Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Уйгурском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Уйгурском районе
- Атауы (қаз.)
- Ұйғыр ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 03-54
- Қабылданған күні
- 26.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2015 89188_8485.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DS003131
- ЭКБ идентификаторы
- 89188
- Редакция идентификаторы
- 89188_8485
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:52
0 Ұйғыр ауданында үгіттік
баспа материалдарын орналастыру
үшін орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясымен (келісімі бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3. «Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Аликеева Кульжахан Кәкішқызына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дәулетжан Модинұлы Деменбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Ұйғыр ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
«Ұйғыр ауданында үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы»
№ 03-54 қаулысына 1-қосымша
Ұйғыр ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1. Шонжы ауылдық округі бойынша:
1) Шонжы ауылы, А. Арзиев және Назугум көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Шонжы ауылы, А. Арзиев және К. Исламов көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Шонжы ауылы, Құдайбергенов және К. Исламов көшелерінің қиылысындағы стенд;
4) Шонжы ауылы, Қасымбеков көшесі, № 35, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы облысы бойынша филиалының Ұйғыр аудандық бөлімі ғимаратының жанындағы стенд.
2. Бахар ауылдық округі бойынша:
1) Бахар ауылы, Розыбакиев көшесі, нөмірсіз, Бахар ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд;
2) Шырын ауылы, Тың және Жастар көшелерінің қиылысындағы стенд.
3. Тасқарасу ауылдық округі бойынша:
1) Тасқарасу ауылы, Сейфуллин көшесі, № 28, Тасқарасу Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Тасқарасу ауылы, Розыбакиев көшесі, № 25, Тасқарасу дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд.
4. Шарын ауылдық округі бойынша:
1) Шарын ауылы, Жібек жолы және Қасымов көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Шарын ауылы, Розыбакиев және Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы стенд.
5. Сүмбе ауылдық округі бойынша:
1) Сүмбе ауылы, Қасымқан және Райымбек көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Сүмбе ауылы, Момышұлы көшесі, № 1, Сүмбе ауылдық ауруханасы ғимаратының жанындағы стенд;
3) Шошанай ауылы, Нұров көшесі, № 16, Шошанай ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд.
6. Қырғызсай ауылдық округі бойынша:
1) Қырғызсай ауылы, Абай және Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Қырғызсай ауылы, Абай көшесі, № 98, Қырғызсай фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
3) Рахат ауылы, Жерұйық көшесі, № 2, Рахат медициналық пункті ғимаратының жанындағы стенд.
7. Үлкен Ақсу ауылдық округі бойынша:
1) Үлкен Ақсу ауылы, Тохнияз және Кадыров көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Үлкен Ақсу ауылы, Розыбакиев және Тохнияз көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Кіші Ақсу ауылы, Убулов көшесі, № 33, Кіші Ақсу ауылдық клуб ғимаратының жаныныдағы стенд;
4) Долайты ауылы, Розахунов көшесі, № 3, Долайты ауылдық клуб ғимаратының жаныныдағы стенд.
8. Ават ауылдық округі бойынша:
1) Ават ауылы, Искандеров көшесі, № 29, Ават ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд.
9. Тиірмен ауылдық округі бойынша:
1) Тиірмен ауылы, Насыров көшесі, № 27, Тиірмен ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд;
2) Ұзынтам ауылы, Астана және Мұзбалақ көшелерінің қиылысындағы стенд.
10. Ақтам ауылдық округі бойынша:
1) Ақтам ауылы, Абай және Ғожамьяров көшелерінің қиылысындағы стенд.
11. Дардамты ауылдық округі бойынша:
1) Дардамты ауылы, Ушуров көшесі, № 9, Дардамты ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд;
2) Ардолайты ауылы, Абдрахманов көшесі, № 21, Ардолайты ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд;
3) Добын ауылы, Тохтыбакиев және Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы стенд;
4) Сұңқар ауылы, Матжанов көшесі, № 24, Сұңқар ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд.
12. Кетпен ауылдық округі бойынша:
1) Кетпен ауылы, Жалилов көшесі, № 28, Кетпен ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Кетпен ауылы, Әуелбеков және Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Кепебұлақ ауылы, Нұрғали көшесі, № 6а, Кепебұлақ ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд.
13. Кіші Диқан ауылдық округі бойынша:
1) Кіші Диқан ауылы, Абай көшесі, нөмірсіз, Кіші Диқан мектебі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Кіші Диқан ауылы, Абай және Мұхамеджанов көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Үлкен Диқан ауылы, И. Бахтия және Жамбыл көшелерінің қиылысындағы стенд.
14. Қалжат ауылдық округі бойынша:
1) Қалжат ауылы, Розыбакиев көшесі, № 48, Қалжат Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд.
56 Ұйғыр ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
«Ұйғыр ауданында үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру
туралы» № 03-54 қаулысына
2-қосымша
Ұйғыр ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде кандидаттарға берілетін үй-жайлар