Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типовой формы договора управления объектом кондоминиума

Бұйрық · № 242 · қабылданған 20.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89119/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Типовой формы договора управления объектом кондоминиума Күшін жойған Бұйрық ·№ 242 ·20.03.2015
30.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типовой формы договора управления объектом кондоминиума

Күшін жойған Бұйрық ·№ 242 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типовой формы договора управления объектом кондоминиума
Атауы (қаз.)
Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгі нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
242
Қабылданған күні
20.03.2015
Көрсетілген редакция
30.03.2020 89119_456060.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010574
ЭКБ идентификаторы
89119
Редакция идентификаторы
89119_456060
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:59

0 Кондоминиум объектісін

басқару шартының үлгі
нысанын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгі нысаны қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Мыналардың:

1

1) «Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 338 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7260 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 қарашадағы №365 (26756) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);

2

2) «Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 338 және «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 479 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 193/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9637 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсандағы № 253(28476) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) 1-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 242 бұйрығымен
бекітілген
нысаны
Кондоминиум объектісін басқару
шартының үлгілік нысаны
_________ қаласы №________ 20___жылғы «__» ________
______________________________________________________________________ мекенжайдағы
кондоминиум объектісінде орналасқан үй-жайдың (пәтердің) __________________________
___________________________________________________________________________________
(пәтердің нөмірі, тұрғын емес үй-жайдың орналасуы,
___________________________________________________________________________________
меншік құқығын растайтын құжаттың деректемелері)
меншік иесі _______________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі)
___________________________________________________________________________________
(кім, қашан берген; заңды тұлғаның атауы,
___________________________________________________________________________________
мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігінің деректемелері)
___________________________________________________________________________________
бұдан әрi «Меншік иесі» деп аталатын атынан, ______________________________________
негiзiнде әрекет ететiн ___________________________________________________________
(сенімхат, меншік иелерінің жалпы жиналысы шешімінің хаттамасы)
және ____________________________________________________________________________ ,
(кондоминиум объектісін басқару органының атауы)
бұдан әрі «Кондоминиум объектісін басқару органы» деп аталатын, ___________________
Жарғының негiзiнде әрекет ететiн __________________________________________________
(Т.А.Ә)
бұдан әрi «Тараптар» деп аталатындар төмендегiлер туралы осы шартты жасасты:

1 1. Шарттың мәні және мақсаты

1

1. Осы Шарт «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруды ұйымдастыру және жоспарлау мақсатында әзірленді.Осы шартқа сәйкес көрсетілетінкондоминиум объектілерін басқару жөніндегі жұмыстардың тізбесі шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада көрсетілген.

2 2. Кондоминиум объектісін басқаруға беру Меншік иесі Кондоминиумды басқару органына мынадай ақпарат ұсынған кезде жүргізіледі:

1 1) әрбір объектідегі инженерлік жабдықтардың тізбесін және кондоминиум объектісіне іргелес жатқан аумақтың алаңдары туралы деректерді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің жалпы сипаттамасы, басқаруға берілетін құрамы (мекенжайын көрсете отырып, әрбір объекті бойынша жеке-жеке);

2 2) объектінің техникалық жай-күйін бағалау актісінде көрсетілетін, басқаруға берілетін әрбір объектінің және кондоминиум объектісіне іргелес жатқан аумақтың, инженерлік жабдықтың және пайдалану жауапкершілігі шекарасындағы желілердің техникалық жай-күйі;

3 3) объектінің әрқайсысынан тұтынылған коммуналдық қызметтердің басқаруға беру сәтінде тіркелген сандық сипаттамасы.

3 3. Кондоминиум объектісін басқару органы инженерлік желілер мен жабдықтарды, ортақ пайдаланылатын жерлер мен кондоминиум объектісіне іргелес жатқан аумақты тиісті күтіп-ұстауды және жөндеуді, Меншік иесіне коммуналдық қызметтерді берудіұйымдастырады.

Кондоминиум объектісін басқару органы осы мақсаттар үшін әрбір кондоминиум объектісі бойынша екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады, оған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің осы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналары (төлемдері) аударылады.
Кондоминиум объектісін басқару органы ортақ мүлікті күрделі жөндеуді жүзеге асыру үшін әрбір кондоминиум объектісі бойынша соманы жинақтау үшін екінші деңгейдегі банктерде жинақтау шотын ашады.
Кондоминиум объектісін күрделі жөндеу үшін жинақталған соманы жинақ шотынан алуды үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналысы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жалпы санының кемінде үштен екісінің шешімі бойынша кондоминиум объектісін басқару органының басшысы жүзеге асырады.

4 4. Шарттың қолданылу мерзімі ____жыл.

2 2. Кондоминиум объектісін басқару шартын жасау негіздемесі

5 5. Үй-жай (пәтер) меншік иелерінің 20__ жылғы «__» ___________ № _____ шешімі осы Шартты жасауға негіздеме болып табылады.

3 3. Тараптардың міндеттері

6 6. Меншік иесінің міндеттері:

1 1) меншігіндегі үй-жайды мақсаты бойынша ғана пайдалану;

2 2) Кондоминиум объектісін басқару органына осы шарттың 3-тармағында белгіленген қызметтерге есепті кезеңнен кейінгі айдың ___ күніне дейінгі мерзімде ұсынылған шотқа сәйкес меншік иелерінің жалпы жиналысы бекіткен мөлшерде ақы төлеу;

3

3) электрмен, жылумен, газбен, сумен жабдықтау, су бұру қондырғыларына профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізуге құқығы бар ұйымдардың лауазымды тұлғаларын аварияларды жою, инженерлік жабдықтарды, есепке алу аспаптарын қарау және бақылау үшін меншік құқығына тиесілі үй-жайға (пәтерге) кіргізу;

4

4) электр-тұрмыстық аспаптарды және үй ішіндегі желілердің техникалық мүмкіндіктерінен артық қуаты бар машиналарды, жылыту аспаптарының қосымша секцияларын, реттейтін және жапқыш арматураларды орнатуға, қосуға және пайдалануға, коммуналдық қызметтерді жеткізуді есепке алудың қолданыстағы схемасын өзгертуге, жүйелердегі жылу көздерін тікелей мақсаты бойынша пайдаланбауға (жылыту жүйесі мен аспаптарынан суды ағызуды жүргізу) рұқсат алу;

5 5) ортақ мүлiктің және дара (бөлек) меншiктегi үй-жайлардың сақталуына және қауiпсiз пайдаланылуына көмек көрсету;

6 6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға қатысу;

7 7) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңында және тұрғын үй қатынастары саласындағыҚазақстан Республикасының өзге заңнамаларында көзделген міндеттерді орындау.

7 7. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі жұмыстардың тізбесі осы шартың қосымшасында көрсетілген. Кондоминиум объектісін басқару органын басқару жөніндегі міндеттер мыналарды қамтиды:

1 1) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналыстарын, жазбаша сауалнама жүргізуді ұйымдастыру;

2 2) сервистік қызмет субъектілерімен шарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау;

3 3) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстарының хаттамаларын және жазбаша сауалнама жүргізген кезде дауыс беру парақтарын ресімдеу;

4 4) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнің жалпы жиналысында бұрын қабылданған шешімдер туралы ақпаратты үй-жайлардың (пәтерлердің) жаңа меншік иелерiнің назарына жазбаша түрде жеткізу;

5 5) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстарының ортақ мүлікті сапалы күтіп-ұстау және қауіпсіз тұруды қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру;

6 6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі мәселелері бойынша үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің мүдделерін таныту;

7 7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаружөніндегі қызметтерге түбіртек беру арқылыжарналар, сондай-ақ оны күтіп-ұстауға және күрделі жөндеуге жарналар жинауды жүзеге асыру, оның-өлшерін меншік иелерінің, жалдаушылардың атынан үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысы бекітеді;

8 8) барлық меншік иелері үшін барлығы көретін жерге үй-жайларға, сондай-ақ ортақ мүлікке қызмет көрсететін және жөндейтін ұйымдар, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің өнім беруші ұйымдары туралы ақпаратты (атауы, байланыс телефоны, авариялық қызметтің телефоны) стендтерде орналастыру;

9

9) Меншік иесіне тоқсан сайын жазбашанысанда немесе электрондық құжат нысанында есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейін ортақ мүлікті пайдалануға байланысты шығыстар көрсетілген, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға жатпайтын қосымша шығыстар қамтылған есепті ұсыну;

10 10) осы Шарттың талаптарын орындау үшін жасалған шарттарды есепке алуды қамтамасыз ету;

11 11) құрылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде әрбір кондоминиум объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашу, оған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің осы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналары (төлемдері) аударылады;

12 12) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін сақтау және оны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

13 13) құрылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде осы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын сомаларды жинақтау үшін әрбір кондоминиум объектісіне екінші деңгейдегі банкте жинақ шотын ашу;

14 14) кондоминиум объектісін басқару органы құрылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде кондоминиум объектісін тіркеуге байланысты функцияларды орындау;

15 15) кондоминиум объектісі меншік иелерінің талап етуі бойыншабанк шоттары бойынша ақшалардың, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат ұсыну;

16

16) Меншік иесіне екі ай бұрын алдағы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне, кондоминиум объектісіндегі ортақ пайдаланылатын жерлерді күрделі жөндеу туралы, авариялық жағдайлардың пайда болуын қоспағанда, екі тәулік бұрын инженерлік желілерді ажырату, сынау немесе олардың жұмысрежимінің басқа да өзгеруі туралы хабарлау;

17

17) кондоминиум объектісін басқару шарты тоқтатылған жағдайдаиелігіндегі болған техникалық (жобалау-сметалық құжаттаманы, учаске жоспарын, паспорттарды, қабылдау актілері мен басқа),атқарушылық құжаттамаларды (сервистік қызмет субъектілерімен жасалған шарттар бойынша орындалғанжұмыс және қызмет актілерін, сервистік қызмет субъектілерімен жасалған шарттардың көшірмелерін),сондай-ақ қаржылық құжаттамаларды(екінші деңгейдегі банктермен ағымдағы және жинақ шоттарының шарттары, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау шығыстарының бекітілген сметасы, жалпы жиналыста қабылданған шешімдердің хаттамалары)қабылдау-беру актісі бойынша жаңадан сайланған Кондоминиум объектісін басқару органынаберу;

18 18) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңындажәне Қазақстан Республикасыныңтұрғын үй қатынастары саласындағыөзге заңнамаларында көзделген міндеттерді орындау.

4 4. Тараптардың құқықтары

8 8. Меншік иесі:

1 1) Кондоминиум объектісін басқару органынан осы шарттың

ережелерін негізге ала отырып, қызметтерді сапасыз көрсетугенемесе уақтылы көрсетпеуге байланысты ұсынылған қызметтер үшін төлемдерді қайта есептеуді талап етуге;

2 2) Кондоминиум объектісін басқару органының кінәсі бойынша келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге;

3

3) Тоқсан сайын жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейін ортақ мүлікті пайдалануға байланысты шығыстар көрсетілген, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға жатпайтын қосымша шығыстар көрсетілген есепті алуға;

4 4) Кондоминиум объектісін басқару органынан оның құрамынан шығу туралы жалпы жиналыстың хаттамасы шешімінің негізінде техникалық, атқарушылықжәне қаржылық құжаттамаларды беруді талап етуге;

5 5) Кондоминиум объектісін басқаруорганынан банк шоттары бойынша ақшаның, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған қаражаттың қозғалысы туралы ақпаратты талап етуге;

6 6) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнің көпшілігінің хаттамалық шешімі бойынша басқару нысанынөзгертуге;

7 7) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнің көпшілігінің хаттамалық шешімі бойыншаәрекет ететінКондоминиум объектісін басқару органының құрамынан шығуға құқылы.

9 9. Кондоминиум объектісін басқару органы:

1 1) осы шартта көзделген міндеттері орындау мақсатында жұмыстарды, қызметтерді орындау үшін жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;

2 2) Меншік иесінің төлемдер бойынша міндеттемелерді бұзуының нәтижесінде олар келтірген шығындарды және Меншік иесі осы шарттың талаптарын орындамағандықтан келтірілген өзге де шығындарды өтеуді талап етуге;

3

3) жеке немесе заңды тұлғаның меншігіндегі пәтерде немесе үй-жайда авариялық жағдай туындаған, басқа Меншік иелерінің мүлкін бұзу қаупі пайда болған (Меншік иелері, олардың жұмыс орны, тұрақты тұрғылықты жері немесе авария кезінде қайда болғандары туралы мәліметтер болмағанда) кезде оны өз күшімен және барлық мүмкін құралдармен жоюға;

4 4) Меншік иесінен оның кінәсі бойынша зақымданған ортақ мүлікті жөндеуге жұмсалған шығындарды өтеуді талап етуге;

5 5) үй-жай (пәтер) меншік иесінің жалпы жиналасында айқындалғаншарттарда берілген қызметтік үй-жайларды және басқа да мүлікті олардың мақсатына сай пайдалануға;

6 6) кондоминиум объектісінің ағымдағы және (немесе) жинақ шоттарындағы ақша қаражатын олардыңнысаналы мақсатына және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңыныңталаптарына сәйкес ресімделген меншік иелері жиналысының шешіміне сай пайдалануға;

7 7) тапсырыс беруші ретінде сөз сөйлеуге және конкурстық негіздекөппәтерлі тұрғын үйге қызмет көрсету және оны пайдалану үшінбасқарушы компанияны (мердігерді) таңдауға кұқылы.

5 5. Тараптардың жауапкершілігі

10 10. Меншік иесінің жауапкершілігі:

1

1) Меншік иесі осы шарттың 7-тармағының 1) тармақшасының талаптарын бұзған немесе олар басқа үй-жай (пәтер) меншік иелерінің құқықтары мен мүдделерін жүйелі түрде бұзған кезде Кондоминиум объектісін басқару органы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңында және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінде көзделген шараларды қабылдау үшін Меншік иесінескерткеннен кейінкүнтізбелік отыз күн өткеннен соң жергілікті атқарушы органдардың жанындағы тұрғын үй инспекциясына өтініш жасауға құқылы;

2 2) Меншік иесі осы шарттың 7-тармағының 4) тармақшасында көзделген міндеттемелерді орындамаған кезде ол үй-жайдағы (пәтердегі) авариялардың және (немесе) төтенше жағдайлардың нәтижесінде туындаған барлық салдар үшін Кондоминиум объектісін басқару органы мен үшінші тұлғалардың алдында жауапты болады.

11 11. Кондоминиум объектісін басқару органының жауапкершілігі:

осы шарттың 8-тармағында көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Кондоминиум объектісін басқару органы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңында және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінде белгіленген жауапкершілікте болады.

6 6. Ерекше шарттар

12 12. Кондоминиум объектісін басқару органы осы шартқа қол қойылған күнінен бастап оны орындауға кіріседі.

13

13. Кондоминиум объектісін басқару органының осы шартта айтылмаған жұмыстарды орындауға байланысты, оның ішінде тарифтердің өзгеруіне, Кондоминиум объектісін басқару органының кінәсінен болмаған авариялық және (немесе) төтенше жағдайларға байланысты объективті себептер бойынша туындаған шығындарды Меншік иесі қосымша өтейді.

14 14. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметтер мен жұмыстардың тізбесін Тараптардың келісімі бойынша өзгерту мүмкінжәне осы шартқа қосымша келісім түрінде ресімделуге жатады.

15 15. Тараптардың арасындағы даулар сот тәртібінде келісімге қол жеткізбеген жағдайда келіс сөздер арқылы шешіледі.

16 16. Осы шарт қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

7 7. Тараптардың қолдары және мекенжайлары

Меншік иесі Кондоминиум объектісін
басқаруорганы
_____________________________________ ________________________________
(Т.А.Ә.) (лауазымы,Т.А.Ә.)
ЖСН _________________________________ БСК ____________________________
(жеке куәлігінің №) БСН ____________________________
_____________________________________
(мекенжайы, электрондық мекенжай)
М.О. (заңды тұлға үшін)

1 Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгінысанына

қосымша
Кондоминиум объектісін басқару
жөніндегі жұмыстардың тізбесі

Жұмыстардыңатауы
Өткізу кезеңділігі
1.
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысында жылдық күнтізбелік жоспарды құру және қолдану
Бастапқы өзі құрылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде; кейіннен жыл сайын
2.
Меншік иелерінің жиналыстарын, оның ішінде жазбаша сауалнама жолымен ұйымдастыру және өткізу, жиналыстың нәтижелерін хаттама түрінде ресімдеу
Бастапқы өзі құрылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде, кейіннен кондоминиум объектісін басқару органының немесе үй-жайлар меншік иелерінің не жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша
3.
Үй-жай­лар­дың (пәтер­лер­дің) мен­шік ие­ле­рі­нің жал­пы жи­на­лы­сы­ның жал­пы жи­на­лыс оты­ры­сы үшін күн тәр­ті­бін және ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды құ­ру
Жал­пы жи­на­лыс оты­ры­сын өт­кізу­ге дей­ін күн­тіз­бе­лік үш күн бұ­рын
4.
Үй-жай­лар­дың (пәтер­лер­дің) мен­шік ие­ле­рі­нің жи­на­лы­сы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны әзір­леу және та­ра­ту
Жал­пы жи­на­лыс оты­ры­сын өт­кізу­ге дей­ін күн­тіз­бе­лік үш күн бұ­рын
5.
Хат­та­ма­лар­ды жүр­гі­зу және қа­рар жо­ба­ла­рын әзір­леу
Жал­пы жи­на­лыс оты­ры­сын өт­кіз­ген­нен кей­ін күн­тіз­бе­лік бір күн ішін­де
6.
Осы тұр­ғын үй үшін (өнім бе­ру­ші, қол­же­тім­ді қо­лай­лы­лық және қыз­мет­тер, жұ­мыс са­ғат­та­ры, мен­шік ие­ле­рі мен жал­да­у­шы­лар ту­ра­лы) ар­найы ақ­па­рат­ты әзір­леу, жа­ңар­ту және та­ра­ту
Ай сай­ын
7.
Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін тір­ке­умен (қай­та­тір­кеу) бай­ла­ны­сты функ­ци­я­лар­ды орын­дау
Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру ор­га­ны құ­ры­л­ған­нан кей­ін күн тіз­бе­лі­кон бес­кү­ні­шін­де
8.
Ком­му­нал­дық­ қыз­мет­тер­ді­ң ө­нім бе­ру­ші­ле­рі­мен шар­ттар жа­са­су, көр­се­ті­л­ген ­ком­му­нал­дық қыз­мет­тер үшін өнім­ бе­ру­ші­лер­мен ­заң­ды және қар­жы­лық жұ­мыс жүр­гі­зу
Үй-жай­лар­ды­ң ­мен­ші­к и­е­ле­рі­н­ің ­жал­пы­ жи­на­лы­сы­ның ше­ші­мі ­бой­ын­ша ­күн­ тіз­бе­лі­к ­о­т­ы­з ­к­ү­н ­і­ш­і­н­де
9.
Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін­кү­тіп-ұстау ­бой­ын­ша­ сер­ви­стік қыз­мет субъ­ек­ті­ле­рі­мен ­шар­ттар жа­са­су
Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін ­бас­қа­ру ор­га­ны ­құ­ры­л­ған­нан ­не­ме­се­ ал­дың­ғы ­сер­ви­стік ком­па­ни­я­мен­ шар­тты ­бұз­ған­н­а­н­ к­е­й­ін
10.
Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сі­нің ор­тақ мүл­кін ағым­да­ғы және күр­де­лі жөн­деу жө­нін­де­гі ­жұ­мыстар­ды ­о­рын­да­ған ­кез­де ­Тап­сы­ры­с­т бе­ру­ші­н­ің­ функ­ци­я­сын (кон­до­ми­ни­у­м ­о­бъ­ек­ті­сін ­бас­қа­ру ор­га­ны) жү­зе­ге ­а­сы­ру
Тұ­рақ­ты ­не­гіз­де
11.
Бас­қа­ру ­ше­шім­де­рін, іс-қи­мыл­ды­ құ­жат­та­ма­лы­қ ре­сім­деу; құжат ай­на­лы­мы­н ұй­ым­да­сты­ру; Қа­зақ­стан ­Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тұр­ғын-үй заң­на­ма­сы­на ­сәй­кес­ құ­жат­та­ма­ны ­рет­ке ­кел­ті­ру ­ж­әне­т сақ­тау
Тұ­рақ­ты­ не­гіз­де
12.
Үй-жай­лар­дың (пәтер­лер­дің) мен­ші­ки­е­ле­рін, сон­дай-ақ­ тұр­ғы­лық­ты ­же­рі ­бой­ын­ша­ жал­да­у­шы­лар­ды (жал­ға ­а­лушы­лар­ды) тір­ке­у есе­бі
Ба­стап­қы­ бас­қа­ру ор­га­ны құ­ры­л­ған­нан кей­ін ­күн­тіз­бе­лі­к о­тыз­ кү­н і­шін­де; кейін­не­н ай ­сай­ын
13.
Үй-жай­лар­дың (пәтер­лер­дің) мен­ші­к и­е­ле­рін, сон­дай-ақ­ жал­да­уш­ылар­ды (жал­ға ­а­лушы­лар­ды) көр­се­ті­л­ген ­ком­му­нал­дық­ қыз­меттер­ са­па­сы­ның ­нор­ма­тив­тік көр­сет­кіш­тер­і ­т­у­р­а­л­ы­ а­қ­п­а­р­а­т­п­е­н ­қа­м­т­а­м­а­с­ы­з ­е­ту
Ба­стап­қы ­бас­қа­ру ор­га­ны құ­ры­л­ған­нан ­кей­ін­ күн­тіз­бе­лі­к о­тыз ­кү­н і­шін­де; кей­ін­не­н ай ­сай­ын
14.
Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сі­нің ор­тақ мүл­кін­де­гі үле­сіне сәй­кес әр­бі­р үй-жай­дың (пәтер­дің) мен­ші­к и­е­сі ­ү­шін ­тө­лем­дер ­мөл­ше­рі­н е­сеп­теу
Ба­стап­қы ­бас­қа­ру ор­га­ны құ­ры­л­ған­нан кей­ін ­күн­тіз­бе­лі­к о­тыз ­кү­н і­шін­де; кейін­не­н ү­ле­сі ­өз­гер­ген­нен ­кей­і­н ү­ш ­жұ­мыс­ кү­ні ­і­шін­де
15.
Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін ­бас­қа­ру­ бой­ын­ша ­же­ке­ тоқ­сан ­сай­ын­ғы­ есепті­ дай­ын­да­у­ ж­ә­не­ үй-жай­лар­дың (пәтер­лер­дің) әр­бір ­мен­ші­к иеле­рі­не ­жа­з­ба­ша неме­се элек­трон­дық құ­жат­ ны­са­нын­да бе­ру
Есеп­ті ­ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың оны­на дей­ін әр­бір тоқ­сан
16.
Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сі­ кон­струк­ци­я­ла­ры­ны­ң­ ж­әне ­ин­же­нер­лі­к ­жабдық­та­ры­ның ­тех­ни­ка­лы­қ ­ж­ай-күй­і­не­ тек­се­ру­ді­ жү­зе­ге­ а­сы­ру­ды ­ұйым­да­сты­ру
Үй-жай­лар­ды­ң­ мен­ші­к и­ерінің жал­пы ­жи­на­лы­сын­да б­е­кі­ті­л­ген кесте­ге (жос­пар­ға) сәй­кес
17.
Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін ­пай­да­ла­ну­ға ­тех­ни­ка­лық­ дай­ынды­ғын (оны­ң і­шін­де­ мау­сым­дық), ор­тақ­ мү­лік­ке ағым­да­ғы және күр­де­лі жөн­деу жүр­гі­зу қа­жет­ті­лі­гін ай­қын­да­у ­мақ­са­тын­да кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін (объ­ек­ті­ле­рін) тек­се­ру ­жұ­мыста­рын ұй­ым­да­сты­ру
Үй-жай­лар­ды­ң ­мен­ші­к и­е­ле­рі­н­ің жал­пы­ жи­на­лы­сын­да б­е­кі­ті­л­ген кесте­ге (жос­пар­ға) сәй­кес
18.
Бас­қа­ру­ға­ бе­рі­л­ген кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сі­ні­ң ор­тақ мүл­кін кү­тіп-ұстау мен жөн­де­у бой­ын­ша­ жұ­мыстар­ды ­жос­пар­лау.
Тұ­рақ­ты ­не­гіз­де
19.
Қар­жы­лы­қ­ ж­әне­ тех­ни­ка­лы­қ ре­сур­стар­ды­ жос­пар­лау, мер­ді­ге­р ұй­ым­дар­мен ­шар­ттар жа­са­су
Тұ­рақ­ты­ не­гіз­де
20.
Мердігер ұйымдар, сервистік қызмет субъектілері қызметтерінің, жұмыстарының сапасына жасалған шарттар шеңберінде жүйелі бақылауды жүзеге асыру
Шарт міндеттемелеріне сәйкес
21.
Жасалған шарттарға сәйкес мердігерлердің, сервистік қызмет субъектілерінің (жұмыстарды, қызметтерді өндіру процесіне қатысушылардың) жұмыстары мен қызметтерін қаржыландыру
Тұрақты негізде
22.
Басқаруға берілген кондоминиум объектісінің техникалық құжаттамасын жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісін басқарумен және күтіп-ұстаумен байланысты бухгалтерлік, қаржылық, салықтық және статистикалық есеп пен есептілікті жүргізу
Тұрақты негізде
23.
Халықпен (меншік иесімен) жұмыс, оның ішінде қызмет көрсету сапасы бойынша өтініштер мен арыздарды қарау
Тұрақты негізде
24.
Кондоминиум объектісіне ағымдағы банк (ортақ мүлікті күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге) және жинақ (ортақ мүлікті күрделі жөндеуге) шотын ашу.
Өзі құрылғаннан кейін он бес жұмыс күн ішінде
25.
Көрсетілген коммуналдық қызметтер үшін төлемдер бойынша берешегі бар үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін анықтау, берешекті өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде сот органдары арқылы, соттың шешімін орындау бойынша сот приставтарымен жұмыс жүргізу
Тұрақты негізде
26.
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің ортақ мүлікті күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды төлеу бойынша берешектеріне, оның ішінде жинақ шотындағы ай сайынғы жинаққат мониторингті жүзеге асыру
Ай сайын

Қолданыстағы