, сондай-ақ олардың бенефициарлық меншік иелерінің арасынан шетелдік жария лауазымды тұлғаларды анықтауына бағытталған шаралардың сипаты;

5 5) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде болуын тексеру тәртібі;

6 6) банк шотын аралық ашу кезінде сәйкестендіру ерекшеліктері (жеке клиенттің немесе оның өкілінің қатысуынсыз);

7 7) басқа қаржы ұйымдарынан мәліметтер алу арқылы клиенттерді сәйкестендіру ерекшеліктері;

8 8) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру мақсатында қосымша ақпарат көздерін, оның ішінде мемлекеттік органдар ұсынатын ақпараттың сипаты;

9 9) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дәйектілігін тексеру тәртібі;

10 10) клиент досьесінің нысанына, мазмұнына және жүргізу тәртібіне, мәліметтерді жаңарту кезеңдігін көрсете отырып, досьедегі мәліметтерді жаңарту тәртібіне қойылатын талаптар;

11 11) қор биржасы қызметкерлерінің сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету тәртібі;

12 12) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, мұндай тәуекелді бағалау негіздері.

5 5. Клиенттердің операциялары мониторингінің және зерделеудің бағдарламасы

28

28. КЖ/ТҚҚ туралы заңның клиентті тиісінше тексеру жөніндегі, сондай-ақ шекті және күмәнді операциялар туралы хабарларды анықтау және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберу жөніндегі талаптарын іске асыру мақсатында қор биржасы клиенттердің операциялары мониторингінің және зерделеудің бағдарламасын әзірлейді.

29

29. Клиенттердің операциялары мониторингінің және зерделеудің бағдарламасы шеңберінде қор биржасы клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) алу жөнінде, cондай-ақ клиенттердің операцияларын зерделеу жөнінде және шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтау жөнінде іс-шаралар жүргізеді.
Қор биржасы клиенттердің операциялары мониторингінің және зерделеудің нәтижелерін қор биржасы қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау үшін, сондай-ақ клиенттер тәуекелдерінің деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады.
Клиенттердің операциялары мониторингінің және зерделеудің бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер Талаптардың 21-тармағында көрсетілген клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) клиентпен іскерлік қатынастардың барлық кезеңінде және олар аяқталған күннен бастап кемінде бес жыл бойы сақталынады.

30

30. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңартудың кезеңдігін және (немесе) алу қажеттігін қор биржасы клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын қор биржасы қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып белгілейді.
Талаптардың 24-тармағында көзделген жағдайларда, қор биржасы клиентті тереңдете сәйкестендіруді жүргізеді.
Тәуекел деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.
Клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) тізбеде болуын (Тізбеге қосылуын) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге өзгерістер енгізілуіне (Тізбенің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады.

31

31. Қор биржасы клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын қор биржасы қызметінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, сондай-ақ бар КЖ/ТҚ сценарийлерін (схемаларын) және (немесе) әдеттегіден тыс және күмәнді операциялардың белгілерін ескере отырып клиенттің операцияларын зерделеу дәрежесін айқындайды.
Қор биржасы клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күмәнді операцияны жүргізген жағдайда клиент белгіленген уақыт кезеңінде жүргізіп жатқан (жүргізген) операцияларды (мәмілелерді) зерделейді.

32 32. Клиент операцияларының мониторингі және зерделеу бағдарламасында:

1 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, сондай-ақ қор биржасы дербес әзірлеген белгілердің негізінде жасалатын әдеттегіден тыс және күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;

2 2) қор биржасы бөлімшелері (қызметкерлері) арасында Талаптарда көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) пен бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) оларды алу жөніндегі міндеттерді бөлу;

3 3) қор биржасы бөлімшелері (қызметкерлері) арасында шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында бір-біріне беру жөніндегі міндеттерді бөлу;

4 4) қор биржасы бөлімшелерінің шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтаған кезде өзара әрекет ету тетіктерін сипаттау;

5 5) жауапты қызметкердің клиент операциясының түрін белгілеу туралы шешімді қабылдау тәртібі, негізі және мерзімі;

6 6) бөлімшелердің (қызметкерлердің) клиент операциясын жүргізуден бас тарту жөніндегі (бенефициарлық меншік клиент иесі Тізбеде тұруына байланысты бас тартуды қоспағанда), сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату жөніндегі шешімді қабылдау бойынша өзара әрекет ету тәртібі;

7 7) қор биржасы бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) Тізбедегі клиенттер мен бенефициарлық меншік иелерін анықтау бойынша, сондай-ақ осындай клиенттердің ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операцияларды дереу тоқтата тұру бойынша өзара іс-қимыл тәртібі;

8 8) әдеттегіден тыс операцияларды зерделеу нәтижелері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар жөніндегі мәліметтерді (оның ішінде операциялар сомасы, төлем валютасы, клиенттің қарсы агенті туралы деректерді) тіркеу (оның ішінде тіркеу әдістері) және сақтау тәртібі;

9 9) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды ұсыну тәртібі;

10 10) қор биржасының уәкілетті органдарына шекті және күдікті операциялар анықталғаны жөнінде хабарлау (қажеттілігіне қарай) тәртібі;

11 11) клиент әдеттегіден тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүйелі және (немесе) елеулі көлемде жүзеге асырған жағдайда, қор биржасы клиент пен оның операциясына қатысты шараларды қабылдау тәртібі және қабылдайтын шаралардың сипаты қамтылған, бірақ олармен шектелмеген.

33

33. Операцияны шекті ретінде белгілеудің заңдылығы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ әдеттегіден тыс немесе күдікті операцияны анықтаған кезде, аталған операцияны анықтаған қор биржасының қызметкері қор биржасының ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде жауапты қызметкерге осындай операция жөніндегі хабарламаны жібереді.
Бір хабарламада бірнеше операциялар туралы ақпараттың болуына жол беріледі.
Қор биржасы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды зерттеудің нәтижелерін клиентпен қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемінде бес жыл сақтайды.

6 6. Қор биржасының қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

34

34. Қызметкерлердің КЖ/ТҚҚ саласындағы заңнама талаптарын, ішкі бақылау және өзге де ішкі нормативтік құжаттардың ережелерін орындау үшін қажетті білім алуы және дағдыларды қалыптастыруы қор биржасының қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасының (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) мақсаты болып табылады.

35 35. Оқу бағдарламасына:

1 1) оқытудың тақырыптарын, өткізу әдістерін, мерзімдерін және оқытуды өткізуге жауапты бөлімшені қамтитын қызметкерлерді оқыту тәртібі;

2 2) қызметкерлері оқып жатқан тиісті қор биржасы бөлімшелерінің тізбесі;

3 3) оқыту нәтижелерін сақтау тәртібі мен нысандары;

4 4) қор биржасы қызметкерлерінің КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша білімдерін тексеру тәртібі мен нысандары кіреді.

36 36. Қор биржасы қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекіткен талаптарды ескере отырып, оқытуды өткізудің нысандары мен кезеңдігін белгілейді.

0 Клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптар

Қыл­мыстық жол­мен алын­ған
кiрiстер­дi заң­да­сты­ру­ға (жы­лы­ста­ту­ға)
және тер­ро­ризмдi қар­жы­лан­ды­ру­ға
қар­сы iс-қи­мыл жа­сау мақ­са­тын­да
қор бир­жа­сы үшін іш­кі ба­қы­лау
қа­ғи­да­ла­ры­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға
қо­сым­ша
Клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптар
Мә­лі­мет­тер
Сәй­кестен­ді­ру тү­рі
Стан­дарт­ты
Же­ңіл­де­ті­л­ген
Те­рең­де­ті­л­ген
1. Заң­ды тұл­ға ту­ра­лы жал­пы мә­лі­мет­тер
Ұй­ым­дық-құқық­тық ны­сан­ды қо­са ал­ған­да, то­лық және бар бол­са қы­сқар­ған ата­уы
Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бар бол­са)
Тір­кел­ге­нін рас­тай­тын құ­жат тү­рі, оның бе­рі­л­ген кү­ні, нө­мі­рі (бар бол­са)
Тір­ке­у­ші ор­ган­ның ата­уы, тір­кеу (қай­та тір­кеу) кү­ні мен ор­ны
Жү­зе­ге асы­ра­тын қыз­мет тү­рі (түр­ле­рі)
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да­ғы бро­кер­лік және (неме­се) ди­лер­лік қыз­мет­ке, сон­дай-ақ ұлт­тық және ше­тел ва­лю­та­сын­да банк опе­ра­ци­я­ла­рын жү­зе­ге асы­ру­ға бе­рі­л­ген ли­цен­зи­я­лар­дың нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні, қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Ли­цен­зи­я­ны (ли­цен­зи­я­лар­ды) бер­ген ор­ган­ның (ор­ган­дар­дың) ата­уы
Тір­кел­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­қа сәй­кес тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің ме­кен­жайы (елі, по­шта ин­дек­сі, ел­ді ме­ке­ні, кө­ше­сі/ауда­ны, үй нө­мі­рі)
Ат­қа­ру­шы ор­ган­ның нақ­ты тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің ме­кен­жайы (елі, по­шта ин­дек­сі, ел­ді ме­ке­ні, кө­ше­сі/ауда­ны, үй нө­мі­рі)
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны және факс нө­мі­рі
Элек­трон­дық по­шта­ның ме­кен­жайы және ин­тер­нет-ре­сурс ата­уы
Банк­тік сәй­кестен­ді­ру ко­ды (БСК)
SWIFT
TELEX
2. Ше­тел­дік заң­ды тұл­ға ту­ра­лы қо­сым­ша мә­лі­мет­тер
Тір­кел­ген мем­ле­кет­те­гі уәкі­лет­ті ор­ган бер­ген тір­кеу нө­мі­рі (ко­ды)
Тір­кел­ген мем­ле­кет­те­гі са­лық тө­ле­у­ші­нің нө­мі­рі
3. Мен­шік және бас­қа­ру құ­ры­лы­мы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Құ­ры­л­тай құ­жат­тар­ға сәй­кес ор­ган­дар­дың құ­ры­лы­мы мен ата­уы (жо­ғар­ғы ор­ган, ат­қа­ру­шы ор­ган, өзге ор­ган­дар)
Заң­ды тұл­ға ор­ган­да­ры­ның құ­ры­лы­мы бел­гі­лен­ген құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры­ның соң­ғы ре­дак­ци­я­сы­ның кү­ні
3.1. Жо­ғар­ғы ор­ган­ның дер­бес құ­ра­мы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Жо­ғар­ғы ор­ган­ның құ­ра­мы­на кі­ре­тін же­ке тұ­лға­лар­дың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) және (неме­се) заң­ды тұ­лға­лар­дың то­лық ата­уы
Жо­ғар­ғы ор­ган­ның құ­ра­мы­на кі­ре­тін же­ке тұ­лға­лар­дың аза­мат­тығы (бар бол­са) және (неме­се) заң­ды тұ­лға­лар­ды тір­ке­ген мем­ле­кет
Жо­ғар­ғы ор­ган­ның құ­ра­мы­на кі­ре­тін же­ке тұ­лға­лар­дың же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мір­ле­рі (бар бол­са) не же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та­ры­ның нө­мір­ле­рі, се­ри­я­ла­ры (бар бол­са), бе­рі­л­ген күн­де­рі және қол­да­ны­лу мер­зім­де­рі
Жо­ғар­ғы ор­ган­ның құ­ра­мы­на кі­ре­тін заң­ды тұ­лға­лар үшін биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мір­ле­рі (бар бол­са) не тір­кел­ген мем­ле­кет­те­гі уәкі­лет­ті ор­ган бер­ген тір­кеу нө­мір­ле­рі (код­та­ры)
Құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры­ның соң­ғы ре­дак­ци­я­сы­ның кү­ні не ак­ци­о­нер­лер (қа­ты­су­шы­лар) ті­зі­лі­мі­нен алы­на­тын үзін­ді кө­шір­ме­нің не жо­ғар­ғы ор­ган­ның құ­ра­мы бел­гі­лен­ген өзге құ­жат­тың кү­ні
3.2. Ат­қа­ру­шы ор­ган­ның дер­бес құ­ра­мы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Же­ке да­ра ат­қа­ру­шы ор­ган­ның функ­ци­я­сын жү­зе­ге асы­ра­тын тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) не ал­қа­лық ат­қа­ру­шы ор­ган бас­шы­сы­ның және мү­ше­ле­рі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Же­ке да­ра ат­қа­ру­шы ор­ган­ның функ­ци­я­сын жү­зе­ге асы­ра­тын тұл­ға­ның не ал­қа­лық ат­қа­ру­шы ор­ган бас­шы­сы­ның және мү­ше­ле­рі­нің ту­ған кү­ні және туы­л­ған же­рі
Же­ке да­ра ат­қа­ру­шы ор­ган­ның функ­ци­я­сын жү­зе­ге асы­ра­тын тұл­ға­ның не ал­қа­лық ат­қа­ру­шы ор­ган бас­шы­сы­ның және мү­ше­ле­рі­нің аза­мат­тығы (бар бол­са)
Же­ке да­ра ат­қа­ру­шы ор­ган­ның функ­ци­я­сын жү­зе­ге асы­ра­тын тұл­ға­ның не ал­қа­лық ат­қа­ру­шы ор­ган бас­шы­сы­ның және мү­ше­ле­рі­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бар бол­са)
Же­ке да­ра ат­қа­ру­шы ор­ган­ның функ­ци­я­сын жү­зе­ге асы­ра­тын тұл­ға­ның не ал­қа­лық ат­қа­ру­шы ор­ган бас­шы­сы­ның және мү­ше­ле­рі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың тү­рі, нө­мі­рі, се­ри­я­сы (бар бол­са)
Же­ке да­ра ат­қа­ру­шы ор­ган­ның функ­ци­я­сын жү­зе­ге асы­ра­тын тұл­ға­ның не ал­қа­лық ат­қа­ру­шы ор­ган бас­шы­сы­ның және мү­ше­ле­рі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты бер­ген ор­ган­ның ата­уы, оның бе­рі­л­ген кү­ні және қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Же­ке да­ра ат­қа­ру­шы ор­ган­ның функ­ци­я­сын жү­зе­ге асы­ра­тын тұл­ға­ның не ал­қа­лық ат­қа­ру­шы ор­ган бас­шы­сы­ның және мү­ше­ле­рі­нің тұр­ғы­лық­ты (тір­кел­ген) же­рі­нің ме­кен­жайы және (неме­се) кел­ген же­рі (мем­ле­ке­ті/юрис­дик­ци­я­сы, по­шта ин­дек­сі, ел­ді ме­ке­ні, кө­ше­сі/ауда­ны, үй­і­нің нө­мі­рі және бар бол­са пәте­рі­нің нө­мі­рі)
Же­ке да­ра ат­қа­ру­шы ор­ган­ның функ­ци­я­сын жү­зе­ге асы­ра­тын тұл­ға­ның не ал­қа­лық ат­қа­ру­шы ор­ган бас­шы­сы­ның және мү­ше­ле­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фо­ны­ның нө­мі­рі
Со­ның негі­зін­де тұл­ға же­ке да­ра ат­қа­ру­шы ор­ган­ның не ал­қа­лық ат­қа­ру­шы ор­ган бас­шы­сы­ның неме­се мү­ше­сі­нің функ­ци­я­сын жү­зе­ге асы­ра­тын құ­жат­тың (бұй­рық­тың, жал­пы жи­на­лыс хат­та­ма­сы­ның, ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі хат­та­ма­сы­ның және т.б.) нө­мі­рі мен кү­ні
3.3 Өзге бас­қа­ру ор­ган­да­ры­ның дер­бес құ­ра­мы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (бар бол­са)
Бас­қа­ру ор­га­ны бас­шы­сы­ның және мү­ше­ле­рі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Бас­қа­ру ор­га­ны бас­шы­сы­ның және мү­ше­ле­рі­нің ту­ған кү­ні және туы­л­ған же­рі
Бас­қа­ру ор­га­ны бас­шы­сы­ның және мү­ше­ле­рі­нің аза­мат­тығы (бар бол­са)
Бас­қа­ру ор­га­ны бас­шы­сы­ның және мү­ше­ле­рі­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бар бол­са)
Бас­қа­ру ор­га­ны бас­шы­сы­ның және мү­ше­ле­рі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың тү­рі, нө­мі­рі, се­ри­я­сы (бар бол­са)
Бас­қа­ру ор­га­ны бас­шы­сы­ның және (неме­се) мү­ше­ле­рі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты бер­ген ор­ган­ның ата­уы, оның бе­рі­л­ген кү­ні және қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Со­ның негі­зін­де тұл­ға бас­қа­ру ор­га­ны бас­шы­сы­ның неме­се мү­ше­сі­нің функ­ци­я­сын жү­зе­ге асы­ра­тын құ­жат­тың (жал­пы жи­на­лыс хат­та­ма­сы­ның, жал­ғыз ак­ци­о­нер (құ­ры­л­тай­шы) ше­ші­мі­нің неме­се бас­қа ұқсас құ­жат­тың) нө­мі­рі мен кү­ні
4. Заң­ды тұл­ға­ның өкі­лі ту­ра­лы мә­лі­мет
Заң­ды тұл­ға өкі­лі­нің (заң­ды тұл­ға фи­ли­а­лы бас­шы­сын (өкі­лін) қо­са ал­ған­да) те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Ту­ған кү­ні және туы­л­ған же­рі
Аза­мат­тығы (бар бол­са)
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бар бол­са)
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың тү­рі, нө­мі­рі, се­ри­я­сы (бар бол­са)
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты бер­ген ор­ган­ның ата­уы, оның бе­рі­л­ген кү­ні және қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Тұр­ғы­лық­ты (тір­кел­ген) же­рі­нің ме­кен­жайы неме­се кел­ген же­рі (мем­ле­ке­ті/юрис­дик­ци­я­сы, по­шта ин­дек­сі, ел­ді ме­ке­ні, кө­ше­сі/ауда­ны, үй­і­нің нө­мі­рі және бар бол­са пәте­рі­нің нө­мі­рі)
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны­ның нө­мі­рі
Өкі­л­ге заң­ды тұл­ға­ның аты­нан заң­дық тұр­ғы­дан ма­ңы­зы бар іс-әре­кет­тер­ді (шот ашу, шот­ты бас­қа­ру) жа­са­у­ға құқық бер­ген құ­жат­тың (бұй­рық­тың, се­нім­хат­тың) нө­мі­рі, кү­ні және қол­да­ны­лу мер­зі­мі (бар бол­са)
Өкі­л­ге заң­ды тұл­ға­ның аты­нан заң­дық тұр­ғы­дан ма­ңы­зы бар іс-әре­кет­тер­ді (шот ашу, шот­ты бас­қа­ру) жа­са­у­ға құқық бер­ген құ­жат­қа қол қой­ған тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
5. Бе­не­фи­ци­ар­лық мен­шік ие­сі ту­ра­лы мә­лі­мет
Заң­ды тұл­ға­ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сі­нің не ор­на­ла­сты­ры­л­ған ак­ци­я­ла­ры­ның жиыр­ма бес және одан көп пай­ы­зы (ба­сым­ды­лық бе­рі­л­ген­дер­ді және қо­ғам са­тып ал­ған­дар­ды қо­с­па­ған­да) ту­ра неме­се жа­на­ма ти­е­сі­лі бо­ла­тын же­ке тұл­ға­ның (тұ­лға­лар­дың) бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы бел­гі
Бас­қа да негіз­дер бой­ын­ша заң­ды тұл­ға­ны ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын же­ке тұл­ға­ның (тұ­лға­лар­дың) бар/жоқ екен­ді­гі ту­ра­лы бел­гі
Бе­не­фи­ци­ар­лық мен­шік ие­сі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Бе­не­фи­ци­ар­лық мен­шік ие­сі­нің аза­мат­тығы (бар бол­са)
Бе­не­фи­ци­ар­лық мен­шік ие­сі­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бар бол­са)
Бе­не­фи­ци­ар­лық мен­шік ие­сі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың тү­рі, нө­мі­рі, се­ри­я­сы (бар бол­са)
Бе­не­фи­ци­ар­лық мен­шік ие­сі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты бер­ген ор­ган­ның ата­уы, оның бе­рі­л­ген кү­ні және қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Бе­не­фи­ци­ар­лық мен­шік ие­сі­нің са­лық­тық ре­зи­дент­ті­гі­нің, оның ішін­де шет мем­ле­кет­те­гі са­лық тө­ле­у­ші­нің нө­мі­рі
Бе­не­фи­ци­ар­лық мен­шік ие­сі­нің бай­ла­ныс те­ле­фо­ны­ның нө­мі­рі (бар бол­са)
Бе­не­фи­ци­ар­лық мен­шік ие­сі­нің – ше­тел аза­ма­ты­ның ше­тел­дік ла­у­а­зым­ды жа­рия тұл­ға­ға неме­се оған бай­ла­ны­сты адам­дар­ға (от­ба­сы мү­ше­ле­рі) қа­ты­сты­лы­ғы
6. Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мы­ның на­рық­та­ғы жағ­дайы ту­ра­лы мә­лі­мет
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мы­ның та­рихы, іс­кер­лік бе­де­лі, на­рық­та­ғы ат­қа­ра­тын сек­то­ры және бә­се­ке­ле­сті­гі, қай­та құ­ры­луы, қыз­ме­ті си­па­тын­да­ғы өзге­рі­стер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Соң­ғы ауди­тор­лық тек­се­ру кү­нін көр­се­те оты­рып ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мы­ның дәй­ек­ті бух­гал­тер­лік есеп­ті­лі­гі­нің ауди­тін жү­зе­ге асы­ра­тын іш­кі ауди­тор­лық ұй­ым­ның ата­уы
Ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік агент­ті­гі (Moоdy`s Investors Service, Standard&Poor`s неме­се Fitch Ratings) бер­ген рей­тинг­тік ба­ға­ның бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы бел­гі
Негіз­гі кор­ре­спон­дент­те­рі­нің ата­уы және SWIFT
Ен­ші­лес және тәу­ел­ді ұй­ым­да­ры­ның ата­уы және ор­на­лас­қан жер­ле­рі
Бас­қа мем­ле­кет­тер­де­гі фи­ли­ал­да­ры­ның (өкіл­дік­те­рі­нің) (бар бол­са) ата­уы және ор­на­лас­қан жер­ле­рі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мы ти­е­сі­лі қар­жы то­бы­ның/хол­дин­гі­нің (бар бол­са) ата­уы және ор­на­лас­қан жер­ле­рі
7. Қыл­мыстық жол­мен алын­ған кiрiстер­дi заң­да­сты­ру­ға (жы­лы­ста­ту­ға) және тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­ру­ға қар­сы iс-қи­мыл (КЖ/ТҚҚ) жө­нін­де ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мы қа­был­дай­тын ша­ра­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ти­іс­ті нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің ата­уын, кү­нін, нө­мі­рін, сон­дай-ақ КЖ/ТҚҚ са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның (бар бол­са) ата­уын көр­се­те оты­рып ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мы тір­кел­ген мем­ле­кет­те КЖ/ТҚҚ мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі орын­да­лу­ға мін­дет­ті нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы бел­гі
КЖ/ТҚҚ мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша соң­ғы жүр­гі­зі­л­ген тек­се­ру кү­ні мен нәти­же­ле­рін көр­се­те оты­рып, ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мы тір­кел­ген мем­ле­кет­те қа­да­ға­лау ор­га­ны­ның ата­уы және ор­на­лас­қан же­рі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мы­на қа­ты­сты тек­се­ру­лер жүр­гі­зу фак­ті­ле­рі, сон­дай-ақ ше­шім шы­ға­ры­л­ған күн­ді және ше­шім­ді шы­ғар­ған ор­ган­ның атын (бар бол­са) көр­се­те оты­рып, ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мы­на және (неме­се) оның бас­шы қыз­мет­кер­ле­ріне КЖТҚҚ ту­ра­лы заң­на­ма­ны бұз­ға­ны үшін соң­ғы бес жыл­да қол­да­ны­л­ған қыл­мыстық неме­се әкім­ші­лік си­патта­ғы ша­ра­лар (санк­ци­я­лар, ық­пал ету ша­ра­ла­ры)
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мын­да қа­был­дан­ған күн­ді және соң­ғы өзге­рі­стер­ді ен­гі­зу кү­нін көр­се­те оты­рып, КЖ/ТҚҚ мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша іш­кі нор­ма­тив­тік құқық­тық құ­жат­тар­дың бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы бел­гі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мы­ның ше­тел­дік ен­ші­лес және тәу­ел­ді ұй­ым­да­ры­на, фи­ли­ал­да­ры­на (өкіл­дік­те­ріне) (бар бол­са) КЖ/ТҚҚ мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша іш­кі нор­ма­тив­тік құқық­тық құ­жат­тар­дың қол­да­ны­луы/қол­да­ныл­мауы ту­ра­лы бел­гі
Соң­ғы ауди­тор­лық тек­се­ру­дің кү­ні мен нәти­же­ле­рін көр­се­те оты­рып, іш­кі аудит бө­лім­ше­сі­нің және сырт­қы ауди­тор­лық ұй­ы­мы­ның ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мын­да КЖ/ТҚҚ мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша іш­кі нор­ма­тив­тік құқық­тық құ­жат­тар­дың ти­ім­ді­лі­гін ба­ға­лау рә­сі­мі­нің бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы бел­гі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мын­да КЖ/ТҚҚ са­ла­сын­да қыз­ме­тін ат­қа­ра­тын бө­лім­ше­нің бо­луы/ бол­мауы ту­ра­лы бел­гі, осын­дай бө­лім­ше­нің ата­уын көр­се­те оты­рып (бар бол­са)
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мын­да КЖ/ТҚҚ мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де бас­шы қыз­мет­кер неме­се ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі дең­гей­ін­де жа­у­ап­ты қыз­мет­кер­дің, оның те­гін, атын, әке­сі­нің атын (бар бол­са), ла­у­а­зы­мын, бай­ла­ныс те­ле­фо­ны мен элек­трон­дық ме­кен­жай­ын көр­се­те оты­рып, бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы бел­гі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мын­да тәу­е­кел фак­тор­ла­рын (кли­ент тү­рі бой­ын­ша тәу­е­кел, ел­дік (гео­гра­фи­я­лық) тәу­е­кел, қыз­мет көр­се­ту (өнім) тәу­е­ке­лі) ес­ке­ре оты­рып, заң­сыз жол­мен алын­ған кі­рі­стер­ді заң­да­сты­ру (жы­лы­ста­ту) және тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­ру тәу­е­кел­де­рін бас­қа­ру рә­сім­де­рі­нің бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы бел­гі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мын­да тәу­е­кел­дер­ді сәй­кестен­ді­ру, ба­ға­лау және кли­ент қа­ра­жа­ты­ның шы­ғу кө­зін анық­тау бой­ын­ша рә­сім­де­рі­нің бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы бел­гі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мын­да ше­тел­дік жа­рия ла­у­а­зым­ды тұ­лға­лар­мен іс­кер­лік қа­рым-қа­ты­на­стар­ды ор­на­ту тәр­ті­бін рет­тей­тін рә­сім­дер­дің бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы бел­гі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мын­да ано­ним шот­тар­дың бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы бел­гі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мын­да ано­ним шот­тар­ды ашу­ды бол­дыр­мау­ға ба­ғыт­тал­ған рә­сім­дер­дің бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы бел­гі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мын­да ар­найы бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ді (ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­ні) қо­са ал­ған­да кли­ент­тер­дің опе­ра­ци­я­ла­ры­на мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу және кү­дік­ті қыз­ме­тін (опе­ра­ци­я­ла­рын) анық­тау рә­сім­де­рі­нің бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы бел­гі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мын­да тер­ро­ри­стер мен тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­ру­ға бай­ла­ны­сты тұ­лға­лар­дың қар­жы және өзге де ре­сур­стар­ға қол­жет­кі­зу­ін бол­дыр­мау­ға ба­ғыт­тал­ған рә­сім­дер­дің бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы бел­гі (ақ­ша­мен және (неме­се) өзге мү­лік­пен опе­ра­ци­я­лар­ды тоқ­та­ту)
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мын­да КЖ/ТҚҚ мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша қыз­мет­кер­лер­ді дай­ын­дау және оқы­ту жө­нін­де­гі (оқы­ту ке­зең­ді­лі­гін және соң­ғы оқы­ту кү­нін қо­са ал­ған­да) рә­сім­дер­дің бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы бел­гі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мы­ның ақ­ша­ны жы­лы­ста­ту­ға қар­сы кү­ре­стің қар­жы­лық ша­ра­ла­рын әзір­леу то­бы­ның (ФАТФ) ұсы­ным­да­рын орын­да­май­тын мем­ле­кет­тер­де (ай­мақ­тар­да) ор­на­лас­қан фи­ли­ал­да­ры­ның (өкіл­дік­те­рі­нің) бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы, осын­дай фи­ли­ал­дар­дың (өкіл­дік­тер­дің) ата­уы мен олар­дың ор­на­лас­қан жер­ле­рі көр­се­ті­л­ген бел­гі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мы­ның ақ­ша­ны жы­лы­ста­ту­ға қар­сы кү­ре­стің қар­жы­лық ша­ра­ла­рын әзір­леу то­бы­ның (ФАТФ) ұсы­ным­да­рын орын­да­май­тын мем­ле­кет­тер­де (ай­мақ­тар­да) тір­кел­ген банк­тер­мен неме­се өзге қар­жы ұй­ым­да­ры­мен қол­да­ны­с­та­ғы кор­ре­спон­дент­тік қа­рым-қа­ты­на­ста­ры­ның бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы, осын­дай банк­тер­дің және өзге қар­жы ұй­ым­да­ры­ның ата­у­ла­ры көр­се­ті­л­ген бел­гі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мы­ның са­лық са­лу же­ңіл­де­ті­л­ген және (неме­се) қар­жы­лық опе­ра­ци­я­лар жүр­гі­зу ке­зін­де ақ­па­рат­ты жа­ри­я­ла­мауды және ұсы­ну­ды көз­де­мей­тін мем­ле­кет­тер­де (ай­мақ­тар­да) тір­кел­ген банк­тер­мен неме­се өзге қар­жы ұй­ым­да­ры­мен қол­да­ны­с­та­ғы кор­ре­спон­дент­тік қа­рым-қа­ты­на­ста­ры­ның бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы, осын­дай банк­тер мен қар­жы ұй­ым­да­ры­ның ата­у­ла­ры көр­се­ті­л­ген бел­гі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мы­ның шир­ма банк­те­рі­мен қол­да­ны­с­та­ғы кор­ре­спон­дент­тік қа­рым-қа­ты­на­ста­ры­ның бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы, осын­дай шир­ма банк­тер­дің ата­у­ла­ры (бар бол­са) көр­се­ті­л­ген бел­гі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мын­да шир­ма банк­тер­мен кор­ре­спон­дент­тік қа­рым-қа­ты­на­стар­ды ор­на­ту­ға ке­дер­гі кел­ті­ре­тін рә­сім­дер­дің бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы бел­гі
Ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мын­да тір­кел­ген мем­ле­кет­тің заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін, қор бир­жа­сы­ның сұ­ра­туы бой­ын­ша ше­тел­дік қар­жы ұй­ы­мы­ның кли­ент­те­рін ти­іс­ті тек­се­ру бой­ын­ша ақ­па­рат­ты ұсы­ну­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін рә­сім­дер­дің бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы бел­гі
8. Опе­ра­ци­я­лар мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі және қыз­мет­тік ақ­па­рат
Кли­ент­тің, оның бе­не­фи­ци­ар­лық мен­шік ие­сі­нің тер­ро­ризмді және экс­тре­мизмді қар­жы­лан­ды­ру­ға бай­ла­ны­сты тұ­лға­лар тіз­бе­сін­де бо­луы ту­ра­лы бел­гі
Опе­ра­ци­я­лар­дың, оның ішін­де жа­са­ла­тын опе­ра­ци­я­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі­нің дәй­ек­ті­лі­гін тек­се­ру жө­нін­де­гі ша­ра­лар­дың соң­ғы мо­ни­то­рин­гі­сі­нің нәти­же­ле­рі
Тәу­е­кел дең­гейі
Мә­лі­мет­тер алын­ған (жаң­ғыр­ты­л­ған) күн
Клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптарға берілген түсініктемелер:

1 1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың негізінде азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалатын жеке басын куәландыратын құжат болып:

1.1 1.1. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:

1 1) Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

2 2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

3 3) туу туралы куәлік (кәмелетке толмаған адамның атына жинақ шотын ашу кезінде);

1.2 1.2. Шетел азаматтары үшін:

1 1) шетелдік төлқұжат (шет мемлекет азаматының төлқұжаты);

2 2) Шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты;

3 3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес жеке басын куәландыратын құжат ретінде танылған басқа құжат, оның негізінде Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалады.

1.3 1.3. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар үшін:

азаматтығы жоқ адамның куәлігі.

2 2. Салық резиденттігінің мәртебесі нысанын Қор биржасы салық ақпаратымен алмасу саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын талаптарды ескеріп, дербес белгілейтін сауалнамада (өтініште) клиент көрсеткен мәліметтердің негізінде белгіленеді.

Қазақстан Республикасының салық резиденттігін растау үшін Қазақстан Республикасының Салық заңнамасының 225-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының салық органы берген құжатты пайдалануға рұқсат беріледі.

3

3. Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерін салыстырып тексеру, қолжетімді дереккөздерден алынған деректерді (деректер қорын) салыстырып тексеру, мәліметтерді мекенжай бойынша баруды қоса алғанда, басқа әдістермен тексеру арқылы жүзеге асырылады. Жеке басын сәйкестендіру жөніндегі мәліметтердің дәйектілігін тексеру шеңберінде сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатқа орналастырылған фотосуретті клиентке (клиенттің өкіліне) қарап отырып салыстырып тексеру арқылы жүргізіледі.
Ішкі аудит бөлімшесі және сыртқы аудит ұйымы респондент - шетелдік қаржы ұйымының КЖ/ТҚҚ мәселелері жөніндегі ішкі құжаттары туралы, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ мәселелері жөніндегі ішкі құжаттарының тиімділігін бағалау нәтижелері туралы мәліметтердің дәйектілігін тексеруді тиісті құжаттар көшірмелерінің көмегімен жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

4

4. Егер халықаралық ұйымды құру және (немесе) оның мемлекет (мемлекеттер) аумағында болуы жөніндегі талаптар туралы шарттарда олардың қызметті тіркеусіз және (немесе) лицензиясыз тиісінше жүзеге асыруы көзделмесе, лицензияны тіркеуге және оның болуына қатысты мәліметтер осындай халықаралық ұйымға қатысты да белгіленеді.

5 Шартты белгілер:

5. Шетелдік қаржы ұйымының жоғары органының дербес құрамы туралы мәліметтер жоғары органның құрамына кіретін және шетелдік қаржы ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлесінің не орналастырылған акцияларының жиырма бес және одан көп пайызын иеленетін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға қатысты алынады. Кәсіби қатысушының қалауы бойынша шетелдік қаржы ұйымының жоғары органының дербес құрамы туралы мәліметтерді жоғары органның құрамына кіретін және шетелдік қаржы ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлесінің не орналастырылған акцияларының жиырма бес пайызынан кемін иеленетін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға қатысты алуға рұқсат етіледі.
Шартты белгілер:
- тиісті мәліметтерді тіркеу қажеттілігі;
- тиісті мәліметтерді тіркеу және олардың дәйектілігін тексеру қажеттілігі.

Қолданыстағы