Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу шараларын тағайындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 31.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2015 88977_75733.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PCH04436
- ЭКБ идентификаторы
- 88977
- Редакция идентификаторы
- 88977_75733
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:43
0 Шектеу шараларын
тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Екібастұз қаласының мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
1 1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Сарықамыс ауылдық округінің Сарықамыс ауылындағы Ленин көшесі 18-үйде орналасқан «Қуандық» фермерлік қожалығының аумағына шектеу шараларын тағайындай отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы» (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Екібастұз қалалықтұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» (келісім бойынша) республикалық мемлекеттік мекемесі анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық қолайлы жағдайға қолжеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар жүргізсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т.Т.Садвакасов
2015 жылғы «31» наурыз
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің
Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т.К.Жакенов
2015 жылғы «31» наурыз
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
Павлодар облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің
Екібастұз қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
К.К.Токатов
2015 жылғы «31» наурыз